Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sot_Saraptamasy_zhauaptary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
288.24 Кб
Скачать

11. Жоспарлы-экономикалық сараптаманың тағайындалу негіздерін өзге экономикалық сараптамамен салыстыра отырып анықтаңыз.

24 қазан 2002 ж. N 158 Қазақстан Республикасы Әділет Министрімен бекітілген Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің сот сараптамалық Орталығында сот сараптамаларын және арнайы зерттеулерді жүргізу бойынша Нұсқаулыққа сәйкес экономикалық істер бойынша сараптамалар мынандай түрлерге бөлінеді:

  • Сот-сараптамалық бухгалтерлік сараптама;

  • Шаруашылық операцияларын сот-сараптамалық зерттеу;

  • Сот-сараптамалық қаржы-несиелік істерді зерттеу;

  • Сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу;

  • Сот-сараптамалық экономикалық-құқықтық зерттеу.

Сот-бухгалтерлік сараптамала Бұл сараптаманың объектісі бухгалтерлік есептерді жүргізу бойынша шаруашылық субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметтері болып табылады. Сот-бухгалтерлік сараптаманың заты арнайы білімдерді қолдану негізінде анықталатын мекемелерде бухгалтерлік есептің қалай жүргізілгендігін, қаржы-шаруашылық операциялары құжаттарда қалай көрсетілгендігін, қалай жұмсалғандығын, қандай операциялар бойынша есептің дұрыс жүргізілмегендігін білдіретін және тағы басқадай нақтылы деректер болып саналады.

Қаржы-экономикалық сараптама.

Объектісі шаруашылық субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметтері болып табылады.

Заты мекеме, ұйымдардың экономикалық, қаржылық қаржылық жағдайлары болып саналады, сондықтан қаржы ұғымы кең болып саналатындықтан бухгалтерлік сараптаманың затынан кеңірек болып келеді. Мұндай сараптама жалған кәсіпкерлік, жалған банкроттық, заңсыз жекешелендіру, салық төлеуден жалтару сияқты қылмыстық істерде қолданылады. Сол сияқты кей жағдайларда әкімшілік және азаматтық істер бойынша да тағайындалады.

Қаржы-экономикалық сараптама міндеттеріне қарай екі түрге бөлінеді:

1) Қаржы-несиелік зерттеулер;

2) Қаржы-бюджеттік зерттеулер.

Қаржы-несиелік сараптама ақша қаражаттарын қалыптастыру және жұмсау, сонымен қатар несиелер беру негізділігін анықтаумен байланысты жағдайларда қолданылады

Қаржы-бюджеттік сараптама бюджет қаражаттарын жұмсаудың дұрыстығын анықтауға, салық есеп беру құжаттарын дұрыс рәсімдеуді зерттеуге бағытталған.

Экономикалық-құқықтық зерттеулер бойынша сараптама.

Бұл сараптама түрі шарт қатынастарының сол уақыттағы заңдарға сәйкестігі туралы мәселе туындағанда қолданылады. Экономикалық-құқықтық сараптама мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар, мысалы қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, лауазымды адамның өз қызмет өкілеттігін асыра пайдалануы сияқты және экономикалық қылмыстарға жататын қылмыстық істер бойынша тағайындалады. Кей жағдайларда әкімшілік, азаматтық істер бойынша да тағайындалады.

12. Сот-бухгалтерлік сараптаманың сипаттамасын қаржы-экономикалық сараптамамен салыстырмалы түрде беріңіз.

Зерттеу объектісі бухгалтерлік есеп шеңберіндегі субъектілердің шаруашылық қызметі болып табылады. «Бухгалтерлік есеп туралы» ҚР Заңының 6, 7 баптарына сәйкес, шаруашылық субъектілердің барлық қаржы-шаруашылық қызметі жазбаша немесе электронды түрде көрсетілуі қажет. Зерттеудің тікелей объектілері бухгалтерлік есептің құжаттары – алғашқы құжаттар, есептік регистрлер (ордер-журналы, ведомосттері) қаржы есебінің құжаттары жатады.

Сот-бухгалтерлік сараптаманың пәні – арнайы білім негіздерін қолдана отыып анықталатын деректер, олар кәсіпорындарда, фирмаларда т.с.с. шаруашылық қызметтерінің бухгалтерлік құжаттарында қалай орын алғандығын көрсетеді және қандай операциялар бойынша бухгалтерлік есеп бұрыс көрсетілгенін анықтайды.

Сот-бухгалтерлік сараптама экономикалық сараптамалардың ішінде ең кең таралған түрі болып табылады. Ол жиі қылмыстық сот өндірісінде экономикалық қылмыстарды тергеген кезде тағайындалады. Сол сияқты, экологиялық нормалар бұзылған сәтте әкімшілік сот өндірісінде де, азаматтық сот өндірістерінде де тағайындалады.

Аталған сараптаманың міндеттері үш топқа бөлінеді.

