Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sot_Saraptamasy_zhauaptary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
288.24 Кб
Скачать

13. Тауарлар бойынша сот сараптамасының объектілері және шешілетін міндеттерге талдау жасаңыз.

Сот-тауарлық сараптаманың зерттеу объектісі әрқашанда сату-сатып алу саласына қатысты болады. Аталған сараптаманың объектілері көпжақты, күрделі және көп қызметті. Тауар тануда және сот-тауарлық сараптаманың теориясында көптеген жіктелу жүйелері орын алады. Мысалы, тауарлар материалды және материалды емес активтер деп бөлінеді.

Бірінші топ объектілеріне: жылжитын мүліктер: тауарлық-материалды құндылықтар, көлік құралдары, өндіріс құралдары т.с.с. жатады. Жылжымайтын мүліктерге: жер, жер қоймалары, жер телімдері, өндірістік және азаматтық құрылыстар, инженерлік инфрақұрылымдар, арнайы мақсатқа арналған құрылыстар, аяқталмаған құрылыстар т.с.с. жерге қатысты объектілер жатады.

Екінші топ объектілеріне: жұмыстар, қызметтер, шығармашылық және интеллектуалды қызметтің нәтижелері, өндірістік меншіктің объектілері (патентер, тауар белгілері, қызмет ету белгілері); өндірістік меншіктің тіркелмейтін объектілер (ноу-хау, гудвилл, ғылыми есептер, монография, технологиялық құжаттар, макеттер, модельдер, тәжірибелі үлгілер, қолдану жөніндегі нұсқаулар); қалдырылған шығындар (ұйымдастырушылық шығындар, ғылыми-зерттеу жұмысына қатысты шығындар), құжаттар мен материалдар (фотосуреттер, бейнежазбалар) т.с.с.

Жалпы жіктемелік сызба мен сот сараптамасының үш түрге бөлінуін негізге ала отырып сот-тауарлық сараптаманы келесі түрлерге бөлеміз:

  • азық-түлік емес тауарларды зерттеу;

  • азық-түлік тауарларын зерттеу;

  • көлік-тауарлық зерттеулер;

  • құрылыс-тауарлық зерттеулер;

  • контрафактілі өнімдерді зерттеу.

Сот-тауарлық сараптаманың пәні тауарлардың сипаттамасын, тұтынушылық және өзге де құндарына әсер ететін активтердің сипаттамасын анықтайтын фактілі деректер. Сараптама контрабанда, бөтен мүлікті иелену немесе талан-таражға салу, сапалы емес өнімдерді сату, алаяқтық т.с.с. фактілер бойынша тағайындалады.

Аталған сараптаманың міндеттері идентификациялық емес (диагностикалық, классификациялық, ситуациялық) және идентификациялық болып бөлінеді.

Классификациялық міндеттер тауардың түрін, оның артиклін, мөлшері мен бағасын, тегін анықтауға бағытталған.

Диагностикалық міндеттер келесі жағдайларды анықтайды, олар:

  • тауарды дайындау тәсілі;

  • нақты тауардың стандарттарға, сапасына немесе көлемдік көрсеткіштеріне сәйкестігі;

  • тауардың мүліктерді түгендеу немесе құнсыздану актілеріне сәйкестігі;

  • буып-түю әдісі, оның стандарттар мен өзге де нормативтерге сәйкестігі;

  • тауарды сақтау, тасымалдау т.с.с. нормативтерге сәйкестігі.

Ситуациялық міндеттерге жатады:

  • материалды және материалды емес активтер сипаттамасының шығындық, салыстырмалы және пайдалылық дәрежесін қолдана отырып ситуациялық талдауды жүргізу;

  • активтердің құны мен түрлерін анықтау (тұтынушылық, нарықтық, баланстық, кедендік қалпына келтіру, кепілдік т.с.с. құндары);

  • келтірілген залалдың көлемін анықтау т.с.с.

Идентификациялық міндеттері:

  • әр түрлі тұлғалардан (сезікті) алынған тауарлардың (заттай дәлелдемелер) жалпы қайнар көзін анықтау;

  • нақты бір затқа тиесілілігін, топтамаға қатыстылығын анықтау;

  • тауарды дайындаған елді анықтау т.с.с.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]