- •Арнайы білімдердің түсінігі және олардың сот өндірісінде қолданылу нысандары.
- •2. Сот сараптамасының түсінігі, оның мазмұнындағы белгілерді қылмыстық іс жүргізу құқығының міндеттерімен байланыстыра қарастырыңыз.
- •3. Сот сараптамасының әдістемелерінің теориялық және практикалық мәселелері.
- •4. Сараптамалық зерттеудің объектілері және оларға жеке талдау беріңіз.
- •5.Сот сараптамасы процессуалдық құқықтың жеке институты ретіндегі ролін, мағынасын анықтаңыз.
- •6. Қылмыстық іс қозғау сатысында сот сараптамасын тағайындаудың негіздерін және құқықтық салдарын іс қозғалғаннан кейінгі тағайындаумен салыстыра қарастырыңыз.
- •7. Сараптама міндетті түрде тағайындалатын жағдайлар және олардың қылмыстық процесстегі ролі.
- •8. Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу кездеріндегі айыпталушының құқықтарына азаматтардың конституциялық құқықтарының негізінде қарастырыңыз.
- •9. Салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін үлгілер алудың процессуалдық тәртібі бойынша сарапшының және тергеушінің қызметтерін анықтаңыз.
- •10. Тірі адамдарға сараптама жүргізудің ерекшеліктері.
- •11. Азаматтық процессте сараптама жүргізу және оны қылмыстық процесстегі сараптамалық қызметпен арақатынасын ажыратыңыз.
- •12. Сот сарапшысының түсінігі және оның маманнан процессуалдық айырмашылығы.
- •13. Сарапшының құқықтары мен міндеттерін сараптама тағайындау бойынша тергеушінің өкілеттіктері мен міндеттерімен салыстыра қарастырыңыз.
- •14. Сарапшыға қайыру (отвод) немесе өзіне өзі қайыру берудің негіздері.
- •15. Сарапшының жауаптылығы және сарапшылық этика ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
- •1. Сараптамалық мекемелер және олардың түрлері мен құрылысы «қр сараптамалық қызмет туралы» Заң негізінде анықтаңыз.
- •Бұл құқықтармен қатар аталған Заңның 22 бабы сот сраптамасы органы жетекшісінің мынандай міндеттерін келтіреді:
- •2. Сараптамалық мекеме жетекшісінің құқықтары.
- •4. Сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің түрлерін және оның ерекшеліктері анықтаңыз.
- •5. Сараптамалық зерттеудің сатыларына талдау жасай отырып, сарапшының негізгі қызметтерін анықтаңыз.
- •6. Сараптамалық қараудың әдістемесі мен техникасы, оның өзге сатылардан айырмашылығын анықтаңыз.
- •7. Объектілерді бөліп талдау әдістемесін, оның қажеттілігі тұрғысынан негіздеңіз .
- •8. Сараптамалық эксперименттің сараптамалық қызметтің бір түрі ретіндегі ролін мазмұнын ашыңыз.
- •9. Салыстырмалы зерттеуді сараптамалық зерттеу ұғымымен байланыстыра қарастырыңыз.
- •10. Зерттеу нәтижелерін сарапшының бағалауын сарапшының қорытындысына әсері тұрғысынан қарастырыңыз.
- •11. Сараптамалық қызметтің психологиялық аспектілері.
- •12. Сарапшының қорытындысы дәлелдеу құралы ретіндегі ролін анықтаңыз.
- •13. Сарапшы қорытындысының құрылысы мен мазмұны.
- •14. Сарапшының қорытындысын тергеушінің, соттың бағалауы және сарапшы қорытындысына тергеушінің, соттың күмәнданмен қарауының салдарын көрсетіңіз .
- •15. Сарапшының қорытындысын дәлелдемелік қызметте қолдану.
- •Криминалистикалық сараптама: түсінігі, пәні және міндеттері.
- •2. Криминалистикалық сараптамаларды топтастыру және олардың криминалистикалық сараптамалар тобына жату себептерін анықтаңыз.
