- •Арнайы білімдердің түсінігі және олардың сот өндірісінде қолданылу нысандары.
- •2. Сот сараптамасының түсінігі, оның мазмұнындағы белгілерді қылмыстық іс жүргізу құқығының міндеттерімен байланыстыра қарастырыңыз.
- •3. Сот сараптамасының әдістемелерінің теориялық және практикалық мәселелері.
- •4. Сараптамалық зерттеудің объектілері және оларға жеке талдау беріңіз.
- •5.Сот сараптамасы процессуалдық құқықтың жеке институты ретіндегі ролін, мағынасын анықтаңыз.
- •6. Қылмыстық іс қозғау сатысында сот сараптамасын тағайындаудың негіздерін және құқықтық салдарын іс қозғалғаннан кейінгі тағайындаумен салыстыра қарастырыңыз.
- •7. Сараптама міндетті түрде тағайындалатын жағдайлар және олардың қылмыстық процесстегі ролі.
- •8. Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу кездеріндегі айыпталушының құқықтарына азаматтардың конституциялық құқықтарының негізінде қарастырыңыз.
- •9. Салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін үлгілер алудың процессуалдық тәртібі бойынша сарапшының және тергеушінің қызметтерін анықтаңыз.
- •10. Тірі адамдарға сараптама жүргізудің ерекшеліктері.
- •11. Азаматтық процессте сараптама жүргізу және оны қылмыстық процесстегі сараптамалық қызметпен арақатынасын ажыратыңыз.
- •12. Сот сарапшысының түсінігі және оның маманнан процессуалдық айырмашылығы.
- •13. Сарапшының құқықтары мен міндеттерін сараптама тағайындау бойынша тергеушінің өкілеттіктері мен міндеттерімен салыстыра қарастырыңыз.
- •14. Сарапшыға қайыру (отвод) немесе өзіне өзі қайыру берудің негіздері.
- •15. Сарапшының жауаптылығы және сарапшылық этика ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
- •1. Сараптамалық мекемелер және олардың түрлері мен құрылысы «қр сараптамалық қызмет туралы» Заң негізінде анықтаңыз.
- •Бұл құқықтармен қатар аталған Заңның 22 бабы сот сраптамасы органы жетекшісінің мынандай міндеттерін келтіреді:
- •2. Сараптамалық мекеме жетекшісінің құқықтары.
- •4. Сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің түрлерін және оның ерекшеліктері анықтаңыз.
- •5. Сараптамалық зерттеудің сатыларына талдау жасай отырып, сарапшының негізгі қызметтерін анықтаңыз.
- •6. Сараптамалық қараудың әдістемесі мен техникасы, оның өзге сатылардан айырмашылығын анықтаңыз.
- •7. Объектілерді бөліп талдау әдістемесін, оның қажеттілігі тұрғысынан негіздеңіз .
- •8. Сараптамалық эксперименттің сараптамалық қызметтің бір түрі ретіндегі ролін мазмұнын ашыңыз.
- •9. Салыстырмалы зерттеуді сараптамалық зерттеу ұғымымен байланыстыра қарастырыңыз.
- •10. Зерттеу нәтижелерін сарапшының бағалауын сарапшының қорытындысына әсері тұрғысынан қарастырыңыз.
- •11. Сараптамалық қызметтің психологиялық аспектілері.
- •12. Сарапшының қорытындысы дәлелдеу құралы ретіндегі ролін анықтаңыз.
- •13. Сарапшы қорытындысының құрылысы мен мазмұны.
- •14. Сарапшының қорытындысын тергеушінің, соттың бағалауы және сарапшы қорытындысына тергеушінің, соттың күмәнданмен қарауының салдарын көрсетіңіз .
- •15. Сарапшының қорытындысын дәлелдемелік қызметте қолдану.
- •Криминалистикалық сараптама: түсінігі, пәні және міндеттері.
- •2. Криминалистикалық сараптамаларды топтастыру және олардың криминалистикалық сараптамалар тобына жату себептерін анықтаңыз.
- •3. Қолтанушылық және авторды танушылық сараптамалар, олардың ара қатынасын анықтаңыз.
- •4. Құжаттарды технико-криминалистикалық сараптамалау, және бұл сараптама түрінде қолданылатын әдістемелер.
- •5. Трасологиялық сараптаманың түсінігі, объектілері және адамнан алынатын іздердің түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •11.1. Адам іздерінің сараптамасы
- •6. Сыртқы белгілері бойынша сараптама (сот-портреттік сараптама) бойынша шешілетін міндеттер.
