Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zanyatost`.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
626.71 Кб
Скачать

12) Жұмысбастылық пен халықтың түрлі топтарының әлеуметтік мобильдігінің арасындағы байланысты түсіндіріңіз.

Әлеуметтік жұмыс қоғамдық өмірдегі құбылыс ретінде, міне, 100 жылдан астам уақыттан бері әр түрлі ғылымдардың зерттеу объектісі болып келеді. ХІХ және ХХ ғасыр шегінде көптеген Еуропа мемлекеттерінде қайырымдылық ұйымдарымен қатар дамыған кәсіби қызмет ретінде әлеуметтік жұмыс пайда болды. Ол кәсіби қызмет ретінде қайырымдылықтың және мұқтаждарға мемлекеттік көмек жүйесін құрудың дамуы нәтижесінде мүмкін болды. Оның ХХ ғасыр басында туындауы – адамзаттың қарапайым идеясын түсінгендігінің нәтижесі: мұқтаждарға көмек нәтижелі болу үшін, ол кәсіби болуы керек, бірақ бұл қорытындыға келу үшін мыңдаған жылдар қажет болды. Әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру және оны жан-жақты ғылыми сүйемелдеу, біртұтастығын қамтамасыз ету әлеуметтік институт және әлеуметтік жұмыстың іс-әрекетінің даму мониторингін қамтамасыз ету ғылыми әлеуметтік білімнің принципті мағынасы бар. Соңғы жылдары біздің республикамызда әлеуметтік жұмыс практикасы едәуір қарқынды дамыды. Әлеуметтік қызметкерлер дайындайтын кәсіби-педагогтік қызметтер дамытып, әлеуметтік жұмыс және көптеген ұйымдар жұмыс істейді. Әлеуметтік жұмыс адамдардың әлеуметтік өмірін талдап, олардың әлеуметтік өзара әрекеттестігін түзету мен жетілдіру тәсілдерін үйретеді. Әлеуметтік зерттеулердің жоғарғы оқу орындарындағы пәндердің қалыптасуы проблемаларына көмектесуі қажет. Әлеуметтік жұмыстың негізгі компоненттерінің әлеуметтік мониторингі оның сенімділігін қамтамасыз етіп, өзіндік дамуына мүмкіндік жасайды. Балалар қайырымдылық қорлары:Республикалық халықаралық «Бөбек» балалар қайрымдылық қоры; Алматы облыстық «Балбөбек» балалар қоры; Алматы қалалық «Бөбек» балалар қоры; Алматы қалалық «Эльдани» балалар қоры. Мүгедектерге қайырымдылық көмек қоры: Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жалпы Ұлттық қайырымдылық қоры; Республикалық «Бибі-ана» мүгедек әйелдер қоры; «Жан» атты мүгедек балалары бар отбасына көмек қоры; Республикалық мүгедектер қоғамы; Ауғаныстан ардагерлер көмитеті қайырымдылық қоры; «Эльдорадо» Алматы қаласы Бостандық ауданы мүгедектер қайырымдылық қоры; Қазақстан Республикасы Ардагерлер қоғамы.

Тұрғындар жұмысбастылығы дегеніміз – азаматтардың ҚР конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі деп, ҚР жұмыспен қамту туралы заңында атап көрсетілген.

Жұмысбастылық саясатының сұрақтарын анықтап алу үшін жұмысбастылықтың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу керек. Әлеуметтік тұрғыдан, жұмысбастылықтың мынандай түрлері бар: жалры білім беретін арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қызметі, үй шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу, қарттар мен ауруларды бағып-қағу, қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу.

13) Жұмысбастылықтың стандартсыздануы дегенді түсіндіріңіз

Тұрғындар жұмысбастылығы дегеніміз – азаматтардың ҚР конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі деп, ҚР жұмыспен қамту туралы заңында атап көрсетілген. Қазіргі уақытта жұмыс бастылықтың классикалық сферасы тарылып келе жатыр. Жұмыс бастылық стандартсыздануға ұшырауда. Яғни жұмыс бастылықтың икемді және өзгермелі түрлері кеңінен таралып, бұрынғыларымен салыстырғанда стандартты емес немесе дәстүрлік емес түрге ұшырауда.

Осындай түрлердің бірі уақытша жұмыс. Мұндай жағдайда еңбек қатынастары белгілі бір уақытпен немесе жұмыстың анықталған көлемін орындауға қатысты. Сонымен бірге толық емес жұмыс уақыты да кеңінен таралуда. Бұл толық емес жұмыс күні немесе аптасы болуы мүмкін. 90 жылдары дамыған елдерде жұмыс істейтін халықтың 20 проценті осы режимде жұмыс істеді.

Жұмыс орнының бөлінуі. Бір жұмыс орнында екі жұмысша кезегімен жұмыс істейді. Кейде олар бір жанұяның мүшелері.

Бірнеше жұмыс орнында істеу. Мұндай жағдайда адам бір уақытта бірнеше жұмыс берушілермен келісіп, бір уақытта бірнеше жұмыстың түрімен айналысады.

Өзін жұмыспен қамтамасыз ету де (самозанятость) кеңінен таралып отыр. Мұндай адамдардың ресми жұмыс істейтін орны жоқ. Жаңа ғасырдың басында мұндай өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін адамдардың саны дамыған елдерде 12 процентке жуық болды. Өз-өздерін жұмыспен қамтушылар бір уақытта кәсіпкерге де жалдамалы жұмысшыға да ұқсайды. Олардың кәсіпкерлерге ұқсайтын жағы түсетін табыстарының жұмысты жүргізе білу қабілеттеріне және іс-әрекеттерінің тәуекелге бел буу жағдайларымен тікелей байланыстылығында Ал жалдамалы жұмысшылардан оларды ажыратып тұратын бір нәрсе, бұл олардың белгілі бір деңгейде дербестіктерінің көбірек болуы, өздерінің қабылдаған шешімдеріне жауаптылығы.

Жұмыс бастылықтың стандартты емес түрлері ресми емес формада жүзеге асырылады. Ресми емес жұмыс бастылық арнайы құжаттарда тіркелмейді, мемлекеттік статистикада белгіленбейді. Мысалы: жұмысшы уақытша жұмысты ресми түрде тіркелмей ақ істей береді. Мұндай жағдайда жұмыс беруші әлеуметтік төлемдерін экономдайды, ал жұмысшы табысқа салынатын төлемнен құтылады. 1990 ж. екінші жартысында батыс Европада мұндай көлеңкелі жақтарда жұмыс істеушілердің саны 6-12 процент болды.

Мұндай еңбектік плюрализм батыс европада алғашқыда жұмыс істейтін әйелдерге тән деп есептелінді, ал қазір бұл жұмыс бастылық сферасында кеңінен таралуда. Германияда мұндай топтарға өткен ғасырдың 60 ж. тек қана әрбір оныншы жалдамалы жұмысшы жататын болса, 70 ж. бесінші, 80 ж. төртінші, 90 ж. үшіншісі жататын боды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]