Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sot_Saraptamasy_zhauaptary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
288.24 Кб
Скачать

«Сот сараптамасы: ұйымдастырылуы және жүргізілуі» пәні бойынша емтихан сұрақтары

1-блок.

1. Арнайы білімдердің түсінігі және олардың сот өндірісінде қолданылу нысандары.

2. Сот сараптамасының түсінігі, оның мазмұнындағы белгілерді қылмыстық іс жүргізу құқығының міндеттерімен байланыстыра қарастырыңыз.

3. Сот сараптамасының әдістемелерінің теориялық және практикалық мәселелері.

4. Сараптамалық зерттеудің объектілері және оларға жеке талдау беріңіз.

5.Сот сараптамасы процессуалдық құқықтың жеке институты ретіндегі ролін, мағынасын анықтаңыз. 

6. Қылмыстық іс қозғау сатысында сот сараптамасын тағайындаудың негіздерін және құқықтық салдарын іс қозғалғаннан кейінгі тағайындаумен салыстыра қарастырыңыз.

7. Сараптама міндетті түрде тағайындалатын жағдайлар және олардың қылмыстық процесстегі ролі.

8. Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу кездеріндегі айыпталушының құқықтарына азаматтардың конституциялық құқықтарының негізінде қарастырыңыз.

9. Салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін үлгілер алудың процессуалдық тәртібі бойынша сарапшының және тергеушінің қызметтерін анықтаңыз.

10. Тірі адамдарға сараптама жүргізудің ерекшеліктері.

11. Азаматтық процессте сараптама жүргізу және оны қылмыстық процесстегі сараптамалық қызметпен арақатынасын ажыратыңыз.

12. Сот сарапшысының түсінігі және оның маманнан процессуалдық айырмашылығы.

13. Сарапшының құқықтары мен міндеттерін сараптама тағайындау бойынша тергеушінің өкілеттіктері мен міндеттерімен салыстыра қарастырыңыз.

14. Сарапшыға қайыру (отвод) немесе өзіне өзі қайыру берудің негіздері.

15. Сарапшының жауаптылығы және сарапшылық этика ұғымдарының мағынасын ашыңыз.

2-блок.

1. Сараптамалық мекемелер және олардың түрлері мен құрылысы «ҚР сараптамалық қызмет туралы» Заң негізінде анықтаңыз.

2. Сараптамалық мекеме жетекшісінің құқықтары.

3. Сараптамалық мекемеден тыс жерде сараптама жүргізу негіздері және тәртібі.

4. Сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің түрлерін және оның ерекшеліктері анықтаңыз.

5. Сараптамалық зерттеудің сатыларына талдау жасай отырып, сарапшының негізгі қызметтерін анықтаңыз.

6. Сараптамалық қараудың әдістемесі мен техникасы, оның өзге сатылардан айырмашылығын анықтаңыз.

7. Объектілерді бөліп талдау әдістемесін, оның қажеттілігі тұрғысынан негіздеңіз .

8. Сараптамалық эксперименттің сараптамалық қызметтің бір түрі ретіндегі ролін мазмұнын ашыңыз.

9. Салыстырмалы зерттеуді сараптамалық зерттеу ұғымымен байланыстыра қарастырыңыз.

10. Зерттеу нәтижелерін сарапшының бағалауын сарапшының қорытындысына әсері тұрғысынан қарастырыңыз.

11. Сараптамалық қызметтің психологиялық аспектілері.

12. Сарапшының қорытындысы дәлелдеу құралы ретіндегі ролін анықтаңыз.

13. Сарапшы қорытындысының құрылысы мен мазмұны.

14. Сарапшының қорытындысын тергеушінің, соттың бағалауы және сарапшы қорытындысына тергеушінің, соттың күмәнданмен қарауының салдарын көрсетіңіз .

15. Сарапшының қорытындысын дәлелдемелік қызметте қолдану.

3-блок

1. Криминалистикалық сараптама: түсінігі, пәні және міндеттері.

2. Криминалистикалық сараптамаларды топтастыру және олардың криминалистикалық сараптамалар тобына жату себептерін анықтаңыз.

