Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zanyatost`.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
626.71 Кб
Скачать

3 Жұмысбастылық түрлеріне жеке-жеке талдау жасаңыз: толыққанды, өнімді, еркін таңдалған

Әлеуметтік-нарықтық экономиканың және экономикалық саясаттың басты назардағы теориялық және практикалық мәселелерінің бірі халықтың жұмысбастылық мәселесі болып табылады. Біздің елдегі және де көптеген дамыған нарықтық экономикасы бар елдердегі қалыптасқан жағдайлардың ерекшелігі бұл мәселенің бірден бір ғаламдық әлеуметтік-экономикалық мәселе екендігін және ол солай блып қалатындығын айқын көрсетіп отыр. Көптеген адамдар үшін еңбектегі іс-әрекеті барлық өмірі сабақтасатын бір «өмірдің өзегі» ретінде жүреді. Жұмыспен индивидтің материалдық жағдайы, оның қоғамдағы орны, өзінің еңбектік потенциалын ашу мүмкіндігі және т.б. байланысты болып келеді. Бұл өз кезегінде еңбектегі іс-әрекетінің әлеуметтік-психологиялық аспектісі болып табылады.

Тұрғындар жұмысбастылығы дегеніміз – азаматтардың ҚР конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі деп, ҚР жұмыспен қамту туралы заңында атап көрсетілген. Айта кету керек, жұмысбастылықты анықтаудың екі негізгі белгісі бар. Бір жағынан ол жұмыстың өзінің болуы, екінші жағынан – ол одан түсетін табыс (ақшалай немесе натуралдық түрде). Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде қабылданған ереже бойынша жұмысбастылық түрлерінің жіктемесінің негізіне табыс түрлері енгізілген (ХЕҰ әдіснамасы бойынша, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) - 1919 жылы Версаль бейбітшілік келісім шартына сәйкес Ұлттар лигасында автономды ұйым ретінде құрылған. 1946 жылдан БҰҰ құрылтайшысы болды. Қазіргі күнде құрамына 160 мемлекет кіреді). Мысалы, жалақы немесе төлем ақы алу үшін жұмыс түрін ажыратады, сондай-ақ пайда алу үшін (дивиденд, пайыз, рента және т.б.) іс-әрекеттерді бөліп көрсетеді. Соңғысы азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамту категориясын көрсетеді.

Жұмысбастылықтың түрлері дегеніміз –тұрғындардың белсенді бөлігінің халық шаруашылығы салалары бойынша тарату.

Толық жұмысбастылық –бұл бүкіл 100% халық жұмыспен қамтылған, еңбектің жан-жақтылығы. Халықаралық тәжірибеде толық жұмысбастылық ұғымына еңбек ресурстарына деген сұраныс ұсынысқа тең болған жағдай сай келеді. Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес . Экономистер уақытша және құрылымдық жұмыссыздықты болмай қоймайды деп санайды , осыдан толық жұмысбастылық ұғымы еңбек күшінің 100 % - нан аз бөлігін қамтитын жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі уақытша және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең . Басқа сөзбен айтқанда , толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық деңгейі цикілдік жұмыссыздық нөльге тең болған жағдайда ғана жетеді .

Рационалды(өнімді) жұмысбастылық- әр жұмысшы еңбегін қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын өнімді өндіруге жұмсау және адамның білім құрылымы мен жасына байланысты жұмысбастылық.

Тиімді жұмысбастылық (еркін таңдалған)- жұмысшылырдың мүмкіндіктерін ескере отырып еңбекті қоғамның үнемі өзгеріп отыратын қажеттілігіне бөлу.

ҚР жұмысбастылық туралы заңына сай қолайлы еңбек жағдайындағы толық еңбек күнінің ұзақтығы аптасына 40 сағатты құрайды. 15-16 жастағы жұмыскерлер үшін аптасына- 24 сағат, 16-18 жастағы жұмыскерлер үшін- 36 сағат.

4.Жұмысбастылықтың жас ерекшелігіне орай әлеуметтік-демографиялық топтарға бөлінуі: ерлер, әйелдер, жастар, орта жастағылар, зейнеткерлік алдындағы және зейнеткерлер. Әр топтың жұмысбастылық деңгейін анықтаңыз

Қоғамның әлеуметтік құрылымында  елеулі орнын әлеуметтік-демографиялық «өлшемдер» алады, оған келесі  тұрғындар құрылымы жатады:  жыныс-жастық,  отбасылық және генетикалық.  Бұл құрылымдар  бөлек территория бойынша,  тұрғындардың қалыптасуы мен ұдайы өсу үрдісінің  нәтижесі мен  шарттары болып табылады.  Әлеуметтік-демографиялық құрылым бұл — туу, өлу, некелесу,  ажырасу, қала мен ауыл мекендері арасындағы  тұрғындардың миграциялық алмасу сияқты құбылыстардың  статистикалық параметрлері болып белгіленеді. Хуан Сомавия өзінің «2012 жылғы жұмыспен қамтудың жаһандық үрдістері: жұмыспен қамту дағдарысының дамуын алдын аламыз» атты баяндамасында «Үкімет күш-жігерін салғанына қарамастан, жұмыспен қамту дағдарысы әлсіремей отыр және әлемдегі әрбір үшінші қызметкер не жұмыссыз не кедейлікте өмір сүреді. Нақты экономикада жұмыс орындарын құру біздің басты басымдығымызға айналуы тиіс.» деп атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, жұмыспен қамту дағдарысынан негізінен жастар зардап шегіп отыр.

