Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
programma_praktiki_4kurs_2017_zh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
322.56 Кб
Скачать
  1. Білім алушының іс-тәжірибе өту нәтижесі бойынша компетенциялық қалыптасуы

Бакалавриат дайындау бағыты бойынша білім беру бағдарламасына сәйкес іс-тәжірибеден өту үрдісі төмендегіше компетенция элементтерін қалыптастыруға бағытталған:

а) Жалпы (ЖК):

5В070300 – Ақпараттық жүйелер БББ бойынша бакалавры білім беру бағдарламаларының мақсатқа жетуі үшін жалпы (ЖК) және кәсіби (КК) компетенциялармен бірге меңгеру қажет:

ЖК1 - білім алу қабілеттілігі, тың білімді игеру, математикалық, жаратылыс және әлеуметтік - экономикалық ғылымдар аясындағы білімділік және оларды кәсіби қызметінде қолдана білу;

ЖК2 – мәселелерді шешу үшін логикалық және кризистік ойлауды қолдануға қабілеттілік;

ЖК3 – Іс-тәжірибеге кәсіби білімің мен біліктілігіңді қолдандағы қабілеттілік;

ЖК4 – кәсіби аумақтағы мәселелернің ғылыми мәнін айқындау қабілеттілігі;

ЖК5 – кәсіби қызметтегі мәселелерді талдау және синтез негізінде шешу қабілеттілігі;

ЖК6 – бағалау қабілеттілік қорларға қажеттілікті анықтау және оларды кәсіби қызметтерге қажетті шешімдерді қабылдауды жоспарлау қабілеттілігі;

ЖК7 – инновацияға қолдану қабілеттілігі;

ЖК8 – ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қолдануға қабілеттілік;

ЖК9 – зерттеушілік қызмет жүргізуге қабілеттілік;

ЖК10 – ұжымдағы жұмысқа қабілеттілік;

ЖК11- мақсаттар және қарым-қатынас жағдайында коммуникацияларды сауатты құруға қабілеттілік;

ЖК12- жиналған тәжірибені дағдарыс жағдайында бағалау және қайта айқындау, кәсіби және әлеуметтік қызметке дағдылануға қабілеттілік;

ЖК13 –өндірістік немесе қолданбалы қызметті халықаралық ортада жүзеге асыру қабілеттілік;

ЖК14 –айналасындағылармен құрметпен қарым қатынаста болу және төзімділік қабілеттілігі;

ЖК15 –мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде сауатты қатынаста болу қабілеттілігі;

ЖК16 – салауатты өмір салтын ұстану қабілеттілігі;

ЖК17 -нормативтік және құқықтық құжаттарды қызметтерінде қолдану қабілеттілігі;

ЖК18 –жаңа экономикалық, әлеуметтік,саяси және мәдени жағдайларға өзін-өзі дамытуға және бейімделуге талпынуы;

ЖК19 –өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік маңыздылығын сезіну, кәсіби қызметті орындауға жоғары уәжділікті ұғыну;

ЖК20 – ұлттық мәдениет құндылығын сезіну, тарихи мұраларғаға және мәдени дәстүрлерге құрметпен және ұқыпты қарау;

ЖК21 – бастама қөтеру қабілеттілігі және ұйымдастыру-басқару мәселелерін шешу жолдарын табу;

б) Кәсіби (КК):

КК 1– заманауи білім беретін және ақпараттық технологияларды қолданып, өздігінен тың білім алу қабілеттілігі;

КК 2 – кәсіби қызметте жаратылыстану ғылымдар пәндерінің негізгі заңдарын пайдалану қабілеттілігі, математикалық талдаудың және пішіндеудің, теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдану;

КК 3 – қазіргі ақпараттық қоғам дамуының ақпараттық маңыздылығын және тмәнән түсіну қабілеттілігі, бұл процессте пайда болатын қатерді және қауіптерді түсіну, ақпараттық қауіпсіздік негіздері талаптарын сақтау, соның ішінде мемлекеттік құпияны қорғау;

КК 4–мәліметтер алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі жолдарын, жабдықтарын, әдістерін игеру қабілеттілігі, компьютерді ақпаратты басқару құралы ретінде қолдану;

