Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_mtp.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.36 Mб
Скачать

10. Қызмет көрсету нарығы

Нарықтық экономика жағдайында үй шаруашылығы, өндірістік және сауда фирмалары арасында, түрлі ұйымдар арасында, қызметкерлер мен фирмалар арасында, соңғысы мен мемлекет арасында әр түрлі экономикалық байланыстар бар. Мұндайда олардың қозғалыс механизмін білмеу себебінен туындайтын нарықтық қатынастар дамуының келеңсіз құбылыстары қоғамның ілгерілеуіне кедергі болатын факторлар қызметін атқарады, осыған байланысты экономикалық әдебиетте шешімдері шаруашылық механизмін жетілдіруде, оның ішінде, қызмет көрсету нарығында сервис сапасын көтеруде аса маңызды роль атқаратын тауар-ақша қатынастары, нарықтық экономиканы дамыту мәселелеріне аса назар аударылып отыр.

Нарық, нәтижесі тауарлар мен қызмет көрсетудің айналым процестері болып саналатын алып-сату қатынастарын болжайды. Қазіргі кезеңде мәселе тек өндіріс туралы ғана болып отырған жоқ, көбіне тауарларды өткізу, сауда қызмет көрсету сапасы туралы да болып отыр. Фирмалардың тиімділігін көтеру мәселелерін шешу енді тауарлар айналымы мен қызмет көрсету саласына аударылып отыр.

Қызмет көрсету нарығы барлық нарықтарға ортақ схема бойынша қалыптасады. Қызмет көрсету нарығы сол немесе басқа дәрежеде тұрмыстық, коммуналдық, көліктік, мәдени, білім беру, денсаулық сақтау, делдалдық, ақпараттық және халыққа қызмет көрсету бойынша басқа қызмет түрлерін қамтып отыр. Қызмет көрсету нарығының дербес бөлігі өндірістік қызметтер, яғни өндірісте қызмет көрсету бойынша қызмет түрлері қатысады.

Таза нарықтық экономикада мемлекет тарапынан ешқандай жәрдем ақша болмауы қажет, бірақ тәжірибеде саяси, әлеуметтік сияқты, моральдық жағынан да оларсыз күн көру мүмкін емес. Әсіресе, сөз білім беру жайлы болса.

Қазіргі заман адамының өмірі, қалай дегенмен де,қызмет көрсетумен байланысты. Себебі қызмет көрсету саудасына коммуналдық игілік те, байланыс та, банктік бизнес те, көтерме және бөлшек сауда да, көлік тасымалы да, сондай-ақ сақтандыру, заңды, медициналық, білім беру қызметтері және т.б. жатады. Қызмет көрсету сапасына мемлекет табысы да, фирма пайдасы да, қолайлылық, тұтынушылардың қауіпсіздігі де, әл-ауқаты да байланысты болады.

Мұндағы байланыс тура әрі айқын: өмірді жеңілдетуге арналған сапалы қызметтерназар аудартады, оларды қолдануға ықыласын тудырады. Бөлшек саудада біртіндеп туындаған оңтайлы жағдай тұтынушыларға біреуін екіншісімен салыстыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ подталкивает бәсекелестерді әрқашан жақсарып отыратын қызметтерді олардың сапасын қамтамасыз ете отырып, ұсынуға итермелейді.

Қызмет көрсету саласын дамыту қажеттілігі халықтық тұтыну құрылымында біршама қайта құруды, қызмет үлесінің едәуір өсуі мен материалдық тұтынудың меншікті салмағының талап етеді. Қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін түпкілікті жақсарту, сәйкес кәсіпорындар желісін кеңейту, қызмет көрсету көлемін арттыру, олардың жаңа түрлері мен формаларын енгізу қажет (бұл әсіресе туристердің көп мөлшері қатынайтын Алматы облысы үшін аса тиімді).

11. ДСҰ-ның қалыптасу және дамуының тарихы

Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) құрылу тарихы түп-тамырымен Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіне дейін жалғасып жатыр. 1940-шы жылдары әлем елдерінің арасындағы тауар саудасына байланысты кедергілер санының арта түсуі көптарапты сауда жүйесін құру қажеттігін анықтап берді.

 

Кедендік баж салығы ставкаларын қысқарту және сауда саласындағы басқа да кедергілерді болдырмау мақсатында көптарапты сауда жүйесін ұйымдастыруды екі кезеңде өткізу жоспарланған болатын:

 

  • Халықаралық сауда ұйымын (ХСҰ) құру;

  • Көптарапты келіссөздердің басталуы және Кедендік тариф және сауда жөніндегі бас келісімдегі (КСБК) тарифтік міндеттемелерді өзгерту.

