- •1.2 Кәсіпорында қаржылық жоспарлау жүйесін ұйымдастыру
- •Шаруашылық субъектілерде қаржылық жоспарлауды ұйымдастырудың шетел тәжірибесі
- •2015 Жылы аттестациялауға байланысты персоналға баға берудің жаңа түрлері енгізілді.
- •2.2 Кәсіпорынның қаржылық жоспарының құрылымы
- •«Жаңа-шырақ» жшс-тің қаржылық көрсеткіштерін талдау
- •3.2 Кәсіпорында қаржылық жоспарлауды жетілдіру бағыттары.
- •3.3 «Жаңа-шырақ» жшс кәсіпорыннын қаржылық жоспарлау жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстар.
2015 Жылы аттестациялауға байланысты персоналға баға берудің жаңа түрлері енгізілді.
«Жаңа-шырақ» ЖШС негізгі қызмет түрі нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді шығару болып табылады.
«Жаңа-шырақ» ЖШС НТК күн сайын 4 тоннаға жуық өнім шығарады. Кәсіпорындағы қызметкерлер саны 30 адамнан жоғары.
Кәсіпорының өнім ассортименті 16-17 нан, бөлке, тоқаш, тәтті нан, кондитерлік және қатпарлы өнім түрлерін құрайды.
Топтық ассортименттік номенклатурасы 6 топты құрайды:
нан;
тоқаш өнімдері;
кондитерлік өнімдер;
батон.
Соңғы үш жылда «Жаңа-шырақ» ЖШС дайын өнімнің көлемі жалпы шығарылатын өнімнің 2%-ын құрады. Ерекшелігі мен сақталу мерзімі және тұтынуға байланысты (аймақтық немесе жергілікті тұтынушылар үшін) өнімнің әрбір түріне жеке қорапша таңдалады. Барлық қорапшалардың дизайны қазіргі заманғы технологиялармен өңделеді, түрлі - түсті қорапшалардың көлемі артты. Қапталған өнімді маркалау ағымдағы нормативті құжат негізінде жүргізіледі.
«Жаңа-шырақ» ЖШС –нің өндірістік көрсеткіштерін 1-кестеден көруге болады. Жалпы өнім көлемінің жоспары 25056 млн теңге немесе 15,8 %-ға артығымен орындалған, оның ішінде:
а) жұмыскерлер санының 24 адамға (12 %) жоғарылауынан, жалпы өнім көлемі 19008 млн теңгеге өсті;
ә) жылдық еңбек өнімділігінің 27 млн теңгеге (34 %) жоғарылауынан жалпы өнім көлемі 6048 млн теңгеге өсті (2-кесте).
Кесте 1 - «Жаңа-шырақ» ЖШС-нің 2015 жылдағы өндірістік көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
Көрсеткіш деңгейі |
Ауытқуы (+;-) |
||
жоспар |
нақты |
абсолютті |
% |
|
Жалпы өнім, млн тг. |
158400 |
183456 |
+25056 |
+15,8 |
Орташа жылдық жұмыскерлер саны, адам. |
200 |
224 |
+24 |
+12,0 |
Жылдық еңбек өнімділігі, млн тг |
792 |
819 |
+27 |
+3,4 |
1 жұмыскер орындаған адам-күндер |
220 |
225 |
+5 |
-2,3 |
Жұмыс күнінің ұзақтығы, сағат |
8 |
7 |
-1 |
-12,5 |
Сағаттық еңбек өнімділігі, тг |
450 |
520 |
+70 |
+15,6 |
Мұндай жіктеудің мақсаты жылдық еңбек өнімділігінің деңгейі не себепті өзгергендігін анықтау. Нәтижелік көрсеткішке әр фактордың әсерін есептеу үшін кейінгі есептеуден алдыңғы есептеуді алып тастау қажет.
Жылдық еңбек өнімділігі жоспарлағаннан 27000 теңгеге артығымен орындалды. Оның ішінде:
жұмыскер орындаған жұмыс күндерінің 5 күнге өсуінен жылдық еңбек өнімділігі 18000 теңгеге өсті: - 810000 - 792000 = + 18000 тг.
