Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
13-18.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.45 Кб
Скачать

13 билет

  1. Жалғаулықты салалас сөйлем

Байланыстырушы компонент баяндауыштарының тиянақты формада тұруы және өз бастауыштарымен жақтаса қиысуы – салалас құрмалас сөйлемнің негізгі белгісі.

Салалас құрмалас сөйлемдер жасалу жолына қарай екі топқа бөлінеді:

1) Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер 2) Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер.

Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдерде компоненттер арасын әр түрлі қатынасты білдіретін жалғаулық шылаулар байланыстырады. Олар мыналар:

1. Мезгілдестік, өсіңкілік қатынасты білдіретін және, да, де, та, те, әрі жалғаулықтары. Мысалы: Ояз бен өзге ұлықтар жалаңаш-жалпы қашып шығады да, қағаз атаулы өртеніп кетеді (С.М.).

2. Себептік қатынасты білдіретін сондықтан, сол себепті, өйткені, себебі жалғаулықтары. Мысалы: Ауыл бұларды тағатсыз күтті, себебі жайлауға көшетін уақыт жеткен болатын (М.Ә.).

3. Қарсылықты қатынасты білдіретін бірақ, дегенмен, алайда, сонда да, сөйтсе де, әйтсе де, ал жалғаулықтары. Мысалы: Абай тыста осы жайларға қарай түскен еді, бірақ үлкендер тоқтамады, бәрі де үйге кірді (М.Ә.).

4. Кезектестік қатынасты білдіретін бірде, біресе, кейде жалғаулықтары. Мысалы: Бірде сыңсып жылаған дауыс естіледі, енді бірде біреу сыңғырлап күлгендей болады (С.Ж.).

5. Талғаулық қатынасты білдіретін не, немесе, не болмаса, я, яки, я болмаса, әлде жалғаулықтары. Мысалы: Көңіліне алған шаруасын тиянақтаған соң, Мекайлдің соңынан не Қаражан келмекші, не жіберген сәлемін алып Нығмет жетуі керек (К.О.).

  1. Мезгілдес-ыңғайлас сабақтас сөйлем

Бағыныңқы компоненті басыңқы компонентке тек баяндауыш тұлғасының тзиянақсыздығы арқылы ғана тәуелді болғаны болмаса, мағыналық жағынан өз дербестігін сақтап,басыңқы сөйлемдегі іс-әрекетпен жарыса болған іс-әрекеттерді, жай-күйлерді білдіретін сабақтастың түрі. Мысалы Қыздары кілем тоқытып, аналары жүн бояп отыр.

Мұнда бір мезгілде жарыса болған екі іс-әрекет(қыздың кілем тоқуы, аналарыныі жүн бояуы) баяндалған. Егер осы сөйлемнің бағыныңқы компоненті баяндауышын тиянақтасақ, мезгілдес-ыңғайлас салаласақа айналады. Қыздары кілем тоқып отыр да, аналары жүн бояп отыр.

Мезгілдес-ыңғайлас сабақтас мынадай жолдармен жасалады:

  1. Бағыныңқы компонент баяндауышы –ып, -іп,-п формалы көсемшеге аяқталады. Мысалы:Кейбіреуі мұздай суды мейірі қанғанша ішіп, тыста мал сойылып жатқан.

  2. Бағыныңқы компонент баяндауышы –са, -се шартты рай формалы етістікке аяқталады. Мысалы: 1. Үйде отырғандардың бірсыпырасы күрсінсе , бірсыпырасы жымыңдайды.

14 билет

1. Іргелес салалас сөйлем

Профессор Н. Сауранбаев жалғаулықсыз салаластарды «іргелес құрмалас»  деп атап, оны салалас құрмаластың қатарынан шығарып, салаластар мен сабақтастардың арасындағы категория деп қарайды: «Сүйтіп, іргелес құрмаласта салаластың да, сабақтастың да белгісі бар. Салаласқа тән белгісі – ондағы жай сөйлемдердің грамматикалық жағынан бір-бірімен тең дәрежеде құрмаласатындығы және баяндауыштың тиянақты қалыпта болатындығы. Бұл екі қасиет іргелес құрмаластарды салалас құрмаласпен жақындастырады

2. Көп бағыныңқылы сабақтас - көп құрамды құрмаластың бір түрі. Құрамындағы компонентердің саны үш және одан да көп болады. Оның ерекшелігі: алдыңғы компоненттердің баяндауыштары тиянақсыз, тек ең соңғы компонентінің баяндауышы тиянақты тұлғада тұрады. Алдыңғы тиянақсыз тұлғалы бағыныңқы компоненттері көп болғандықтан, Көп бағыныңқылы сабақтас деп аталады. Көп бағыныңқылы сабақтастар бағының қыларының өзара және басыңқымен бай-тұлғапануы жағынан аралас құрмалас сөйлеммен сәйкеседі. Мысалы, Қырық бесінші жылы соғыс аяқталып, жұрт мәре-сәре болды, ел қайтадан бұрынғы қалпына келе бастады. (С. Жылы). Мұндағы тиянақсыз тұлғалы сыңар өзінен кейінгі негізгі бөліктермен жеке-жеке жарыспалы түрде байланысқа түсіп, олардың бағыныңқысы қызметінде жұмсалады. Нақты айтсақ, жалпы сөйлем ішіндегі алғашқы сыңар екінші сыңармен де, үшінші сыңармен де сабақтаса байланысады. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің бес, алты немесе одан жоғары санды болып келуі сирек, ал терт сыңарлы болуы жиірек (Соғыс мүгедегінің қан қысымы көтеріліп, аяқ астынан жедел жәрдем шақырылды, ақ халаттылар келді, жолаушылар арасында күңкіл сөз көбейді. Д. Д.). Бұл сөйлем түрінің өзгешелігі ондағы басыңқы сыңарларының көптігі емес, сонымен бірге бағыныңқылы сыңармен өзара сабақтаса байланысатындығымен де айқындалады. Бұл белгі оның сабақтас құрмалас сөйлемнің түрі екендігін анықтай түседі. Ал мұндай заңдылық сақталмаған жағдайда, әсіресе сөйлем ішіндегі бірінші мен үшінші (және жоғарғы санды) предикативтілік өзара сабақтаса байланыспаған жағдайда, ондай құрылым сөйлемнің басқа типінде қарастырылуы қажет (қ. Аралас құрмалас сөйлем.). Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдегі предактивтік бөліктің басында шылау түрі кездеспейді. Кездескен жағдайда ондай құрылым да аралас құрмапас сөйлем турғысында пайдаланылады. Өйткені мұндайда алғашқы тиянақсыз тұлғалы сыңар соңғы сыңармен сабақтаса байланысқа түспейді.

15 билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]