- •Арнайы білімдердің түсінігі және олардың сот өндірісінде қолданылу нысандары.
- •2. Сот сараптамасының түсінігі, оның мазмұнындағы белгілерді қылмыстық іс жүргізу құқығының міндеттерімен байланыстыра қарастырыңыз.
- •3. Сот сараптамасының әдістемелерінің теориялық және практикалық мәселелері.
- •4. Сараптамалық зерттеудің объектілері және оларға жеке талдау беріңіз.
- •5.Сот сараптамасы процессуалдық құқықтың жеке институты ретіндегі ролін, мағынасын анықтаңыз.
- •6. Қылмыстық іс қозғау сатысында сот сараптамасын тағайындаудың негіздерін және құқықтық салдарын іс қозғалғаннан кейінгі тағайындаумен салыстыра қарастырыңыз.
- •7. Сараптама міндетті түрде тағайындалатын жағдайлар және олардың қылмыстық процесстегі ролі.
- •8. Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу кездеріндегі айыпталушының құқықтарына азаматтардың конституциялық құқықтарының негізінде қарастырыңыз.
- •9. Салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін үлгілер алудың процессуалдық тәртібі бойынша сарапшының және тергеушінің қызметтерін анықтаңыз.
- •10. Тірі адамдарға сараптама жүргізудің ерекшеліктері.
- •11. Азаматтық процессте сараптама жүргізу және оны қылмыстық процесстегі сараптамалық қызметпен арақатынасын ажыратыңыз.
- •12. Сот сарапшысының түсінігі және оның маманнан процессуалдық айырмашылығы.
- •13. Сарапшының құқықтары мен міндеттерін сараптама тағайындау бойынша тергеушінің өкілеттіктері мен міндеттерімен салыстыра қарастырыңыз.
- •14. Сарапшыға қайыру (отвод) немесе өзіне өзі қайыру берудің негіздері.
- •15. Сарапшының жауаптылығы және сарапшылық этика ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
- •1. Сараптамалық мекемелер және олардың түрлері мен құрылысы «қр сараптамалық қызмет туралы» Заң негізінде анықтаңыз.
- •Бұл құқықтармен қатар аталған Заңның 22 бабы сот сраптамасы органы жетекшісінің мынандай міндеттерін келтіреді:
- •2. Сараптамалық мекеме жетекшісінің құқықтары.
- •4. Сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің түрлерін және оның ерекшеліктері анықтаңыз.
- •5. Сараптамалық зерттеудің сатыларына талдау жасай отырып, сарапшының негізгі қызметтерін анықтаңыз.
- •6. Сараптамалық қараудың әдістемесі мен техникасы, оның өзге сатылардан айырмашылығын анықтаңыз.
- •7. Объектілерді бөліп талдау әдістемесін, оның қажеттілігі тұрғысынан негіздеңіз .
- •8. Сараптамалық эксперименттің сараптамалық қызметтің бір түрі ретіндегі ролін мазмұнын ашыңыз.
- •9. Салыстырмалы зерттеуді сараптамалық зерттеу ұғымымен байланыстыра қарастырыңыз.
- •10. Зерттеу нәтижелерін сарапшының бағалауын сарапшының қорытындысына әсері тұрғысынан қарастырыңыз.
- •11. Сараптамалық қызметтің психологиялық аспектілері.
- •12. Сарапшының қорытындысы дәлелдеу құралы ретіндегі ролін анықтаңыз.
- •13. Сарапшы қорытындысының құрылысы мен мазмұны.
- •14. Сарапшының қорытындысын тергеушінің, соттың бағалауы және сарапшы қорытындысына тергеушінің, соттың күмәнданмен қарауының салдарын көрсетіңіз .
- •15. Сарапшының қорытындысын дәлелдемелік қызметте қолдану.
- •Криминалистикалық сараптама: түсінігі, пәні және міндеттері.
- •2. Криминалистикалық сараптамаларды топтастыру және олардың криминалистикалық сараптамалар тобына жату себептерін анықтаңыз.
- •3. Қолтанушылық және авторды танушылық сараптамалар, олардың ара қатынасын анықтаңыз.
- •4. Құжаттарды технико-криминалистикалық сараптамалау, және бұл сараптама түрінде қолданылатын әдістемелер.
- •5. Трасологиялық сараптаманың түсінігі, объектілері және адамнан алынатын іздердің түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •11.1. Адам іздерінің сараптамасы
- •6. Сыртқы белгілері бойынша сараптама (сот-портреттік сараптама) бойынша шешілетін міндеттер.
