Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zanyatost`.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
626.71 Кб
Скачать

37. Жұмысбастылық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз және түсініктеме беріңіз

Айта кету керек, жұмысбастылықты анықтаудың екі негізгі белгісі бар. Бір жағынан ол жұмыстың өзінің болуы, екінші жағынан – ол одан түсетін табыс (ақшалай немесе натуралдық түрде). Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде қабылданған ереже бойынша жұмысбастылық түрлерінің жіктемесінің негізіне табыс түрлері енгізілген (ХЕҰ әдіснамасы бойынша, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) -  1919 жылы Версаль бейбітшілік келісім шартына сәйкес Ұлттар лигасында автономды ұйым ретінде құрылған. 1946 жылдан БҰҰ құрылтайшысы болды. Қазіргі күнде құрамына 160 мемлекет кіреді). Мысалы, жалақы немесе төлем ақы алу үшін жұмыс түрін ажыратады, сондай-ақ пайда алу үшін (дивиденд, пайыз, рента және т.б.) іс-әрекеттерді бөліп көрсетеді. Соңғысы азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамту категориясын көрсетеді.

Әкімшілік-әміршілдік экономика тұсында барлық еңбекке қабілетті халықтың жаппай жұмысбасты болуының идеологиясы басым болды. Онда бір жағынан, мемлекетпен кепілденген жұмысқа тұрғызу болды, ал екінші жағынан – қоғамның барлық еңбекке қабілетті мүшелерін әр түрлі жазалау шараларын (әкімшіліктік айып-пұлдар салу және қоғамдық келемеждеу жолымен) қолдана отырып жатып-ішер арамтамақ деп кіна тағумен қорқыта отырып еңбектік іс-әрекетке мәжбүрлеу жүрді. «Жаппай» жұмысбастылықтың болуы жұмыссыздықтың жоқ екендігін паш етуге мүмкіндік берді, оны социалистік қоғамға жат, капитализмнің серігі және әлеуметтік қиянат деп білді. Ал шын мәніне келетін болсақ, жаппай жұмысбастылық принципін жүзеге асыру еңбек ресурстарын ұтымсыз (тиімсіз) пайдалануға, жасырын жұмыссыздықтың (ресми түрде жұмысбасты, бірақ табыс алмайтындар) болуына әкелді. Жалақының теңгерілген жүйесінің болуы, яғни экономикалық қызығушылықтың және де шаруашылықтың барлық деңгейлерінде өндірістік қызметтің тиімді нәтижелері үшін жауапкершіліктің болмауы, жалпы экономикалық қатынастардың жүйесінің өзі толық жұмысбастылыққа жетуді жоққа шығарды және де экономиканы тұтастай тиімсіздікке әкелді.

Нарықтық экономика жағдайында қоғамда әрбір еңбек етем деген адамға мүмкіндіктер кепілдене отырып жұмысбастылықтың түрін және формасын еркін таңдауға болады деген идеология басым екендігін көреміз. Халықтың жұмысбастылығы – экономикалық бетбұрыстар кезеңінде, әсіресе экономикалық жүйенің ауысуы бір мезгілде жүретін елдерде күрделі, әрі айқын емес болып келетін динамикалық процесс. Қазіргі экономикалық жүйеде пайдалы қызмет ретіндегі жұмыспен қамту түсінігіне деген көзқарас ең алдымен Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңында берілген: "Жұмыспен қамту - азаматтардың, Қазақстан Республикасы Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне қайшы келмейтін жеке қажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі". Ал «Ресей Федерациясының халқын жұмыспен қамту туралы» Заңда былай деп көрсетілген: «жұмыспен қамту – бұл азаматтардың заңға қайшы келмейтін және де оларға жалақы, еңбек табысын әкелетін, жеке және қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты қызметі».

Негізінен жұмыспен қамтылған халыққа жалдамалы жұмыспен айналысушылар, оқушылар, әскери қызметтегілермен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтушы және кәсіпкерлікпен айналысушы азаматтар да жатқызылады. Бұл жердегі меңзеліп отырған пайдалы қызмет түрі деген жұмысбастылықтың табыс көзі екендігін көрсетеді. Жұмысбастылық түсінігіне экономикалық теориядағы негізгі экономикалық мектептердің өкілдері де көптеген анықтамалар береді, сол себепті де бұл экономикалық категорияның теориялық жағын қарастырып көрелік. Классикалық политэкономияның пайда болуы кәсіпкерлік қызметтің, сауда, ақша айналысы, оның сауда операцияларына тарауымен қатар, өнеркәсіпте және өндіріске түгелдей енуімен тығыз байланысты. Экономикалық теорияның атасы саналатын классикалық мектептің ең көрнекті өкілдері ағылшын экономистері У.Петти, А.Смит және Д.Рикардо. Олардың барлығы да өз дәрежесінде және де жекелей тұрғыда негізгі теориялардың бірі - еңбек құн теориясының негізін қалаушылар болып табылады.

Жұмыскер шаруашылық кешенінің қандай да бір жүйесі ішінде жүрген кезінде бұл қатынастар үзілмейді. Сөйтіп, адамды жұмысбасты деп есептеу үшін, оған қандай да бір жұмыс орнымен байланыс орнатуы ғана қажет – өндірістік ұжым мүшесі болу, жеке еңбектік іс–әрекеттің, жеке кәсіпкерліктің тәртібімен жұмыс  істеу және т.б. жағдайлар. Жұмысбастылық мәртебесі, адам дәл сол сәтте еңбек етуде ме, әлде демалуда ма, оған мүлде байланысты емес. Сондықтан «жұмысбастылық» түсінігін «қызмет» деп қарастыруға еш негіз жоқ. Жұмысбастылық қоғамдық ұдайы өндіріс жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және де басқа факторлармен қатар ол, қоғамдық ұдайы өндірістің негізі ретінде жүреді – халықтың игілігінің өсуінің көзі. Жұмыспен қамту және еңбек нарығы – ұлттық игілік, таңдап алынған бағыттағы бетбұрыстардың тиімділігі және олардың халық үшін тартымдылығы жөнінде айтуға болатын маңызды әлеуметтік индикаторлар. Сондықтан да мемлекетте бәрін жұмыспен қамту көптеген елдердің мемлекеттік саясатының маңызды аспектісі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]