- •3. Қолтанушылық және авторды танушылық сараптамалар, олардың ара қатынасын анықтаңыз.
- •4. Құжаттарды технико-криминалистикалық сараптамалау, және бұл сараптама түрінде қолданылатын әдістемелер.
- •5. Трасологиялық сараптаманың түсінігі, объектілері және адамнан алынатын іздердің түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •11.1. Адам іздерінің сараптамасы
- •6. Сыртқы белгілері бойынша сараптама (сот-портреттік сараптама) бойынша шешілетін міндеттер.
- •7. Фототехникалық сараптама және бұл сараптама түрі бойынша сарапшыға жиі қойылатын сұрақтарды келтіріңіз.
- •9. Суық қарулар бойынша сараптама тағайындалатын жағдайлар және тергеушінің өзі анықтайтын жағдайларды анықтаңыз.
- •Сот экономикалық сараптама
- •11. Жоспарлы-экономикалық сараптаманың тағайындалу негіздерін өзге экономикалық сараптамамен салыстыра отырып анықтаңыз.
- •1) Қаржы-несиелік зерттеулер;
- •2) Қаржы-бюджеттік зерттеулер.
- •13. Тауарлар бойынша сот сараптамасының объектілері және шешілетін міндеттерге талдау жасаңыз.
- •14. Қаржы-экономикалық сараптаманың сипаттамасын сот-бухгалтерлік сараптамамен салыстыра отырып беріңіз.
- •15. Материалдарды, бұйымдарды және заттарды сараптамалау.
- •Боялған материалдар мен қабаттардың сот сараптамасы
- •Талшықтық объектілердің сот сараптамасы
- •Есірткі және психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы
- •16. Инженерлік-техникалық сараптама тағайындау негіздері, объектілері және осы сараптама түрі бойынша шешілетін міндеттер.
- •Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
- •22. Сараптама объектілерін сарапшыға жіберу тәртібі және дұрыс, сапалы жібермеудің салдарын қіжқ бойынша анықтаңыз.
- •23. Сараптама жүргізу үшін адамның өз келісімі қажет болатын және қажет емес жағдайларды көрсетіңіз.
- •24. Бұзу құралдарының іздері бойынша трасологиялық сараптама және шешілетін міндеттер.
- •25. Қайталай сараптама тағайындау негіздері және тағайындау, жүргізу тәртібі.
- •Сарапшының мұның алдындағы қортындысы жеткілікті негізделмеген немесе оның дұрыстығы күмән болуы;
- •Оны жүргізудің процессуалдық нормалары елеулі түрде бұзылған болуы.
- •26. Кешенді сараптама және оны тағайындау негіздері мен жүргізу тәртібі.
- •27. Комиссиялы сараптамаға жататын сараптама түрлері және жүргізу тәртібі.
- •28. Сараптама жүргізу мерзімі және сараптама мерзімін есептеу.
- •29. Адамның аяқ іздерін алу және сараптама жүргізу кезінде анықталатын жағдайлар.
- •Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
8. Сараптамалық эксперименттің сараптамалық қызметтің бір түрі ретіндегі ролін мазмұнын ашыңыз.
9. Салыстырмалы зерттеуді сараптамалық зерттеу ұғымымен байланыстыра қарастырыңыз.
Сараптамалық зерттеуді жүргізу кезінде айтарлықтай мәселе салыстырмалы зерттеулер үшін үлгілер пайдалану, әсіресе түп нұсқаның құрамын тікелей зерттеу мүмкін емес немесе мақсатқа сай емес жағдайларда туындайды. «Қазақстан Республикасыныдағы сот сараптамалық қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес Үлгілер-бұл сот сараптамалық зерттеуді жүргізу және сарапшының қортындысын беру үшін тірі адамның, мәйіттің, жануардың, заттың құрамын бейнелейтін материалдық әлемнің объектілері болып табылады.
