- •1.Глава:Артериалды гипертензиясы бар пациенттерді оқытудың заманауи жолдары
- •2.Глава.Тәсілдер мен материалдар
- •1.1.Артериалды гипертензияның таралу жиілігі
- •1.2.Гипертензия анықтамасы мен жіктемесі
- •1.3.Гипертензияда жиі болатын асқынулар
- •1.4.Пациентті оқытуда мейірбикенің атқаратын рөлі
- •1.5.Артериалды гипертензияның алдын-алудағы ұйымдастырылған жобалар мен олардың нәтижелері
- •2.Глава.Тәсілдер мен материалдар
- •2.1.Зерттеуді ұйымдастыру
- •1,3,6,7,8,10,11-Дұрыс: 2,4,5,9,12- дұрыс емес
1.4.Пациентті оқытуда мейірбикенің атқаратын рөлі
Қазіргі уақытта әлемдік медицинаның созылмалы ауруларды емдеуде қолданып жүрген әдістерінің бірі пациенттерді өзіне күтім жасауға оқытуды ұйымдастыру болып табылады.Осыған байланысты мейірбикелердің жұмысы кеңейді.
Мейірбикелік оқыту деп-пациент және оның туыстарына білім,дағды үйретуді айтамыз.Мейірбикелік оқытуда мейірбике білімді және өз жұмысының маманы болған жағдайда жетістікке жетеді.Мейірбике пациентке күтім көрсетудің барлық түрін үйретуі қажет.
Мейірбике ісіндегі оқытудың тапсырмалары:пациентті ауруымен өмір сүруге үйретіп,денсаулығын жақсарту болып табылады.
Оқыту 3 аумақтан түрады:танымдық,эмоционалды,психомоторлы.
Танымдық аумақта:пациент мәліметтермен танысады.Алынған ақпаратты сараптап,маңызды бөлігін таңдап алады.Мысалы:пациент ауруымен,оған әсер ететін қауіп факторымен,салауатты өмір салтын ұстауды,рационалды тамақтану,алдын-алу жолдарымен танысады.
Эмоционалды аумақта:пациент алған білімін алғандағы әсерімен бөліседі.Ол өзін алған білімін бағалап,өзінің өмір салтын өзгертеді.Мысалы:пациент алған білімін жүзеге асырып оны жүзеге асыруға белсенді араласады:диета сақтайды,уақытылы тамақтанады,физикалық жаттығулармен айналысады,мезгілге сай киінеді,қауіпсіздік шараларын сақтайды.
Психоморлы аумақта:пациент алған білімінің арқасында өзіне күтім жасауды жүзеге асырады.Мысалы:тісін тазалайды,инсулин егеді,пульсін есептейді.
Мейірбикелік оқыту мейірбикелерден профессионализмді талап етеді.Ол оқытудың әдістерін игеруі қажет.
Оқыту әдістері:
Ауызша-мәліметтерді ауызша түсіндіру(әңгімелесу,лекция);
Иллюстративті-медциналық атластарды,картинкаларды,видеофильмдарды қолдана отырып күтім жасау ережерін көрсетеді.
Практикалық-іс-шараларды жасап көрсету:таңғыштарды ауыстыруды,инсулин егуді,қалталы ингаляторды қолдануды.
Оқытудың бірнеше түрлері ажыратылады:
-Лекция-пациенттреге аурудың белгілері,қауіп факторы бар дайын мәлімет беріледі.
-Проблемная лекция-пациентке оны ойландыратын,қорытынды шығаратын мәлімет беріледі;
-Әңгімелесу-оқыту сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі;
-Рөлдік ойындар-пациент жағдайды сезініп,іс-шараларды жасауды үйренеді.
Оқу-көрнекі құралдармен толықтырылады
Құралдар бола алады:
- табиғи құралдар (нысандар тірі және жансыз табиғат);
- оқыту құралдары болып табылатын кәсіби қызметінің пәні (медициналық құрал-саймандар, таңу материалдары, аспаптар және т. б.);
- бейнелеу құралдары (суреттер, плакаттар, суреттер, слайдтар, кестелер, диаграммалар, схемалар, графиктер, жоспарлар, карталар).
Вербалды құралдарға анықтамалық,әдістамалық әдебиеттер жатады.
Техникалық оқу құралдарына видеофильм,аудиозапис,компьютерлер жатады.Әртүрлі оқыту әдістері мейірбикеге пациентті оқытуға жеңілдік жасайды.
Пациентті формалды оқыту үй жағдайында жүргізіледі.Мейірбике пациентті оқытып,күнделікті дағдыларға үйретеді.Қажетті мамандардың көмегіне сүйенеді:массажист,ЕДШ жаттықтырушысы,диетолог.
Формальды емес оқыту түріне пациентпен әңгімелесу жатады.Мысалы:дұрыс тамақтануды,ішімдікті қолданудың зиянын.
Оқыту процессі
Соңғы онжылдықта пациенттердің блімін көтеру маңызды орынға ие болып отыр.Амбулатрлы этапта пациенттер мен дәрігерлердің оқытуға келісімі нәтижесінде гипертензия ауруын емдеу,асқынуының алдын-алу процесі сәтті жүргізілуде.Дегенмен оқыту процесі қазіргі уақытта әлсіреп жатыр,көптеген зерттеулер нәтижесінде оқыту процесі артериалды қан қысымын бақылауда ұстауға мүмкіндік бергенімен қауіп факторларының азаймағандығын көрсетеді.Біздің ойымызша,пациенттерді оқытуға жақсылап дайындалған бағдарлама қажет.Сондықтан Торонтодағы негрлердегі гипертонияға арналған халықаралық 14 интернациональды конференцияда пациентті оқытудағы медицина қызметкерлерінің рөлі айқын көрсетіліп,пациенттердің оқу барысындағы жетістіктері анықталған.
Гипертониямен ауыратын пациенттерге арналған бағдарламалар
Бағдарлама атауы |
Ұйымдастырушылар |
Мәлімет беретін техникалық құралдар |
Altace Alliance Program ( Алтайлық Альянс бағдарламасы ) |
Altace-Hoechst- Roussel, Upjohn |
Медикаменттерді тағайынлдау ережесі,буклеттер,бастапқы оқыту |
Cardiosense («сау жүрек») |
Cardizem SR, Cardizem CD-Marion Merrell Dow |
Мәлімет жазылған хат ) |
Hands on Health («денсаулықты бақылау»)
|
Verelan- Lederle/Wyeth- Ayerst |
Видеокассеталар, мәлімет жазылған хат,артериалды қан қысымын үй жағдайында бақылауда ұстау,АҚҚ өлшеу күнделігі |
Өмір сүру сапасын өзгерту |
Capoten-Squibb |
Видеокассеталар, мәлімет жазылған хат,жарнамалық сыйлықтар |
Нитро-дур (стенокардиямен ауыратын пациентке қамқорлық) |
Nitro-Dur- Schering-Plough |
Видеокассеталар жиынтығы, буклеттер, |
Пациент және оның келісімі |
Calan-Searle |
Дыбыстық кассеталар |
«Тенекс»жүру клубы |
Tenex-Wyeth Ayerst |
Спорттық дүкенгеге тегін тіркеу,шагометр |
Cardiac nursing |
S.L. Underhil et al., 1982 |
Артериалды гипертензиямен ауыратын пациенттерді оқытуға арналған жүйелі бағдарламалардың бірі |
«Сау өмір » |
Tenormin,Tenoretic, Zestril, Zestoretic-Zeneca (ICI) |
Мәлімет жазылған хат,электронды почтаға хаттар |