 

Алайда, ХСҰ құру идеясы табысқа жете алмады. КСБК келісіміне өзгертулер енгізілді, дегенмен, ХСҰ ұйымдастырылмаған қалпында қалып қойды. Осылайша, КСБК халықаралық де-факто ұйым болып қала берді, ол о бастан ХСҰ үшін белгіленген функцияларды атқарумен болды. Ресми түрде КСБК 1947 жылы 23 ел арасында қол қойылған халықаралық шартқа айналды, онда аталған ұйымға қатысушы болып табылатын елдер арасында тауар саудасын реттеуге байланысты ережелер мен міндеттемелер белгіленді. Оның үстіне ХСҰ жөніндегі уақытша комиссия  өзінің қызметін КСБК хатшылығы ретінде жүзеге асыра бастады. Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылғанға дейін КСБК 47 жыл көлемінде жұмыс істеді, бірқатар сауда келіссөздері мен раундтарды жүргізу арқылы ол көптарапты сауда жүйесін қалыптастырды. Егер алғашқы келіссөздер тікелей       тауар саудасы саласындағы тарифтерді қысқартуға арналған болса, кейінгі келіссөздер антидемпингтік және бейтарифтік мәселелерді де қамтыды. 1947 жылдан бастап 1994 жылға дейінгі аралықта Кедендік тариф және сауда жөніндегі бас келісім аясында сауда саласының әр түрлі аспектілеріне арналған сегіз раунд келіссөздер жүргізілді.

Уругвай раунды сауда келіссздеріне байланысты ұйымдастырылған сегізінші және соңғы раунд болып табылады, ол КСБК қатысушы елдер арасында жеті жарым жыл көлемінде жүргізілді. 1990 жылы Брюссельде (Бельгия) өткізілген Министрлік конференция Уругвай келіссөздер раундын аяқтауы қажет болатын, оның барысында министрлердің ауыл шаруашылығы өнімдері саудасы саласын реформалау әдістері туралы өзара келісімге келе алмайтындықтары белгілі болды, сөйтіп келіссөздерді әрі қарай жалғастыру туралы шешім қабылданды. «Қорытынды акт» жобасы 1991 жылы Женевада ұсынылды. Келіссөздердің аяқталуы және бұл құжаттың қабылдануы негізінен АҚШ және Еуропалық қауымдастық елдері арасындағы келіспеушіліктердің шешілуіне байланысты болатын. 1992 жылы Вашингтонда АҚШ және ЕО елдері ауыл шаруашылығы тауарлары жөніндегі даулы мәселелердің басым бөлігін шеше алды және «Блейерхауерлік келісімге» қол қойды. 1993 жылдың ортасында АҚШ, ЕО, Жапония және Канада тарифтер және тауар мен қызмет нарығына қолжетімділік мәселелері бойынша айтарлықтай ілгері қадамдарға қол  жеткізді.   Нәтижесінде, 1993 жылдың желтоқсан айында Женевада Уругвай келіссөздер раунды аясындағы келісімдер ресми түрде аяқталды. Бұл раундтың келісімдер пакетіне 1994 жылдың сәуір айында Марракеште (Марокко) қол қойылды. Уругвай раундының басты жетістігі Дүниежүзілік сауда ұйымын бекіту болатын, сөйтіп бұл ұйым 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз жұмысын жүзеге асыра бастады, сондай-ақ аталған раундта бірқатар келісімдер қабылданып, бұл келісімдер кейіннен ДСҰ құқықтық негізіне айналды.

 

Осылайша, ДСҰ – ұйымға мүше болып табылатын мемлекеттер арасында көптарапты халықаралық сауда ережелерін жасақтау үшін құрылған, бейдискриминация, еркін сауда және транспаренттілік негізінде әрекет ететін халықаралық ұйым болып табылады. ДСҰ негізін көптарапты келіссөздер нәтижесінде қол қойылған және осы мемлекеттердің парламенттерімен ратификацияланған кпөтеген келісімдер құрайды. ДСҰ келісімдері – ауқымды қызмет аясын қамтитын құқықтық құжаттар: ауыл шаруашылығы, мақта-мата өнімдері мен киім, банктік сектор, телекоммуникациялар, үкіметтік сатып алулар, өнімдердің қауіпсіздігі, зияткерлік меншік және басқа да мәселелер.

