Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1111.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
701.07 Кб
Скачать

4.7 Жұмыс орындарын жарықтандыру

Өндірістік жарықтандыру талаптары. Жалпы айтқанда адам ақпаратты көзі арқылы 80-90% алады. Алған ақпараттың сапасы әсіресе жарықталуынан байланысты - жеткіліксіз жарықталу болған кезде тек көзі ғана шаршамай, ағзасы толығымен шаршайды. Қалыпсыз жарықталуда нашар жарықтандырылған қауіпті аумақтар, жарық көздерінен және олардың сәулелерінен зақымданулар пайда болады, олардың айқын көлеңкелері жұмысшылардың көруін нашарлатады да бағдарын толығымен жояды, еңбек өнімділігі төмендейді де өнімнің брактары көбейеді. Өндірістік кәсіпорындарды жарықтандыру табиғи, жасанды және аралас болуы мүмкін.

Табиғи жарықтандыру терезе (бүйірлік жарықталу), жарық шамдары (жоғарғы) арқылы немесе құрамды (терезе және шам арқылы бір уақытта) іске асырылады. Өндіріс бөлмелерінің жарықтандыру табиғи жəне жасанды түрде жүргізіледі. Табиғи жарықтың жақсы əсерлі спектрі болғандықтан, адамның көзі оған үйренген. Табиғи жарық бөлмеге терезе арқылы бөлменің қабырғасына, əйнектелген жарықтану шамдары арқылы обойға немесе екі жолмен бірге де түседі. Жасанды жарық табиғи жарықтың жетіспеушілігінен жыл бойы мен тəуліктік өзгеруіне байланысты. Бұл уақытта ол энергия шығынын келтіріп, табиғи жарыққа қарағанда төмен, спектрлік сипатта болады. Жасанды жарық түрлері: жалпы, жергілікті жəне комбинирленген болып келеді. Комбинирленген жарықтандыру жүйесі өндірісте кеңінен орын алған үнемді жəне қолайлы болып табылады. Табиғи жарықтандыру жұмыстық, кезектік, апаттық, қорғау жəне эвакуациялы болып бөлінеді. Жарықтандыру сандық жəне сапалық көрсеткіштерімен сипатталады. Сандық көрсеткіштеріне, жарық ағыны, жарықкүші, жарықтылық, ашық жарқындары жатады. Өндірістегі жарықтандырудың негізгі шарты- көруге, жақсы жағдайлар құру. Бұл шарттарды, келесі талаптарға жауап беретін, жарықтандыру жүйесімен ғана шектеуге болады: жұмыс орнындағы жарықтану, үш көрсеткішпен анықталатын, көргіштік жұмысының сипатына сəйкес келу қажет, ол үш көрсеткіштер: қарастырылатын объектінің ең аз өлшемі аспаптармен жұмысістеу кезінде шкаланы градуировкалау сызығының қалыңдығы, сызу жұмыстарында – сызуда ең жұқа сызықтың қалыңдығы; фон – р >0,4 болғанда, қор жарық деп саналады, р = 0,2....0,4 болғанда – орташа жəне р < 0,2-де қараңғы; фонмен объекті контрасымен

мұндағы, l0 мен lф –объекті мен қорға сəйкес жарықтылық (K< 0,5 кезінде контраст үлкен, К= 0,2.... 0,5 – орташа, K< 0,2 –ден аз).

Табиғи жарық, терезелік жарықтар тесігі арқылы сезілетін қабырғалық,

аэрациялық жəне зенитті фонар арқылы сезілетін төбелік жарық, қаптамалардағы тесіктер, аралас- қабырғалық төбелікпен бірге болып бөлінеді. Табиғи жарықтар, қалыптасқан жарықтылық, жыл уақытына, күнге, метеорологиялық факторларға байланысты, төтенше кең шектерде, өзгереді. Сондықтан табиғи жарықтарға, жарықтану шамасын сапалық деп айту мүмкін емес. Табиғи жарық үшін, нормаланатын шама ретінде, салыстырмалы шама қабылданған – ашық аспанның жарық тығыздығымен құрылған, сыртқы горизонтальды жарықтылықтың бір уақытты мəніне Ен, ғимараттың ішіндегі берілген нүктеде ЕВ, жарықтану қабатының пайызымен, суреттелген, табиғи жарық коэфициенті,

Демек, ТЖК терезелік тесіктердің өлшемдерін, əйнектелуі мен бекітілу түрін, олардың ластануын, басқаша айтқанда табиғи жарықтың жүйесінің, жарықты өткізу қабілетін, бағалайды. Табиғи жарықтану көзге пайдалы əсерінен басқада, адамның денесіне жақсы психологиялық əсер тигізеді. Сондықтан барлық ғимараттар санитарлық нормалар мен ережелер бойынша табиғи жарықтануды қолдануы керек. Өндірісте табиғи жарық болғанда технологиялық процестер (фотозертханалар) болады. Табиғи жарық тек қана көру мүшесіне ғана емес, сонымен қатар жалпы адам ағзасына жəне психологиялық тұрғыдан əсер етеді. Осыған байланысты бөлмедегі табиғи жарық санитарлы нормалар мен ережелерге сай болуы керек. Егер табиғи жарық норма бойынша жеткіліксіз болса, оған жасанды жарықты қосамыз. Мұндай жарықтандыру аралас деп аталады. Аралас жарықтандыру өндірістік ғимаратта негізінен нақты, өте нақты жəне таза жұмысты орындау үшін жобаланады. Жасанды жарық шам жəне газды разрядты шам арқылы жүреді. Жұмыс орнының жарықтылығы көрудің оптимальды жұмыс жағдайына берілген обьект мөлшерінде жүруі керек. Жарықтың жоғарлауы өндірістік еңбектің өсуіне қарай болады. Сонымен қатар бір шекте болу керек, өйткені жоғары жарықтылық керекті эффектіні бере алмайды.

Жұмыс орындарын жарықтандыру келесі шарттарды қанағаттандыру керек: жұмыс беттерін жарықтандырудың деңгейі берілген жұмыстың түріне арналған гигиеналық нормаларға сәйкес болу керек; бөлмедегі жарықтың бірқалыптығы және тұрақтылығы қамтамасыз етілу керек; көріп қарайтын жерде жарық көздерінің және басқа заттар сәулелерінің шағылысуы болмау керек; өзінің спектралдық құрамы бойынша табиғи жарыққа жақын болу керек.  Жарықтандыру жүйесін есептеу жарық түрін таңдаудан, шамдалы түрі мен санын анықтаудан тұрады. Жарықтандыру жүйесін есептеудің ең қарапайым әдістері: нүктелік және меншікті қуатын қажетке жарату коэффициенті әдісіболып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]