Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
социология срс.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.44 Кб
Скачать

Қорытынды

Ертеректе ажырасу деген өте сирек кездесетін жағдай-тын. Тіпті ілуде біреу десек те болады. 1950 жылдары Қазақстанда некеге тұрған 100 жұптың арасында бір шаңырақ иелері ғана түсініспеушілікпен екіге бөлініп, өз өмір жолдарын қайта бастайды екен. Дегенмен сол мезгілден бері ажырасу қарқыны жыл санап артып келеді. Бұған дәлел мынау: егер әрбір онжылдықты бөліп алып қарайтын болсақ, 60-жылдары 30 отбасыдан біреуінің, 1970 жылдары – алты, 1980 жылдары – төрт, ал 1990 жылдары үш отбасының бірі ажырасып тынған екен. Қазір тіпті бұл көрсеткіш деңгейі бұрынғыдан да көтеріле түскенін аңғаруға болады. Ел арасында 22 жасқа дейін отбасын құрмаған бойжеткендер тұрмысқа не тым кеш шығады, не мүлдем жалғыз қалады деген түсінік бар. Неге? Мамандар мұның себебін былай түсіндіреді: 22 жасқа дейінгі бойжеткендер психологиясында эмоцияға берілу жайы жиі кездеседі екен. Махаббатқа, өз сезіміне сенеді. Және таңдаған жұбының өзіне адал серік екендігіне күмәнданбайды. Ал бұл жастан өткен бойжеткендердің көбі ақыл тоқтатып үлгереді. Олардың болашақ жарына деген талабы күшейе түседі. Олар сымбатты, ақылды, табысы мол қызмет істейтін т.б. жігіттерді іздей бастайды. Оның үстіне қазіргі кезде жоғары білім алу, одан табысы жақсы қызметке тұру, баспаналы болу деген мәселелер негізгі табиғи міндетті кейінге ысыра береді. Мұндай табыстарға қол жеткізгенше қыздар жағы тағы да есейе, тәжірибелі бола түседі. Бұл кезде сезімнен гөрі, ақылға «құлақ» түреді. «Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлығы ажырасу процесін жиілетіп жіберді» деген бос сөз» деп қарсы пікір білдіретіндер де бар. Олардың айтар уәжі, келтіретін мысалы – Батыс Еуропа. Алдыңғы қатардағы дамыған мемлекеттердің сапында тұрған оларда да бұл мәселе өте көңіл қуантатындай дәрежеде емес. Тіпті бұл жағынан бізді басып озады деуге негіз бар. Сондықтан «ажырасу ауруының» диагнозы басқа. Ал оны дәл тауып, соған лайықты «ем» қабылдау жөніндегі әңгіме бөлек. Осы жерде бізде бұрын бәрі де болды ғой деген ой туады. Ең бірінші отбасылық өмірдің өзіндік қалыптасқан механизмі болды. Бұл талай ғасырлар бойы іріктеліп алынған тәжірибе еді. Халқымыздың отбасылық өмірдегі әркімнің өз орны, міндеті жайлы жазылған және жазылмаған заңдылықтары болды. Арыға барсақ Құранда, беріге келсек, Тәуке ханның «Жеті жарғысында» бұл мәселе жайына кеңінен тоқталған. «Баланы жастан, әйелді бастан» деген қағиданы ұстаған да біздің ата-бабаларымыз. Тым ерте жасынан-ақ баланың отбасы алдындағы жауапкершілігін түсіндіре білген. Сондықтан да болар, «Он үште отау иесі» болып және оның шырқын бұзбай ұл-қыз тәрбиелеп, адамзат дамуы көшін жалғастырғаны.