- •Студенттің пәндік
- •«Пісіру сапасын бақылау»
- •5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығына арналған алматы 2017
- •© Қ.И.Сәтбаев атындағы
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер
- •1.2 Пән тұралы мәліметтер
- •1.3 Пререквизиттер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі
- •1.7 Пән бойынша оқу- әдістемелік материалдар
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •1. Өріс берү жүйесі; 2. Бақылау нысанасы; 3. Датчик; 4. Санақ жүйесі; 5. Өлшеуші аспап.
- •2.3. Лабораториялық сабақтардың жоспары
- •1.Бұрыштық пісіру жіктерін бақылау тәсілдерімен танысу.
- •В) Пісіру нүктесін уз- бақылау
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6. Өзін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар
- •2.7. Пісіру сапасын бақылау пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •« Пісіру сапасын бақылау»
- •5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығына арналған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.И.CӘТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты
«Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасы
Студенттің пәндік
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Пісіру сапасын бақылау»
пәні бойынша
5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығына арналған алматы 2017
Ќ.И.Сәтбаев атындағы ЌазҰТЗУ студенттеріне арналған 5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша «Пісіру жалғастарын бақылау» пәнінен оқу-әдістемелік кешені.
Құрастырған ТМжЖ кафедрасы, Алматы: ҚазҰТЗУ, 2017. 82 бет
Құрастырушы лектор Құрманалиев М.Б.
Аңдатпа Бұл оқу-әдістемелік кешеннің мақсаты 5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша «Пісіру сапасын бақылау» мамандыгы студенттерін пісіру сапасын бақылау тәсілдерімен таныстыру. Бұл әдістемелік кешенде пісіру сапасын бақылаудың қирататын және қиратпайтын тәсілдерінің теориялық материалдары жазылған. Пісіру ақауларының түрлері мен типтері, олардың жіктелуі, пісіру сапасының көрсеткіштері және оған әсер ететін факторлары, бақылаудың тиімді сұлбасы карастырылған. Зауыт және жинастыру жағдайында пісіру сапасын бақылау қызметін ұйымдастыру, пісіру жалғастарына бақылау жүргізгендегі еңбек қорғау мен электр қауіпсіздігінің талаптары келтірілген және әдебиеттер тізімі берілген.
© Қ.И.Сәтбаев атындағы
Қазақ ҰТЗУ, 2017
1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер
Сабақ жүргізетін лектор
Лектор Құрманалиев М.Б.
Байланыс түрі: тел. 2577471
Кафедрада болатын уақыты ТМжЖ кафедрасынының дәрісханалары мен зертханаларында
1.2 Пән тұралы мәліметтер
Пән атауы «Пісіру сапасын бақылау»
Кредит саны 3 (135)
Өткізу орны ТМжЖ кафедрасының дәрісханалары мен зертханалары
1-кесте
Оқу жоспарынын көшірмесі
Курс |
Семестр |
Кредиттер |
1 аптадағы академиялық сағаттар |
||||||
Дәріс |
Лабораториялық сабақтар |
Тәжрибелік / семинарлық сабақтар |
СӨЖ |
СОӨЖ |
Барлығы 1 аптада академ. сағаттар |
Бақылау түрі |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
3 |
5 |
3 |
2 |
1 |
- |
3 |
3 |
9 |
Е(Ж) |
1.3 Пререквизиттер:
физика; математика; химия; электротехника; материалдар қарсыласуы; конструкция-лық материалдар технологиясы; металл тану.
1.4 Постреквизиттер: пісіру құрылғыларын өндіру және жинастыру; пісіру құрылымдарын жобалау; пісіру мен дәнекерлеудің арнайы тәсілдері; дипломдық жобалау.
1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
Пәнді оқудағы мақсаты - «Пісіру сапасын бақылау» пәні арнайы пәндер қатарына жатады. Пәнді оқыту мақсаты- студенттерге пісірілген жік және жалғаста ақаулықтар қалыптасуының теориялық негіздерінен білім беру. Пісірілген жалғастарды сынау, пісіру сапасын тексеру тәсілдерінің теориясын және тәжрибе жағдайында колданылатын аспаптармен жұмыс жүргізуді игеру.
Пәнді оқыту міндеттері – студенттердің пісіруде орын алатын ақау, жарамсыздықтың себептерін және олардың алдын алу жолдарын білуі. Пісіру сапасын анықтайтын әртүрлі аспап, сайман-құралдардың жұмыс істеу негізін, құрылымын білуі және оларды орынды пайдалануды игеруі.