- •7. Фототехникалық сараптама және бұл сараптама түрі бойынша сарапшыға жиі қойылатын сұрақтарды келтіріңіз.
- •9. Суық қарулар бойынша сараптама тағайындалатын жағдайлар және тергеушінің өзі анықтайтын жағдайларды анықтаңыз.
- •Сот экономикалық сараптама
- •11. Жоспарлы-экономикалық сараптаманың тағайындалу негіздерін өзге экономикалық сараптамамен салыстыра отырып анықтаңыз.
- •1) Қаржы-несиелік зерттеулер;
- •2) Қаржы-бюджеттік зерттеулер.
- •13. Тауарлар бойынша сот сараптамасының объектілері және шешілетін міндеттерге талдау жасаңыз.
- •14. Қаржы-экономикалық сараптаманың сипаттамасын сот-бухгалтерлік сараптамамен салыстыра отырып беріңіз.
- •15. Материалдарды, бұйымдарды және заттарды сараптамалау.
- •Боялған материалдар мен қабаттардың сот сараптамасы
- •Талшықтық объектілердің сот сараптамасы
- •Есірткі және психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы
- •16. Инженерлік-техникалық сараптама тағайындау негіздері, объектілері және осы сараптама түрі бойынша шешілетін міндеттер.
- •Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
- •22. Сараптама объектілерін сарапшыға жіберу тәртібі және дұрыс, сапалы жібермеудің салдарын қіжқ бойынша анықтаңыз.
- •23. Сараптама жүргізу үшін адамның өз келісімі қажет болатын және қажет емес жағдайларды көрсетіңіз.
- •24. Бұзу құралдарының іздері бойынша трасологиялық сараптама және шешілетін міндеттер.
- •25. Қайталай сараптама тағайындау негіздері және тағайындау, жүргізу тәртібі.
- •Сарапшының мұның алдындағы қортындысы жеткілікті негізделмеген немесе оның дұрыстығы күмән болуы;
- •Оны жүргізудің процессуалдық нормалары елеулі түрде бұзылған болуы.
- •26. Кешенді сараптама және оны тағайындау негіздері мен жүргізу тәртібі.
- •27. Комиссиялы сараптамаға жататын сараптама түрлері және жүргізу тәртібі.
- •28. Сараптама жүргізу мерзімі және сараптама мерзімін есептеу.
- •29. Адамның аяқ іздерін алу және сараптама жүргізу кезінде анықталатын жағдайлар.
- •Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Боялған материалдар мен қабаттардың сот сараптамасы
Боялған материалдар мен қабаттар сот сараптамасының объектілері ретінде келесі заттар болып табылады:
нақты заттар мен олардың бөлшектерінің боялған қабаттары;
ортақ қайнар көзден шығуы мүмкін (дайындалу орны, сақтау орны, пайдалану орны бойынша) боялған материалдарының нақты көлемдері;
боялған материалдарының жеке компоненттерін құрайтындар (пигменттер, толтырғыштар т.с.с.), нақты боялған материалды дайындау үшін қолданылуы мүмкін.
Талшықтық объектілердің сот сараптамасы
Талшықтық объектілердің объектілері: бірлік талшықтар, талшықтардың жиынтығы, талшық көлемі, жіптің бірлік кесілімі (иірілген жіптер), жіптердің жиынтығы (иірілген жіптер), жіптер көлемі (иірілген жіптер), нақты киім заты, нақты киім жинағы, киім затының бөлшектері.
Талшықтық объектілер сот сараптамасының пәні заттай дәлелдемелерді сараптамалық зерттеу арқылы анықтайтын қылмыстық істің мән-жайлары, фактілі деректері құрайды
Есірткі және психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы
Аталған сараптаманың объектілері есірткі құралдары және психотропты заттар мен прекурсорлар болып табылады.
Мұндай объектілер келесі күйде болуы мүмкін:
өсімдік немесе конопля, мак, эфедра өсімдігінің ұнтақталған бөлігі ретінде, конопля өсімдігінен (марихуана, гашиш, смола, каннабиса, опиум т.с.с.) алынып, қолмен жасалуы мүмкін;
заңсыз синтетикалық және жартылай синтетикалық (героин, амфетамин және оның туындылары);
қолдан жасалған (героиннің, эфедронның, опияның сұйықтығы);
Жанар-жағар майлар (ЖЖМ) мен
мұнай өнімдерінің (МӨ) сот сараптамасы
Аталған сараптаманың зерттеу объектілері мұнайдан өндірілген заттар, жанар-жағар май материалдары, олар мұнайдан өндірілген заттардан басқа таскөмір, смола тақтатастарынан өндірілген өнімдер бола алады. Сол сияқты, химиялық өндірісте синтезделген заттар да бола алады (эфирлер, жартылай силикондық сұйықтықтар) т.с.с.
