- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
- •Журналистика және саясаттану факультеті Баспасөз және баспа ісі кафедрасы
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені Астана
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің (поәк) мазмұны
- •Пән бойынша глоссарий
- •Баспа ісіндегі халықаралық байланыстардың мақсаттары мен міндеттері және оларға жетудің жолдары
- •1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы n 6-I Заңы
- •2.Айгистов р.А., Сухоруков к.М., Ткач и.П. Современное состояние Московского книгоиздательского дела. -м.: ркп, 2005. - 144 с.
- •3.Алгулиев p.M. Электронные издательские технологии: современное состояние и перспективы развития // Информатика и образование. - 2005. - № 6. -с. 53 - 59.
- •2.Подъем рынка в сша. // Книжное дело. - № 4. - 2003. -с. 59.
- •3.Порядина м.Е., Сироженко в.А., Сухоруков к.М. Чтение и книжный рынок в информационном обществе. - м.: ркп, 2006. - 128 с.
|
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
Пәннің оқу-әдістемелік кешені |
Басылым: бесінші |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК
Журналистика және саясаттану факультеті Баспасөз және баспа ісі кафедрасы
БЕКІТЕМІН
__________________
факультетінің деканы
_________________ Сақ Қ.Ө.
(қолы)
_______________2017 ж.
МО
«5В042200 – Баспа ісі»
мамандығының білім алушыларына арналған
«Отандық және шетелдік баспа ісі» (PUBL 32041) модулі
«Отандық және шетелдік баспа ісі» (OShBI 3207) пәні бойынша
Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені Астана
2017
Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің (поәк) мазмұны
Міндетті компонент пәніне арналған типтік оқу бағдарламасы
Пәннің бағдарламасы (Syllabus)
Жұмыс (модульдік) оқу бағдарламасы
Пән бойынша глоссарий
Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері
Тәжірибелік/семинар және зертханалық/студялық сабақтарды өткізу жоспары және тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
Білім алушылардың өздік жұмысына арналған тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
Курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар (егер олар оқу жоспарында қарастырылған болса)
Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу тізімі (пәннің мазмұнына байланысты)
Пән бойынша глоссарий
Ақпараттық қоғам – жұмыскерлердің басым бөлігі ақпаратттарды, әсіресе оның ең жоғарғы формасы - білімді жазумен, сақтаумен, өңдеумен және жүзеге асырумен айналысатын қоғам.
Медиа – әртүрлі топтар мен жеке тұлғалар арасында байланыс орнататын және/немесе кез-келген маңызды өнімді аудиторияға жеткізетін құрал.
Медиаиндустрия – бұл ақпараттық технологиялар саласында ғылым мен техниканың ең озық жетістіктерін пайдаланатын адам қызметінің заманауи саласы.
Медиаэкономика — бұқаралық ақпарат құралдарын, сонымен қатар медиаөндірістің шарттары мен элементтерін нарықтық шаруашылықтың жеке бір саласы ретінде қарастыратын пән.
Ғаламдану - әлемдік экономикалық, саяси, мәдени және діни интеграциялану мен біртектену процесі, ондай жағдайда әлем біртұтас ғаламдық жүйеге айналмақ.
Плюрализм – қоғамның демократиялық құрылысы ұстанымдарының бірі ретінде пікір, көзқарас, саяси бағыттардың көптүрлілігі.
Медиаконгломерат (медиаимперия, медиахолдинг, медиаконцерн, медиатоп, медиакорпорация, мультимедиялық холдинг) – медиаресурстардың көп бөлігіне иелік ететін холдингтік компания. 2008 жылы The Walt Disney Company әлемдегі ең ірі медиаконгломерат атанды. Екінші, үшінші, төртінші орындарды News Corporation, Viacom и Time Warner иеленді.
Коммерциализациялау – қызметті пайда табу мақсатына тәуелді ету; экономикадағы коммерциялық бастауларды кеңінен қолдану.