жұмыс күнінің ұзақтығының 1 сағатқа кемуінен, жылдық еңбек өнімділігі 101250 теңгеге кеміді: 708750-810 = -101250 тг.
сағаттық еңбек өнімділігінің 70 теңгеге өсуінен, жылдық еңбек өнімділігі 110250 теңгеге өсті: 819000 - 708750 = 110250 тг.
Үш фактордың әсері жалпы ауытқуға тең: 18000 + 110250 - 101250 = 27000тг. Осылайша, жалпы өнім көлемінің өзгерісіне 4 фактордың әсерін анықтау қажеттігі туындайды.
Қаржы болжау әдістері сарапшы және статистика бөлінеді. сол, және басқа да міндетті түрде пайдаланыңыз. нәтижелерін салыстыру және талдау бойынша, біз өте дәл болжау жасауға болады. компания қызметкерлері, және сыртқы көздері - компаниялар, клиенттерді және компанияның жеткізушілерді консалтинг саласы сауалнамалар, ғылыми-зерттеу, инвестициялық компаниялар, маркетингтік компаниялар, сарапшылар көздерін қатысады және ішкі болуы тиіс. Статистикалық әдістер өткен кезеңдер динамикасын талдауға мүмкіндік береді, және қажет болған жағдайда алынған сараптамалық болжамдар түзетілген.
Ол үшін тізбекті алмастыру тәсілін қолданамыз.
Кесте 2 - «Жаңа-шырақ» ЖШС-нің еңбектің қормен қарулану деңгейіне факторлардың әсерін есептеу үшін мәліметтер
Көрсеткіштер |
Жоспар |
Нақты |
Абсолютті ауытқуы (+;-) |
1.Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, млн тг |
60000 |
62720 |
+2720 |
2. Жұмыскерлер саны, адам |
200 |
224 |
+24 |
3. Қормен қарулану, млн тг (1*2) |
300 |
280 |
-20 |
Қормен қарулану деңгейі жоспармен салыстырғанда 20 млн теңгеге немесе 6,7% ға төмендеген. Оған екі фактордың әсерін табу үшін жоғарыдағы ескертуді ескере отырып, қормен қаруланудың шартты деңгейін анықтау қажет.
Негізгі қорлар құнының 2720 млн теңгеге өсуі, еңбектің қормен қарулану деңгейін 13,6 млн теңге өсірсе (313,6 - 300); жұмыскерлер санының 24 адамға өсуінен оның деңгейі 33,6 млн теңгеге төмендеген (280-313,6).
13,6-33,6 = -20 мыңтг.
Осылайша, тізбекті алмастыру тәсілін пайдалану факторлардың байланысын, тәуелділігі мен жіктелуін білуді қажет етеді.
Жоғарыда айтылғанындай кәсіпорынның табыстылығы абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Талданып отырған кәсіпорынның табыстылығының негізгі абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштері қосымшада бейнеленген.
Кең мағынасында, жоспар - жету үшін қалай қадамдар және ресурстарды бөлу, оның ішінде объектінің, және болжау дамыту және пайдалану жөніндегі мақсатты көрсеткіштер жүйесі - қолда бар деректер негізінде оқиғалардың немесе құбылыстардың дамуы мен қорытындылары туралы болжау.
Кәсіпорын менеджменті мүмкін жоспарлауға ғана параметрлері және көрсеткіштері, олар оған тәуелді және оған ол басқаруға болады: әдетте, шығындардың басым бөлігін және аз бөлігі кірістер.
Дамуына қатысты және тәуекел бәрі, дисперсия ғылыми болжау және талдау болып болжау құралы болып табылады. Даму аймағында және тәуекел аймағына. Қоғам табысының басым бөлігі, мен ұсынымының тепе тәуелділігін, бәсекелестердің іс-әрекеттерін, экономикалық дамуына, мемлекеттің ықпалын, және басқа да көптеген факторлар бар.
Классикалық қаржылық жоспарлау технологиясы кәсіпорынның болашақ қызметін жоспарлау үшін негіз ретінде жоспарланған сату көлемін пайдаланылатын, содан кейін параметрлерін қалған оның астында жасалған. Бұл жоспарлау өте әдісі кәсіпорынның барлық жоспарлар мен бюджеттерді орындау жоғары тәуекел көздейді дегенді білдіреді. Іске асырылмаған жоспарлары жоғалған немесе бүлiнген әкелуі және сатып алынған активтерді компания үшін ауыртпалық болады. Барлық тиісті факторларды болжау және есепке алу әдістерін білу және пайдалану дәлірек жоспарлары әкеледі және тәуекелдерді азайту.
