Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zanyatost`.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
626.71 Кб
Скачать

32 Сұрақ. Миграцияның түрлері: мемлекет аралық, мемлекет ішіндегі, тұрақты, маятниктік, эпизодтық, некелік. Әрқайсысына тоқтала отырып, ерекшеліктерін атаңыз.

Миграцияның келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады: мемлекет аралық, мемлекетішіндегі, тұрақты, маятниктік, эпизодтық, некелік.

Мемлекетаралық миграция түрлі елдердің өмір сүру деңгейіндегі айырмашылықтарға байланысты болады. Мұндай миграцияның түрінде эммигранттардың келесі топтарын бөліп көрсетуге болады. Бірінші, қайтып оралмайтындар. Олардың ішінде еңбекке жарамды адамдар 70 %- ке жуық. Екіншілері, экономикалық –түрлі райондар мен пункттерде жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың әр түрлілігімен байланысты. Миграцияның негізгі себептері өте көп- ақ. Олардың ішінде типтік болып есептелетіндер:

  • аймақта үстем орынға ие болып отырған өндірістің күйзеліске ұшырауы бұл жерде тұрып жатқандар үшін үлкен проблемаға айналуы.

  • жақсы жағдайға және сапалы өмірге ұмтылу

  • өзінің кәсіби бағытын жүзеге асыруға, жоғарғы еңбекақы алуға, өз мамандығы бойынша еңбек етуге ұмтылу.

  • жанұялық-некелік жағдайларға байданысты

  • тұрғын-үй жағдайларын жақсарту мақсатымен

  • әлеуметтік және этникалық жанжалдар

  • жанұядағы еңбек қақтығыстары

Себептердің бірқатары топтық, ал екіншілері жекелік сипатқа ие болады. Сонымен бірге типтік, объективтік және субъективтік себептерді де көрстеуге болады.

Миграция жанұядағы жанжалдардың өршуіне немесе керісінше тұрақтылыққа алып келетін факторға жатады.

Социологиялық әдістерді қолдану арқылы жұмыссыздыққа, миграцияның жалпы себептері мен салдарларына қатысты ғылыми толық ақпараттар алып отыруға болады:

  • аймақтардағы кадрлар қозғалыстарының заңдылықтарын түсіну

  • нарық жағдайындағы түрлі әлеуметтік топтардың мәселелері

  • халықтың қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес жұмыспен қамтудың негізгі бағыттарын айқындау

33 Сұрақ. Миграцияның типтік, объективтік және субъективтік себептеріне тоқтала отырып, тұжырымдаңыз

Қоғамды дұрыс басқару үшін және тиімді әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу үшін миграциялық ағымдардың көлемі мен мигранттардың құрамын бағдарлай білу, миграцияны тудыратын факторларды және миграцияның салдарын анықтай білу қажет. Демографиялық процестердің ішінде халықтың миграциясы маңызды орын алады. Өйткені миграцияға қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге шұғыл көңіл бөлетін жауапты сипат тән. Халықтың миграциясы демографиялық жағдайларға, елдің тұрғындары санының бірден көбеюіне немесе азаюына, оның жастық және жыныстық құрылымына тез және белсенді ықпал етеді.

Миграция - географиялық қозғалыс, басқа мемлекетке, аймақтық территорияға демалыс, басқа кез-келген мақсатпен 7 күннен көп уақытқа қоныс аудару. Тұрғындар миграциялық қозғалыстар нәтижесінде материалдық жағдайын жөндейді, сол себептен миграция әлеуметтік-экономикалық жағдайымен сипатталады. Миграцияның қоғамдық негізгі себептері өте көп- ақ. Олар: типтік, объективтік және субъективтік себептері. Олардың ішінде типтік болып есептелетіндер:

  • аймақта үстем орынға ие болып отырған өндірістің күйзеліске ұшырауы бұл жерде тұрып жатқандар үшін үлкен проблемаға айналуы.

  • жақсы жағдайға және сапалы өмірге ұмтылу

  • өзінің кәсіби бағытын жүзеге асыруға, жоғарғы еңбекақы алуға, өз мамандығы бойынша еңбек етуге ұмтылу.

  • жанұялық-некелік жағдайларға байданысты

  • тұрғын-үй жағдайларын жақсарту мақсатымен

  • әлеуметтік және этникалық жанжалдар

  • жанұядағы еңбек қақтығыстары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]