Интернет — ақпараттарды сақтау мен жеткізуге арналған бірлескен компьютерлік желілердің бүкіләлемдік жүйесі. Көбінесе Бүкіләлемдік желі және Ғаламдық желі немесе жай ғана Желі деп аталады. TCP/IP протоколдары базасында құрылған. Интернет негізінде Бүкіләлемдік тор (World Wide Web, WWW) және мәліметтерді жеткізетін өзге де жүйелер жұмыс істейді. 2015 жылдың ортасына қарай Интернет пайдаланушылар саны 3,3 млрд. адамға жетті.
№1-дәріс
Отандық және шетел басылым нарығының спецификасы
1. Отандық және шетел баспа жүйесі
2. Шетелдік баспа ісі курсын оқытудағы мақсат
3. Жалпы шетелдік баспаның қарастыратын тақырыбы
«Отандық және шетел баспа ісі» пәнінің өзектілігі бірнеше принципиалды ережелермен анықталады. Біріншіден, XX ғасырдың соңғы жылдарында Қазақстанда (1930-1990 гг.) 60 жыл бойы қызмет атқарған баспа потенциалынан түбегейлі ерекшеленетін баспа ісінің жаңа жүйесі қалыптасып, даму үстінде. Бұл жүйенің негізгі сипаттамаларын, оның перспективалары мен мүмкіндіктерін талдау, бүгінде кітаптанудың ең өзекті міндеттерінің бірін білдіреді. Екіншіден, жаңа баспа жүйесінің қалыптасуы мен қызмет етуі бірқатар маңызды факторлардың ықпалымен келді, олардың арасында әлеуметтік-саяси (елдің қоғамдық өмірдің түрлі салаларының демократиялануы), экономикалық (нарықтық қатынастарға және меншік түрлерінің плюрализміне өту), ғылыми-техникалық (жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданудың өсуі болып табылатын болып жатқан өзгерістердің жалпы фоны мен материалдық-техникалық негізі), халықаралық (қаржылық, экономикалық, мәдени, ақпараттық қарым-қатынастарды жаһандастыру және отандық баспа жүйесінің осы салада әлемдік жүйеге интеграциялануы) және басқалар. Аталған факторларды талдау және XXI ғасырдағы ұсынылатын зерттеу мәні ретінде баспа ісіндегі жағдайға олардың ықпал ету экстраполяция мүмкіндіктерін қарастыруға талпынысы, сөзсіз өзекті проблема болып табылады. Үшіншіден, кітап ісінің, кітап типологиясын, жаңа коммуникация құралдары тарапынан неғұрлым күшейген бәсекелестік жағдайында кітап шығарудың даму перспективалары жеткіліксіз ескерілетін қалыптасқан кітаптану концепциялары қайта тұжырымдауды және дамытуды қажет етеді. Еліміздегі жаңа баспа жүйесінің құрылуы баспа өнімін шығару көлеміне және оның репертуарына әсерін тигізді, оның үстіне маңызды мәнге ие бола отырып жиі өзгеруі, осы саладағы себептік-қадағалау байланыстарын қарастыру үлкен назар аударуды қажет етеді. Пәннің мәні - нарықтық экономиканың жаңа жағдайында қазіргі заманғы баспа жүйесінің қалыптасу және қызмет етудің доминанты, маңызды факторлары, сондай-ақ үнемі жаңартылатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларының белсенді қолданылу және ресейлік кітап шығарудың әлемдік кітап ісіне интеграциясы жағдайындағы Қазақстандағы кітап ісінің күйіне және даму перспективаларына олардың ықпал ету механизмі.