3. Қолтанушылық және авторды танушылық сараптамалар, олардың ара қатынасын анықтаңыз.

4. Құжаттарды технико-криминалистикалық сараптамалау, және бұл сараптама түрінде қолданылатын әдістемелер.

5. Трасологиялық сараптаманың түсінігі, объектілері және адамнан алынатын іздердің түрлеріне сипаттама беріңіз.

6. Сыртқы белгілері бойынша сараптама (сот-портреттік сараптама) бойынша шешілетін міндеттер.

7. Фототехникалық сараптама және бұл сараптама түрі бойынша сарапшыға жиі қойылатын сұрақтарды келтіріңіз.

8. Сот-баллистикалық сараптаманың түсінігі, объектілері және шешілетін міндеттерді негіздей отырып келтіріңіз.

9. Суық қарулар бойынша сараптама тағайындалатын жағдайлар және тергеушінің өзі анықтайтын жағдайларды анықтаңыз.

10. Сот-экономикалық сараптаманың түсінігі және объектілерін анықтай отырып, шешілетін міндеттерді көрсетіңіз.

11. Жоспарлы-экономикалық сараптаманың тағайындалу негіздерін өзге экономикалық сараптамамен салыстыра отырып анықтаңыз.

12. Сот-бухгалтерлік сараптаманың сипаттамасын қаржы-экономикалық сараптамамен салыстырмалы түрде беріңіз.

13. Тауарлар бойынша сот сараптамасының объектілері және шешілетін міндеттерге талдау жасаңыз.

14. Қаржы-экономикалық сараптаманың сипаттамасын сот-бухгалтерлік сараптамамен салыстыра отырып беріңіз.

15. Материалдарды, бұйымдарды және заттарды сараптамалау.

16. Инженерлік-техникалық сараптама тағайындау негіздері, объектілері және осы сараптама түрі бойынша шешілетін міндеттер.

17. Сот-психологиялық сараптаманың сипаттмасын оны тағайындау негіздерімен байланыста қарастырыңыз.

18. Сот-психиатрилық сараптаманың сипаттмасын оны тағайындау негіздерімен байланыста қарастырыңыз.

19. Сот-медициналық сараптама бойынша сарапшыға қойылатын әр түрлі міндеттердегі сұрақтарды көрсетіңіз.

20. Сот-биологиялық сараптаманы тағайындау негіздері және осы сараптама түрінің сипаттмасын беріңіз.

21. Көлік құралдарының іздері бойынша трасологиялық сараптама және тергеушінің ізді алу, сақтау бойынша орындайтын әрекеттерімен сарапшының қызметтерін салыстыра анықтаңыз.

22. Сараптама объектілерін сарапшыға жіберу тәртібі және дұрыс, сапалы жібермеудің салдарын ҚІЖҚ бойынша анықтаңыз.

23. Сараптама жүргізу үшін адамның өз келісімі қажет болатын және қажет емес жағдайларды көрсетіңіз.

24. Бұзу құралдарының іздері бойынша трасологиялық сараптама және шешілетін міндеттер.

25. Қайталай сараптама тағайындау негіздері және тағайындау, жүргізу тәртібі.

26. Кешенді сараптама және оны тағайындау негіздері мен жүргізу тәртібі.

27. Комиссиялы сараптамаға жататын сараптама түрлері және жүргізу тәртібі.

28. Сараптама жүргізу мерзімі және сараптама мерзімін есептеу.

29. Адамның аяқ іздерін алу және сараптама жүргізу кезінде анықталатын жағдайлар.

30. Сараптама жүргізуден бас тартудың негіздері, бас тарту орын алғанда тергеушінің кезекті қызметін анықтаңыз.

1-блок.

  1. Арнайы білімдердің түсінігі және олардың сот өндірісінде қолданылу нысандары.

Арнайы әдістер-қолданылу аясы бір немесе бірнеше ғылымдармен шектелген (мысалы физикамен, химиямен, анторпологиямен, социологиямен, психологиямен, биологиямен және т.б. ғылымдармен), сот экспертологиясымен практикалық қызметтерде қолданылатын әдістер.

