- •Емтихан сұрақтары
- •5В012000- «Кәсіптік оқыту» мамандығына арналған
- •Пісіру процесінің мәні.
- •Пісірілген жалғас пен жік түрлері.
- •Пісіру ваннасындағы металлургиялық процестер.
- •Болаттар және басқа металдардың пісіруге икемділігі
- •Пісіру кернеулері мен деформациялары.
- •Ақауларды айқындауда бақылаудың әртүрлі тәсілдерінің ролі.
- •Пісіру жалғастарының сапа көрсеткіштері.
- •Сапаның технологиялық және құрылғылық факторлары.
- •Ақаулардың типтері мен түрлері.
- •Пісіру сапасын бақылау тәсілдері
- •Пісіру материалдарын бақылау.
- •Жабдықтар мен саймандарды бақылау.
- •Технологияны бақылау.
- •Пісірушілердің кәсіптік деңгейін бақылау.
- •Жалғастарды сырттай байқау.
- •Радиациялық бақылаудың жіктелуі.
- •Радиациялық ақаукөрсеткіштікке арналған иондаушы сәуле шығару көздері.
- •Радиациялық бақылаудың негізгі параметрлері .
- •Өндірістік радиаграфия
- •Өндірістік радиоскопия.
Емтихан сұрақтары
«Пісіру сапасын бақылау» пәні бойынша
5В012000- «Кәсіптік оқыту» мамандығына арналған
Студенттердің саны -20. 20 +10 = 30 30 · 3 = 90
Пісіру процесінің мәні.
Пісіру процесінің мәнісі. Металдарды пісіру деп атомдардың өзара әсерлесу күштерінің арқасында олардың жалғасу процесін айтады. Пісіру қағидасының мәні өте қарапайым. Металл кесегінің сыртқы атомдарының еркін, қанықпаған байланыстары бар, олар кез-келген атомды немесе молекуланы атом аралық күштердің әсер ететін қашықтығына жақындағанда, оларды қармайды (өзіне тартып алады). Түйіскеннен кейін бірігу процесі еркін (энергия шығынысыз) және өте тез өтеді. Қаттылығы аз металдар, мысалы қорғасын, бір-біріне аз күшпен қысқанның өзінде жеткілікті беріктікпен жалғасады. Металдардың көпшілігінің қаттылығы сонша жоғары, егерде оларды мұқият өңдеп, беттерін үйлестіргеннің өзінде де, шын мәніндегі жанасып тұратын беттері өте аз болады. Бірігу процесіне металдың бетіндегі ластар – тотықтар, май қабыршақтары т.б. және жаңа тазаланған металл бетіндегі, атмосфера әсерінен бір сәтте пайда болатын, газ молекулаларының қабаттары қатты әсер етеді.
Пісірілген жалғас пен жік түрлері.
Әдетте, жіктің мөлшері мен пішіні пісіретін материалдың қалындығына (t) байланысты. Олар техникалық шарттарда беріледі және сызбаларда көрсетіледі. Балқытып пісіргенде, әдетте, жіктің енін в, жіктің күшейтілгенін h және балқымасын h1 (сурет) шектейді.
Түйісті пісіру жіктерінің құрылғылық сұлбасы.
а –жіктерін дайындамай, б - V – тәріздес дайындаумен
Пісіру ваннасындағы металлургиялық процестер.
Пісіру кезіндегі металлургиялық процесстер – бұл, сұйық металдың газдар және пісіру қождарымен, сондай-ақ салқындап жатқан металдың сұйық және кристалданып жатқан қожбен өзара әсерлесу процесі. Бұл процестер электрод балқыған кезде, сұйық металдың тамшылары доға аралығынан өткенде және пісіру ваннасының өзінде өтеді. Пісіргенде металл балқуының мына ерекшеліктері болады:
Пісіру ваннасы көлемінің аздығы және салқындаудың жедел жылдамдығы. Бұл, басталған химиялық реакциялардың кейбірінің аяғына дейін толық өтпеуіне алып келеді;
Балқыған металдың қоршаған газ ортасы және қождармен белсенді түрде әсерлесуі. Бұл, жік металының газ және қож қосындыларымен қосымша қанығуына мүмкіндік жасайды.
Пісіру доғасы мен металл ваннасының жоғары температурасы газдардың даралануына алып келіп, олардың белсенділігін жоғарлатады. Нәтижесінде жік металының тотығуы және тотықсыздану жағдайлары өтеді.
Пісіру доғасы пісірілетін бұйым қырларының бойымен жылжығанда, пісіру ваннасының алдыңғы бөлігінде негізгі металл балқиды, ал оның соңғы бөлігінде балқыған металдың кристалдануы мен пісіру жігінің қалыптасуы өтеді. Термиялық әсер аумағының әртүрлі учаскелерінің ені мен соңғы құрылымы термиялық циклмен, пісірудің ережесі, тәсілі, негізгі металдың құрамы және қалыңдығымен анықталады. Термиялық әсер аумағының жалпы ұзындығы 25-30 мм болады.
Болаттар және басқа металдардың пісіруге икемділігі
Болаттардың пісіруге икемділігі. Пісірудің доғалы тәсілдерімен төменкөміртекті және төменлегірленген термоберіктендірілмеген болаттарды пісіргенде, жіктің негізгі металмен тең беріктігін қалыптамасыз ету әдетте, қиындық тудырмайды. Біршама қиындықтар термоберіктенген болаттарды пісіргенде туады, өйткені жік айналасы аумағы металының механикалық қасиеттері пісірудің нақты жағдайларына және пісіру алдындағы болатқа қандай термоөңдеу түрі жүргізілгеніне байланысты.