Курстың міндеттері - баспа жүйесін бүтін кешенді құрылымы ретінде зерттеу және оның негізгі сапалық сипаттарын белгілейтін жеке элементтері арасындағы байланыстар мен қатынастарды белгілеу; сандық көрсеткіштер мен сапалық өзгерістердің динамикасы тұрғысынан әлемдік жәнен отандық кітап шығарудың қазіргі замандағы күйін талдау; алдыңғы жылдардан ерекшеленетін отандық баспа ісінің жаңа жүйесінің маңызды сипаттарын анықтау; баспа жүйесінің қалыптасуына, соның ішінде олардың кешенді қызмет етуі кезіндегі жеке факторлардың ықпал ету деңгейін және дәрежесін сипаттау; қолданысқа жаңа ақпараттық технологиялар мен нарықтық қатынастардың ұнемі енуін ескере отырып кітап ісінің даму тенденцияларын анықтау және жақын жылдардағы кітап өндірісіне және неғұрлым алыс перспективасына болжамын жасау; кітап ісінің даму жағдайларының өзгерісін ескере отырып кітаптану білім алудың жаңа бағыттарын анықтау. Ұсынылған жұмыстың әдістемелік базасы ретінде, жалпығылыми, сондай-ақ арнайы кітаптану әдістері қолданылды. Жалпығылыми әдістер ортасынан жүйелік тәсіл, формалды-логикалық әдістер, сондай-ақ ғылыми болжамдау-экстраполяция, модельдеу және сараптамалық бағалау әдістері неғұрлым белсенді қолданылды. Кітаптану әдістеріне тарихи-кітаптану, статистикалық-бибилографиялық, библиополистологиялық және басқаларды атауға болады. Оның үстіне баспа жүйесінің қызмет ету жағдайларын талдау кезінде жүйенің маңызды сипаттарын анықтауға мүмкіндік беретін әрекетшілдік тәсіл қолданылды. Жүргізілген зерттеудің негізі ресейлік кітаптану классиктері М.Н. Куфаев, Н.М. Лисовский, А.М. Ловягин, Н.А. Рубакиннің, сондай-ақ кітап пен кітап ісі туралы ғылымның шектес саласында жұмыс істейтін ірі ғалымдар: С.Г. Антонова, И.Е. Баренбаум, А.И. Барсук, А.А. Беловицкая, П.Г. Буги, В.И. Васильев, Р.С. Гиляровский, А.А. Гречихин, Е.А. Динерштейн, М.П. Ельниковтің, И.Г. Моргеншгерннің, Е.Д. Немировский, С.П. Омилянчук, С.А. Пайчадзе, Н.М. Сикорский, В .И. Соловьев, В.Д. Стельмах, К.М. Сухоруков, И.А. Шомракова, И.Л. Шурыгина, К.Т. Ямчук және т.б. еңбектері қолданылды. Дерек көздері ретінде дәрістер конспектісінде Қазақстандық Кітап палаталарының материалдары, "UNESCO Statistical Yearbook" жылсайынғы статистикалық мәліметтері, Баспагерлердің Халықаралық ассоциасы құрылтайлары мен конференцияларының, кітап сатушылардың Халықаралық Федерациясының материалдары. Кітапханалық ассоциацияның халықаралық федерациясы мен мекемелердің (КАХФМ), еуропалық баспагерлердің федерациясы, білім беру директораты, Еуропаның мәдениет және спорт Кеңесі, ISBN халықаралық агенттіктер және басқалар. Дерек көздерінің жеке тобын бұқаралық коммуникация құралдарының белгілі теоретиктері М. Маклюэн және О. Тоффлердің, ірі шетелдік кітаптанушылары Баркер, Э. Бейверсток, Р. Эскарпи, К. Мигонь, П. Кэрвен, Дж. Кремер, Л. Шацкин, Дж. Хьюнефельд, Дж. Хэджкок, У. Эко, Р. Эстивальдің монографиялары, сондай-ақ осы зерттеуді американдық ұжымдық мамандардың "Кітап баспасы бизнесі" (М.: Бук Чембэр Интернэшнл, 1993) және "Кітап маркетингі" (М.: Терра, 1996) автордың орыс тіліне аударған еңбектері қолданылады. Оның үстіне, жұмыста кітаптану проблематикасының көптеген отандық және шетелдік мерзімді басылымдары, түрлі ұйымдардың интернет-сайттарының материалдары қолданылды.
Кітаптар тақырыптары. Ірі баспалық әмбебап фирмалары. Оқырман аудиториясы. Шетелдік кітап басылымын оқуға мотивация.
Қазіргі заманғы шетелдік кітап басылымының ерекшелігі ретінде баспаның ақпараттық нарығын құру және үнемі кеңейту. Халықаралық байланыстардың мақсаттары мен міндеттері және олардың жету жолдары.