Металл, шыны және өзге де материалдардың
сот сараптамасы
Сараптаманың объектілері қымбат, жартылай қымбат және металл, құймалардан, полимерлерден өзге де материалдардан жасалған бұйымдар болып табылады. Аталған объектілер қылмыстың материалды ортаның элементі немесе қылмыстық қол сұғушылықтың не өзге де қылмыстың құралы ретінде орын алады.
Сот сараптамасының пәні аталған объектілерге қатысты қылмыстық істің мән-жайлары, сол сияқты пәннің қарастыратын объектілеріне қатысты технологиялық, химиялық, техникалық ғылымдарды қолдана отырып анықталатын деректер құрайды.
Топырақтанудың сот сараптамасы
Аталған сараптаманың объектісі әр түрлі қалыптасқан жерлер учаскілерінің топырақтары болып табылады.
16. Инженерлік-техникалық сараптама тағайындау негіздері, объектілері және осы сараптама түрі бойынша шешілетін міндеттер.
Сот сараптамалық қызметтің практикасында кезінде А.Р. Шляховтың қарастырған сот сараптамасын топтастыру қолданылады.1 Ол сот сараптамасының барлығын тоғыз класқа бөлген және бұл кластар онан әрі қарай топтарға, түрлерге бөлінеді. Оның ішінде Инженерлік-техникалық сараптама жатқызылған.
Сот инженерлік-техникалық сараптама
Тобы:
Сот автотехникалық сараптама
Сот өрт-техникалық сараптама
Сот құрылыс-техникалық сараптама
Сот жарылыс заттар сараптамасы (взрывотехническая экспертиза)
Судебная инженеро-технологическая экспертиза
Сот агротехникалық сараптама
Компьютерлік жүйе бойынша сот сараптамасы
Электротехникалық жүйе және жабдықтар бойынша сот сарптамасы.
17. Сот-психологиялық сараптаманың сипаттмасын оны тағайындау негіздерімен байланыста қарастырыңыз.
Сот сараптамалық қызметтің практикасында кезінде А.Р. Шляховтың қарастырған сот сараптамасын топтастыру қолданылады.2 Ол сот сараптамасының барлығын тоғыз класқа бөлген және бұл кластар онан әрі қарай топтарға, түрлерге бөлінеді. Оның ішіне Сот дәрігерлік-психофизиологиялық сараптама кіреді. Сот дәрігерлік-психофизиологиялық сараптама ішіне Сот-психологиялық сараптама кіреді.
: Сот дәрігерлік-психофизиологиялық сараптама
Тобы:
Сот-медициналық сараптама
Сот-биологиялық сараптама
Сот-психофизиологиялық сраптама
Сот-психиатриялық сараптама
Сот-психологиялық сараптама
18. Сот-психиатрилық сараптаманың сипаттмасын оны тағайындау негіздерімен байланыста қарастырыңыз.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының сот сараптамасы органдарын, оның ішінде өздерінің функцияларына сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптамаларды жүргізу жатқызылған денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының мамандандырылған психиатриялық және наркологиялық ұйымдарын қамтитын сот сараптамасының мемлекеттік ұйымдарының жүйесі жүзеге асырады. Мысалы АІЖК бабына сәйкес: судья азаматтың психикалық ауруы немесе психикасының бұзылуы, ақылының кемiстiгi немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы туралы деректер жеткiлiктi болған жағдайда iстi соттың қарауына әзiрлеу тәртiбiмен оның психикалық жай-күйiн анықтау үшiн сот-психикалық сараптама тағайындайды. Әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы iс қозғалған адам сараптамадан өтуден көрiнеу жалтарған жағдайда сот психиатрдың қатысуымен өтетiн сот отырысында азаматты сот-психиатриялық сараптама мәжбүрлеп жiберу туралы ұйғарым шығара алады. Сондай ақ Қылмыстық процессте ҚР ҚІЖК бабына сәйкес, тараптардың өтініштері немесе аппеляциялық сатыдағы соттың бастамасымен сот-психиатриялық сараптама тағайындалуы мүмкін.
