Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zanyatost`.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
626.71 Кб
Скачать

1

Жұмысбастылықты әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз

2

Жұмысбастылық ұғымы және жұмысбастылық мәртебесіне анықтама бере отырып, сипаттаңыз

3

Жұмысбастылық түрлеріне жеке-жеке талдау жасаңыз: толыққанды, өнімді, еркін таңдалған

4

Жұмысбастылықтың жас ерекшелігіне орай әлеуметтік-демографиялық топтарға бөлінуі: ерлер, әйелдер, жастар, орта жастағылар, зейнеткерлік алдындағы және зейнеткерлер. Әр топтың жұмысбастылық деңгейін анықтаңыз

5

Мемлекет тарапынан жүргізілетін жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз және ерекшелітеріне тоқталыңыз

6

Жұмысбастылықтың негізгі концепцияларын атаңыз және өкілдерінің көзқарастарын талдаңыз

7

  1. Марксистік бағыттың негізгі өкілдері мен негізгі идеясын талдаңыз

8

  1. Неоклассикалық бағыттың өкілдері және негізгі ұстанымдарын негіздеңіз

9

  1. Жұмысбастылықтың Кейнсиандық бағытына талдау жасаңыз

10

М.Фридмен монетаризм (монетаристік бағыт) бағытың өкілі ретінде. Негізгі көзқарасына тоқталыңыз

11

Жұмыссыздықтың әлеуметтік мәселелерін атаңыз және оның салдарына түсініктеме беріңіз

12

Жұмысбастылық пен халықтың түрлі топтарының әлеуметтік мобильдігінің арасындағы байланысты түсіндіріңіз

13

Жұмысбастылықтың стандартсыздануы дегенді түсіндіріңіз

14

Жұмысбастылықтың икемді және өзгермелі түрлері. Уақытша жұмыс. Толық емес жұмыс уақыты. Жұмыс орнының бөлінуі. Әрқайсысына тоқталыңыз

15

  1. Сыртқы және ішкі еңбек нарығының қалыптасуы қандай заңдылықтар негізінде жүзеге асырылады, негіздеңіз

16

  1. Еңбек саласындағы әлеуметтік саясат.

17

  1. Еңбек нарығының негізгі компоненттеріне тоқталыңыз: еңбек биржасы, кадрларды дайындау орталықтары, жұмыс бастылық фондтары, бизнестің коммерциялық орталықтары, кәсіпкелікке көмек көрсетудің мемлекеттік фондтары, зейнетақылық қор т.б.

18

  1. Еңбек нарығы және оның қалыптасуының мәнін анықтаңыз

19

Ішкі және сыртқы еңбек нарықтарының бір-бірімен органикалық байланыстылығын түсіндіріңіз

20

Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз

21

«Жұмыс орны» ұғымын экономикалық және әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңі

22

Әлеуметтік-еңбектік саланы мониторинтеу, әлеуметтік-экономикалық мониторинг және мониторинг көрсеткіштерін атаңыз

23

Мониторингті еңбек нарығындағы дағдарысты жағдайларды анықтау құралы ретінде үсіндіріңіз

24

Жұмыссыздық мәселесін қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде түсіндіріңіз және оның алдын алудағы әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз

25

Жұмыссыздықтың түрлерін атаңыз және оның әлеуметтік-экономикалық салдарына тоқталыңыз

26

Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық қызметін атаңыз және сипаттаңыз

27

Ерікті жұмыссыздар. Амалсыздан жұмыссыз болу. Жасырын жұмыссыздық. Құрылымдық жұмыссыздық. Технологиялық жұмыссыздық. Аталған жұмыссыздық түрлеріне тоқталыңыз

28

Еңбек нарығы және жұмысбастылық мәселелерінің өзара айланысын сипатаңыз

29

Миграция ұғымына анықтама беріңіз және миграцияның түрлеріне тоқталыңыз

30

Миграция процесінің қоғамдағы еңбек нарығына жағымды және жағымсыз әсерін анықтаңыз