Авторлық құқық туралы бүкіләлемдік конвенция және әлемдік кітап басылымы үшін оның мәні. Байланыс орнатудың және шетелдік кітап басылым туралы ақпарат алудың негізгі әдістері. Анықтамалық әдебиеттер: ұлттық бибилографияның шетелдік жылдықтары, ағымдық кітап сауда библиографиясы, шетелдік баспа сауда журналдары.
Нұсқаулық әдістеме:
2007 год: основные события, итоги // Книжное дело. - 2008. -№ 1. - С. 48-59.
2008-й - Год чтения в Великобритании. // Книжное дело. -№3-4.-2007.-С. 30.
Айгистов Р.А., Михайлова М.И., Сухоруков К.М., Ткач И.П. Современное состояние московской книжной торговли. - М.: РКП, 2005. - 104 с.
Айгистов Р.А., Сухоруков К.М., Ткач И.П. Современное состояние Московского книгоиздательского дела. -М.: РКП, 2005. - 144 с.
№ 2-дәріс
Отандық және шет мемлекеттердегі кітап ісінің жалпы сипаттамасы
1.Әлемдік кітап шығару темпі жайлы
2. Кітап өндірісінің дамуы
3. Әлемнің ең ірі кітап шығарушы елдері
Әлемдік кітап шығару көрсеткіштері өткен ғасырдың соңғы он жылдығында кітап өндірісін өте жоғары темптері анықталған. 1970 жылдағы кітаптар мен брошюралар атауларының саны 1960 жылмен салыстырғанда 60%-ға өсті, 1980 жылы 1970 жылмен салыстырғанда 37%-ға, 1990 жылы 1980 жылмен салыстырғанда 18%-ға өсті. Бұл кітаптар мен брошюралардың соңғы бірнеше онжылдықтар бойы үнемі төмендегенін білдіреді. Дегенмен 1991-2000 жылдары кітап шығару динамикасының көрінісі күрт өзгерді. Егер 80-ші жылдары өсу темпі 20% жетпесе, ал 90-жылдардың бірінші жартысында 25% деңгейінде болды, соңғы онжылдықта әлемдік кітап өндірісі дерлік 50%-ға өсті, сонымен қатар өсім жоғары базалық деңгейден басталды (1990 ж. - 842 мың атау).
1. Әлемдік кітап өндірісі (мың атаулар)
Континенттер мен аймақтар |
Жылдар |
|||||
1955 |
1960 |
1970 |
1980 |
1990 |
2000 |
|
Әлем тұтастай |
269,0 |
332,0 |
521,0 |
715,0 |
842,0 |
1250,0 |
Австралия және Мұхит жағалауы |
1,0 |
1,0 |
7,0 |
12,5 |
12,0 |
15,0 |
Азия |
54,0 |
51,0 |
75,0 |
138,0 |
228,0 |
300,0 |
Африка |
3,0 |
5,0 |
8,0 |
12,0 |
13,0 |
15,0 |
Еуропа |
186,0 |
239,0 |
326,0 |
411,0 |
441,0 |
690,0 |
Латын Америкасы және Кариб бассейн елдері |
11,0 |
17,0 |
22,0 |
43,0 |
42,0 |
70,0 |
Солтүстік Америка |
14,0 |
18,0 |
83,0 |
99,0 |
106,0 |
150,0 |
Ескертулер:
1955 - 1990 жылдардың деректері тиісті жылдардың ЮНЕСКО (UNESCO Statistical Yearbook) статистикалық жылдығы бойынша келтіріледі.
2000 жылдағы континенттер және аймақтар бойынша кітаптар мен брошюралар шығару пропорциялары 1990 жылға ұқсас есептелген.
1990 жылға дейін Еуропа бойынша деректерге бұрынғы КСРО-дағы кітаптар мен брошюралар шығарудың көрсеткіштері кіреді.
Егер түгелдей әлемдік кітап басылымдарының күйін бағалау керек болса, онда мыңжылдықтар шегінде алға әрі қарай қозғалу үшін берік іргетасы құрылды деуге болады. Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуына қарамастан, үшінші мыңжылдықта қазіргі ақпараттық дәуірде кітап адамның қажетті білім алатын ерекше әдістерінің бірі болып қалады.
