Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zanyatost`.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
626.71 Кб
Скачать

9. Жұмысбастылықтың Кейнсиандық бағытына талдау жасаңыз

Бұл бағыттың негізін қалаушы, ағылшынның көрнекті ғалым-экономисі Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Кейнс өзінің 1936 жылы шыққан «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» деген басты еңбегінде экономикалық мәселелерді реттеудің макроэкономикалық негіздерін жасай отырып, микроэкономикалық талдау шеңберінде шешіле алмайтын көптеген сұрақтарға жауап бере алды. Осы теория негізінде экономикалық екінші құрамдас бөлігі – макроэкономика қалыптасты. Кейнстің бұл еңбегі оны және оның теориясын әйгілі етті.

Кейнс неоклассикалық ілімнің негізгі қағидаларынан бас тарта отырып нарық өзін-өзін реттей алмайтын тетік екенін дәлелдеді. Мұндағы Кейнстің басты идеясы болып экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі табылады. Өйткені, таза нарық жағдайында экономиканың күрделі мәселелері, атап айтсақ, жұмыссыздық, инфляция, экономиканың кезеңдік ауытқуы, әлеуметтік қамсыздандыру, халықтың әл-ауқаттылығын жақсарту сияқты күрделі мәселелер өздігінен шешілуі мүмкін емес, осыларды реттеу үшін мемлекет нарыққа міндетті түрде араласады. Кейнс ең алдымен, экономиканың қозғаушы күші деп ұсынысты емес, сұранысты бірінші орынға қояды, олай болса, ол жиынтық сұранысты көтеру және қолдау үшін мемлекеттің бюджет-салық және ақша-несие саясаттарын жүргізуді ұсынды.

Бұл модельден шығатын қорытынды — мемлекет сұранымды ынталандыруға бағытталған белсенді макроэкономикалық саясатты жүргізе отырып, экономиканың дағдарыстан шығуына ықпал етуге тиіс.

Кейнс, өзін-өзі реттейтін рычагтарды іске қосудағы бағаның, жалақының, пайыздық ставканың оралымдылығын теріске шығарды.

Кейнсиан теориясы мемлекеттің белсенді экономикалық саясаты жағдайындағы әлеуметтік, психологиялық, ұйымдастыру факторларының есебін жүргізуді болжады. Сондықтан қазіргі экономикалық теория Дж. М. Кейнстің экономикалық дүние таныуы және методологиясымен тікелей байланысты. Ол экономикалық даму процестеріне әсер еткен алуан түрлі жағдайлар мен факторларды кең түрде түсіндіріп, ғылыми пәнінде пайдаланды.

Кейнс жаңа экономикалық категория – "инвестициялар мультипликаторларын” ұсынды. Кез келген саладағы инвестициялардың мәні өндірістің дамуына және осы салаларда көптеген адамдарды жұмыспен қамтушылықты тұдырады, ал ол, тұтыну заттарына деген сұраныстың қосымша көбейуне әкеледі. Бұл салалар өндіріс құралдарына деген қосымша сұранысты білдіреді. Сөйтіп, инвестиция арқасында, жиынтық сұранысты, жұмыспен қамтуды және табыстың көбеюін тұдырады.

10) М.Фридмен монетаризм (монетаристік бағыт) бағытың өкілі ретінде. Негізгі көзқарасына тоқталыңыз.

Американ экономисі Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп» өкілдері «неокейнстіктерден» айырмашылығы олар нарықтық экономиканың циклдық дамуының басты себептерін факторынан іздейді. Ақша сұранысы арасындағы алшақтық және тұрлаусыз ақша ұсынымы нарыктық экономика тұрақсыздығынын себебі болып табылады. Монетаристік мектептің негізін қалаушы Милтон Фридменнің ойынша, дағдарыстар мемлекеттің акша саясатын нашар жүргізуінен туындайды. Сондықтан мемлекеттің араласуы ақша массасын шектеу мен тұрактаңдыруға бағытталуы кажет. Осы ойларын Милтон Фридмен өзінің «АҚШ-ның монетарлык саясаты» еңбегінде баяндаған. Бұл жүмыс 1963-ші жылы шыққан болатын. Нарықтық экономиканың, циклдық дамуын жою жолдары немесе жұмсартуды жоғарыдағы аталған әртүрлі өкілдерінің ойлары мынаған әкеледі: мемелекет антидиклдық бағдарламаларға қатысуы немесе экономиканы тікелей реттеуі қажет. 1929 — 1933 ж. жалпы әлемдік экономикалық дағдарыстың пайда болуы мен өтуінің себептерін талдау негізінде ағылшын экономисі Кейнс “Жұмыспен қамтылудың, пайыздың және ақшаның ортақ теориясы” (1936) атты еңбегін жариялады. Оның пайымдауынша, экономикалық дағдарыстар болмай қоймайды және олар нарықтың табиғатынан туындайды. Сонымен қатар нарықта монополизмнің түрлі көріністері қамтылады және ол мемлекеттік реттеумен ұштастырылады. Кейнстің циклдікке қосқан еңбегі — оның мультикликаторлар теориясын әзірлеуі. Оның пікірінше, сұранымды жалпы мемлекеттің бюджет саясаты және мемлекеттік кіріс басқарады. Бұл инвестициялар тұтынуды ынталандырудың басты құралдары. Несие-ақша саясаты бюджет саясатына бейімделе отырып, көмекші рөл атқарады. Кейнстің идеялары мемлекеттің қоғамдағы орнын айқындауда маңызды рөл атқарды және экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі көптеген талдамаларға негіз қалады. Неоклассикалық бағыт дағдарысты кездейсоқ, тез өтетін құбылыс ретінде қарады. Неоконсерватизмнің (неоклассицизмнің) жалпы бағытында монетаризм (мәнетшілдік) елеулі орын алды. Монетаристердің пікірінше, ақша экономиканың дамуын айқындайтын басты құрал болып табылады. Мемлекет ақша аясын бақылаумен шектелуге тиіс. Монетарлық теория бойынша тұрақтандыру саясатының басты өлшемі — ақшалай ұсыныстың көлемі. Қазіргі кезеңде мемлекеттің рөлін зерттеу және дағдарыстар мен циклдердің себептерін анықтау ең алдымен екі бағытты әзірлеумен байланысты. Олар тепе-тең іскерлік цикл мен саяси іскерлік цикл. Тепе-тең іскерлік цикл теориясы монетаризм идеясының дамуын көрсетеді. Бұл теорияға сәйкес мемлекет Батыстың көптеген елдерінде өзіне тән атқарымдармен қатар ақша “талықсытпасының” өзінше бір қозғаушысы рөлін атқарады. Ол шаруашылық жүйесін тепе-теңдік жағдайынан шығарады, сөйтіп, қоғамдық ұдайы өндірісте циклдік ауытқуды қолдап отырады. Монетаризм идеясы бірқатар елдерде: Ұлыбританияда (тэтчеризм), АҚШ-та (рейгономика), Чилиде, Израильде, Ресейде жүргізілген экономикалық саясатта көрініс тапты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]