- •7. Фототехникалық сараптама және бұл сараптама түрі бойынша сарапшыға жиі қойылатын сұрақтарды келтіріңіз.
- •9. Суық қарулар бойынша сараптама тағайындалатын жағдайлар және тергеушінің өзі анықтайтын жағдайларды анықтаңыз.
- •Сот экономикалық сараптама
- •11. Жоспарлы-экономикалық сараптаманың тағайындалу негіздерін өзге экономикалық сараптамамен салыстыра отырып анықтаңыз.
- •1) Қаржы-несиелік зерттеулер;
- •2) Қаржы-бюджеттік зерттеулер.
- •13. Тауарлар бойынша сот сараптамасының объектілері және шешілетін міндеттерге талдау жасаңыз.
- •14. Қаржы-экономикалық сараптаманың сипаттамасын сот-бухгалтерлік сараптамамен салыстыра отырып беріңіз.
- •15. Материалдарды, бұйымдарды және заттарды сараптамалау.
- •Боялған материалдар мен қабаттардың сот сараптамасы
- •Талшықтық объектілердің сот сараптамасы
- •Есірткі және психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы
- •16. Инженерлік-техникалық сараптама тағайындау негіздері, объектілері және осы сараптама түрі бойынша шешілетін міндеттер.
- •Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
- •22. Сараптама объектілерін сарапшыға жіберу тәртібі және дұрыс, сапалы жібермеудің салдарын қіжқ бойынша анықтаңыз.
- •23. Сараптама жүргізу үшін адамның өз келісімі қажет болатын және қажет емес жағдайларды көрсетіңіз.
- •24. Бұзу құралдарының іздері бойынша трасологиялық сараптама және шешілетін міндеттер.
- •25. Қайталай сараптама тағайындау негіздері және тағайындау, жүргізу тәртібі.
- •Сарапшының мұның алдындағы қортындысы жеткілікті негізделмеген немесе оның дұрыстығы күмән болуы;
- •Оны жүргізудің процессуалдық нормалары елеулі түрде бұзылған болуы.
- •26. Кешенді сараптама және оны тағайындау негіздері мен жүргізу тәртібі.
- •27. Комиссиялы сараптамаға жататын сараптама түрлері және жүргізу тәртібі.
- •28. Сараптама жүргізу мерзімі және сараптама мерзімін есептеу.
- •29. Адамның аяқ іздерін алу және сараптама жүргізу кезінде анықталатын жағдайлар.
- •Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
9. Салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін үлгілер алудың процессуалдық тәртібі бойынша сарапшының және тергеушінің қызметтерін анықтаңыз.
Үлгілер-бұл сот сараптамалық зерттеуді жүргізу және сарапшының қортындысын беру үшін тірі адамның, мәйіттің, жануардың, заттың құрамын бейнелейтін материалдық әлемнің объектілері болып табылады.
Салыстырмалы зерттеулер үшін үлгілер ретінде заң адамнан алынатын мыналарды атайды: қан, сперма, шаштар, тырнақ кесінділері, дененің сыртқы қабатының микроскопиялық қырындылары (соскобы), түкірік, тер және басқа да бөлінділер, тері өрнегінің іздері, тістің слепкалары, қол жазба және адамның қасиеттерін білдіретін өзге де материалдар, дауыстың фонограммасы.Үлгілерге сондай-ақ материалдардың, заттардың, дайын өнімдердің, пробалары, гильзаның, оқтың үлгілері, құралдар мен механизмдердің іздері де жатады.
Егер үлгі алу қарама-қарсы жыныстағы адамдарды шешіндірумен байланысты болмаса және ерекше профессионалдық тәжірбиені қолдануды талап етпейтін болса, онда тергеушінің өзінің, ал қажеттілік болғанда врачтың, өзгедей маманның қатысуымен үлгі алуға құқығы бар. Өзгедей жағдайларда үлгілер тергеушінің тапсырмасы бойынша врачпен немесе маманмен алынады. Үлгіні алу сараптамалық зерттеудің бір бөлігі болып саналғанда, ол сарапшымен жүргізіледі.
