- •Арнайы білімдердің түсінігі және олардың сот өндірісінде қолданылу нысандары.
- •2. Сот сараптамасының түсінігі, оның мазмұнындағы белгілерді қылмыстық іс жүргізу құқығының міндеттерімен байланыстыра қарастырыңыз.
- •3. Сот сараптамасының әдістемелерінің теориялық және практикалық мәселелері.
- •4. Сараптамалық зерттеудің объектілері және оларға жеке талдау беріңіз.
- •5.Сот сараптамасы процессуалдық құқықтың жеке институты ретіндегі ролін, мағынасын анықтаңыз.
- •6. Қылмыстық іс қозғау сатысында сот сараптамасын тағайындаудың негіздерін және құқықтық салдарын іс қозғалғаннан кейінгі тағайындаумен салыстыра қарастырыңыз.
- •7. Сараптама міндетті түрде тағайындалатын жағдайлар және олардың қылмыстық процесстегі ролі.
- •8. Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу кездеріндегі айыпталушының құқықтарына азаматтардың конституциялық құқықтарының негізінде қарастырыңыз.
- •9. Салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін үлгілер алудың процессуалдық тәртібі бойынша сарапшының және тергеушінің қызметтерін анықтаңыз.
- •10. Тірі адамдарға сараптама жүргізудің ерекшеліктері.
- •11. Азаматтық процессте сараптама жүргізу және оны қылмыстық процесстегі сараптамалық қызметпен арақатынасын ажыратыңыз.
- •12. Сот сарапшысының түсінігі және оның маманнан процессуалдық айырмашылығы.
- •13. Сарапшының құқықтары мен міндеттерін сараптама тағайындау бойынша тергеушінің өкілеттіктері мен міндеттерімен салыстыра қарастырыңыз.
- •14. Сарапшыға қайыру (отвод) немесе өзіне өзі қайыру берудің негіздері.
- •15. Сарапшының жауаптылығы және сарапшылық этика ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
- •1. Сараптамалық мекемелер және олардың түрлері мен құрылысы «қр сараптамалық қызмет туралы» Заң негізінде анықтаңыз.
- •Бұл құқықтармен қатар аталған Заңның 22 бабы сот сраптамасы органы жетекшісінің мынандай міндеттерін келтіреді:
- •2. Сараптамалық мекеме жетекшісінің құқықтары.
- •4. Сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің түрлерін және оның ерекшеліктері анықтаңыз.
- •5. Сараптамалық зерттеудің сатыларына талдау жасай отырып, сарапшының негізгі қызметтерін анықтаңыз.
- •6. Сараптамалық қараудың әдістемесі мен техникасы, оның өзге сатылардан айырмашылығын анықтаңыз.
- •7. Объектілерді бөліп талдау әдістемесін, оның қажеттілігі тұрғысынан негіздеңіз .
- •8. Сараптамалық эксперименттің сараптамалық қызметтің бір түрі ретіндегі ролін мазмұнын ашыңыз.
- •9. Салыстырмалы зерттеуді сараптамалық зерттеу ұғымымен байланыстыра қарастырыңыз.
- •10. Зерттеу нәтижелерін сарапшының бағалауын сарапшының қорытындысына әсері тұрғысынан қарастырыңыз.
- •11. Сараптамалық қызметтің психологиялық аспектілері.
- •12. Сарапшының қорытындысы дәлелдеу құралы ретіндегі ролін анықтаңыз.
- •13. Сарапшы қорытындысының құрылысы мен мазмұны.
- •14. Сарапшының қорытындысын тергеушінің, соттың бағалауы және сарапшы қорытындысына тергеушінің, соттың күмәнданмен қарауының салдарын көрсетіңіз .
- •15. Сарапшының қорытындысын дәлелдемелік қызметте қолдану.
- •Криминалистикалық сараптама: түсінігі, пәні және міндеттері.
- •2. Криминалистикалық сараптамаларды топтастыру және олардың криминалистикалық сараптамалар тобына жату себептерін анықтаңыз.
- •3. Қолтанушылық және авторды танушылық сараптамалар, олардың ара қатынасын анықтаңыз.
- •4. Құжаттарды технико-криминалистикалық сараптамалау, және бұл сараптама түрінде қолданылатын әдістемелер.
- •5. Трасологиялық сараптаманың түсінігі, объектілері және адамнан алынатын іздердің түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •11.1. Адам іздерінің сараптамасы
- •6. Сыртқы белгілері бойынша сараптама (сот-портреттік сараптама) бойынша шешілетін міндеттер.
- •7. Фототехникалық сараптама және бұл сараптама түрі бойынша сарапшыға жиі қойылатын сұрақтарды келтіріңіз.
- •9. Суық қарулар бойынша сараптама тағайындалатын жағдайлар және тергеушінің өзі анықтайтын жағдайларды анықтаңыз.
- •Сот экономикалық сараптама
- •11. Жоспарлы-экономикалық сараптаманың тағайындалу негіздерін өзге экономикалық сараптамамен салыстыра отырып анықтаңыз.
- •1) Қаржы-несиелік зерттеулер;
- •2) Қаржы-бюджеттік зерттеулер.
- •13. Тауарлар бойынша сот сараптамасының объектілері және шешілетін міндеттерге талдау жасаңыз.
- •14. Қаржы-экономикалық сараптаманың сипаттамасын сот-бухгалтерлік сараптамамен салыстыра отырып беріңіз.
- •15. Материалдарды, бұйымдарды және заттарды сараптамалау.
