Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zanyatost`.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
626.71 Кб
Скачать

15) Сыртқы және ішкі еңбек нарығының қалыптасуы қандай заңдылықтар негізінде жүзеге асырылады, негіздеңіз

Еңбек дегеніміз шығармашылық процесс, яғни еңбек өзінің даму жолында адамдардың қабілетін дамытады. Сонда ғана еңбектің мәні, оның адамдық негізі ашылады. Сарапшылардың бағалары бойынша еңбек нарығын құруда екі үлгідегі рыноктың қалыптасуы байқалады: сыртқы(кәсіптік) және ішкі нарықтар.

Сыртқы немесе кәсіптік еңбек нарығы фирмалар мен кәсіпорындар арасындағы жұмыс күшінің жұмылдырғыштығын жобалайды және ішкі нарықпен салыстырғанда кадрлардың жиі тұрақтаулармен сипатталады.

Ішкі еңбек рыногында еңбек қатынастарын реттеу жұмыспен қамыту кепілдіктеріне және бір кәсіпорында ұзақ жұмыс істеу стажын ынталандыруға негізделеді.

16) Еңбек саласындағы әлеуметтік саясат.

Еліміздің Конституциясында Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Осыған орай, мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті мен оның тиімділігінің басты өлшемі халықтың әл-ауқатын ұдайы арттыру болып табылады.

Еліміздің үдемелі индустрия­лық-инновациялық даму жолы әлеу­меттік даму моделіне жаңа жо­ғары талаптар жүктейді. Өзде­рі­ңізге белгілі, «Қазақ­стан­ның әлеу­­меттік жаңғыртылуы: Жал­пы­ға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық ма­қа­лада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің одан әрі да­муы­ның тұ­жырымдамалық векторы ретінде өнімді еңбек жолымен іске асы­рылатын әлеуметтік жаң­ғырту ар­қылы ғана қол жеткізуге болатын жалпыға ортақ еңбек қо­ғамын құру жолдарын белгілеп берді.

Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясы мем­ле­кет­тің әлеуметтік саясатын жаңғырту, яғни транзит мат­ри­ца­сында әлеуметтік қолдау моделінен әлеу­меттік прогресс парадигмасына өтуді жан-жақты да тұтас­тай қайта форматтау міндеті қамтылған келешек мақсат болып табылады. Әлеуметтік-ең­бек қа­ты­нас­та­ры саласында мемлекеттік саясаттың маң­ыз­ды құ­рам­дас бөлігі әлеуметтік қамсыз­дандыру, әлеу­­меттік сақтандыру және әлеуметтік көмекті қам­­­ти­тын әлеуметтік қамсыздандыру болып табы­ла­тыны сөзсіз.

Әлеуметтік жаңғыртудың өзі, атап айтқанда, әлеу­меттік заңна­ма­ны түбегейлі жаңарту, алдыңғы қа­тарлы әлеуметтік стандарттар жүйесін енгізу, әлеу­меттік-еңбек қатынастарының тиімді моделін құру, масылдықты және әлеу­мет­тік инфантилизмді еңсеру, сондай-ақ еңбек қызметіне ынтаны арт­тыруды көз­дейді. Бұл ретте, әлеу­меттік қамсыздандыру жүйесін одан әрі арттыру жеделдетілген экономикалық даму мен қоғам игіліктерін жинақтап бөлу ара­сын­да оңтайлы теңгерімнің тұрақ­ты байланысының негі­зін­де жүргізілетін болады.

Әлеуметтік жаңғыртуды іске асыру логикасы 5 ба­сымдық негізінде құрылғандығы белгілі. 1-ба­сымдық – әлеуметтік заңнаманы жаңарту шеңберінде әлеу­мет­тік-еңбек саласындағы ұлттық заң­намаларға бас­тап­қы аудит жүр­гізіп, жаңғыртуды қажет ететін нор­мативтік-құқықтық актілердің тізбесін айқындау. Оған 130-дан астам нормативтік-құқықтық акті енді. Олардың қатарында Еңбек кодексі, 17 заң, Үкіметтің 62 қаулысы және 53 ведомстволық нормативтік-құқықтық акті бар.

