Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПСБ.Пісіру сапасын баылау Емтихан сратары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.76 Кб
Скачать
  1. Ақаулардың типтері мен түрлері.

Ақаулардың түрлері мен типтері. Мемлекеттік стандарт бойынша (МЕСТ 17102-71) «жарамсыз» деген термин, жеке өнімдердің нормативті құжаттарда белгіленгендей, талаптарға сай еместігімен аңыкталады. Пісіру өндірісінде бұйымдарды пісіру үшін құрастыру мен дайындау ақаулары және пісіру ақаулары деп бөлу қабылданған. Соңғысы, сыртқы (жік пішінінің ақауы) немесе беттік және ішкі ақаулар болады. Ішкі ақаулар өз ретінде тұтас еместік (макроскопиялық ақаулар), немесе құрылым ақаулары болуы мүмкін. Ескеретін жай, құрастыру мен дайындау ақаулары пісіру ақауларының пайда болуына жиірек себеп болады. Соңдықтан бұйымды пісіруге дайындауды ұқыпты бақылау қажет.

Дайындау және құрастыру ақаулары. Балқытып пісіргенде ақаулардың бұл түріне тән көбірек кездесетіндері:

  • жіктердің V, U және X тәріздес қырларының қиғаш кесілу бұрыштарының дұрыс еместігі;

  • түйістіретін қырлардың ұзындық бойында үшталуы (топастануы) тым үлкен немесе аз;

  • қырлардың арасындағы саңылаулардың тұрақсыздығы;

қырлардың бетіндегі кірлер т.б

Ақаулардың типтері

Орналасуымен------ Ішкі, сыртқы, (беттік), өте шығатын

Пішіні және үшқірліғімен----- Шағын,Созыңқы,Жалпақ,Көлемді, Үшкір(кескінімен), дөңгелек(кескінсіз)

Мөлшерімен----------- Майда,Орташа,Ірі

Жаппайлығымен-------- Жалғыз-жарым,Топтап (тізбекті, шоғырл.),Таралған

Пісірудің әртүрлі тәсілдеріне қатысты, ақаулардың пайда болу табиғатына байланысты жіктеуде манызды. Балқытып пісірумен орындаған түйіспе болат жалғастары ақауларының әдетте, алты түрін белгілеген;

А – тобы (кеуек –газ қосындылары) – Аа, Ав, Ас, Аd, Ae;

В – тобы (қатты қосындылар) – Ва, Вd, Вс;

С – тобы (шалабалқымалар) (С);

D – тобы – (шалапісірімдер) – Dа, Dв, Dс;

E - тобы – (сызаттар) – Eа, Ев, Ес;

F – тобы – (пішіні дұрыс еместік және басқа ақаулар) - Fа, Fв, Fс.

Бұлардың жіктелуі және белгіленуі РС-2192-72 және МЕСТ 7512-69 стандартары бойынша алынған. Осы ұсынысқа сай радиографиялық сынақтар көмегімен анықталған ақауларды екі әріппен белгілейді. Стандартта қарастырылғандай бірінші әріп ақаулардың түрін, екіншісі – ақаудың пайда болу табиғатын белгілейді. Ақауларды осылай белгілеу Халықаралық пісіру институтының (МИС) құжаттарында қабылданған.

  1. Пісіру сапасын бақылау тәсілдері

Пісіру жалғастарын қирататын тәсілдермен бақылау. Пісіру жалғастары мен бұйымдарының сапасын бақылағанда сынақтың әртүрлі тәсілдерін қолданады. Әдетте материал немесе бұйымға әсер етуіне байланысты, бұл тәсілдерді екі топка бөледі: бақылаудың қирататын тәсілдері (РК) және бақылаудың қиратпайтын тәсілдері (НРК). Қирату сынақтарын әдетте үлгіліктерде, үлгілерде және сиректеу сол бұйымдарда жасайды. Үлгіліктерді бұйымның пісіру жалғастары жасалған материалдардан және оны пісіретін технологиямен пісіреді. Бұл сынақтар жалғастардың беріктігін, сапасын және сенімділігін тура сипаттайтын сандық мәліметтер алуға мүмкіншілік береді. МЕСТ 6996-66 бойынша жалғастар мен жік металының механикалық сынақтарын созылуға, иіліске және т.б. жүргізеді. Жүктеме сипатымен статикалық, динамикалық және қажу сынақтарын қарастырады.

-Бастапқы материалдарды бақылау

- Жабдықтарды бақылау.

-Технологияны бақылау

-. Пісірушілердің кәсіптік деңгейін бақылау

- Жалғастарды сырттай байқау

- Дайындамалар мен құрастыруды бақылау

- Пісіру процесін байқау

- Дайын жалғастарды қадағалау.