Қазақ халқы бертінірек араб әрпін, ал 1929 жылы латын графикасына сүйенетін жаңа алфавит қабылдады. 1930 жылдардың аяғы, 1940 жылдың басында, дәлірек айтқанда 1940 жылы біз кириллицаға көштік. Орыс алфавитіндегі 33 әріп түгелдей қабылданып, оның үстінде орыс тілінде жоқ дыбыстарды таңбалайтын 9 әріп алынды, сөйтіп әріп саны 42-ге жетті.
Сурет, рәміз және әріпті таңбалайтын материал сан рет өзгеріс тапты. Кітаптың алғышқы беттеріндегі ілкі жазулар жартасқа, қыш пен мәр-мәр тасқа, папирус, яки қамысқа пергамент немесе теріге, қайын қабығы орамдарына, қағаз беттеріне түсірілген.
Қазақта «Тасқа басылған» деген ұғым бар. Осы ұғымның төркіні қайдан шықты? Баспа машинасы, басылым нысаны (формасы) металдар жасалатынын білеміз. Сөйте тұра баспа машинасынан шыққан өнімді, газет не кітаптағы жазуды тасқа басылған дейміз? Неліктен?
Қазіргі қазақ әдебиеті өз тарихын 7 ғасырдан, яки Орхон ескерткіштері жазылды дейтін уақыттан бас алады делініп жүр. Біздің арғы ата-бабаларымыздың тарихы жазылған «Құлтегін» («Түркі қағанаты туралы сөз») ескерткішінен: «Мынаны оқып біліңдер, түріктің ендігі халқы мен Бектері», Тоныкөк ескерткішінен: «Түріктің Білге қаған еліне арнап жаздырдым мен, данышпан Тоныкөк» деген үндеулер оқимыз. Бұған қарағанда, көне тарихымыздың авторлары Иоллығтегін мен Тоныкөк жырау ақындар тасқа қашап жазған ескі түрік жазуларын түріктердің оқи алатыны, яки хат танитындығы айқындалады.
Әдістемелік нұсқау:
Битва за Уорнер. // Книжное дело. -№ 1-2.-2003.-С.24.
Блеск и нищета нового книжного бизнеса. // Книжный бизнес. - 2006. - № 8. - С. 4 - 9.
«Бордерс» продает свои подразделения. // Книжное дело. - № 3-4. - 2007. - С. 32.
Бородулина С.Ф. Книгоиздание Удмуртии: региональный и национальный аспекты // Продвижение имиджа регионов России (Продвижение имиджа Удмуртии: опыт и перспективы): Материалы международной научно-практической конференции 1- 2 ноября 2007 г. В 2 частях. Ч 1 .-Ижевск, 2007.-С. 164-167.
№ 3-дәріс
Ірі әмбебап баспа фирмалары. Кітаптар тақырыбы
1. Ірі ұлттық компаниялар мен шағын және ортақ тәуелсіз баспалар
2. Баспагерлердің кәсіби бірлестіктері.
3. Кітап саудасы.
Баспа фирмалары және олардың типтері. Мультиұлттық компаниялар, ұсақ және орташа тәуелсіз баспалар: жалпы сипаттама және даму ерекшеліктері. Отандық және шетелдік кітап баспаларының түрлі типтерінің қаржылық проблемалары. Шетелдік кітаптардың импорты және экспорты. Батыстағы баспа саласындағы инфрақұрылым. Каталогтар – баспа фирмалар жөніндегі анықтамалар: халықаралық және ұлттық. Баспагерлердің кәсіби бірлестіктері. Кәсіби баспагерлік-кітап сауда журналдары.
Кітап саудасының тарату мүмкіндіктері мен түрлері. Баспалардың өнімі туралы кітап саудасына ақпарат берудің прогрессивті әдісі ретінде телетапсырыстың автоматтандырылған жүйелері. Отандық және шетелдік кітап басу тәжірибесі: жаңа басылымдар туралы кітап дүкендерінің ақпарат берудегі белсенді түрлері. Баспа агенттерін – өкілдерін қолдану. Мұндай ақпарат берудің оң және теріс жақтары. Ұлттық кітап жәрмеңкелері. Отандық және шетелдік кітап басылымының ерекшелігі ретінде үнемі қолданылатын тапсырыс.
