- •Емтихан сұрақтары
- •60.Хеджирование
- •Халықаралық сауда құқығының түсінігі
- •3. Халықаралық сауда құқығы курсының жүйесі
- •4. Халықаралық сауда құқығының басқа құқық салаларынан айырмашылығы
- •5. Халықаралық сауда құқығының қайнар көздері
- •6. Халықаралық-құқықтық шарттар Халықаралық сауда құқығының қайнар көзі ретінде
- •7. Халықаралық сауда құқығындағы заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі
- •8. Халықаралық сауда құқығының объектілерінің түсінігі және түрлері
- •9. Бағалы қағаздар түсінігі және оның негізгі түрлері
- •10. Қызмет көрсету нарығы
- •13. Сыртқыэкономикалық мәмілелер
- •14. Аукциондар
- •15. Инкотермс-2010
- •16. Аккредитивтің құқықтық реттелуі
- •17. Инкассоның құқықтық реттелуі
- •18. Хеджирование
- •19. Хекшер-Олин теориясы
- •20. Кедендік тариф
- •21. Франчайзинг түсінігі
- •22. Сақтандыру (кепілдік)
- •23. Шетел инвестицияларының режимі
- •24. Мемлекеттік сауда саясаты
- •25. Электрондық сауда
- •26. Халықаралық әуе тасымалы
- •27. Тарифтік емес реттеу шаралары
- •28. Халықаралық көлік тасымалы
- •30. Сауда өкілдігі
- •31. Халықаралық сауда мәмілелеріндегі талап ету мерзімінің ескіруі
- •32. Протекционизм саясаты
- •33. Евразэс аясындағы сауда ынтымақтастығы
- •34.Нафта қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •35.Ефта қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •36. Асеан аясындағы сауда ынтымақтастығы
- •37. Меркосур-дың қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •38. Лаг аясындағы сауда ынтымақтастығы
- •39. Қайта құру және даму банкінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •40. Хвқ қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •41. Халықаралық қаржы корпорациясының қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •43. Ео аясындағы сауда ынтымақтастығы
- •Экспортты дамыту жөніндегі шаралар
- •44. Портер теориясы
- •45. Рыбчинский теориясы
- •46. Халықаралық құқықтық теңіз тасымалы
- •47. Темір жол көлігі арқылы тауар және жолаушыларды халықаралық құқықтық тасымалдау Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасы
- •48. Факторинг қызметінің құқықтық реттелуі
- •49. Лизинг қызметін құқықтық реттеу
- •50. Тримс мазмұнына талдау
- •51. Трипс мазмұнына талдау
- •52. Гатс мазмұнына талдау
- •53. Еркін сауда аймағы
- •54. Рфца қызметінің құқықтық аспектісі
- •55. Салыстырмалы артықшылық теориясы
- •56. Адам Смит теориясы
- •57. Дсұ ғы қр-ның құқықтық саясаты
- •Бірігудің мақсаттары мен міндеттері
- •58. Хсқ арнайы субъектісі
- •59. Дсұ субъектілері
- •Постсоветские страны и вто
- •60. Хеджирование
- •61.Хсқ делдалдық құқықтық мәртебесіне құқықтық сипаттама беріңіз
61.Хсқ делдалдық құқықтық мәртебесіне құқықтық сипаттама беріңіз
ХС делдалдық ХСҚ үш аспектіде қаралады:
- сауда өкілі өз қызметін тапсырмаға сәйкес белгілеген ақыға жүзеге
асырады;
- дистрибьютерлер (коммерциялық концессиялар) тауар шығарушылар
(экспортерлер) арасындағы шартқа сәйкес өз аттарынан, өз ақысына алып
тауарларды сатады, сондықтан дистрибьютерліктің өз ерекшеліктері бар:
1. күрделі шарт болып келеді: өйткені, бір жағынан мұнда мердігерлік
болса, екінші жағынан интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық
беріледі.
2. дистрибьютерлік шарт созылмалық шарт, яғни осы шарт құрамында сатып
алу-сату шарттары жасалады.