Әрине, бұл жоспарланып отырған жұмысты да­мудың келешек перспективаларының тұтас көрінісін­сіз атқару мүмкін емес. Осы мақсатта мүдделі мем­лекеттік органдардың, кәсіподақтар­дың, азамат­тық қоғам институт­та­ры­ның, халықаралық ұйымдар өкіл­дерінің, отандық және халық­аралық сарапшылардың қаты­суы­мен жұмыс топтары құрылып, олар­дың жұ­мыс қорытындысы әлеуметтік-еңбек заңнамасын же­тіл­діру тұжырымдасы болып та­былады.

2-басымдық – әлеуметтік-ең­бек қатынастарының тиімді моделін қалыптастыру аясында министрлікте мынадай бағыттар: нәти­желі жұмыспен қамтудың қол жетімділігін арттыру, ұлттық біліктілік жүйесінің негізгі элементтерін және 147 кәсіби стандарттарды бекіту; кәсіпорындар қызметін ерікті түрде декларациялау және кәсіптік қатерлерді басқару жүйе­лерін енгізу; кәсіптік одақтар ту­ра­лы заңға кешенді талдау жүр­гізу тәрізді бағыттарда жұмыс жүргізілуде.

3-басымдық – өмір сүру са­па­сы­ның қазақстандық стандарты бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, отандық және халықаралық сарап­шы­лармен бірлесіп ең төменгі әлеу­меттік стандарттарды: ең тө­мен­гі күнкөріс деңгейі, еңбек­ақы­ның, зейнетақы жә­не әлеуметтік жәрдемақылардың ең төменгі мөл­ше­рін же­тілдіруге бағытталған міндеттерді іске асырумен ай­налысуда.

Дүниежүзілік банкпен ынты­мақ­тастық тәуелсізді­гіміз­дің ал­ғаш­қы жылдарында – 1992 жылы бастау алған, ал Халықаралық ең­бек ұйымымен (ХЕҰ) 1993 жыл­дан бері жалғасуда. Халықаралық институттармен жемісті еңбектің нәтижесі Қазақстанның халық­ара­лық еңбек нормативтері саласын­дағы 20 кон­вен­цияны ратифика­циялауы болып табылады.

Әлеуметтік жаңғырту страте­гиясы әлеуметтік қор­ғаудан жұмыспен қамту және уәждемелі еңбек өнімділігі үшін қажетті жағдайлар жасау концептіне негізделген әлеуметтік прогреске өту желілік-үде­ме­лік век­торға құрылады. Бұл орайда, халықтық әлеу­меттік әлжуаз топтары, өмірлік қиын жағ­дайға тап болған адамдар әлеуметтік келісім-шарттар жүйесі және әлеуметтік шартты сипаттағы атаулы көмек арқылы уәждемелі еңбекке енгізілетін болады.

Заманауи жалпыадамдық дискурста қарттарға, әйел­дер мен ба­лаларға деген көзқараспен бағала­натын өркениетті қоғам туралы түсінік қалыптасқан. Бұл сипаттамалар дуализмін 3-құрамдас бө­лік: мүм­кіндіктері шектеулі адам­дарға деген қарым-қатынас­пен толықтыру қажет деп ойлаймын.

Қазақстан, демократиялық және экономикалық дамыған мемлекет ретінде мемлекет кепілдік берген төлемдер (жасына, мүге­дектігіне байланысты), сон­дай-ақ жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік қор­ғаудың қосымша нысандарын (міндетті әлеумет­тік сақтандыру және жазатайым оқи­ға­лардан мін­дет­ті сақтандыру) қам­титын жарты деңгейлік әлеу­меттік қамсыздандыру жүйесін қалыптастырды.

2005 жылы елімізде әлеу­меттік қатер туында­ған­да әлеу­мет­тік төлемді қамтамасыз ететін міндетті әлеу­мет­тік сақтандыру жүйесі, сондай-ақ өндірісте зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қор­ғаудың қо­сым­ша деңгейін қам­тамасыз ету мақсатында жаза­тайым оқиғалардан қызметкерді міндетті сақтандыру енгі­зіл­ді. Нәтижесінде, жұмыс істейтін азаматтар еңбек қабілетінен айрылу жағдайы бойынша әлеу­мет­тік қа­тер туындағанда үш деңгейден: республикалық бюд­жеттен берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәр­дем­ақы, міндетті әлеуметтік сақ­тандыру жүйесінен әлеу­меттік тө­лемдер және сақтандыру ұйымы­нан берілетін сақ­тандырудан тұ­ратын төлемдер алатын болды.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде балалы от­басыларды әлеуметтік қолдау мәселесі ерекше орын­да тұр. Балалы отбасы­лардың мемлекеттік әлеуметтік қол­дауға деген және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ең төменгі әлеуметтік стандарт­тардың сақталуына құқықтары сол саланы реттейтін ұлттық заң­намада нақты көрсетілген.