Кесте 3 - Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштер
Көрсеткіштер |
2015 жыл |
2016 жыл |
Ауытқу(+;-) |
|
абс. |
% |
|||
А . Көмекші мәліметтер, млн тг. |
|
|
|
|
1. Активтердің орташа жылдық құны |
106812 |
173362 |
+66550 |
+62,3 |
2. Ұзақ мерзімді активтердің орташа жылдық құны |
56401 |
63844 |
+7443 |
+ 13,2 |
3. Ағымдық активтердін орташа жылдык құны |
50411 |
109518 |
+59107 |
+117,2 |
4. Авансталған капитал |
106812 |
173362 |
+66550 |
-62,3 |
5. Меншікті капитал |
84612 |
102322 |
+17710 |
+20,9 |
6. Заемдық капитал |
22200 |
71040 |
+48840 |
2,2 есе |
Б. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштері, млн тг. |
|
|
|
|
1. Өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден табыс |
148541 |
186515 |
+37974 |
+25,6 |
2. Жалпы табыс |
46109 |
78600 |
+32491 |
+70,5 |
3. Негізгі қызметтен табыс |
21500 |
41406 |
+19906 |
+92,6 |
4. Негізгі емес қызметтен табыс |
-6492 |
-11403 |
-4911 |
+75,6 |
5. Әдеттегі қызметтен салық салғанға дейінгі табыс |
15008 |
30003 |
+14995 |
+99,9 |
6. Таза табыс |
10506 |
21002 |
+10496 |
+99,9 |
В. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері,% |
|
|
|
|
1. Кәсіпорын активтерінің табыстылығы |
9,8 |
12,1 |
+2,3 |
- |
2. Ағымдық активтердін табыстылығы |
20,8 |
19,2 |
-1,6 |
- |
3. Сатудың табыстылығы |
31,0 |
42,1 |
+11,1 |
- |
4. Авансталған капиталдың табыстылығы |
9,8 |
12,1 |
+2,3 |
- |
5. Меншікті капиталдың табыстылығы |
12,4 |
20,5 |
+8,1 |
- |
6. Заемдық капиталдың табыстылығы |
47,3 |
29,6 |
-17,7 |
- |
Қосымша мәліметтері бойынша табыстылықтың абсолютті көрсеткіштері жоғары карқынмен өсіп отыр. «Шығыс-Нан комбинаты» ЖШС-нің жалпы табысы 32491 млн теңге не 70,5 %-ға, таза табыс 10496 млн теңге не 99,9%-ға жоғарылаған.
Бірақ табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері мұндай қарқынмен өсіп отырған жоқ, активтердің табыстылығы 2,3 пунктке (яғни өткен жылы активтердің 100 теңгесіне шаққанда 9,8 тг, есепті жылы 12,1 теңге таза табыс алынған), меншікті капиталдың табыстылығы 8,1 пунктке өсіп отыр. Мұның себебі табыстың абсолютті сомада өсуі капитал сомасьгаың да есуімен қатар жүруінде. Активтердің табыстылығының өзгерісіне таза табыс сомасы мен активтер құнының өзгерісі әсер етеді. Осы факторлардың әсерін анықтаймыз (тізбекті алмастыру әдісі):
Активтердің табыстылығы (RОА) =Таза табыс / Активтер құны (1)
Есепті кезеңде активтердің табыстылығы 2,3%-дық пунктке жоғарылаған, оның ішінде :
а) Таза табыс сомасының 10496 млн тг не 99,9 %- ке өсуінен активтердің табыстылығы 9,9 пунктке өскен (19,7-9,8).