КК 5- іс-тәжірибеде процесстік тұрғыда қолдану қабілеттілігі, теорияны және іс-тәжірибені үйлестіру;

КК 6 – ғылыми - техникалық және қызметтік құжаттаманы құрау және рәсімдеу қабілеттілігі;

КК 7 – Қолданбалы бағдарламалық құралдардан қолдануымен қатар қажетті тәжірибелерді өткізу және жоспарлау,өңдеу қабілеттілігі;

КК 7 – кәсіби қызмет кезеңінде пайда болатын есепті-аналитикалық мәселелерді шешу үшін физико-математикалық аппаратты қолдану қабілеттілігі;

КК 8 – өндірістік менеджменттің және персоналдық басқару принциптерін қолдану қабілеттілігі;

КК 9 –сапа жүйесі менеджментінің қағидаларын пайдалануды талдау қабілеттілігі;

КК 10– басқару және кәсіпкерлік қызметтердің ұйымдастыру-заңдылық негіздерін пайдалану қабілеттілігі;

КК 11- ақпараттық технологиялар саласындағы зерттеулер бағытындағы отандық және шетел ғылыми – техникалық ақпараттарын зерделеу және талдау қабілеттілігі;

КК 12 – жобаның жекелеген элементтерін жобалаудың үлгілік, техникалық және жұмыстық кезеңдерінде орындау қабілеттілігі;

КК 13 – жобалау кезінде стандарттық бағдарламалар құралдарын қолдану қабілеттілігі;

КК 14 – қойылған талаптарға сәйкес, бір үлгідегі жобалық, технологиялық және жұмыс құжаттарын құрау қабілеттілігі;

КК 15 - ақпараттық жүйелер компоненттерін жасауға, бағдарламалар өндірісін және бағдарламалық кешендерін құру қабілеттілігі;

КК 16 – ақпараттық жүйелер бағдарламалары комплекстерін талқылау және тестілеудің қабілеттілігі;

КК 17 – есептеу желілерінің торлық қызметтерін орнатуға, кескіндеуге және әкімшіліктендіру қабілеттілігі;

КК 18 - кәсіби қызмет нысандарын сертификациялау қабілеттілігі;

КК 19 – ақпараттық жүйелерді жасауға, енгізуге және бақылап отыру жобасын басқару қабілеттілігі;

КК 20 – кәсіби қызмет нысандарын әзірлеу және енгізу кезеңін ұйымдастыруда технологияны, аспапты құралдар таңдау қабілеттілігі;

КК 21 – кәсіби қызмет нысанның жекелеген кезеңін дайындау процессін берілген уақытында белгілеген талаппен ұйымдастыру қабілеттілігі.

КК 22 - кәсіби қызмет нысанын ұйымның қабылданған қалыпқа сәйкес дайындау процессі кезеңінде оқыту қабілеттілігі;

КК 23– Пәннің аумағы үлгісіне және техникалық құралдардың мүмкіндіктері мен қолданушылар сұранысының талдауы негізінде кәсіби қызмет нысандарының жекелеген компоненттерінің талаптары мен спецификаларын әзірлеуқабілеттілігі.

КК 24 - ақпараттық жүйелер компоненттері архитектурасын жобалау қабілеттілігі;

КК 25 - аппаратты-программалық кешендерінің адами-машиналық интерфейсін жобалау қабілеттілігі;

КК 26 – Заманауй әдістерді, жобалаудың технологиясы мен құралдарын, соның ішінде автоматтырылған жүйесін пайдалануда математикалық, лингвистикалық, ақпараттық бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етудегі қабілеттілігі;

КК 27 - инновациялық ақпараттық технологияларды ғылыми - техникалық негіздеу бойынша есептік, эксперименттік, теориялық зерттеулерде орындауда ұжым құрамында орындаушыларлық қабілеттілігі;

КК 28 – талқылау және тестілеу шаралары кезеңінде және де, автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің тәжірибелі және өнеркәсіптік пайдалануда ұжым құрамында қатысу қабілеттілігі;

КК 29 – компъютер техникасына техникалық қызмет көрсету, автоматтырылған жүйелерге қызмет көрсетуде қажетті ақпаратты, техникалық мәліметтерді, автоматты жүйелер технологиясының процесстерін жетілдіру бойынша жұмыстардың көрсеткіштері мен нәтижелерінің ақпараттарын талдау қабілеттілігі, заманауй техникалық құралдарды қолданып қажетті есеп айырысуларды жасау;

