Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_mtp.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.36 Mб
Скачать

35.Ефта қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі

 Көп жақты және екі жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы бағытты келісімдеу мақсатында көптеген халықаралық, соның ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар пайда болды.    Халықаралық ұйымдар сауда тосқауылдарын жою бойынша маңызды мәселелерді шешеді, мемлекеттер арасындағы кең тауарайналымына және валюталардың тұрақтандырылуына жәрдемдеседі, басқа да сыртқы сауда мәселелерін қарастырады. Олар өзара тәуелді халықаралық ынтымақтастықтың күрделеніп келе жатқан сипатына жауап қайтару үшін және әр мемлекет пен оның субьектісіне халықаралық қызметке қатысудың өз мүмкіндіктерін пайдалануға жәрдемдесу мақсатында құрылған.   «Римдік шарттардың» күшіне енуінен бұрын Батыс Еуропада ЕЭЫҰ-дың (Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымы) барлық 17 мемлекеттерін қамтитын еркін сауда зонасын құру әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Еуропалық еркін сауда ассоциациясын (ЕФТА) құру туралы келісім бір жағынан, ЕЭЫ карым-қатынастарының жағдайын келіссөздерде жақсартуға жәрдемдесу үшін, ал басқа жағынан, он жыл бойы толық жұмыспен қамтылу және өмір деңгейін кедендерді ликвидациялау және өнеркәсіптік тауарларға көптеген шектеулер енгізу арқылы жақсартуды қамтамасыз ету үшін күшіне енді. ЕЭЫ-ға қарағанда сауданың кез-келген либерализациясы ұлттық кедендік автономдылықты сақтау арқылы жүзеге асуы керек.    Еуропалық еркін сауда ассоциациясы кең экономикалық және саяси интеграцияға ұмтылмағандықтан, оның жеке құқықтық реттеулері жоқ және ол минимум мүшелерден құралады. Ең жоғарғы орган ЕФТА кеңесі болып табылады, онда әр елдің бір даусы болады. Бұл кеңес шарттардың қолданылуын және орындалуын бақылайды. Сонымен қатар ол қатысушы елдер ассоциация мақсаттарын жүзеге асыруды қолдау үшін келесі қадамдарды жасау керек пе, соны тексереді. Бұдан басқа жеті тұрақты комитеттер бар (мысалы, сауда және кедендік эксперттер). ЕФТА секретариаты Женевада орналасқан. Оны бас директор мен оның орынбасары басқарады. ЕФТА-дан шығу өтінішті бергеннен кейін 12 ай өткен соң ғана мүмкін.   Бірқатар елдер үшін ЕФТА Еуропалық одаққа кірудің бастапқы қадамы болады.

36. Асеан аясындағы сауда ынтымақтастығы

ASEAN бүгінде Азияның оңтүстік-шы­ғыс аймағында мықты экономикалық ық­палдастықты көздейтін негізгі ұйымға айналып отыр. 1967 жылы оны Индонезия, Ма­лайзия, Сингапур, Тайланд және Фи­лип­пин мемлекеттері «Бангкок деклара­циясы» негізінде құрған болатын. Қазіргі кезде 44 жылдық тарихы бар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығына Бру­ней, Вьетнам, Лаос, Мьянма және Камбоджа қосылып отыр. Сарапшылардың пайымдауынша, 1971 жылы қабылданған бейбітшілік пен бостандық аймағы туралы «Куала-Лумпур декларациясы» ұйымның саяси жағынан қалыптасуына айтарлықтай әсер етті. Бұл құжат ASEAN елдері арасын­дағы ықпалдастықты күшейтіп қана қой­май, Оңтүстік-Шығыс Азия аймағын сырт­қы державалардың саяси-экономикалық әсерінен қорғай алды. Былайша айтқанда, сол кезден бастап ұйымға мүше елдердің экономикалары тәуелсіз жағдайда дами бастады. Оның нәтижесін бүгінде Ма­лайзия, Сингапур, Филиппин сияқты мем­лекеттердің үлгісінде айқын көруге болады. Ал  ASEAN-ның алғашқы саммитін­де рә­сім­делген Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ынтымақтастық пен достық туралы келісімшарт, сондай-ақ ұйымның Келісім декларациясы мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақ-бірлікті күшейтті. Бүгінде ұйымға мүше мемлекет және үкімет бас­шы­ларының кездесулері ASEAN-ның  жоғары органы болып табылады. Бұдан бө­лек барлық ұйымдастырушылық-да­йын­дық мәселесіне Сыртқы істер министр­лерінің кеңесі жауап береді. Ұйымның тұрақты хатшылығы Джакарта қаласында орналасқан.

Жалпы, байқап қарасақ, ASEAN-ның барлық құжатында ұйымды құрған Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд және Филиппинге негізгі басымдық бе­ріледі. Олар ұйым ішіндегі барлық мәселеге жауап беріп, мемлекеттер арасындағы сан алуан келіспеушіліктерді шешу жұмысына араласа алады. Аталған бестік ASEAN ұйымының негізгі күші десек те болады. Сол бестікке мүше Индонезия және Малайзия, сондай-ақ кейіннен қосылған Вьет­нам мемлекеті жақында ASEAN ұйымы­ның 44 жылдығын Астана қаласын­да атап өтті. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауым­дастығының 44 жылдығын Қазақ­стан­да алғаш рет атап өту бастамасы Қа­зақстанның бұл ұйымға бақылаушы ретінде кіру ниетін қолдап отырғандай