б) Активтердің орташа жылдық құнының 66550 млн тг не 62,3 % -ға өсуінен активтердің табыстылығы 7,6 пунктке кеміген. Екі фактордың әсері: 9,9-7,6 =2,3
Жиынтық капитал рентабельділігі мен капитал айналымы арасындағы байланысты келесідей бейнелеуге болады:
RОА =Rайн. * К айн. (2)
RОА - жиынтық капиталдың (активтердің) табыстылығы
Rайн.- айналыстың рентабельділігі
Кайн.- капитал айналымдылығынын коэффициенті
2007 жыл: 9,8%= 7,1%* 1,38
2015 жыл:12,1 %= 11,3%* 1,07
Жиынтық капиталдың рентабельділігінің өзгерісіне факторлық талдау кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Осы факторлардың әсерін абсолюттік айырмашылықтар әдісімен аныктауға болады:
1. Айналыс рентабельділігінің әсері: (11.3-7.1)*1.07= +4,5%
2. Капитал айналымдылығының әсері: (1,07- 1.38)*7.1= - 2,2%
Яғни, жиынтық капиталдың рентабельділігі айналыс рентабельділігінің 4,2 пунктке өсуінен 4,5%-дық пунктке өскен, ал капитал айналымдылығының 0,31 ретке кемуінен жиынтық капиталдың рентабельділігі 2,2 пунктке кеміп отыр. Демек, «Жаңа-шырақ» ЖШС-нің капитал айналымдылығын жоғарылату арқылы жалпы рентабельділікті арттыру мүмкіншілігі бар. Сол себепті капитал айналымдылығына талдау жасағанда оны жоғарылату мүмкіншіліктеріне назар аудару керек.
Ішкі қаржылық талдау барысында кәсіпорын шығаратын жеке өнім түрлерінің қаржылық нәтижесінің өзгерісіне баға беруге болады. Жеке өнім түрін өткізудің қаржылық нәтижесі мен ол өнімнің рентабельділігіне өнім бағасының, өнімнің өзіндік құнының өзгерісі әсер етеді. Өзіндік құнның өсу қарқынынан бағаның өсу қарқыны алда болуына байланысты, сату көлемінің кемуіне қарамастан өнім түрін өткізуден алынған жалпы табыс өсіп отыр. Кесте мәліметтері бойынша өткен жылмен салыстырғанда өзіндік құн 14,3 % ға өскенде, баға 22,2 % жоғарылап отыр, демек өзіндік құннын 1 пайызға артуына бағаның 1,5 пайызға артуы тура келеді.
Сонымен бірге талдау тереңірек болуы үшін нақты кәсіпорын деңгейінде өнімнің өзіндік құны мен бағасы, сату көлемі не себепті өзгергендігін анықтау қажет, ол факторлардың ішінде ішкі және сыртқы, объективті және субъективті факторлар анықталып, тиісті шаралар жүзеге асырылуы тиіс.
Табыс сомасының абсолютті шамада өсуі тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіші - өнім рентабельділігінің деңгейінің жоғарылауымен қатар жүруде. Өнімнің рентабельділігінің өзгерісіне де жоғарыдағы 3 фактордың әсерін табуға болады.
Ол үшін келесідей есептеулер жүргізіледі:
Табыс сомасы 6 млн. теңгеге жоғарылағанда өнімнің рентабельділігі 8,9 пунктке жоғарылады, яғни табыстың 1 млн. теңгеге өзгерісі рентабельділіктің 1,48 пайыздық пунктке өзгеруіне әкеледі: 8,9/6=1,48 Сонда, өнім бағасының 4000 теңгеге жоғарылауынан өнімнің рентабельділік деңгейі 53,3 пайыздық пунктке жоғарылаған: 36млн тг*1,48= +53,3%
Өнім бірлігінің өзіндік құнының 2000 теңгеге жоғарылауынан рентабельділік денгейі 26,7 пайыздық пунктке төмендеген: -18млн.тт*1,48 = - 26,7%. Сату көлемінің 3000 тоннаға кемуінен өнімнің рентабельділік деңгейі 17,7 пайыздық пунктке кеміді: -12млн.тг* 1,48= - 17,7% Үш фактордың қосындысы: 53,3-26,7-17,7 =+8,9.
Өткен жылмен салыстырғанда өнімнің рентабельділік денгейі 8,9 пайыздық пунктке жоғарылап, 2015 жылы 37,5 %-ды құрап отыр, яғни өнім өндірісіне жұмсалған шығындардың әрбір 100 теңгесіне 37,5 теңге пайда алынған.