Қамауға алынбаған тұлғаға қатысты сот-психиатриялық сараптама психиатриялық стационарда жүргізіледі. Психиатриялық стационарда сот-психиатриялық сараптама жүргізілетін тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңының нормалары таралады. Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау заңнамаларына сәйкес психиатриялық стационар науқастарының құқықтарына ие.
Қамауға алынған тұлғаларға қатысты сот-психиатриялық сараптама психиатриялық стационарларда арнайы көзделген жерлерде жүргізіледі. Оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңының нормалары таралады және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау заңнамаларына сәйкес психиатриялық стационар науқастарының құқықтарына ие.
Сот-психиатриялық және сот-психологиялық сараптама құпия негізде жүзеге асырылады
19. Сот-медициналық сараптама бойынша сарапшыға қойылатын әр түрлі міндеттердегі сұрақтарды көрсетіңіз.
Сот сараптамалық қызметтің практикасында кезінде А.Р. Шляховтың қарастырған сот сараптамасын топтастыру қолданылады.3 Ол сот сараптамасының барлығын тоғыз класқа бөлген және бұл кластар онан әрі қарай топтарға, түрлерге бөлінеді. Оның ішіне Сот дәрігерлік-психофизиологиялық сараптама, өз кезегінде оған сот- медициналық сараптама жатқызылады.
Сот-медициналық сарапшы зертханалық және қосымша сараптама зерттеулердің барлық қорытындыларын алғаннан кейін, қорытындыларды сараптаманы тағайындаған тұлғаның (органның) сарапшының шешуіне қойылған қаулысындағы сұрақтарға жауап ретінде 3-күн ішінде рәсімдейді.
Денсаулыққа келтірілген зиян дәрежесін сот-медицина сараптау барысында, сарапшы қаулыда көрсетілген барлық сұрақтарға жауап береді.
Сот-медициналық сарапшыға берілген құжаттарды зерттеген кезде, өлу себебін анықтау үшін маңызы бар деректерге және басқа сұрақтар жауабына ерекше көңіл аудара отырып, өлімнің болу шарты мен жағдайын анықтайды.
Сот-медициналық сарапшының өзінің арнайы білімі мен мәйітті зерттеу кезінде алынған деректерді жинақтап, жан-жақты және дұрыс талдауы нәтижесінде және диагноздың хаттама бөлігінде белгіленген зертханалық зерттеулердің нәтижелерінің, медициналық құжаттарды зерттеудің және тергеуші берген басқа материалдарды пайдаланудың негізінде жасаған тұжырымы қойылған сұрақтарға ғылыми негізделген дәлелді жауап болып табылуға тиіс.
20. Сот-биологиялық сараптаманы тағайындау негіздері және осы сараптама түрінің сипаттмасын беріңіз.
Сот-биологиялық сараптамасының объектілері ретінде келесілер қарастырылады: әр түрлі деңгейдегі тірі құрылымдар – бір клеткалы организмдерден бастап биологиялық қоғамдастыққа дейн, өсімдіктер және жануарлар немесе олардың бөлек бөлшектері, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетінің өнімдері, сондай-ақ, өсімдік және жануар шикізаттарын қайта өңдеу өнімдері. Тірі организдердің алуан түрлігін ескере отырып, келесі жолдармен сараптамалық зерттеудің тікелей объектілерінің тізімін анықтауға болады, яғни олар:
нативті (өзгермеген) организмдер және олардың фрагменттері: өсімдіктер және олардың бөлшектері – сабағы, жапырағы, тамыры, гүлі, ұрығы, гүл тозаңы, қабығы; өсімдіктердің шайыры (смола), сүттіген шырыны (млечный сок), гүл тозаңы, крахмал, жемістері;
жануарлар немесе денесінің кейбір бөлшектері (жүні, терісі, сүйегі, мүйізі) және органдары; жануарлардың қиы (экскременты), ішкі секреция органдарынан бөлінетін заттар немесе органдарының өзі, өт қаптары және тастары, жыныс бездері және олардың секрециялары;
құстар және олардың организмдерінің бөлшектері;
балықтар – жеке түрлері және олардың бөлшетері;
үлкен жәндіктер, олардың личинкалы кезеңдері, хитинді скелетінің бөліктері; жәндіктердің бөлу заттары – өрмекшінің торы, пілләсі (кокон), прополис, балы;
тергеліп жатқан оқиғаға байланысты емес түрде (мысал үшін, мәйітті табу орны), нақты жердің табиғи биологиялық кешенін құрайтын өсімдіктер мен жануарлардың жиынтығы;
адамның өндірістік іс-әрекеттерімен, сондай-ақ қылмыс жасаған тұлғалардың нақты әрекеттерінің механизмімен шартталған биологиялық объектілердің жасанды жиынтығы: ағаштан, өсімдік шикізатынан жасалған бұйымдар, ағаш үгінділері, пішен, силос массалары және комбикорм, дәнді дақылдар, темекі өнімдері және темекі заттары, қағаз өнімдері, өңделген тері және олардан жасалған бұйымдар, жүн, терісі, қой терісінен тігілетін тонның шикізаты, мүйіз және сүйек шикізаттарынан жасалған бұйымдар және т.б.