3. дистрибьютер өз қызметін тауар шығарушыға байланыссыз жүзеге асырады;
4. дистрибьютер шартқа сәйкес тауарларға деген меншік құқығын алады;
5. дистрибьютер тауарын шығаруын алдында тауар сатылмаса да жауапты, яғни
ол тауарын шығарушыдан бұл тауарды сатып алады.
6. дистрибьютер қызметі эксклюзивті белгілі бір территорияда жүзеге
асырылады.
- маклерлер қызметі; олар іс-әрекеттері мәмілеге отыруға әкеледі. Ағылшын-
американдық жүйеде оларды делдалдар (брокерлер) деп атайды. Негізгі
мақсаты өзі өкіл болып табылған жақты шартқа отырғызу.
ХС делдалдық құқықтың реттелуі:
- халықаралық сатып алу-сатудағы өкілдік туралы 1983 жылғы Женева
Конвенциясы. Бұл Конвенция саудалық өкілдік шарттарын, сауда
өкілінің өкілетін, принципал үшін жасаған мәмілелердің құқықтық
салдарын реттейді.
Принципал - делдал өкілі болып табылатын тұлға.
- Құқық туралы ГААГа Конвенциясы 1978 жылғы саудалық делдалдықта
болатын коллизиялық сұрақтарын реттейді;
- Еуропалық Қоғамдастық директивтері 1986 жылғы, коммерциялық агент
қызметін реттейді.
- Эксклюзивті дистрибьютерлік туралы Еуропалық қоғамдастық
директивтері 1983 жылғы.
2. Халықаралық сауда өкілділіктің мағынасы келесі белгілермен айқындалады:
- сауда өкілі өз қызметін принципал берген тапсырма бойынша ғана жүзеге
асырады;
- ол тауардың жойылу қауіпіне жауапты емес;
- өз қызметін анықталған табыс үшін жүзеге асырады;
- сауда өкілі принципалға есеп беру керек.
Халықаралық өкілдік шарттың негізі берілген сауда өкіліне тапсырма, онда
барлық іс-әрекеттер көлемі көрсетіледі:
- тар өкілеттігі бар сауда өкілі (шартқа отыру кезінде
принципалмен шарттың барлық жағдайларын келіседі).
- кең өкілеттігі бар сауда өкілі (3-ші тұлғамен мәміле жағдайларын
өзі анықтай алады).
Халықаралық саудалық өкілдік шартының пәні тек қана заңды
тапсырмалардан тұруы керек, яғни ол ұлттық және халықаралық заңға сәйкес
болуы тиіс.
Тапсырмаға сәйкес өкіл қызметін атқара отырып, сауда әдет-ғұрыпын
сақтауға тиіс.
Егер принципал тапсырмаларынан өкіл асып кетсе, онда ол бұл туралы
хабарлауы керек. Егер оның іс-әрекеттерін принципал қабылдамаса, онда бұл
(өкіл) жасаған іс-әрекеттер принципалға міндетті болмайды. Принципал берген
тапсырмадан өкіл асып кетсе, онда ол оған жауап болады (принципал мен 3-
тұлғаға залалды өтейді).
Сауда өкілі принципал есебінен және оған табыс табу мақсатымен өз
қызметін іске асырады. Женева Конвенциясына сәйкес агент іс-әрекеті
принципалмен 3-ші тұлғаны біріктіреді. Принципал өзі де агент пен 3-ші
тұлға арасына араласа алады және 3-ші тұлғамен қарым қатынасқа түсуге
құқылы.
Меншікке деген мәселелі сұрақтарды қарастырайық.
Сауда өкілі екі тараптың іс-әрекетін жүзеге асырады, бірақ оған
ешқандай мүлік берілмейді. Мұндағы қатынастар – принципал – 3-ші тұлға және
3-ші тұлға – принципал. Сауда өкілі бұл қатынаста делдал ғана.
Халықаралық сауда тәжірибесінде көбінесе принципал сауда өкіліне
белгілі территорияда артықшылық құқықтар береді. Бұл құқықтар мағынасы
сауда өкілі жасалған шарттардан пайыз көлемінде пайда ала алады.
Тағы бір ерекшелігі, шартқа отыру кезінде халықаралық сауда өкілі
принципалмен тауар сатуға байланысты бәсекелістікке сол территорияда түсуге
құқы жоқ.