Үлгіні алу кезінде тергеуші міндетті түрде қаулы шығарады және онда мыналар көрсетілуі керек:
үлгі алатын адам;
үлгі алынуға жататын адам (ұйым);
қандай үлгілер және қанша көлемде алынуға жататындығы;
адам үлгіні беру үшін қайда және кімге келу керек екендігі;
үлгі алынғаннан кейін қайда және кімге берілу керек екендігі.
ҚІЖК тергеушінің үлгі алуының келесідей тәртібін қарастырады: адамды өзіне шақырап немесе оның жатқан жеріне барып, сараптамалық зерттеу үшін үлгі алу туралы қаулымен қол хат ала отырып таныстырады және осы тергеу әрекетіне қатысушы барлық адамдарға құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
Тергеуші өзі немесе маманның қатысуымен қажетті әрекеттерді орындап, сараптамалық зерттеу үшін үлгі алады, оны орап, мөрлейді (опечатывает).
Сараптамалық зерттеу үшін үлгі алу тиісті жағдайларда алу, тінту, эксгумация арқылы немесе осы тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде іске асырылады.
ҚР ҚІЖК үлгіні тергеушінің алатын жағдайы да көрсетілген. Мысалы зерттеу процессінде сарапшымен эксперименталдық үлгілер де алынуы мүмкін, ол қорытындыда көрсетіліп хабарланады. Тергеушінің мұндай үлгілерді жасау кезінде қатысуға құқығы бар, бұл жағдай оның хаттамасында көрсетіледі. Сарапшы зертеуді жүргізіп болғаннан кейін үлгіні оралған және мөрленген түрде өзінің қорытындысына тіркейді.
Зерттеу барысында сарапшының эксперименталдық үлгілер дайындауы мүмкін, мұндай жағдай қорытындыда айтылуы керек. Судьяның мұндай үлгілерді жасау кезінде қатысуға құқығы бар және бұл жағдай хаттамада көрсетіледі. Сарапшы зертеуді жүргізіп болғаннан кейін үлгіні оралған және мөрленген түрде өзінің қорытындысына тіркейді.
10. Тірі адамдарға сараптама жүргізудің ерекшеліктері.
Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу орны
Тірі адамдарға сот сараптамасы медициналық ұйымда немесе сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу және осы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлары бар басқа орында жүргізілуі мүмкін.
Сот сараптамасы тағайындалған адамдарды ол жүргізілетін орынға және сот-сараптамалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін тасымалдап жеткізуді сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) қамтамасыз етеді.
Тірі адамдарға сот сараптамасы ерікті түрде немесе мәжбүрлеу түрінде жүргізілуі мүмкін.
Егер сот сараптамасы ерікті түрде жүргізілсе, сот сараптамасы органына адамның сот-сараптамалық зерттеулерге тартылуға жазбаша келісімі ұсынылуға тиіс.
Егер сот сараптамасы тағайындалған адам кәмелетке толмаса немесе оны сот әрекетке қабілетсіз деп таныса, оның заңды өкілі немесе қорғаншылық және қамқоршылық органы осы адамға қатысты сот сараптамасын жүргізуге жазбаша келісім береді.
Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде:
1) іс бойынша мәліметтер алу мақсатында олардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыруға немесе оларға қысым жасауға (оның ішінде алдау, күш қолдану, қорқыту және өзге де заңсыз шаралар арқылы);
2) аталған адамдарды медициналық технологияларды, фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникалық зерттеулердің субъектілері ретінде пайдалануға;
3) хирургиялық араласуды көздейтін зерттеулердің әдістерін қолдануға тыйым салынады.
2. Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы жүргізілетін адамды, баламалы әдістерді қоса алғанда, қолданылатын сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері туралы, болуы мүмкін ауырсыну сезімдері мен жанама әсерлер туралы оған түсінікті түрде хабардар етуге тиіс. Аталған хабарлама сот сараптамасы жүргізілетін адамның тиісті өтінішті мәлімдеген заңды өкіліне де беріледі.
3. Сот сараптамасы жүргізілетін адамға медициналық көмек заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен ғана көрсетілуі мүмкін.
4. Медициналық ұйымға орналастырылған адамға шағымдар және өтініштер жасауға мүмкіндік беріледі. Заңда көзделген тәртіппен берілген шағымдар және өтініштер жиырма төрт сағаттың ішінде жолданым иесіне жіберіледі және цензураға жатпайды.
5. Адамға қатысты ерікті түрде жүргізілетін сот сараптамасы оның кез келген сатысында аталған адамның бастамасы бойынша тоқтатылуы мүмкін.