Сот-биологиялық сараптамасының пәнін сарапшылармен сот биология саласындағы арнайы ғылыми білімдерінің негізінде анықталатын азаматтық, қылмыстық істің, әкімшілік өндірістің нақты мәліметтері, жағдайлары құрайды. Сараптаманың көмегімен алынған деректі мәліметтер адам өлтіру, дене жарақатын салу, қарақшылық, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамалардың ережелерін бұзу, браконьерлік деректерін тергеген кезде пайдаланылады.
Сот-биологиялық сараптамасы шешетін міндеттері идентификациялық емес (диагностикалық, классификациялық, ситуациялық) және идентификациялық болып бөлінеді.
Осы сараптамалық зерттеу түрінің диагностикалық және классификациялық міндеттері келесі жағдайлармен басланысты: шығу тегі бойынша зерттеліп отырған жануардың немесе өсімдіктің табиғатын анықтау және оны нақты таксономиялық топтарға жатқызу (отряд, топ, түр), сонымен қатар салыстырылып жатқан объектілердің жалпы түрі, жалпы тобы бойынша ажырату. Оларды шешу кезінде мысалға келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:
тасушы-затта табылған микро бөлшектер шығу тегі бойынша өсімдік (жануар) объектілеріне жатады ма;
осы өсімдік объектісінің түрі, тегі, жасы, жынысы қандай;
осы объектінің бір бөлшегі болып табылатын жануар организмінің түрі, тегі, тұқымдастығы, отряды, жасы, жынысы;
өсімдіктер объектілерінің құрамдық компоненті қандай;
ұсынылған өсімдіктердің салыстырмалы зерттеу үшін алынған үлгілермен жалпы тектік (топтық) ұқсастығы бар ма;
ұсынылған жануар бөлшектері салыстырмалы зерттеу үшін алынған үлгілермен жалпы тектік (топтық) ұқсастығы бар ма;
оқиға орнында (немесе тасушы-затта) табылған талшықтар жануардың жүні болып табылады ма; олар қай жануарға тиесілі және т.б.
Осы сараптамалық зерттеу түрінің ситуациялық міндеттері қылмыс объектісі мен оқиғаның арасындағы себеп-салдарлық баланыстарын; зерттеліп отырған объектінің тергеліп жатқан оқиғамен уақыттық байланыстарын анықтаумен байланысты. Бұл міндеттерді шешу үшін мысалға келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:
жануар жүнінің немесе сабақтан жапырақтың, сабақтың тамырда ажырау механизмі қандай;
ұсынылған өсімдік (жануар) объектісі қандай әсерге ұшыраған (механикалық, термикалық, биологиялық, химиялық);
ұсынылған биологиялық объектілерде қоршаған ортаның әсер ету факторларының белгілері бар ма (сақтау, тасымалдау, биологиялық зақымдау);
шығу тегі биологиялық объектілерге қарағанда, олардың тасушы-затта жағылуы қашан орын алған; олардың нақты субъектіге (тасушы-затқа) жағылу уақыты қылмысты жасау уақытына сәйкес келеді ма;
нақты тұлға көмілген жердің қабатындағы биологиялық комплекске қарағанда, оны көмген уақыттан беру қанша сағат өтті, және т.б.
Осы сараптамалық зерттеу түрінің идентификациялық міндеттері салыстырылып отырған объектілердің жалпы немесе жеке (нақты) шығу тегіне тиесілігін, сонымен қатар шығу тегі бойынша нақты өсімдік немесе жануар объектісінің тепе-теңдігін анықтаумен байланысты (яғни, объект бөлшегінің бүтінге тиесілігін).
