Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘК ПСБ 5В012000 3 курс 2017 ж..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.11 Mб
Скачать

2.3. Лабораториялық сабақтардың жоспары

1 Лабораториялық жұмыс. «Пісіру жалғастарын ультрадыбысты (УЗ) бақылаудың аппараттары мен көрсеткіштері»

Жұмыс мақсаты – ультрадыбысты бақылаудың физикалық негіздерімен, аппараттары, эталондары және негізгі параметрлерімен танысу, қазіргі ақаукөргіштермен жұмыс істеудің тәжрибесін игеру.

Қажетті жабдықтар (саймандар, материалдар):

- бақылаудың физикасы, ультрадыбыс қасиеттері және ультрадыбысты ақаукөргіштердің негіздері туралы көрнекті құралдар;

- типі УДМ-1М немесе ДУК-13ИМ іздегіш бастиектері жиынтығымен ультрадыбысты ақаукөргіш;

- типі ДУК-6В, ДУК-5В, ДУК-11ИМ и ДУК-66 ақаукөргіштерінің техникалық құжаттары;

- УЗ- бақылаудың № 1,2,3 эталондық үлгілері;

- эталондар мен құрылғылар жиынтығы (КЭУ-1).

Жұмысты орындау тәртібі

1. Оқулықтар мен құралдардан ультрадыбыстың қасиеттері мен ультрадыбысты ақаукөргіштердің жұмыс атқару негіздерімен танысу.

2. Құжаттар бойынша ультрадыбысты ақаукөргіштің жұмыс атқару қағидасы және сұлба-жиынтығымен танысу.

3. Жүйеден қоректенетін УДМ-1М типті және аккумулятор қорегімен ДУК-13ИМ типті ақаукөргіштермен танысу, мұнда төмендегілермен танысу қажет:

а) ақаукөргіштің техникалық жазбаларымен танысу;

ә) лаборант басқаруымен аспапты іс жүзінде игеру;

б) басқару қолсаптарының арналуымен танысу.

4. Техникалық жазба бойынша типі ДУК-6В және ДУК-5В ақаукөргіштерімен танысу.

5. МЕСТ бойынша пісіру жалғастарының ультрадыбыстық ақаукөргіштігімен танысу.

6. Бақылайтын жүйенің негізгі көрсеткіштерін № 1,2 және3 эталондарымен анықтау, мұнда:

а) №3 эталонды үлгімен бірнеше сүңгіштер үшін енгізу нүктесі мен іздегіш меңзерінің мөлшерін табу (1- сурет);

ә) №2 эталонды үлгімен (2-сурет) түсу бұрыштары β = 300, 400 , 500 сүңгіштер үшін, енгізу бұрышын α анықтау және оларды төмендегі формуламен есептелген бұрыштармен салыстыру:

α = arcsin ( sinβ), (1)

мұнда С - көлденең толқындардың металдағы жылдамдығы, болаттар үшін Сп=3200м/сек;

С - іздегіш призмадағы бойлық толқындардың жылдамдығы, ол плексиглас үшін Cпр =2700м/сек.

1 -сурет. Енгізу нүктесін О және іздегіш

меңзерін № 3 эталонымен анықтау:

а) эталон сүңгішімен; ә) ақаукөргіш экраны

2 -сурет. Енгізу бұрышын α (А қалпы) және

«өлі аумағын» Нmin (В қалпы) № 2 эталонымен анықтау:

а) эталон сүңгішпен; ә) ақаукөргіш экраны

б) ақаукөргішті шекті сезімталдығына баптау, ол үшін:

- алдын ала таңдалып алынған жазық түпті шағылдырғыштың (3 -сурет) ауданымен s бұрыштық шағылдырғыш жасау;

- бұрыштық шағылдырғыштың ауданы m x l жазық түпті шағылдырғыш ауданымен s мына қатынаспен байланысты:

ml = , (2)

мұнда: N=2,5 коэффициенті β=30÷32о-ты сүңгіштер үшін, N=1,5 коэффициенті β=37 ÷ 40о-ты сүңгіштер үшін, N=0.5 коэффициенті β=49÷50о-ты сүңгіштер үшін, мұнда l және m қатынасының мөлшері, әдетте 0.5< <4 құрайды.

3 -сурет. Шекті сезімталдығын баптауға арналған

жазық түпті (а) және бұрыштық (б) шағылдырғыш

- бұрыштық шағылдырғышпен импульстің жұмыстық биіктігін қою;

- ақаукөргіштің басқару қолсабының қалпын өзгертпей, №1-ші эталонымен (4- сурет) шекті сезімталдығын шарттыға ауыстыру;

в) тереңдік өлшегіштің жұмыс дәлдігін және №1-эталонымен бақылау жүйесінің ажырату қабілеттілігін тексеру;

г) №2 эталондағы бұрғылау қатарынан (2-сурет) түзу сүңгіш үшін «өлі аумағын» Hmin

анықтау;

4- сурет. №1 эталон бойынша шартты сезімталдығын (сүңгіштің А қалпы), тереңдік өлшегіштің жұмыс дәлдігін (В қалпы) және ажырату қабілеттілігін ∆ (С және D қалпы)

а) эталон сүңгішпен; ә) ақаукөргіш экраны

д) өлшенген Hmin-ды формуламен есептелген жақын аумақтың Lбл

( Френкель аумағы) шамасымен салыстыру

Lбл = , (3)

Hmin «өлі аумағының» шамасын төмендегі формуламен есептелгенімен салыстыру:

түзу сүңгіш үшін

Hmin = , (4)

призмалы сүңгіш үшін

Hmin = . (5)

мұнда D- пъезоэлемент диаметрі, мм;

λ – металдағы УЗ-тербелісі толқынының ұзындығы, мм;

Сп, С - металдағы көлденең немесе бойлық толқынның жылдамдығы;

τ - түсірілген импульстің уақыты, 4÷5 мк*ск деп қабылданады;

tп –ультрадыбыстың призмадан өту уақыты.

