Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.34 Кб
Скачать
  1. Е. Жұбанов

Жалын журналы, Алматы/1993/№ 6

1.1. Қарапайым сөздердің зерттелу тарихы

    1. Қарапайым сөздердің тілдік ерекшеліктері

Бүгінгі таңда қазіргі қазақ тілінің лексика-семантикалық категориясында қарапайым сөздерге толыққанды арнайы зерттеу жүргізілген жоқ. Оның қалыптасуы өте күрделі процесс деп айтуға болады. Сол себепті бұл тілге жаңа сала болмағанымен де, әлі де ғалымдардың бір тоқтам анықтамасы жоқ. Орыс тіл біліміне өз үлестерін қосқан Н.М.Шанский, А.В.Калинин, Г.Н.Скляревская, А.И.Ефимов, В.Левшин және т.б. ғалымдар қарапайым сөздерді дөрекілік жағынан эмоционалды-экспрессивті боямасы бар, ауызекі сөйлеу стилинің тұрмыс-тіршілікте қолданатын сөздер деп атаса, келесі бір топ ғалымдар ( Ю.С.Сорокин, А.И. Оссовецкий, С.Д.Кац және т.б. )қарапайым сөзді әдеби тіл деп қарастырады. Алайда біз бұл анықтаманы да жоққа шығара алмаймыз. Себебі, көркем әдебиет жанрында, өлең- әңгімелерде қарапайым сөздер қолданылады . Ал Ф.П.Филин, Е.В.Петрищева және т.б. келесі бір топ өкілдері қарапайым сөздер екідайлы қасиеті бар дейді.Яғни, олар өзінің табиғатына қарай жалпы халыққа түсінікті белсенділігіне қарамастан, белгілі бір мақсатта қолдану үшін әдеби бағытта да қолданыла алады деп тұжырымдайды.

Ғалымдардың арасында бұндай бірауыздылықтың болмауы, қарапайым сөздердің күрделілігі мен көпжақтылығымен түсіндіріледі. Түрік тіл білімінде қарапайым сөздерді зерттенген В.Хаков: « ... Просторечие – категория историческая... Просторечными считаются слова, которые остаются вне сферы литературного языка, отражают особенности живой народной речи, отличаются от лексики устного литературного и разговорного языка» [1]

  1. Хаков В.Просторечная лексика в татарской художественной литературе// Вопр. Стилистики. –Саратов. 1962. – С. 50.

Бұндай тұжырым тек татар тіліне тән ғана емес, сонымен қатар өзбек, ұйғыр, чуваш, кырғыз, қарапалпақ және т.б. түрік тілдеріне тән деп анықтама берді.Ұйғыр тіл білімінің зерттеушісі Г.Садвакасов ұйғыр тілдері үшін жалпы халыққа түсінікті қарапайым сөздердің ішінде өзінің ерекшелігіне қарай диалекттілік қасиеті бар дейді. [3]

3.Қайдаров А., Садвакасов Ғ., Талипов Т. азирқи заман уйғур тили. – Алммута, 1963. –Б.93.

Мүмкін бұндай қасиет тек ұйғыр тілдерінде ғана болар десек те, Пірімбетов өз еңбегінде қазақ тіліндегі қарапайым сөздер түп тамырымен ауызекі сөйлеу стилинен, әсіресе диалект сөздерден, ерекшелінеді дейді. Мысалы,«сайқал» сөзінің әдеби нұсқасы «жезөкше», «мыңқылдама» әдеби нұсқасы «сөйлеме» деген секілді қарапайым сөздер диалектизмдердің қатарына кірмейді. Қарапайым сөз болу үшін:

  1. Жалпы халыққа түсінікті болуы шарт;

  2. Қарапайым сөз барлық облыстарда түсінікті қолдануы керек.

Қарапайым сөздер ауызекі сөйлеу тіліндегі лексиконның бір саласы. Бұлардық екі түрлі ерекшелігі бар: а) стильдік мәні бір нәрсенің бағасын кемітіп, құнын түсіріп төмендету бағыты болады; ә) диалектизмдер сияқты территориялық жағынан шектелген емес, жалпы халыкқа бірдей таныс сөздер. Сонымен қатар әдеби тілде қолдануға ыңғайсыз экспрессивті мәні болады. Тұрмыстық сөздер мен қарапайым сөздер бір-біріне өте-мөте ұқсас, бұлардың арасына шек қойып ажыратудын, өзі кейде тым қиынга соғады.

