Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПСБ.Пісіру сапасын баылау Емтихан сратары.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.76 Кб
Скачать
  1. Пісіру материалдарын бақылау.

Бастапқы материалдарды бақылау. Егер бастапқы материалдардың (негізгі металл, электрод, пісіру сымы, флюстер, қорғаушы газдар т.б.) сапасы оларға қойылатын талаптарды қанағаттандыратын болса, онда пісіру сапасын қамтамасыз етуге болады. Ең алдымен, барлық бастапқы материалдардың сертификаттық мәліметтерінің, құрылғыны пісірудің технологиялық процесінің кажетті сәйкестігін анықтайды. Одан кейін, материалдарды қарап байқайды және олардың сапасының нормативті құжаттамаларға сәйкестігін қосымша тексереді.

Негізгі материал, егер ол құйма дайындамалардан болса, онда кеуек, шөгу ойшықтары және сызаттарды тексереді. Мұнда, пісіруге жататын аумақтарға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Илемдердің қабаттануының барлығын және жаймалар мен пішіндердің қимасында қоспалардың, әсіресе күкірттің, біркелкі бөлінбеуін, тексереді.

Электродтар – қатама қалыңдығының біркелкілігін, онда сызат пен басқа механикалық зақымданудың барлығын текскереді. Электрод өзегі мен қаптамасының сипатын, қождың жеңіл бөлінуін және пісіру жігінің қалыптасу сапасын (балқыған металдың сұйықтай аққыштығын, шашырауын және ақаулар болуын) аңықтау мақсатында сынақты пісіру орындайды. Жоғары беріктікті болаттарды пісіруге арналған электродтарды, балқыған металда сутегі құрамын анықтайтын арнайы үлгі көмегімен тексереді.

Пісіру сымының – бетінің тазалығын, берілген пісіру технологиялық процесіне арналмаған қамтамалардың болуын, қабаттану мен оның бетіндегі жалпақтанудың барлығын тексереді. Жоғарыда аталаған электродтарға қатысты материалдардың сапасын анықтау үшін, тиісті флюс немесе қорғаушы газбен сынақты пісіру орындайды.

Флюстердің - өлшемінің шамасы мен біркелкілігін, бөлшектердің түйіршіктігін, ондағы батпақтар (кірлер) мен басқа қосындылардың болуын тексереді. Сондай-ақ, флюстің ылғалдығы мен тұрақтандыру қасиеттері т.б. тексеріледі.

Қорғаушы газдарда- зиянды қоспалар мен ылғалдығы тексеріледі.

Пісіру икемділігі бұйымның сапасына елеулі әсер етеді. Бастапқы материалдарды пісіру икемділігіне тексеруден бұрын, пісіру құрылғыларында тиісті материалдарды пайдалану жөнінде қабылданған шешім болуы керек. Жоғарыда аталғанға сай пісіру икемділігін екі жағдайда бақылайды:

1) материалды таңдау мен пісіру технолгиясын жасағанда, яғни, жобалау сатысында өндірісті дайындағанда;

2) өндірістік циклда материалдарды іске қосқанда, яғни, өндірісті технологиялық дайындағанда.

Екінші тексеру негізгі метал мен сымдардың балқытқандағы ауытқуларымен және электрод топтары мен флюстердің сертификат мәндерінен өзгеше болу мүмкіндігімен байланысты. Бұл ауытқулар пісіру икемділігін күрт нашарлатуы мүмкін. Материалдарды пісіру икемділігіне тексеру тәсілі, әдетте, механикалық сынақтарды пайдаланумен байланысты.

  1. Жабдықтар мен саймандарды бақылау.

Жабдықтарды бақылау.Алдын-ала бақылау. Пісіру жалғастарының жоғарғы сапасын алу бұрын (2.1 сұлбасы) келтірілген факторлармен анықталады.

Егер бастапқы материалдардың жоғарғы сапасымен қажетті қасиеттерін қамтамасыз етсек, онда жабдықтар мен аппараттар және жұмысшы – оператордың дәрежесі шешуші болады. Жабдықтардың техникалық деңгейін, сенімділігін және күшін белгілі аралықта ұстау қажет. Пісіруші дәрежесі жоғары болғанда, қарапайым, бірақ жоғары сенімділікті жабдықтармен іс атқаруға болады. Бұл жағдайда, жалғастардың сапасын бақылау, соңғы операция болады және алатын жалғасымыздың сенімділігіне жанама әсер етеді. Осылайша біз, жабдықтар мен бастапқы материалдардың сапасын алдын-ала бақылаумен және негізінде дайын бұйымдарды қабылдау бақылаумен таныспыз (байланыстымыз).

Бұл жағдайда бақылау негізінде - қосалқы, сылбыр болуы мүмкін. Қабылдау бақылаумен қатар, пісіру процесінде сапаны автоматты басқаруды қолдану өте тиімді, өйткені ол салыстырмалы түрде, дәрежесі төмен операторларды пайдалануға мүмкіншілік береді. Сонда, процесті белсенді бақылауды қамтамасыз ететін мыналар қарастырылады:

  • ереженің барлық көрсеткіштерін тиімді аралықта ұстап тұру (көрсеткіштермен бағдарлау);

  • алынған жік сапасымен ереже көрсеткіштерінің арасындағы кері байланыстар (сапаны қадағалау).