Жұмыс істейтін әйелдерді әлеу­меттік қорғау мақ­са­тында 2008 жылы міндетті әлеуметтік сақ­тандыру жүйесі жүкті болу және босану, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу, сондай-ақ бала бір жасқа тол­ғанға дейін оның күтіміне байланысты табы­сынан ай­рылу жағдайы қатерін сақтандырумен толық­ты­рыл­ды.

Республикамыздың осы сала­дағы халықаралық стан­­дарттарды сақтау және орындау жолын ұста­на­тын­­дығының заңды әрі ло­гика­лық дәлелі ретінде Қазақ­­станның биылғы жылдың 14 ақпанында ХЕҰ ана­ны қорғау конвенциясын ратификациялауын алу­ға болады.

Қосымша әлеуметтік жаңғыр­тудың негізгі ере­же­леріне сәйкес біздің жұмысымыз өндірістегі бел­сенді жұмыспен айналысуды отбасылық міндеттемелермен үй­лестіруге мүмкіндік беретін көп балалы отбасы­ларды әлеуметтік қолдауды кеңейтуге бағыттал­ған­дығын атап өту қажет.

Жалпы, Қазақстанда басты даму көрсеткіштерінің бірі бала туу көрсеткішінің өсуі болып сана­ла­ды. Егер 2007 жылы 316 822 бала өмір есігін ашқан болса, 2011 жылы 372 208 бала, ал биылғы жыл­дың бірінші тоқ­санында дү­ние­ге келген баланың саны 187 387-ні құ­ра­ды, бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыс­тыр­ғанда 28 274 балаға көп дегенді білдіреді. Бұл көр­сет­кіш Қазақстан халқының мемлекеттің әлеуметтік саясатын толық қол­дайтындығының және келешекке се­нім­ділікпен қарайтындығының айқын дәлелі болып табылады.

Республикамызда мүмкіндік­тері шектеулі адам­дар­­ды әлеумет­тік қорғау жүйесі де қарқынды дамы­тылуда. Мүгедектердің құ­қық­тарын қорғау жұмыс­тары­ның тиімділігін арттыру үшін Қазақ­стан 2008 жылы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және Факультативтік хаттамаға қол қоя отырып мүмкіндіктері шек­теулі адамдарға қатысты ха­лық­аралық стандарттарды имплементациялау бойынша міндеттемелерді өз мойнына алды.

Мемлекеттің алдында әлеу­меттік жәрдем­ақы­лар­ды уақты­лы төлеу мәселесі тұрған болса, қа­зіргі кезде бұл міндет кеңей­тіліп, мүмкіндіктері шектеулі адам­дарды оңалту және оларды қоғамға толық кіріктіруді қамти­ды. Әлеуметтік жаңғырту аясында арнау­лы әлеуметтік қызмет көр­сету жүйесін реформалауды жал­ғас­тырып, мемлекеттік қатысудың қосымша ша­ра­ларының және ла­йық­ты өмір сүру үшін өзге де жағ­­дай жасаудың пәр­мен­ді нысан­дарының негізінде азаматтардың әлеу­мет­тік тұрғыдан осал топ­тарын қол­дау жүйесін кеңейту мәселелерін қарастырудамыз.

Алайда, Мемлекет басшысы атап өткендей, «мемлекет – шет­сіз-шексіз донор емес». Ол «шы­ны­мен мұқ­­таж адамдарға ғана көмек қолын созатын болады. Аза­маттар өзінің қолынан келетін шаруаны өзі ат­қаруға тиіс». Әлеу­меттік қолдаудың міндеті «азамат­тардың еңбек, шығармашылық және қоғамдық бел­сенділігін ояту­ға» бағытталып отыр.

Біздің ойымызша, әлеуметтік жаңғыртуды іске асы­рудың ең маңызды басымдығы әрбір Қа­зақстан азаматының жалпыға ортақ еңбек қоғамының идеясын жетік ұғынуы және осының негізінде оны іске асыруға белсене қатысу арқылы жаңа әлеуметтік саясатты қолдауы болып табылады.