КК 30 – тың немесе модернизацияланатын автоматты ақпараттық жүйелердің жобалық-техникалық құжаттамаларын

КК 31 - ұжым құрамында ақпараттық жүйелердің техникалық шарттарын, стандарттарын және техникалық сипаттамалар жобаларын әзірлеуге қатысу қабілеттілігі;

Іс-тәжірибеден өткен білім алушы нәтижесінде төмендегіше дағдылармен икемділіктерді игеру қажет:

Дағдылану керек :

ақпараттық жүйелердегі бағдарламалық-аппаратты және аппаратты кешендермен жұмыстарда;

интернеттен, ғылыми және күнделікті әдебиеттерден қажетті мәліметтерді кәсіби іздестіруде;

ақпараттық жүйелердің аппаратты құралдарының архитектурасымен кешендік құрылымын таңдауы;

ақпараттық жүйелерді және олардың нақты аумағындағы элементтерін жобалау.

Білу :

Мәселені түсіну және анықтау үшін жүйелік тұжырымдамаларды қолдану;

Қазіргі аспапты құралдардан қолдану арқылы бағдарламалау;

Жасалатынатын ақпараттық жүйеге техникалық құжаттаманы құру;

Ақпараттық жүйелерді әзірлеулер және енгізулерде өзіндік және шетел тәжірибесін талдау;

Жүйелер адамдардан, процедуралардан, аппараттық жабдықтан, бағдарламалық қамтамасыз етуден тұратынын ескеріп мәселелерді шешу,

Бағдарламалық өнімді ендірудің экономикалық тиімділік есебі үшін әдістемелік материалдарды пайдалану;

Бағдарламаларды жобалау;

Модулдік құрылымдар бағдарламаларды дайындау;

бағдарламаны тестілеу;

Қолданбалы ақпараттық жүйелерді құрастырулар және пәндік облыстарды талдаудың әдістемелерін пайдалану;

Талқылау құралдарын пайдалану.

  1. Іс-тәжірибеге жетекшілік жасау және бақылау әдістері

Студенттердің дипломалды іс-тәжірибені ұйымдастыру және оқу-әдістемелік жетекшілік етуді «Ақпараттық жүйелер» шығарушы кафедрасы жүзеге асырады. Іс-тәжірибенің жетекшісі кафедрадан ректордың бұйрығымен кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша тағайындалады (29.11.2016 ж. №4– 248с бұйрығы)

Кафедрадан тағайындалған іс-тәжірибе жетекшісі:

- оқу жоспарына және іс-тәжірибе бағдарламасына сәйкес студенттің іс-тәжірибеден өту сапасын қамтамасыз етеді;

- барлық ұйымдастырушылық іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді (іс-тәжірибеден өту бойынша нұсқаулық);

-есеп бойынша материалдарды бағалайды, материалдарды таңдауда және есептерді жазуда әдістемелік көмек көрсетеді, іс-тәжірибенің барлық сұрақтары бойынша кеңес беруді жүргізеді, күнделіктердің толтырылу дұрыстығын тексереді;

- студенттердің жеке тапсырмамен қарастырылған ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік етеді.

Кафедрадан ұсынылған іс-тәжірибе жетекшісі студенттерді фирмадағы (ұйымдағы, кәсіпорындағы, бөлімде, зертханада) тікелей бастықпен таныстыруға, іс-тәжірибенің міндеттері туралы студенттерге айтуға, студенттердің жұмысы туралы фирманың (ұйымның, кәсіпорынның, бөлімнің, зертхананың) қызметкерлері мен персоналының пікірін білуге міндетті.

Кәсіпорыннан берілген іс-тәжірибе жетекшісі іс-тәжірибенің өткізілуінің тиімділігін қамтамасыз ететін орындарда іс-тәжірибені жүргізеді және оны ұйымдастырады, іс-тәжірибе бағдарламаларына сәйкес еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Фирмадағы (ұйымдағы, кәсіпорындағы, бөлімнің, зертхананың) іс-тәжірибе жетекшісі университеттің өкілімен келісілген іс-тәжірибеде өткізудің күнтізбелік графиктерін және жеке тапсырмаларды студенттерге береді.