Кітап саудасының аралық бөлік фирмалары. 2 негізгі тип: кітап таратушылар – дистрибьютерлер мен көтеріп сатушылар. Кітаптарды тасымалдау.
Авторлармен байланысты баспа фирмаларына арналған басты тәуекелдер. Форсмажорлық жағдайларының ықтималдық тізілімдері өте кең және әртүрлі: авторлармен келіспеушілік, оның бәсекелестерінің алып сатуы, авторлардың "жазыпу түгесуі", танымал болуды тоқтатуы және т.б.
Сондай-ақ бизнесті бастағанда екі маңызды сәтті білу керек. Біріншіден, нарықта кітап өткізу технологиялары тек жетістіктің 20%-на кепілдік бере алады, ал 80% тек оқырманға ұнай ма әлде ұнамай ма соған байланысты. Кітаптың сәтті болуын нақты есептеу мүмкін емес. Екіншіден, баспа бизнесін сату өте күрделі. Баспа ісінде инвесторды қызықтыру мүмкін активтер болмайды. Қоймадағы кітаптардың өткізілмеген қалдықтары ешкімге керек емес. Барлығын тек авторлар қызықтырады.
Кітап саудасының ерекшелігі оның атында емес, затында. Атына қарап бұл саланы шаруашылық мекемеге жатқызуға болар еді. Рас шаруашылық мекемеге, жалпы сауда жүйесіне, елдегі сауда айналымына тіке қатысы жоқ емес. Бірақ шын мәнінде бұл сату жолымен кітап тарататын ағартушы жүйе.
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жерде кітап саудасы саласында да ойластыратын нәрселер жетерлік. Қазіргі Қазақстан баспа орындары кітапқа деген сан қилы сұранысты толық өтей алмайтыны түсінікті. Одақ кезінде қажетті әдебиеттің басым бөлігі орталық баспа өнімдері есебінен өтелетін. Қазақстан баспа орындарының жалпы кітап сауда айналымдағы үлесі 20 пайыз шамасында болатын. Өзге азын-аулақ бөлігі «Международная книга» және Букинистік Қазақстан кітаптарына деген сұраныс жылдан жылға артып отырды. Оны қанағаттандыру мақсатында «Книга-почтой» атты республикалық кітап дүкені жұмыс істеді. Ол Ресей, Орта Азия, шет ел оқырмандарына тілеген кітаптарын жөнелтіп отыратын.
Нарық жағдайында сырттан әсіресе, Ресейден түсетін әдебиет сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да төмендеп барады. Әсіресе, техникалық әдебиет жөнді түспейді. Кітап базарын порнографиялық әдебиет жайлап барады. Қазір республикамызда кітап қанша мөлшерде сатылады, онда шет жақтан түсетін әдебиет қандай мөлшерде сатылады, тауар айналымында қай ел қаншалықты мөлшерде үлес алады? Ғылым мен мәдениет Қазақстанда өркен жайсын десек бұл сауалдардың жауабын тауып, жаһан ғылымы мен техникасы, көркем әдебиеті дамуынан тыс қалмайтын шараларды дер кезінде жүзеге асырып отыру керек.
Әдістемелік нұсқау:
1. АСКИ выбирает будущее. // Книжное обозрение. - 2006. -№ 12. - С. lO/PRO/4.
2. Банкротство «АМС». // Книжное дело.-№ 1.-2007.-С. 19.
3. Беккер-Нильсен Т. Международное научное книгоиздание. // Эффективное книгоиздание. Сб. ст. - М., 2002. - С. 109-117.
4. «Бертельсманн» добился рекордов // Книжное дело. - 2007. -№ 1. - С. 18-19.
5. Библиотека 21 века: Библиотечное обслуживание / Под ред. Л.Н. Тихонова - М., 2003. - 226 с.
6.Битва за Уорнер. // Книжное дело. -№ 1-2.-2003.-С.24.
№ 4-дәріс