Салыстырмалы зерттеулер үшін үлгілер ретінде заң (ҚР ҚІЖК 256 бабы) адамнан алынатын мыналарды атайды: қан, сперма, шаштар, тырнақ кесінділері, дененің сыртқы қабатының микроскопиялық қырындылары (соскобы), түкірік, тер және басқа да бөлінділер, тері өрнегінің іздері, тістің слепкалары, қол жазба және адамның қасиеттерін білдіретін өзге де материалдар, дауыстың фонограммасы.Үлгілерге сондай-ақ материалдардың, заттардың, дайын өнімдердің, пробалары, гильзаның, оқтың үлгілері, құралдар мен механизмдердің іздері де жатады.
10. Зерттеу нәтижелерін сарапшының бағалауын сарапшының қорытындысына әсері тұрғысынан қарастырыңыз.
Қазақстан Республикасының «Сот-сараптамалық қызметі туралы» Заңының 1-ші бабына сәйкес, сарапшының қорытындысы – сот-сараптамалық зерттеудің реті мен нәтижелерін көрсететін заңға сәйкес рәсімделген құжат.
Сот өндірісінде сарапшының қорытындысы екі түрлі мәнге ие, біріншіден сот дәлелдемесінің түрі ретінде, екіншіден дәлелдеме көрсетілген процессуалды акті.
Сарапшының қорытындысы процессуалды акті ретінде рәсімделуі бірқатар процессуалды талаптарға ие. Сараптаманың қорытындысын рәсімдеу Қазақстан Республикасының «Сот-сараптамалық қызмет туралы» заңымен реттеледі. Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінің Сот сараптама орталығында мамандандырылған зерттеулер мен Сот сараптамасын жүргізу туралы нұсқауы Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінің 24 қазан 2002 ж. N 158 (өзгертулер мен толықтырулары бар) бұйрығымен және өзге де нормативті актілерімен бекітілген.
Сарапшының қорытындысы өзінің нысаны мен мазмұнына қарай өткізілетін сараптаманың процессуалды мәртебесін (алғашқы, қосымша, қайталама, комиссиялық, кешенді) білдіреді, сол сияқты оларды кіріспе, сипаттау және қорытынды бөлімдерге бөледі. Сонымен қатар, қосымша ретінде фототаблица, көшірме, сызбалар т.с.с. қорытындыға тіркеледі.
Қорытындының кіріспе бөлімі сараптамалық зерттеудің ұйымдастырушылық-басқарушылық аспектісін білдіреді. Мұнда келесі мәліметтер орын алады:
сараптаманы тағайындаған орган мен тұлға;
сараптаманы тағайындаудың негіздері (белгілі-бір іс бойынша қаулы немесе ұйғарым шығару);
зерттеу объектілерінің тізімі (заттай дәлелдемелер, салыстырмалы зерттеу үшін үлгілер);
объектілерді жеткізудің тәсілдері;
сараптамаға қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер (аты-жөні, процессуалдық жағдайы);
сараптаманың алдына қойылатын сұрақтар.
11. Сараптамалық қызметтің психологиялық аспектілері.
Сот-психиатриялық және сот-психологиялық сараптама құпия негізде жүзеге асырылады. Сот-сараптамалық зерттеулер тірі адамдардың киім-кешектерін шешіндіріп жүргізілгенде, тек сол жыныстың өкілі қатыса алады. Аталған шектеу зерттеу кезінде қатысатын дәрігерлер және медициналық қызметкерлер үшін де таралады.
Тұлғаның құқықтарын қорғау сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алған кезде өзекті сипатқа ие. Осыған сәйкес, үлгілерді алудың әдіс-тәсілдері адамдардың денсаулығы мен өміріне зардап келтірмеуі қажет. Күрделі медициналық процедураларды не әдістерді қолдану, егер адам үшін ауыртпалық сезім тудыратын болса, ол сол тұлғаның келісімімен жүргізілуі керек. Аталған тұлға кәмелетке толмаған не психиатриялық ауыруға шалдықан болса, оның өкілдерінің келісімімен ғана ол тұлғалардан сараптамалық зерттеу үшін үлгілері алынады (ҚІЖК 262 б.).