е) №2 эталондық үлгімен призмалық сүңгіш үшін Hmin «өлі аумағының» шамасын анықтау.

Лабораториялық жұмыс бойынша есептеменің мазмұны:

  • лабораториялық жұмыстың аты;

  • жұмыстың мақсаты;

  • сынақ обьекті және керекті аспаптар;

  • сынақты жүргізу әдістемесі;

  • сынақ нәтижелері, оларды өңдеу;

  • жұмыс бойынша қорытынды.

Әдебиеттер: 1 негізгі [151-159, 161-170]. 3 негізгі [120- 132]. 3 қосымша [297- 301]

Бақылау сұрақтары

1.Техникалық құжаттағы сұлбалар бойынша УЗ- ақаукөргішінің жұмыс атқару қағидасын айтып беріңіз?

2. Бақылағанда эталондар қалай пайдаланылады?

3. Әртүрлі материалдар және сүңгіштер үшін енгізу бұрыштары қалай анықталады?

2 лабораториялық жұмыс. «Ультрадыбысты түйістіру эхо-тәсілімен бақылау»

Жұмыс мақсаты- ультрадыбысты түйістіру эхо-тәсілі бақылауымен танысу, УЗ- бақылаудың тәжрибесін және пісіру жіктерінің сапасын бағалауды іс жүзінде игеру.

Қажетті жабдықтар (саймандар, материалдар):

- УЗ – бақылаудың қысқаша жазбасы, МЕСТ және УЗ- бақылаудың заводтық нұсқауламалары;

-іздегіш бастиектер жинағымен УДМ-1М типті ультрадыбысты ақаукөргіш;

- №1, 2, 3 эталондық үлгілер(МЕСТ 14 782-69);

- бұрыштық шағылдырғышты дайындауға қажетті сайман (кескіш);

- жасанды ақауларымен ИД типті үлгілер жиынтығы;

- ақауларымен пісіру үлгілерінің (СД) жиынтығы;

- дефектограмма бланкілері;

- УЗ- бақылауға жататын пісіру үлгілерінің R-түсірмелері;

- бақылау орнын тазартуға арналған сайман;

- май, жаққыш.

Жұмысты орындау тәртібі

а) Жасанды ақауларымен (бүйіржақ тесулерімен) үлгілерді ИД бақылау

1.Ақаукөргіш- сүңгіш бақылау жүйесін құрастыру.

2.Енгізу нуктесі О, іздегіш меңзері, тереңдік өлшегіштің дәлдігі, ажырату қабілеттілігі және енгізу бұрышының α көрсеткіштерін тексеру.

3.№1- эталонының тереңдігі 25 немесе 30мм тесігімен жүйені керек сезімталдыққа баптау.

4. ИД типті (5- сурет) үлгілердің біреуін түзу сәулемен тексеріп байқау.

5.Ақаулардың координаттарын анықтау. Ол үшін өлшенген ақаулардың координаттарының нақты бұрғыламалар сұлбасымен дәлдігін тексеру қажет

(оқытушымен бірге жасалады).

5- сурет.УЗ- бақылауы үшін арналған жасанды ақауларымен үлгі

(үлгілер бұрғылардың бүйіржақ орналасуымен айырмасы бар)

ә) СД-С типті түйістіріп пісіру үлгілерін бақылау

1. Түйістіріп пісіру жіктерін бақылау тәсілдерімен танысу.

2.Пісіру үлгісін бақылауға дайындау (тазарту, май жағу).

3. Іздегіш бастиегінің жұмыс жиілігін f, бұрышын β және басқа сипаттамаларын таңдау.

4. №1,2,3 эталондары бойынша енгізу нүктесін О, енгізу бұрышын α, ажырату қабілеттілігін, тереңдік өлшегіш дәлдігін және Нmin«өлі аумағын» тексеру.

5. Пісіру бұйымында бұрыштық шағылдырғыш дайындап, табуға жататын ақаудың берілген ең төмен шамасына байланысты шартты сезімталдығын анықтау.

6. Бақылауға арналған сүңгіштің жылжу аумағын есептеу:

а) түзу сәулемен (6,а- суреті)

Lmin = 0, Lmax = δ tgα-α, (6)

ә) шағылысқан сәулемен (6,б- суреті)

Lmin = δ tgα-α; Lmax = (n+1) δ tgα-α, (7)

мұнда n- шағылыс саны .

7. Пісіру жалғастарына бақылау жүргізіп, дефектограмманы толтыру.

6- сурет.Түйіспе жіктердің УЗ- бақылау сұлбасы:

а) түзу сәулемен; ә) шағылысқан сәулемен

б) СД-У бұрыштық пісіру жалғасын УЗ- бақылау