31

Миграцияның профессионалдық-еңбектік және мүліктік-табыстық себептері мен салдарларын атаңыз және түсіндіріңіз

32

Миграцияның түрлері: мемлекет аралық, мемлекет ішіндегі, тұрақты, маятниктік, эпизодтық, некелік. Әрқайсысына тоқтала отырып, ерекшеліктерін атаңыз

33

Миграцияның типтік, объективтік және субъективтік себептеріне тоқтала отырып, тұжырымдаңыз

34

Социологиялық зерттеулердің миграцияны зерттеудегі және тиімді жұмыс бастылықты қалыптастырудағы рөлін атап көрсетіңіз

35

Еңбек нарығының үлгілері: американдық, жапондық, шведтік. Үлгілердің әрқайсысына тоқтала отырып, түсіндіріңіз

36

Мемлекттік жұмысбастылық қызметінің мақсаты, міндеті, құрылымы мен қаржыландырылуына тоқталыңыз

37

Жұмысбастылық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз және түсініктеме беріңіз

38

Мемлекеттік емес жұмысбастылық қызметтерінің мәні, қызметі мен құрылымына негіздеме беріңіз

39

Халық жұмысбастылығы: тенденциялары мен жетістіктеріне тоқталыңыз

40

  1. ҚР жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік саясатының мәні мен мазмұнын талдаңыз

41

  1. ҚР 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық концепциясының негізгі мақсаты мен міндерттеріне түсініктеме беріңіз

42

  1. Жұмыспен қамту мақсатында жұмыссыздарды кәсіби даярлау және әлеуметтік жұмыс орындарын қалыптастыру технологиясына тоқталыңыз

43

Жұмыспен қамту мақсатында төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, бос орындар жәрмеңкесін өткізу және ішкі еңбек нарығын қорғау іс-шараларына талдау жасаңыз

44

«Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мемлекеттік әлеуметтік саясатының элементі ретінде» - түсініктеме беріңіз

45

Жұмысбастылық саласындағы әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша дифференциацияны сипаттаңыз

46

Еңбекке қабілетті адамдарды жұмысшылар қатарына қосуды жүргізу технологиясына тоқталыңыз

47

Еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру технологиясына талдау жасаңыз

48

Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс және жұмыс іздеу технологиясына сипаттама беріңіз

49

Жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде сипаттама беріңіз

50

Жұмыссыдарды қорғаудағы әлеуметтік қызметкердің рөліне сипаттама беріңіз

51

Жұмыссыдарды қорғаудағы әлеуметтік қызметкердің негізгі қызметтерін атаңыз және талдау жасаңыз

52

Жұмысбастылық саласындағы жұмыссыздарға берілетін мемлекеттік кепілдемелерге талдау жасаңыз

53

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешудегі мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шараларды атаңыз және түсіндіріңіз

54

Жұмысбастылық саласындағы жастар мен жасөспірімдердің жұмысбастылық мәселесіне тоқталыңыз

55

Әйел адамдардың жұмысбастылығы, артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқтала отырып, сипаттаңыз

56

Жұмыс іздеу технологиясының критерийлері ретінде: өз бетімен жұмыс іздеу, резюме құру, өз образын қалыптастыруды түсіндіріңіз

57

Жұмысбастылықты экономикалық категория ретінде негіздеңіз

58

Жұмысбастылықтың жас ерекшелігіне орай әлеуметтік-демографиялық топтарға бөлінуін тұжырымдаңыз және топтарды атаңыз

59

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының жұмысбастылыққа ықпалын түсіндіріңіз