Күнтізбелік график - осы кәсіпорында іс-тәжірибенің өту ерекшеліктерін, іс-тәжірибені өткізудің күнтізбелік мерзімдерін ескеру тиіс,сондай-ақ бағдарламаны толық көлемде орындау үшін әртүрлі жұмыс орындары бойынша студенттердің қозғалысын қарастыруы тиіс.

Іс–тәжірибе барысында жетекші - есепті жазу үшін студенттерге материалдар мен құжаттарды ұсынады,өндірістік сұрақтар бойынша студенттерге кеңес береді,тапсырманың орындалуына тұрақты бақылау жасайды. Жетекші студенттің есебімен танысып, өндірістік сипаттаманы және есепке баға беруі тиіс. Іс-тәжірибенің жетекшісі – кәсіпорынның, ұйымның ішкі жұмыс тәртібін бұзатын студентті іс-тәжірибеден шеттету құқығын береді.

Іс-тәжірибені өткізу кезінде студент міндетті:

  • Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау;

  • Ағымдағы стандарттарды, техникалық шарттарды,қызметтік міндеттемелерді зерттеу, сондай-ақ есептеуіш техниканы, перифериялық және кеңселік құрылғыларды пайдалану бойынша ережелер мен нұсқауларды,техникалық құжатты рәсімдеуге қойылатын талаптарды ескерту;

  • Бөлімдегі бар есептеуіш техника,зерттеу қондырғыларының құралдарын пайдалану ережелерін, және олардың қымет етуін зерттеу;

  • Кәсіби қызметте қолданылатын жеке компьютерлік бағдарламаларды меңгеру;

  • Есептеуіш техника бойынша кезеңдік, реферативті және анықтамалық ақпараттық басылымдармен жұмысты меңгеру;

  • Кәсіпорынның (ұйымның) еңбек тәртібінің ережелерін орындау;

  • Іс-тәжірибенің бағдарламасымен қарастырылған тапсырмаларды орындау;

  • Іс-тәжірибе бойынша есеп орнатылған мерзімде дайындау және қорғау.

Студент төленіп қойған жұмыс орнына құқығы бар, егер бұл мүмкін болса іс-тәжірибе бағдарламасы бойынша материалдармен танысу.

Іс-тәжірибе бойынша орынға келу бойынша студент техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтан өтуі тиіс.

Студент іс-тәжірибеден өтудің күнтізбелік графигіне сәйкес жұмыс істеудің жеке жоспарына сәйкес құру; іс-тәжірибенің бағдарламасын толық орындау, әкімшіліктің өндірістік тапсырмалары,жұмыстың, лекцияның мазмұны көрсетілетін күнделікті мұқият жүргізу.

Күзгі семестрдің бірінші аптаның ішінде студент кафедраға толық рәсімделуін беруге міндетті:бағдарламаға сәйкес есеп,күнделік және белгіленген уақытта есепті қорғау үшін келу.

  1. Іс-тәжірибе мазмұны

Дипломалды іс-тәжірибе - алдыңғы қатарлы кәсіпорындарда және ұйымдарда өткізіледі, сондай-ақ студенттерге кәсіпорынның дипломалды қызметі бойынша нақты материалды жинауға мүмкіндік беру мақсатында университеттің ғылыми бөлімдерінде, дипломдық жұмысты дайындау кезінде оны ары қарай қолдану үшін ұйымдастыру.

Іс-тәжірибенің негізгі мақсаты – зертеу объектісін меңгеру. Студент сұрақтың заманауи жағдайының бағасын дайындау, қайнар көздерді және патентті материалдарды, кәсіпорындағы дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық құжаттарды талдау және анықтау, сонымен қатар технология, құрылымдау, экономика және өндірісті ұйымдастыру, еңбекті қорғау, стандартизация және метрология, азаматтық қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша материалдарды жинау.

Бұдан басқа, студентке - алдыңғы қатарлы технологияларды, жаңа техника бұйымдары, өнім сапасын басқару әдістері, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, рационалдық және өнертабыстық қызметтерді ендіру бойынша кәсіпорынның қызметімен таныстыру және тапсырмаларды орындауда кәсіпорынға көмек көрсету талап етіледі.