Әлеуметтік-экономикалық жаң­ғырту тұғырнама­сында жаңа әлеуметтік саясатты қалыптасты­ру Қазақ­станның әлемнің дамыған 50-елінің қатарына енуі жөніндегі жалпы мақсатқа қол жеткізу үшін халықтың одан әрі жұмыла еңбек етуіне бағытталған.

17.Еңбек нарығының негізгі компоненттеріне тоқталыңыз: еңбек биржасы, кадрларды дайындау орталықтары, жұмыс бастылық фондтары, бизнестің коммерциялық орталықтары, кәсіпкелікке көмек көрсетудің мемлекеттік фондтары, зейнетақылық қор т.б.

Еңбек биржасы - жұмысқа орналасуға өтініш білдірген азаматтарды есепке алып, оларға ыңғайлы жұмыс табуға және орналасуға көмекnесетін орталық.Теле-радиоарналары, баспасөз беті арқылы жұмысқа орналасу мүмкіншілігін хабарлап отырады; қаланың оқу комбинаты мен кәсіптік мектептеріңде оқуға қатысты сүрақтарға жауап беріп, кеңесшілік қызмет көрсетеді. Еңбек Биржасы Орал қ-нда 1969 ж. құрылды. 1988 ж. Орал қ-лық жұмысқа орңаластыру орталығында 13 штат болды. Ол облысы жұмысқа орналастыру орталығының қүрамына кірді. Орталық қызметкерлері жұмыссыздарға жұмысқа орналасуға көмектесу; осы мәселеге байланысты сұрақпен келген азаматтарды есепке алу; жұмысқа орналасушының кәсіби деңгейін анықтау және мед. сараптамалардан өткізу, т.б. жұмыстармен айналысады.

Кадрларды дайындау орталықтары-

Жұмыс бастылық фондтары-

Бизнестің коммерциялық орталықтары-

Кәсіпкелікке көмек көрсетудің мемлекеттік фондтары-

Зейнетақы Қоры  – зейнетақы төлеуге арналған мақсатты қор. Зейнетақы қоры қаражаты салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің, жеке еңбек қызметімен айналысушы азаматтардың міндетті сақтандыру жарналары есебінен құралады. 

Зейнетақы қоры мынадай арнаулы міндеттерді атқарады:сақтандыру жарналарын жинайды; қызметкерлер мен басқа да азаматтардың жұмыста жарақат алып зақымдануы салдарынан немесе кәсіптік сырқатқа ұшырауы салдарынан болған мүгедектік бойынша немесе асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік зейнетақы есептеу үшін олардың денсаулығына зиян келтірілгеніне кінәлі жұмыс берушілер мен азаматтардан ақша өндіріп алады;қор қаражатын капиталға айналдырады, сондай-ақ, оған ерікті жарна тартады;салық органдарының қатысуымен қорға міндетті сақтандыру жарналарының уақытылы және толық түсуін бақылайды;сақтандыру жарналары бойынша барлық санаттағы төлемшілердің мемлекеттік деректер қорын ұйымдастырады;қор құзыретіне қатысты мәселелер бойынша үкіметаралық ынтымақтастықты жолға қояды.

Зейнетақы қорының қаражаты:жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынан;жеке еңбек қызметімен айналысушы азаматтардың сақтандыру жарналарынан;әскери қызметшілерге және зейнетақы төлеу жөнінен оларға теңестірілген азаматтарға, мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге, олардың отбасыларына әлеуметтік зейнетақы төлеуге, балаларға, жалғызілікті аналарға жәрдемақы төлеуге, Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардан зардап шеккендерге,экологиялық апат аймақтарындағы азаматтарға берілетін жеңілдіктерге, т.б. арналып, елдің республикалық бюджетінен бөлінген қаражаттан;ерікті жарналардан құралады.

“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заңға сәйкес елде міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын жинау міндеті жүктелген жинақтаушы Зейнетақы қорылары құрылды. Олар өз кезегінде мемлекеттік жинақтаушы Зейнетақы қорылары мен мемлекттік емес жинақтаушы Зейнетақы қорыларына ажыратылды. 2001 жылы аяғында елімізде 16 жинақтаушы Зейнетақы қоры тіркелді. Олардың қаражаты 182,4 млрд. теңге болды. Сонымен қатар заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ерікті зейнетақы жарналарын тарту қызметін жүзеге асыруға және қосымша зейнетақы төлеуге құзыретті жабық акционерлік қоғам тұрпатындағы мемлекеттік емес ерікті Зейнетақы қорылары да құрылып, жұмыс істей бастады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]