 Бүкіл әлемдегі жастардың саны 1,2 млрд. асады. Олардың шамамен 90 %-ы дамушы елдерде, 60 %-ы Азияда, ал 17 %-ы Африкада тұрады. 15-24 жастағы жұмыссыз жастардың саны 2007 жылмен салыстырғанда 4 миллионнан астам адамға өскен.2012 жылы шамамен 73,8 млн. немесе 12,6 % жас адам жұмыссыз қалған.  Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Гай Райдердің болжамы бойынша 2017 жылға қарай бұл көрсеткіш 12,9 %-ға жетуі мүмкін. Бүгінгі күні бүкіл әлемде дағдарысқа дейінгі кезеңге қарағанда, жұмыссыз жастардың саны 3,4 млн адамға көп.Жастар арасындағы жұмыссыздықтың өсуі барлық елдер үкіметтерінің алаңдаушылығын туғызып отыр. 2012 жылғы ақпанда БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің «Жастарды жұмыспен қамту проблемалары: Құбылмалы әлемде лайықты еңбекке қол жеткізу перспективалары» атты баяндамасында мұның әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысқа байланысты өткір проблемаға айналғаны атап өтілді.Хуан Сомавия өзінің «2012 жылғы жұмыспен қамтудың жаһандық үрдістері: жұмыспен қамту дағдарысының дамуын алдын аламыз» атты баяндамасында «Үкімет күш-жігерін салғанына қарамастан, жұмыспен қамту дағдарысы әлсіремей отыр және әлемдегі әрбір үшінші қызметкер не жұмыссыз не кедейлікте өмір сүреді. Нақты экономикада жұмыс орындарын құру біздің басты басымдығымызға айналуы тиіс.» деп атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, жұмыспен қамту дағдарысынан негізінен жастар зардап шегіп отыр.

 Бүкіл әлемдегі жастардың саны 1,2 млрд. асады. Олардың шамамен 90 %-ы дамушы елдерде, 60 %-ы Азияда, ал 17 %-ы Африкада тұрады. 15-24 жастағы жұмыссыз жастардың саны 2007 жылмен салыстырғанда 4 миллионнан астам адамға өскен.2012 жылы шамамен 73,8 млн. немесе 12,6 % жас адам жұмыссыз қалған.  Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Гай Райдердің болжамы бойынша 2017 жылға қарай бұл көрсеткіш 12,9 %-ға жетуі мүмкін. Бүгінгі күні бүкіл әлемде дағдарысқа дейінгі кезеңге қарағанда, жұмыссыз жастардың саны 3,4 млн адамға көп.Жастар арасындағы жұмыссыздықтың өсуі барлық елдер үкіметтерінің алаңдаушылығын туғызып отыр. 2012 жылғы ақпанда БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің «Жастарды жұмыспен қамту проблемалары: Құбылмалы әлемде лайықты еңбекке қол жеткізу перспективалары» атты баяндамасында мұның әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысқа байланысты өткір проблемаға айналғаны атап өтілді.Әйелдерді жұмысқа алу мен шығару уақытында гендерлік теңсіздік байқалады. Ол үшін  әлеуметтік еңбек аясында қызмет етіп жүрген әйелдерге қолдау керек. Бұл туралы ҚР  Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  кеңінен айтылды.Жұмыссыз әйелдердің саны жыл өткен сайын көбею үстінде. Еліміз бойынша, жұмыссыздар саны 463,4 мың адамға тең болса, ол жұмыссыздық деңгейінің 5,1% -ын  құрап отыр. 1,1 млн. шамасындағы адам зейнеткерлік жүйесімен қамтылмаса, әлеуметтік сақтандыратын құжаты жоқ  2,8 млн. жұмыскер бар. Көрсеткен нәтижеге сәйкес, басым көпшілігі – әйел азаматшалар екені анықталған. Осы мақсатта, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен, іскер әйелдер қауымдастығы әйелдердің  құқығын қорғап, әлеуметтік ахуалын жақсарту мақсатында «Әлеуметтік-еңбек аясында әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы» жөніндегі жаңа жоба жасады.  Жоба шеңберінде жұмыссыз жүрген әйелдер және балиғаттық жастағы, зейнетақы жасындағы әйелдердің жұмыс жағдайы қарастырылмақ. Азамат ӨМІРТАЕВ, Денсау­лық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  әлеумет­тік қамтамасыз ету, әлеумет­тік қамсыздандыру және әлеумет­тік сақтандыру департаменті басшысының орынбасары: Өткен жылы еңбек туралы заңға ерлер мен әйелдер арасындағы дикриминацияны алдын алуға арналған бірқатар өзгерістер енгізілген болатын. Ол бойынша жұмыспен қамтамасыз етушінің екіқабат әйелдерді, зейнетке шыққалы тұрған азаматшаларды жұмыстан шығару немесе алмауға қатысты шараларды алдын алуға бағыталған. Ол заңды бұзған жұмыс берушілерге шағын бизнес үшін – 15, орта бизнеске – 100-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш бойынша әкімшілік жаза қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]