Мысалы: Бензиннің литрі үш тиын болғанда көшеде сатылатын көгала судың стаканы үш тиын болатын не жөні бар (Ғ. Мүсірепов). Әйтеуір бала-шағаға нәпақа іздеп жүрміз ғой (Ғ. Мұстафин). Ұры, жас жетім шпаналармен бірге оқып, балаларымыз үйіміздегі нанды ұрлайтын болды (С. Адамбеков). Жетісудан болсаң, тоңғанның әкесін сонда көрер едің (I. Жансүгіров). Медетов жайлы өсек сөз, домалақ арыз бес жылдан бері жазылып келді (“Лен. жас”). Осындағы курсивпен көрсетілгеи сөздердің бәрі бірдей сөйлеу тіліне жатады. Бұл тәріздес сөздерді әдеби тілде қолдану қолайсыздау. Алайда қайсысы тұрмыстық сөздер, қайсысы қарапайым сөздер екендігін ажырату оп- оңай шаруа емес сияқты. Бізше, көгала су, нәпақа дегендерде бір затқа менсінбей қараушылык, кемітушілік мәні болгандыктан, карапайым сөздер деп, тоңғаннық әкесі, домалақ арыз дегендерді тұрмыстық сөздерге жатқызған жөн. Сөйлеу тілінде ер адамды бұтында шалбары бар, бөрік киген, әйелді басында жаулыгы бар деп келеді. Көлік дегеннін орнына бұт артар немесе аяқ артар, киімніц орнына қабық немесе жабу, өтпейтін пышақты қырғыш, кір киімді түтқыш, арақ дегеннің орнына ақмағамбет, тентек су, көк су, жынды су, қолынан ештеңе келмейтін адамды қарақшы, бойы аласа адамды мыртық, қортық ергежейлі, әбден жүдеген адамды тірі аруақ,жас баланы шикі өкпе, жас әйелді шүйке бас та қазақ тіліндеі карапайым сөздердің нұсқалары. Бұлардын бірде-біреуі әдеби тілді- қолданылмайды.

Қарапайым сөздер мен тұрмыстық сөздердің әлденеше түрлері фразалық тіркестер де баршылық. Мысалы: ауьп шайымға келмеді, сіңбіруге колы тимеді, түкке тұрғысыз, бетінің кірі бес елі, бетінің арын бес төкті, соқырға таяқ ұстатқандай, ит мініп, ирек қамшылағандай болды, болар бала боғынаи, кісі өлгендей болды, жау шауып кетксндей, жылан жалагандай т. б. Әдеби тілде бұлардың орнына неғұрлым жағымды да сыпайы неғұрлым стильдік мәні жағынан бейтарап деген синонимдер жұмсалады.

Қарапайым сөздер, табу мен эвфемиздер көркем әдебиетте әсіресе сөйлеу тілі стилінде жиі қолданылады, ол көркем әдебиет стилінде белгілі бір көркемдік мақсат үшін ғана жұмсалады. Бұлардың эстетикалық, эмоциональдық әсері, бейнелілігі өте-мөте көркем әдебиет стилінде ұтымды келеді. Көбінесе сөйлеу тілі стилінде айтылып, ал әдеби тіл стильдерінде сирек ұшырасатын белгілі бір сөздер бар. Олар тұрпайы мағыналы сөздер. Мысалы: Жастау жігіт қойнынан бүктелген қағазды шығарып, Қамилаға қарап күлімсіреді:

— Мынаған доңғал басыңды басып жіберші — деп.

— Жоқ, жолдас, кеңсеге бар, мөрді қалтаға салмаймын, кеңседе болады,— деп Камила жауапты қысқа қайырды (Б. Майлин).

Ескендір сияқты судырлар елдің үрейін ұшырып кетті(Б.Майлин).

Осы мысалдардағы доңғал бас (мөр), судырлар (белсенділер) қарапайым сөздері кейіпкер тілінде айтылып тұр. Мұндай стильдік мақсаттағы қарапайым сөздер, негізінен, кейіпкер тілінде қолданылады. Сөйлеу стиліндегі кейбір теңеу құралдары әдетте тым қарапайым, тіпті қарадүрсін, дөрекі болып келеді. Сөйлеу стиліндегі мұндай сөздердің бәрі бірдей көркем әдебиет стилінде қолданыла бермей, тек авторлық ремаркада ғана ара-тұра кездеседі.

Сөйлеу тілі лексикасын стильдік тұрғыда сипаттағанда мына бір сала сөздерді де өз алдына бөле, жеке айту керек. Мысалы пошым, неме, “көзір”, пәленше, түгенше тәріздес қарапайым сөздердің, варваризм атаулыньң да тіл байлығына жататыны мәлім. Бірақ олар да белгілі бір стильде ғана жұмсалады. Әлгі сөздер, мысалы, сөйлеу тілі лексикасына тән. Осы себепті көбінесе сөйлеу стилінде қолданылады. Сондай-ақ, кейде белгілі бір стильдік мақсат үшін көркем шығармада да, сықақ-мысал түрінде жазылған очерктерде де кездеседі. Ал қалған стиль түрлерінде сирек ұшырасады, негізінен көркем әдебиет стилінде ғана қолданылады. Түбінде Абайды үлкен жазаға ұшырататын болса, бұл іс бір үлкен көзір болып… (М. Әуезов). Түпкі үйдің есігінен кептеліп бір қырынан шыққан жеңгей қолындағы бір бөлке нан мен шөлмек пошымдас ораулы газетті көргенде “бұл байғұсты бірдеме шалған екен” деді [газеттен].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]