Кәсіпорын капиталы меншікті (ішкі) және заемдық (сыртқы) көздерден қалыптасады.
Қаржыландырудың негізгі көзі - меншікті капитал. Оның құрамына жарғылық капитал, қосымша капитал, резервтік капитал, бөлінбеген табыс кіреді. Бірақ меншікті капитал көлемі шектеулі екенін ескерсек, қаржыландырудың келесі көзі - заемдық капитал болып саналады. Кәсіпорын қызметін заемдық капитал есебінен қаржыландыру келесі жағдайларда тиімді:
1. Өндіріс маусымдық сипатқа ие болса, бұл жағдайда кей кезеңдерде ақша қаражаттары жинақталып қалып, басқа кезеңдерде ол жетіспейді.
2. Егер кәсіпорын заемдық капитал бағасынан жоғары табыстылықты қамтамасыз ете алса, онда заемдық капитал есебінен өз жағдайын тұрақтандыра алады.
Дегенмен, меншікті және заемдық капиталдың қатынасынан кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен тұрақтылығы тәуелді.
Кесте 4-«Жаңа-шырақ» ЖШС-нің 2015 жылдағы авансталған капиталының құрамы мен кұрылымы.
Капитал көздері |
Сомасы, млн тг |
Құрылымы, % |
|||||
жыл басы |
жыл соңы |
өзгеріс |
жыл басы |
жыл соңы |
өзгеріс |
||
1.Меншікті капитал |
101260 |
103385 |
+2125 |
77,9 |
47,7 |
-30,2 |
|
2.3аемдық капитал |
28785 |
113294 |
+84509 |
22,1 |
52,3 |
+30,2 |
|
Барлығы |
130045 |
216679 |
+86634 |
100 |
100 |
|
|
«Жаңа-шырақ» ЖШС-нің авансталған капиталы 86634 млн теңге немесе 66,6 %-ға жоғарылаған. Бұл өсімнің 97,5 %-ы заемдық капиталдың өсімінен болып отыр. Сол себепті жыл соңында меншікті капиталдың үлесі кеміп заемдық капитал үлес салмағы өсіп отыр.
Талдаудың келесі кезеңінде меншікті және заемдық капиталдың динамикасы мен құрылымына талдау жасау қажет (6-кесте).
Кесте 5-«Жаңа-шырақ» ЖШС-нің 2015 жылдағы меншікті капитал динамикасы
Капитал көздері
|
Сомасы, млн тг |
Құрылымы, % |
|||||
жыл басы |
жыл соңы |
өзгеріс |
жыл басы |
жыл соңы |
Өзгеріс |
||
1Жарғылық капитал |
7171 |
7171 |
- |
7,1 |
6,9 |
-0,2 |
|
2 Қосымша капитал |
3595 |
3595 |
_ |
3,6 |
3,5 |
-0,1 |
|
3Резервтік капитал |
1626 |
5426 |
+3800 |
1,6 |
5,2 |
+3,6 |
|
4Бөлінбеген табыс |
88867 |
87192 |
-1675 |
87,7 |
84,4 |
-3,3 |
|
Барлығы |
101260 |
103385 |
+2125 |
100 |
100 |
|
|
Кезең аралығында меншікті капитал сомасы 2125 млн теңге немесе 2,1 %-ке өскен, ол резервтік капиталдың өсуінен болып отыр. Жарғылық және қосымша капитал сомасы өзгермеген.
Қазіргі таңда «Жаңа-шырақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының аумағындағы жүзден астам ірі коммерциялық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар атқаруда.
Зауытта өндірілетін өнімдер Қазақстанның 18 қаласындағы өздерінің жеке филиалдар (Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Қызыл-Орда, Тараз, Талдықорған, Қостанай, Өскемен, Павлодар, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Орал, Көкшетау, Петропавловск) желісі және сауда үйлері арқылы таратылады.
«Жаңа-шырақ» ЖШС даму тұрақты темптерін көрсетеді, бұл аймақта тиімді орналасуымен және кәсіпорынның өнделген даму стратегиясына байланысты. Материалдық ресурстардың арзандығы және жақындығы өнімнің өзіндік құнының төмендігің дәлелдейді.
