- •Қарапайым сөздердің өзіне тән ерекшеліктері
- •20.Князькова г.П. Русское просторечие второй половины XVIII в. –л. Наука, 1974. -558 б.
- •Е. Жұбанов
- •1.1. Қарапайым сөздердің зерттелу тарихы
- •Қарапайым сөздердің тілдік ерекшеліктері
- •2.Қарапайым сөздердің өзге лексикалық стильдік топтардан айырмашылықтары
- •Қарапайым сөздердің эмоционалды-экспрессивті сөздерден өзгешеліктері
- •Қарапайым сөздердің дисфемизмдерден өзгешеліктері.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Балақаев м.Б.
20.Князькова г.П. Русское просторечие второй половины XVIII в. –л. Наука, 1974. -558 б.
Ауызекі тілде ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан қарапайым сөздер қазақ тілінде өте бай.Оның қарапайымдылығының ерекшелігі «қызыл тілге» қарама-қайшылығында.Ауызекі тілде жиі қолданылып,қарапайым халыққа түсінікті болғанымен, «жоғарғы сатыдағылар» үшін сыпайы баламасыз.Әдеби тілде өңделмесе де, көркем шығармада ойды айшықтап жеткізу мақсатында кейіпкерлердің тілін әсерлі де әрі эмоционалдылыққа реңк береді. Ғылыми зерттеулер мен қазақ тілінің қалыптасуына кеткен тарихи кезеңдерге сүйенсек, қарапайым сөздердің қалыптасуы тікелей ауызекі сөйлеу тілімен тікелей байланысты. Тіл мәдениеті мен тазалығы үшін қазақ тіл білімінде қарапайым сөздің зерттелуі қазіргі таңда өзекті мәселе болып тұр.
Пірімбетовтің еңбегі қазақ тіл білімінде қарапайым сөздердің ауызекі сөйлеу тілінен бөлек зерттеліп, алғаш рет 1988 жылы Қарағанды университетінде қорғалған жемісті еңбек. Дегенмен де....
Көздеген нысанымызға дәл тию үшін, төмендегі сұрақтарды қарастырып көрейік:
Қарапайым сөздерге толық әрі нақты анықтама беру;
Генетико-этимологиялық түп тамырын зерттеп, оны жан-жақты қарастыру.
Қарапайым сөздер мағыналық ерекшелігіне қарай топтастыру;
Қарапайым сөздердің өзге ауызекі сөйлеу тіл элементтерінен айырмашылығын анықтау;
Осы және өзге де мәселелерді біз лингвистиканың негізінде қарастырамыз. Осы мәселелерді негізге ала отырып, дипломдық жұмыс екі негізгі бөлімнен тұрады: 1)Қазақ тіліндегі қарапайым сөздер және олардың ерекшелігі
2)Қарапайым сөздердің фонетико-морфологиялық ерекшелігі
Бірінші бөлімде ауызекі тілде тұрмыста қолданып жүрген қарапайым сөздердің құрамын зерттейді. Оны диалект,жаргон, аргорн және т.б. ауызекі тілде қолданып жүрген категориялармен салыстырыла –салғастыра зерттей отырып өзіндік ерекшелігін айқындап, басқа категориялардан тәуелсіз, әсіресе лексика-стилистика жағынан дербес екенін ерекше көрсетіп береді. Осы бөлімде қарапайым сөздер екі тақырыпқа бөлінген: а) тұрмыс-тіршілікке қатысты қарапайым сөздер;ә) адам мінез-құлқына қатысты қарапайым сөздер. Зерттеу барысында осы екі тақырып өз ішінде тақырыпшаларға бөлінген. Шығу төркіне қарай зерттеу нәтижесі көрсеткендей қарапайым сөздер тура мағыналы және ауыспалы мағыналы болып бөлінеді.
По происхождению просторечие делится на две большие группы: а)заимствованные элементы просторечия; б) иконно-собственные элементы просторечия.
Ал екінші бөлім қарапайым сөздер ерекшелігіне қарай грммматикалық анализ құрудағы өзгешеліктеріне арналады. Яғни, -бай, -ит, -лақ және т. б. қосымшалар мен қайталама- қос сөздер арқылы жасалады. Оның лексико-семантикалық зерттеулі тарихи-салыстырмалы әдіс арқылы жүзеге асты. Жұмыста қолданған негізгі дереккөздер: көркем әдебиет пен ауыздан- ауызға тараған көпшілікке түсінікті қарабайыр сөздер. Жұмыстың мақсаты(құндылығы): Ауызекі сөйлеу стилінің қорын көбейтіп қана қоймай, әдеби тілді де дамытады. Қарапайым сөздер лексика саласында өз алдына ерекше орын алады. Әсіресе оның қазіргі қазақ тілінде «Лексика» және «Стилистика» грамматикалық бөлігінде орны бір бөлек. Себебі Түсіндірмелі, Диалектологиялық,Синонимдік, Фразиологиялық, Орфоэпия-орфографиялық және Аудармалы сөздіктерді құрауда сөзсіз өз септігін тигізеді.
Абай туындыларындағы қарапайым сөздер
Ақындың туындыларында қарапайым сөз саптау тәсілдерінің кейбір көріністерін кездестіруге болады
Қарапайым сөз саптаудың қара дүрсін реңкті қолданыстарынан басқа, арнайы, дөрекі, ерсі түрлерін де кездестіруге болады. Мысалы.
« Жиырма екінші сөзіндегі»: « Біреулер көтіне құрым кигізді тұзға малшып тыққан соң есі шығып, еріксіз кім болса, соған талтайып емізіп тұр»- деген сөйлемнің саз дөрекі. Әрине бұл жердегі айтылмақ ойдың мазмұнында реніш, ашу, кейістік болғанымен, дөрекілік жоқ. Бірақ қоғамдық санасы қатты ашынған ақын сол ойды ауыр мағыналы сөз кестесімен жоғарыдағы үлгіде дөрекілендіріп беріп отыр. Бұнымен салыстырғанда «көт» сөзін анатомиялық атау ретінде келтірілген:
« Етек кеткен жайылып,
Ат көтіне жалпылдап»
Немесе
« Ер кезек ер жігітке үшке дейін,
Бір боқты тағы бас та және сүрін».
Деп асты сызылған фразаларды ( «Ат көтіне жалпылдап», «Боқ басу») көпшілік қолды сөз орамдары ретінде қабылдағанын де ескеруіміз қажет. Жалпы тірек компоненті « көт» термині болып келетін жалпы-халықтық бейнелеуіш сөздер санатындағы фразалық тіркестерді өз шығармаларында Абай жиі қолданған. Мысал келтірейік: көт айналу- абройырын ашу; көті бас – қорқақ, табансыз; көті көрінді – сыры мәлім болды! «Сөз көбейді, ұлғайды, мақтаның көті көрінді», көтін қыздырды- жел берді, азғырды!
« Екінші сөз бұзақылар: кім азса, мен соған керек боламындеп, көтін қыздырып алып, өзін бір азғана азық қылайық деп ойлайды!; көтін қысып- жым болып, басылып, «Көзіне шыдай алмай көтін қысып, жым-жырт болып екеуі болды молда»...!Вадим!; көті шөмейді- қиналды, жаны қысылды! « Арызшылар көбейді, Болысың көті шөмейді» т.б.
Абай туындыларындағы қарапайым сөз қолданыстарының жалпы сипаттамасы осы аталған стильдік құбылыстарға саяды [ 1].