Халықаралық заңнама және ұлттық заң халықаралық өкілділікті ауыстыруға
рұқсат етеді (субагент, субкомиссионер), егер принципал мұндай өкілеттік
берсе немесе ауыр жағдайларға байланысты өкіл өзі бұл іс-әрекеттерді жүзеге
асыра алмаса.
3.Сауда өкілінің жауапкершілігі екі аспектіде болады:
- сауда өкілінің өз әрекеттері үшін жауапкершілігі;
- сауда өкілінің 3-ші тұлғаның іс әрекеттері үшін жауапкершілігі.
Сауда өкілі өзінің заңсыз іс-әрекеттері үшін жауапты (Мысалы, принципал
берген іс-әрекеттерден асып кетсе және егер ол біліктілік қасиеттерін іске
асыра алмаса); Тағы бір жайт, сауда өкілі оның қолында орналасқан тауардың
қауіпті жойылуына және бұзылуына жауапты емес, егер оны ол өзі жүзеге
асырмаса.
Сауда өкілі тапсырма бойынша орындалған барлық мәміледен түскен
қаражаттарды принципалға беруге тиіс. Егер шартқа сәйкес сауда өкілі
принципалға қандай да бір мүлік алса, онда ол принципалды тауар
жеткізушімен таныстырып, тауарды принципалға беруге тиіс. Егер шарт
белгіленген мерзімнен ерте тоқтатылса, онда сауда өкілі принципал
тапсырмасы бойынша барлық шартқа сәйкес іс әрекеттерді 3-ші тұлғамен жүзеге
асыруы тиіс. Сауда өкілі шартқа сәйкес принципалға тауармен бірге
сенімхатын қайтаруға міндетті. Тағы бір ерекшелік, сауда өкілі принципалға
тиесілі мүлікті өзінде ұстауға құқылы, егер принципиал сауда өкілі алдында
өз талаптарын орындамаса.
Принципал тапсырма орындалғаннан кейін, тауарды қабылдап алуға
міндетті және өз міндеттерін сауда өкілінің алдында орындауға міндетті
болып табылады. Орындамаса, онда жауаптылыққа тартылады.
Сауда өкілінің есеп беруі туралы шартта көзделмесе, онда сауда өкілі
өз есебінде келесі шарттарды көздейді:
- тапсырманы орындау тәртібі және сатылары;
- тапсырманы орындағанын бекітетін құжаттар;
- сауда өкілінің тапсырманы орындауға кеткен шығындары және оны
дәлелдейтін құжаттар.
Халықаралық саудалық заңнамаға сәйкес сауда өкілінің есебі өзінің
қызметімен қоса сатып алушылармен рынок туралы ақпаратты құрауы тиіс.
Сонымен бірге сауда өкілі басқа қайнар көздерден алған ақпаратты беруге
тиіс, принципал объективті салыстырып білу үшін.
Тапсырманы толық орындаған сауда өкіліне принципал сауда өкілі
шығарған барлық шығындарды және сыйақы шартқа сәйкес төлеуге міндетті.
Мұндай шығындарға келесі шығындар жатады:
- сақтандыруда;
- тасымалдауда;
- экспедицияда;
- буып түюде;
- сот процестеріне қатысқан сауда өкілінің шығындары.
Халықаралық заңнама сауда өкіліне сыйақы есептеудің келесі амалдарын
бекітеді:
- өткізілген тауардан пайыз;
- принципал тауарға орнатқан бағамен сатылған жоғары баға
арасындағы айырма;
- қатаң баға.
Халықаралық сауда өкілдік шарттары келесі жағдайларда тоқталады:
- егер шарт белгілі мерзіммен жасалса, онда ол біржақтың еркімен
тоқтатылмайды;
- егер шарт мерзімсіз болса, онда екінші жақты хабардар етіп оны
тоқтатуға болады.
Егер принципал шарт күшін жойса, онда ол сауда өкіліне тапсырма
бойынша орындалған қызмет шығындарын төлеуге және сол жасалған жұмысқа
байланысты сыйақысында төлеуге міндетті.
Егер сауда өкілі шартты тоқтатса, онда ол орындалмаған тапсырма
бойынша шығындарды талап етуге құқығы жоқ.