Бірінші топқа алғашқы құжаттағы деректердің есеп регистрлеріне, есептерге сәйкес келмеуіне қатысты жағдайларды анықтау жатады. Аталған міндетті шешу үшін сарапшының алдына келесі сұрақтар қойылады, олар:

  • есеп регистріндегі жазбалар алғашқы құжаттарға сәйкес келе ме, егер жоқ болса, онда жол жіберілген ауытқу шығыс соммалардың жоғары (кем) болуында қалай көрсетілген ?

  • синтетикалық есептің деректері аналитикалық есептің, алғашқы құжаттың деректеріне сай ма, егер жоқ болса, қандай сомманы бұрмалайды ?

  • қорытынды көрсеткіштер өнімнің шығыс құжаттарындағы деректерге сәйкес пе, егер жоқ болса, жіберілген ауытқу көрсеткіші қандай ?

  • есепте жол берілген бұрмалау қандай шаруашылық қызметпен байланысты ?

  • алынған құжаттарға сәйкес жетпеген сомма қандай ?

  • мүліктік құндылықтардың кірісі туралы (немесе шығысы) алғашқы және есепке алу құжаттарында анықталған ауытқулар нақты қандау уақыттың ішінде орын алған т.с.с.

Сот-бухгалтерлік сараптаманың екінші тобының міндеттері тауар-материалдық құндылықтардың, бухгалтерлік есептегі ақшалай қаражаттардың қабылдау, сақтау және сатылуын анықтайды.

Аталған топ бойынша келесі сұрақтарды қоюға болады:

  • материалдарды есептен шығару құжаттармен дұрыс рәсімделді ме ?

  • белгілі кезеңдегі материалдардың түсуі бухгалтерлік есепте көрсетілген бе ?

  • регистердегі қандай жазбалар алғашқы құжаттармен бекітілген жоқ?

  • қандай кезеңде және қандай соммаға құндылықтар қажетті құжаттарсыз рәсімделген ? т.с.с.

Аталған сараптаманың үшінші тобының міндеттері бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін және құралдардың жеткіліксіз немесе артық болуына қатысты жағдайларды анықтайды.

Сарапшы алдына келесі сұрақтар қойылады:

  • нақты шаруашылық қызмет бойынша алғашқы, жиынтық құжаттар дұрыс рәсімделді ме ?

  • құндылықтарды қабылдау және тапсыру кезінде қандай есептің талаптары орындалған жоқ ?

  • шоттардың корреспонденциясы сақталды ма ?

  • аналитикалық есеп кезінде қандай ережелер сақталған жоқ ?

  • бухгалтерлік есепті жасау кезінде қандай бұрмалаушылықтар орын алды ?

  • калькуляция кезінде қандай ережелер сақталған жоқ ?

  • бухгалтерлік есепті жүргізу барысында оның әдістемесі сақталды ма ? т.с.с.

Жоғарыда көрсетілген сұрақтар типтік сұрақтарға жатады. Белгілі жағдайға қатысты басқа да сұрақтар қойылуы мүмкін. Сараптаманы тағайындау кезінде барлық талаптар сақталуы қажет, оның ішінде сарапшыға қойылатын сұрақтар оның құзыреттілігінде болып және анық түрде қойылуы керек. Сарапшының алдына құқықтық мазмұнға ие сұрақтар қоюға тыйым салынады, мысалы, бухгалтерлік есептің қателіктерін кім жасады немесе лауазымды тұлғалардың нақты қайсысы материалды залалды өтейді т.с.с. мұндай сұрақтарды шешу тергеушінің (сот) құзырында.

Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:

Жоғарыда аталған сұрақтарды дұрыс шешу үшін тергеуші сараптамаға алғашқы құжаттарды ұсынуы керек, оларға: есеп регистрлері (журналдар, ордер, бас кітапшасы), баланстар, есептер жатады.

Аталған құжаттардан басқа, сарапшыға электронды тасушы құралдарын да ұсыну қажет (деректері бар дисктер). Олар ҚР ҚІЖК баптарында қарастырылған талаптарға сәйкес алынуы керек. Қажетті құжаттардың қатарына жедел есеп материалдары, статистикалық есеп құжаттары, мүліктерді түгендеу актілері, материалды жауапкершілікке қатысты шарттар, еңбек шарттары жатады.

Ревизияның актілері, материалды-жауапты тұлғалардың түсініктемелері, жауап алудың хаттамалары, аудиторлық қорытындылардың сарапшыға ұсынылатын құжаттардың ішіндегі орны ерекше.

Сараптамаға ұсынылатын құжаттардың тізімі нақты жағдайға қатысты.

Материалдардың толық болуы үшін тергеу әрекеттеріне мамандарды қатыстырған жөн. Олар сараптама үшін қандай құжаттарды жіберу және ол құжаттардың бір-бірімен байланыстылығын, сарапшыға қандай сұрақтарды қою қажеттілігіне қатысты кеңестер береді.

Сараптама үшін құжаттарды жинау ең жауапты сатылардың бірі. Егер сарапшы қажетті материалдарды толық сарапшыға ұсынбаса, сараптамалық өндіріс тоқтатылады. Мәселен, ҚР Әділет Министірлігі жанындағы Сот сараптама орталығының тәжірибесі көрсеткендей, тіпті 100 % жағдайында аталған сараптаманың тағайындалуы қосымша материалдарды қажет етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]