Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
programma_praktiki_4kurs_2017_zh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
322.56 Кб
Скачать
  1. Бакалавр дайындаудың білім бағдарламасындағы іс-тәжірибе орны

Дипломалды іс-тәжірибе студенттерге кәсіби біліктіліктерін арттыруға тереңдетілген мүмкіндік береді. Өндірістік іс-тәжірибелер кезеңінде студенттер «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша іс-тәжірибелік білім, біліктілік және дағдылар алады.

Дипломалды іс-тәжірибеден өту кезеңінде студенттің белсенді өмірлік ұстанымы ескеріледі, оның кәсіби дайындығының жоғары деңгейіне ұмтылысын, келешекте студенттің кәсіби қызметіне керекті нақты қосымша білім, біліктілік және дағдылар алу үшін іс-тәжірибе кезіндегі уақытты тиімді және ұтымды пайдалануға деген қызығушылығын арттырады.

Дипломалды іс-тәжірибе 5В070300 БББ мазмұнында қаралған негізгі және профильді пәндердегі білімдерге қолдану үшін негізделген.

Қажетті негізді пәндер санатына: Ақпараттық жүйелер негіздері; Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау, Компъютер жүйелерінің архитектурасы, АЖ-дегі математикалық экономика, С# программалау негіздері; АЖ бағдарламалық жабдықтау;

Профильді пәндер санатына: Программалау технологиясы; Мәліметтер қоры жүйесі; Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау; Мәліметтер қорын жобалау; Бизнестегі АЖ.

Іс-тәжірибе білім алудағы ортақ тұжырымдамаға болмысымен үйлеседі, теориялық курс кезеңіндегі алған білімдері бекіп, маманның келешектегі жұмыс орнындағы жағдайларға қиналмай бейімделуге мүмкіндік туғызады.

  1. Дипломалды іс-тәжірибені дайындау және ұйымдастыру

Іс-тәжірибе басталар алдында дайындық жұмыстары жүргізіледі. Студенттер тізімі жасалынады, іс-тәжірибенің базалық кәсіпорындары анықталады, әр бір іс-тәжірибе базаларына топтар бөлінеді. Іс-тәжірибе базаларына жіберместен бұрын студенттерге бекіту конференциясы өткізіледі. Онда іс-тәжірибе бағдарламасының орындалу әдістемесі, есептік құжаттарды безендіру, іс-тәжірибені өту тәртібі, мерзімі, өту орыны айтылады, іс-тәжірибенің мақсаттары мен тапсырмалары, жетекшілердің және студенттердің міндеттері, іс-тәжірибені бағалау критерийлері түсіндіріледі. Әр-бір студентке күнделік арналып, жеке тапсырмалар беріледі.

  1. Іс-тәжірибені өткізу орны және уақыты

Дипломалды іс-тәжірибе ұйымдарда және кәсіпорындарда ( бірлескен, жалдамалы, жеке) өз қызметтерінде ақпараттық компьютерлік технологияны қолданған: банктерде, түрлі бағдарлы фирмаларда, мемлекеттік мекемелерде,  оқу орындарында, ҒЗИ және т.б. өтілуі мүмкін. Жұмыс орындары:  - банк құрылымдарында инженер-программист

- ақпараттық жүйелер бойынша маман (ақпараттық жүйелердің жаңа зерттемесі, бағдарламалық бумалар, ақпараттық жүйені жетілдіру)

- жүйелі әкімші.

Дипломалды іс- тәжірибенің ұзақтығы 15 апта ,  өтілетін уақыты  23.01.2017 ж.- 06.05.2017 ж. аралығында (29.11.2016 ж. №4 – 248с ректордың бұйрығы ).

Тәжірибенің базалары: "ARMS"  ЖШС,  "Табыс-Е" ЖШС,  «Фируз» ЖШС , «Құрылыс-Маман» ЖШС, Әділет департа менті РММ, «Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ МК ОҚОФ, «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ, «Алем Строй-1», «Жігерген ауылы округі әкімінің аппараты» ММ, «BEK BAH-SAN» ЖШС, Шұбар ауыл округі әкімі аппараты, Жер-Ана 2016» ЖШС, Қазпошта АҚ, "Султан К.Д" ЖШС, "IT Invest Group" ЖШС, «Керемет Сапа» ЖШС, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округі әкімшілігі, “ServicePro&Co” ЖШС, «Next Technology» ЖШС, "Double Diamond " ЖШС, Шардара ауданының Алатау батыр ауылдық округі әкімінің аппараты, т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]