- •Боялған материалдар мен қабаттардың сот сараптамасы
- •Талшықтық объектілердің сот сараптамасы
- •Есірткі және психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы
- •16. Инженерлік-техникалық сараптама тағайындау негіздері, объектілері және осы сараптама түрі бойынша шешілетін міндеттер.
- •Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
- •22. Сараптама объектілерін сарапшыға жіберу тәртібі және дұрыс, сапалы жібермеудің салдарын қіжқ бойынша анықтаңыз.
- •23. Сараптама жүргізу үшін адамның өз келісімі қажет болатын және қажет емес жағдайларды көрсетіңіз.
- •24. Бұзу құралдарының іздері бойынша трасологиялық сараптама және шешілетін міндеттер.
- •25. Қайталай сараптама тағайындау негіздері және тағайындау, жүргізу тәртібі.
- •Сарапшының мұның алдындағы қортындысы жеткілікті негізделмеген немесе оның дұрыстығы күмән болуы;
- •Оны жүргізудің процессуалдық нормалары елеулі түрде бұзылған болуы.
- •26. Кешенді сараптама және оны тағайындау негіздері мен жүргізу тәртібі.
- •27. Комиссиялы сараптамаға жататын сараптама түрлері және жүргізу тәртібі.
- •28. Сараптама жүргізу мерзімі және сараптама мерзімін есептеу.
- •29. Адамның аяқ іздерін алу және сараптама жүргізу кезінде анықталатын жағдайлар.
- •Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
5. Трасологиялық сараптаманың түсінігі, объектілері және адамнан алынатын іздердің түрлеріне сипаттама беріңіз.
Трасологиялық сараптаманың зерттеу объектісі материалдық дүние заттарының сыртқы құрылысы және олардың із қабылдаушы заттардың бетінде бейнеленіп қалуын айтамыз. Трасологиялық сараптаманың объектілері адам, жануар, бұзу құралдары, көлік құралдары, жаппай өндірістің бұйымдары. Аталған объектілердің қасиеттері, жіктелуі туралы сипаттама криминалистикалық техниканың бөлімі болып табылатын – трассологияда беріледі. Трасологиялық сараптама объектілеріне қатысты келесі түрлерге бөлінеді:
адамның қолының, аяқ киімінің, тістерінің трассологиялық сараптамасы;
құлыптап жабылатын, қорғағыш механизм мен бұзу құралдарының сот сараптамасы;
көлік іздерінің сот сараптамасы (аталған сараптама түрінің мүмкіндіктері 13.3 бөлімінде қарастырылады);
жануарлар іздерінің сот сараптамасы;
жаппай өндіріс бұйымдарының сот сараптамасы;
қылмыскердің, жәбірленушінің киімдеріндегі механикалық іздердің сот сараптамасы;
бөлшекті бүтін бойынша анықтаудың сот сараптамасы.
Трасологиялық сараптаманың пәні ретінде іздерді (қол, аяқ, аяқ киім, жануардың іздері, бұзу құралдарының, көлік құралдарының іздері т.б.) зерттеу негізінде анықталатын фактілі деректер болып табылады. Трассологиялық сараптама арқылы анықталатын фактілі деректер көптеген қылмыстарды тергеу кезінде қажетті.
Трасологиялық сараптаманың міндеттері екі топқа бөлінеді: идентификациялық және идентификациялық емес (классификациялық, диагностикалық және ситуациялық).
Диагностикалық міндеттер іздерді табу мен бекітуге және із қалдырған объектімен теңдестіру үшін жарамдылығын анықтауға бағытталған.
Классификациялық міндеттер іздерді табу мен зерттеу кезінде іздің топтық және тектік қатыстылығын анықтауға және оны классификациялық жүйенің ғылымына жатқызуға бағытталған.
Ситуациялық міндеттер із қабылдайтын объектінің шарттарын, механизімін, уақытын анықтау үшін қажет. Олар іздің пайда болу механізмін, басқа объектімен өзара қатынасын, іздердің пайда болу кезектілігін анықтайды.
Идентификациялық міндеттері із қалдырылған нақты объектіні (адамның, жануарлардың, бұзу құралдарының іздері, көлік іздері) жекелендіруге бағытталған. Сол сияқты, морфологиялық және өзара байланысты ерекшеліктеріне қатысты толық объектіні теңдестіруге бағытталған.
11.1. Адам іздерінің сараптамасы
Адам іздеріне әдетте қолдың, аяқтың, тістің, аяқ киімнің, дененің жеке бөліктері, адам денесінің өзге де іздері жатады. Тәжірбиеде қолдың, аяқ киімнің іздері жиі кездесетін болса, тістің, адам денесінің жеке бөліктерінің іздері сирек кездеседі.
Адам қолының іздері – дактилоскопиялық сараптамада зерттеледі және диагностикалық және идентификациялық міндеттегі сұрақтарды шешеді. Мәселен:
ұсынылған объектіде адам қолдарының папиллярлы өрнектері бар ма? және оларды із қалдырған адамның саусағымен идентификациялауға жарамды ма? (мұндай сұрақ сарапшыға криминалист-маманның тінту немесе оқиға болған жерді қарау кезінде қол іздері көрінбейтін заттарды алу кезінде орын алады);
ұсынылған объектіде қол іздерінің папиллярлы өрнектері нақты адаммен қалдырылған ба ?
әр түрлі объектіде табылған іздер бір тұлғамен немесе бірнеше тұлғамен қалдырылған ба ?