Ақпараттық модель (мәліметтер схемасы) және оның сипаттамасы - мамандық саласындағы кіріс, аралық және нәтижелі ақпараттық массивтерін модельдеуді және оның сипаттамасын ұсынады. Кіріс және нәтижелі ақпаратты сипаттау үшін, нормативті-ақпараттық, оперативті және шығыс ақпараттың әрбір массивіне сипаттама кесте формасында құрылады. Әрбір құжаттың тағайындалуы мен қолданылуын көрсету қажет. Егер ақпараттық базасы мәліметтер базасы формасында ұйымдастырылатын болса, онда оның логикалық құрылымын жүргізу қажет. Нәтижелі құжаттар формасының жобалануына ерекше назар аудару қажет. Сонымен қатар шығыс формаларының мысалдарын жүргізу қажет.

Ақпараттық жүйені құру процесіне әдетте келесідей кезеңдер жатады:

  • МҚ жобалау;

  • МҚ жобасының файлын құру;

  • МҚ құру (кесте құру және байланыстыру, мәліметтерді енгізу);

  • Қосымшалар мәзірін құру;

  • Сұраныстарды құру;

  • Экрандық формаларды, есептерді құру;

  • Бағдарламаның орындаушысы ретінде ақпараттың генерациясы.

Ақпараттқ жүйенің қамтамасыз етуші бөлігіне қойылатын маңызды талаптар: шаруашылық объектінің жағдайын көрсететін барлық мәліметтердің жүйелік үйлесімділігі; әлеуметтік факторлардың есебі; жүйелердің бірегей ақпараттық базасын ұйымдастыру; ЭЕМ-ге ендірілген кез-келген ақпараттың сақталушылығы; өңдеу кезінде мәліметтерді көп рет, мақсатты пайдалану; жұмыстың үздіксіздігі;қабылдау және ақпаратты беру бойынша үнемді дайындық; басқарудың әрбір деңгейіндегі жұмыстың барлық түрлерін автоматтандырудың кешенді қамту мүмкіндігі; шартты – тұрақты мәліметтердің бірегей қорын құру;жүйені басқарудың барлық деңгейлері арасында байланысты қамтамасыз ету; ендіру, жинау, түрлендірудің тиімді жүйесін ұйымдастыру және машиналық массивтерді сақтау және т.б.

Барлық тапсырмалардң шешімі шын мәнінде инженерлік болуы тиіс. Студент:есептік-теориялық және тәжірибеді жұмыстарды жүргізудің негізгі инженерлік икемділіктерін үйреніп,тасымалдау кезінде ЭЕМ пайдалануды меңгеруі тиіс; іс жүзінде заманауи операциялық және диалогтық жүйелерді зерттеу;техникалық және бағдарламалық құралдармен, олардың тағайындалуымен және қолданылуымен танысу.

Іс-тәжірибе кезінде студенттер әртүрлі жүйелердің қызметін басқарудың құрылымын,учаскелерді,жалпы құрылымды және мәліметтер қорының негізгі бөлімдерін зерттейді және талдайды, МҚБЖ, алгоритмдер және жинау,тарату, түрлендіру және ақпаратты көрсетудің техникалық құралдары.

Дипломдық жобаның әлеуметтік жүйесінің тақырыбы болып табылатын сұрақтарды мұқият талдаған жөн. Нәтижесінде студент зерттеудің тапсырмасын өз бетінше құруға тиіс,оның өзектілігін көрсету, зерттеу әдістемесін құру, зерттеу көлемін көрсету, тапсырмалардың мүмкін болатын мақсаттарды формалдау.

Іс-тәжірибені өткізу тәртібі және диплом алды іс-тәжірибе кезінде орындалатын жұмыстар тізімі:

  • нұсқаушы конференция (техника қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқаулық; іс-тәжірибеге тапсырмаларды алу);

  • кәсіпорында жеке тапсырма тақырыбына материалдарды жинау;

  • жобалық шешімдерді өңдеу;

  • бағдарламалау және баптау;

  • есепті және іс-тәжірибеден өту күнделігін рәсімдеу;

  • есептік конференция ( жұмысты тапсыру және есепті қорғау).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]