12. ДСҰ-дағы дауларды шешу тетіктері

Қазіргі кезде ДСҰ шеңберінде қолданылып отырған дауларды шешу тетігі — халықаралық сауда жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Ұйымның өз бағасы бойынша, ол әлемдік экономикада тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосатын үлесі зор [1, 255б.]. Тарифтер мен сауда бойынша Бас келісім Уругвай раундының нәтижесінде құрылған бұл ұйым мүше-мемлекеттерінің саяси ықпалы мен экономикалық қуаттылығына қарамастан барлық қатысушылар үшін бірегей ережелерге негізделеді. Мұндай тәсіл кішігірім елдер үшін айтарлықтай қуатты мемлекетпен туындаған дауды екіжақты негізде шешу кезінде тиімдірек жағдайды иеленуіне жол ашуы едәуір маңыздылыққа ие. ДСҰ құрылу кезінен бері мемлекеттер бұл тетікке жиі жүгінеді. 2000 жылға дейін кеңесу өткізуге 180 үндеу, істерді қарау нәтижелері бойынша аралық соттардың 31 есебі, Аппеляциялық органның 26 баяндамасы тіркелген болатын. 2007 жылдың қыркүйегінің аяғында ДСҰ-да 369 дау тіркеліп, 2007 жылдың шілдесінде аралық сот пен Аппеляциялық органның 103 баяндамасы қабылданып, 25 аралық сот әрекет етіп, кеңесу өткізу жөнінде сұранымдар 600-ден асып кеткен болатын. ДСҰ өмір сүруінің бүкіл  мерзімінде АҚШ, Канада және Еуропалық Одақ  ең белсенді қатысушылар болып есептеледі. Дегенмен, дамушы мемлекеттер де бұл механизмге жиі сүйенетін болған.

Дүниежүзілік сауда ұйымының іргесін қалаушы болған 1947 ж. ГАТТ кезінде, осы келісімнің ХХІІІ бабында сауда дауларын шешу мүмкіндігінің негізі қаланған. Ол бойынша, келісуші тараптардың біреуінің жүзеге асырып жатқан іс-шаралары келесісінің нарыққа ену жағдайының нашарлануына әсерін тигізуіне байланысты дауларды өз бетінше шеше алатындығы туралы айтылған [3, 388б.]. Сонымен қатар, тараптар өз шағымдарын жұмысшы топтарға (кейіннен аралық топтарға) жібере алған. Олар даулар қалайша шешілуі керектігі жайында ұсыныстар  беріп отырды. Ақырында бұл қатысушылар мен аралық топтардың өздері сүйене отырып әрекет етуге міндеттейтін ережелер мен рәсімдердің құрылуына, яғни дауларды шешудің нақты үрдісінің қалыптасуына алып келді. Аралық топтар тараптар өз міндеттемелеріне сәйкес әрекет етуін, нарыққа ену жағдайының нашарлауы орын алған, алмағандығын анықтауы тиіс болды. ХХ ғасырдың 70-80 жылдары барысында ГАТТ жүйесінде айтарлықтай алға баса бастады. Аралық топтар құзыреттері кеңейіп, олар енді ГАТТ ережелерін интерпретациялауға (түсіндіру) қатыса бастады. Жаңа қағидалар Токио Раундының (1973-1979 жж.) Уағдаластығында бекітілді.

Дауларды шешу тетігінің маңызды қадамына аралық соттарға қолдау көрсететін ГАТТ хатшылығында заң бөлімінің құрылуы болды. Аралық сот мүшелері «ad hoc» қағидасы бойынша құрылатын болғандықтан, ГАТТ хатшылық заңгерлері орын басушылық пен «инстуитуциалды жадыны» қамтамасыз етті. Осындай тәжірибені оң құбылыс ретінде қарастыра отырып, заңгерлердің аралық сот баяндамаларын дайындауға көмектесуі соңғыларының ұстанымдарына әсер етуіне алып келе алды. Одан басқа, шешім қабылдау кезіндегі күрделі мәселеге тоқталу керек. Мәселен, істің түрлі кезеңдерде ұзақ уақытқа созылып кетуі, нақтырақ айтқанда, аралық топты құру шағым түскен мемлекет тарапынан қабылданбауы бөгет болуы мүмкін. Аралық топ мүшелерін тағайындау кейде ұзақ уақытқа (бірнеше айға) созылып, шешім қабылдау — айтарлықтай үлкен мерзімді (екі жалдан көп) талап ететін. Тараптар аппеляцияға жүгіну мүмкіндігіне ие болмай, аралық соттардың баяндамалары оны бекітуге қатысқан мемлекеттер арасында консенсуске қол жеткізілген кезде ғана қабылданатын болған. Басқаша айтқанда, ұтылған мемлекет ол үшін тиімсіз болып табылатын шешімге вето құқығын сала алды [4, 548б.]. Баяндамалар қабылдануына қатысты белгісіздік бұл жүйенің үлкен кемшілігі болды. Сондықтан, мемлекеттер ГАТТ аралық топтарына өте сирек жүгінетін. ГАТТ өмір сүруі кезінде аралық топтың тек қана 101 баяндамасы мақұлданған.