Жағдайға байланысты келесі идентификациялық сұрақтар қойылуы мүмкін:
табиғаты бойынша биологиялық объектілер тасушы-затта оқиға болған жердің нақты учаскесінен пайда болған ба;
биологиялық объектілердің (ағаш, ши тоқыма, тері, жануар денесінің бөлшектері) бөлшектері бөлінгенге дейін бір бүтінді құрады ма;
ұсынылған өсімдіктің бөлшектері нақты өсімдікке тиісті ма;
жануардың жүні нақты бір бұйымның бөлігі болып табылады ма;
ұсынылған биологиялық объектілер (сабан, комбикорм, жүн, дәнді дақылдар) біріңғай массаға тиесілі ма.
Сот-биологиялық сараптамасының қарауына ұсынылуы мүмкін сұрақтардың толық тізімін келтіру мүмкін емес, себебі оның зерттейтін объектісі көп қырлы және зерттеліп жатқан оқиғаның саласына қатысты болуымен байланысты.
21. Көлік құралдарының іздері бойынша трасологиялық сараптама және тергеушінің ізді алу, сақтау бойынша орындайтын әрекеттерімен
Көлік-трассологиялық сараптама көліктің жаяу жүргіншіге, қоршаған өзге де объектілерге зақым келтіруден пайда болатын іздерді зерттеумен айналысады. Аталған сараптама классификациялық міндеттерді шешуге бағытталған, оның ішінде көліктің дөңгелегімен немесе өзгеде жұлынған детальдарымен қалдырылған із бойынша көліктің моделін, түрін анықтайды.
Диагностикалық және ситуациялық міндеттер – соқтығысу жерінің қозғалыс бағытын анықтау, соқтығысу бұрышын анықтау т.с.с. бұл міндеттер сот көлік-трассологиялық сараптамасы бойынша дайындығы бар сарапшы-автотехникпен жүргізіледі.
Идентификациялық міндет – көліктің ізі, өзара контактілеу іздері, бөлініп қалған детальдары бойынша көлікті теңдестіруге бағытталған. Аталған зерттеулер криминалист-трассологтармен кейде криминалист-материаловедтермен жүргізіледі.
Көлік дөңгелектерінің іздерін зерттеу кезінде келесі классификациялық сұрақтар шешілуі мүмкін:
ұсынылған іздер көлік құралы дөңгелегімен қалдырылған ба ?
жеңіл немесе жүк құралымен із қалдырылды ма, көліктің моделі (мотоцикл, велосипед т.с.с.) ?
шинаның моделі;
қай детальмен (бөлшек) із қалдырылды ? т.с.с.
Диагностикалық міндеттерді шешу үшін қойылатын сұрақтар:
КҚ қай бағытта қозғалды ?
КҚ тоқтату немесе бұрылыс жасады ма ?
із қалдырған шинаның ақауы (дефект) бар ма ? (ақауы, дәрежесі)
іздердің пайда болу механизмі қандай ? (сырғу, соғу)
көлікте қалдырылған іздер басқа көлікпен соқтығысудан пайда болған жоқ па ?
Ситуациялық міндеттерді шешу үшін қойылатын сұрақтар:
жәбірленушінің денесіндегі зақымдар КҚ-ң қай бөлшектерімен қалдырылды ?
соқтығыс болған кезде жәбірленушінің орналасқан жері (салон, кузов т.с.с.);
Идентификациялық міндеттерді шешу үшін қойылатын сұрақтар:
зерттеуге ұсынылған КҚ деталімен із қалдырылған жоқ па ?
бір немесе бірнеше КҚ із қалдырылды ма ?
аталған КҚ-н із қалдырылған жоқ па ?
оқиға болған жерде табылған шыны қалдықтары зерттеуге ұсынылған шам шынылардың бүтінін құрайды ма ? т.с.с.
Кешенді сот-медициналық, трассологиялық және автотехникалық сараптамалармен анықталады:
жаяу жүргіншіні басқан КҚ типі, моделі, маркісі;
дене жарақаттарына, киім-кешектеріндегі іздер бойынша көлікті жүргізген адамның жеке тұлғасы;
жүргінші мен көліктің соқтығысу кезіндегі орналасқан жағдайы; т.с.с.
Заттай дәлелдемелерде (мысалы жәбірленушінің киімінде КҚ бояуларының іздері, ал көлікте жәбірленуші киімінің қалдығы қалдырылуы мүмкін. Аталған жағдайда заттар мен материалдар және бұйымдарды зерттеу саласындағы криминалист-мамандары қатысуы мүмкін.
