Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПСБ.Пісіру сапасын баылау Емтихан сратары.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.76 Кб
Скачать
  1. Технологияны бақылау.

Технологияны бақылау. Пісіру бұйымдарын дайындаудың технологиясын бақылау – дайындамаларды әзірлеуді, пісіру айлабұйымдарының жөнділігін, түйіндерді пісіруге құрастыруын, пісіру материалдарының күйін, пісіру жабдықтарының жарамдылығын және пісіргенде бекітілген ережені сақтауын бақылауды қамтиды. Пісірілетін дайындамаларды, олардың жалпы пішіне мен өлшемінің және қырларын әзірлеу геометриясының дұрыстығын тексереді. Соңғыларын тағыда ластану, тотану және бу-суйықтық ылғалдың болуын бақылайды. Пісіру айлабұйымдарында қыспа қондырғыларының жөнділігін, орңықтыру беттерінің жарамдығын, сондай-ақ флюс, мыс немесе көмір төсімелерін және жылу тартатын элементтерді тексереді.

Құрастырылған түіндерде негізгі габаритті өлшемін, түйістердің саңылауларының шамасы мен пісіру жиектерінің ығысуын, ұстатпалардың сапасын және шығаруға арналған тілікшелердің болуын тексереді. Термоқыздырғыштармен алдын-ала қыздыруды қолданғанда, пісіру процесінің алдында және пісіру кезінде берілген (жоспарлы) температураны бақылайды.

Пісіру материалдарында дайындау ережесінің дұрыстығын (электродтары – қыздыру, кептіру, бұл операциялардан кейінгі сақтау уақыты, сақтау жағдайларын) тексереді. Пісіру машиналары мен аппараттарда реттеу механизмдерінің жарамдығын, аспаптардың болуын, тоқ өткізетін мүштіктердің ұзындығы мен сапасын тексереді. Түйіспелі пісіру машиналарында электродтардың беттерінің пішіні мен қалпын бақылайды. Қорғаушы газдар атмосферасында пісіруге арналған қондырғыларда газ бәсеңдеткіштерді, шығын өлшеуіштері, шлангтарды, жанағылардың мүштіктерін және газ қорғаушы құрылғыларды, т.б. тексереді.

Пісіру параметрлерін сақтау мақсатында , ең алдымен, пісіру ережелерін (тоқ, кернеу және бекітілген аралықтағы пісіру жылдамдығын) аспаптар арқылы байқап және пісіру жігінің қалыптасуын сырттай қадағалап, бақылайды. Пісіру бұйымдарын дайындаудың әрбір технологиялық варианттарының өзіне тән ерекшеліктері болады, олар тиісті технологиялық пәндерде қаралады.

  1. Пісірушілердің кәсіптік деңгейін бақылау.

Операторлардың дәрежесін бақылау. Бұл үшін пісірушілерді, дефектоскопистер мен құрастырушыларды мезгіл-мезгіл аттестациялауды және құжаттауды жүргізу қажет. Құжаттаудың мерзімі мен тәртібі тиісті құжаттарда – сынақ ережелерінде көрсетілген. Пісірушілердің дәрежесін негізінде, олардың жауапты құрылғыларды пісіру жұмыстарына кірісер алдында тексереді. Бұдан басқа, өндіру процесінде пісірушілерді оқтын-оқтын қайталау сынақтарынан өткізеді. Пісірушілердің дәрежесін тексеру үшін, мекеме әкімшілігі Госгортехнадзор инспекторының қатысуымен, дәрежелік комиссия үйымдастырады. Тәжрибелік дәрежесін тексеру әдетте, тиісті жалғас немесе бұйымның пісіруін сапалы орындауын қарастырады. Пісірілген үлгіні сырттай қарағаннан кейін, оған механикалық сынақ жасайды. Пісірілген үлгінің сапасы мен оны бағалау өлшемдері сынақ ережесінде келтірілген.

  1. Жалғастарды сырттай байқау.

Сырттай қадағалау. Сырттай қадағалаумен дайындамаларды пісіруге әзерлеу мен құрастыру сапасын, пісіру процесінде жіктердің орындалу сапасын және дайын пісірілген жіктердің сапасын тексереді. Әдетте сырттай қадағалаумен барлық пісіру бұйымдарын, оларға бақылаудың басқа түрлерінің қолданылуына қарамай бақылайды. Сырттай қадағалау көп жағдайда жеткілікті түрде хабар береді, бақылаудың ең арзан және жылдам тәсілі.