- •Мазмұны
- •1.1 Көрсеткіштерге жалпы түсінік
- •1.2 Көрсеткіштерге жалпы сипаттама
- •1.3 Датчиктердің метрологиялық сипаттамалары
- •1.4 Деңгей өлшеуіштердің метрологиялық сипаттамалары
- •1.5 Пневматикалық бақылаудын деңгейн өлшеу бөлігін есептеу
- •1.5 Өлшеу әдістері
- •1.6 Деңгей өлшеуштер
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1 Қалытық деңгей өлшегіштер
- •2.2 Датчиктармен күшейтілген көрсеткіштер
- •3. Экономикалық бөлім
- •3.1 Қондырғыны жобалау кезіндегі экономикалық тиімділікті есептеу
- •3.2 Тоқтаусыз қорек көзін жобалауға кететін шығындар
- •3.3 Тоқтаусыз қорек көзін жобалау кезіндегі экономикалық тиімділікті есептеу
- •3.4 Қызмет көрсететін персоналдың негізгі жалақысының жылдық қорын есептеу
- •4.1 Электр тогының қауіптілігі
- •4.2 Электр қауіпсіздігіне байланысты өндіріс орындарын классификациялау
- •4.3 Электр жабдығы үшін маңызды талаптары
- •4.5 Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi
- •4.6 Қр Еңбек кодексі
- •4.7 Жұмыс орындарын жарықтандыру
- •4.8 Ұйымдастыру шаралары
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер
4.5 Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi:
өрт қауiпсiздiгi саласында адамдардың өмiрi мен денсаулығын,меншiктi,
ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау;
ұйымдар мен азаматтардың қызметiндегi қатер деңгейiн алдын-ала
анықтау, өрт қауiпсiздiгi саласында сақтандыру шараларына оқытып-үйрету және алдын алу шараларын жүзеге асыру;
өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару және басқа қажеттi
жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, медициналық көмек көрсету, азаматтарды және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, өрт салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянның орнын толтыру болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы өрт қауiпсiздiгi жүйесi - өрттi және одан келетiн залалды болдырмауға бағытталған экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық, ғылыми-техникалық және құқықтық шаралардың, сондай-ақ өртке қарсы қызмет күштерi мен техникалық құралдарының жиынтығы. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті, өрттен қорғау-техникалық ғылыми-зерттеу мекемелерiн, өрттен қорғау-техникалық оқу орындарын, өрт сөндiру-техникалық өнiм өндiру кәсiпорындарын қамтиды. Қазақстан Республикасы Үкiметi өрт қауiпсiздiгi саласында: мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi және оларды iске асыруды қамтамасыз етедi; мемлекеттiк органдар қызметiне басшылық жасайды, олардың Қазақстан
4.6 Қр Еңбек кодексі
Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
азаматтық қызмет - азаматтық қызметшілердің қазыналық
кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;
азаматтық қызметші - Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақылы штаттық лауазымда істейтін және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру және мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам;
айлық жалақының ең төменгі мөлшері - біліктілікті қажет етпейтін
қарапайым (онша күрделі емес) еңбек қызметкері осы Кодексте белгіленген қалыпты жағдайда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған кезде бір айда оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төменгі мөлшері;
арнаулы киім - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік
факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, өзге де нәрселер;
ауыр жұмыстар - қызметкердің ауыр заттарды (он килограмм және одан
жоғары) қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуына, орнын ауыстыруына және тасымалдауына байланысты әрі көп күш-қуатты талап ететін (250 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын) қызмет түрлері;
ауысымдық жұмыс - тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс
ауысымындағы жұмыс;
әлеуметтік әріптестік - қызметкерлер қызметкерлердің өкілдері, жұмыс
берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі;
бас, салалық (тарифтік), өңірлік келісім (бұдан әрі - келісім) – әлеуметтік
әріптестік тараптарының арасында жасалатын, келісімнің мазмұнын және республикалық, салалық және өңірлік деңгейлерде қызметкерлер үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі тараптардың міндеттемелерін айқындайтын құқықтық акт;
бос тұрып қалу - экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы;
біліктілік санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін
көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;
бітімгерлік комиссиясы - ұжымдық еңбек дауын тараптарды бітімге
келтіру жолымен реттеу үшін жұмыс берушілер мен қызметкерлер (олардың өкілдері) арасындағы келісім бойынша құрылатын орган.