Арнайы әдістер сараптамалық практикада екі үлкен топқа бөлінеді: көрінбейтін заттарды анықтау әдістері және зерттеу объектісінің алғашқы жағдайын, түрін қалпына келтіру әдістері. Бұл әдіс өз кезегінде фотографиялық, математикалық, химиялық, физикалық, биологиялық, кибернетикалық (электронды-есептегіш) және т.б бөлінеді.

Сот сараптамасындағы әдістердің және ғылыми техникалық құралдардың қолдануға болатындығының (допустимость) критерийлері заңдылық, ғылымилық, сенімділік, қауіпсіздік, тиімділік, үнемділік адамгершілік нормаларына сәйкестігі болып табылады.

2. Сот сараптамасының түсінігі, оның мазмұнындағы белгілерді қылмыстық іс жүргізу құқығының міндеттерімен байланыстыра қарастырыңыз.

Сот сараптамасының ғылыми негіздері өз дамуының қазіргі уақытында сот экспертологиясы деп аталатын пән аралық негізде пайда болған жалпы теорияны білдіреді. Сот сараптамасының жалпы теориясын жеке ғылыми негіз ретінде тану екі қызметтің бар екендігін білдіреді: бір жағынан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді жүргізуде өзге ғылымдардан мәліметтерді тарта отырып теориялық жағынан қорытылған және белгілі бір міндеттерді шеше алатындығын көрсетсе, екінші жағынан осы процессте қолданылатын өзге ілімдерден ажырата қарауға мүмкіндік береді.

Сот экспертологиясы-сот өндірісінде аранайы сараптамалық ілімдерді заңды және ғылыми негізделген мақсаттарда қолдану үшін сот сараптамасының әдістемелік, құқықтық, ұйымдастырушылық негіздерін дамытуға және оның қалыптасу заңдылықтарын ашуға бағытталған ілімнің саласы болып табылады.

Сот экспертологиясының пәні ғылым саласы ретінде келесідей заңдылықтарды тануды қамтиды:

- ғылыми ілім ретінде сот сараптамасының пайда болу, қалыптасу, және даму әдістемелерін көрсететін заңдылықтарды;

- сот сараптамалық қызметтің процессуалдық мәнін қарастыруды қамтамасыз ететін заңдылықтарды және осы негізде оның құқықтық реттелуін жетілдіру бойынша ғылыми рекомендацияларды қарастыру;

- сот өндірісінде сот сараптамалық қызметтерді тиімді іске асыруды қамтамасыз ететін ғылыми ұйымдастырушылық заңдылықтарды және әдістемелік негіздерін қалыптастыру;

Сот экспертологиясының барлық міндеттері екі топқа бөлінеді- негізгі және арнайы.

Негізгі міндеттер-процессуалдық заңдарға сәйкес негіздерде әр түрлі ғылымдардың ережелерін тиімді қолдана отырып, қылмыстық, азаматтық әкімшілік сот өндірістерінің мәселелерін шешу және осы жағдайдың өзінде сот сараптамасын ұйымдастырудың және жүргізудің ғылыми негіздерін қарастыру және жетілдіру.

Негізгі міндеттер кейінгі арнайы міндеттерді орындау арқылы нақтыланады:

- ғылыми ілім ретінде сот сараптамасының әдістемелік негіздерін қалыптастыру және дамыту;

- сот-сараптамалық қызметті жетілдірудің құқықтық, ұйымдастырушылық және әдістемелік мәселелерін қарастыру;

- сот сараптамасының жеке ілімін және теориясын дамыту;

- сараптамалық зерттеудің жаңа және қазіргі қолданыстағы құралдары мен әдістерін қарастыру;

- қылмыстық, азаматтық және әкімшілік сот өндірістеріндегі сот сараптамасы нәтижелерін қолдану тәсілдерін қарастыру және жетілдіру;

- сот сараптамасы бойынша шет елдердің алдыңғы қатарлы тәжірбилерін талдау және практикаға енгізу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]