60

«Жмыспен қамту - 2020» бағдарламасына талдау жасаңыз

1 Жұмысбастылықты әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз

Әлеуметтік-нарықтық экономиканың және экономикалық саясаттың басты назардағы теориялық және практикалық мәселелерінің бірі халықтың жұмысбастылық мәселесі болып табылады. Біздің елдегі және де көптеген дамыған нарықтық экономикасы бар елдердегі қалыптасқан жағдайлардың ерекшелігі бұл мәселенің бірден бір ғаламдық әлеуметтік-экономикалық мәселе екендігін және ол солай блып қалатындығын айқын көрсетіп отыр. Көптеген адамдар үшін еңбектегі іс-әрекеті барлық өмірі сабақтасатын бір «өмірдің өзегі» ретінде жүреді. Жұмыспен индивидтің материалдық жағдайы, оның қоғамдағы орны, өзінің еңбектік потенциалын ашу мүмкіндігі және т.б. байланысты болып келеді. Бұл өз кезегінде еңбектегі іс-әрекетінің әлеуметтік-психологиялық аспектісі болып табылады.

Бірақ оның экономикалық аспектісі маңызды екенін ұмытпау керек. Айта кету керек, адам, кәсіби-біліктілік дайындық процесінде қоғамдық қажетті деңгейге жеткен жұмыс күшінің бірлігі ретінде және жиынтық жұмысшы күшінің құрамында әрекет ете отырып өндірістің жеке факторы болып табылады. Алайда, қазіргі экономикалық ғылым адам факторын тек өндірістік ресурс ретінде қарастырған маркстік теориядан алшақтауы қажет. Өйткені адам - өзінің экономикалық мүдделері бар шаруашылық субъектісі болып табылады. Осы мүдделерді жүзеге асыра отырып үй шаруашылығы экономикалық өмірдің барлық көрсеткіштерінің динамикасына әсер етеді.Қазіргі экономикадағы жұмысшы күшінің ұдайы өндірісі экономикалық іс-әрекеттің барлық субъектілерінің мүдделерін біріктіреді – кәсіпкерлерді, мемлекетті және жұмысшы күшінің иегерінің өзін.

Әлеуметтік маңыздылығы жағынан жұмысбастылықты ең жоғары құндылыққа жатқызуға болады. Оның анықтамасы және мәселесі қазіргі кезде экономикалық әдебиеттерде өте маңызды орынды алады. Көп жағдайда оны өндірістік көзқарас тұрғысынан қарастырады. Бұл тұста экономист-ғалым А.Э.Котлярдың жұмысбастылыққа берген түсініктемесі өте орынды болып келеді, яғни «жұмыс орындарын қамтамасыз ету бойынша және шаруашылық іс-әрекетте қатысуына қарай болатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі» деп көрсетеді. Жұмысбастылық процесі, бір мезгілде жұмысшы күші және жұмыс орындары сатылатын және сатылып алынатын еңбек нарығында жүреді (жұмыс беруші жұмыс орындарын ұсынады, ал жұмысшы күшінің иегері өзінің еңбекке қабілеттілігін ұсынады). Яғни жұмысшы күшінің және жұмыс орындарының нарықтары халықтың жұмысбастылық формасында жалдамалы еңбекпен бірігеді. Сонымен «...халықтың жұмысбастылығы дегеніміз адамдардың еңбектік іс-әрекетке тартылу шаралары, олардың еңбектегі қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесі, жұмыс орындарымен қамтамасыз етілулері» деп білеміз.

Тұрғындар жұмысбастылығы дегеніміз – азаматтардың ҚР конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі деп, ҚР жұмыспен қамту туралы заңында атап көрсетілген.

Айта кету керек, жұмысбастылықты анықтаудың екі негізгі белгісі бар. Бір жағынан ол жұмыстың өзінің болуы, екінші жағынан – ол одан түсетін табыс (ақшалай немесе натуралдық түрде). Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде қабылданған ереже бойынша жұмысбастылық түрлерінің жіктемесінің негізіне табыс түрлері енгізілген (ХЕҰ әдіснамасы бойынша, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) - 1919 жылы Версаль бейбітшілік келісім шартына сәйкес Ұлттар лигасында автономды ұйым ретінде құрылған. 1946 жылдан БҰҰ құрылтайшысы болды. Қазіргі күнде құрамына 160 мемлекет кіреді). Мысалы, жалақы немесе төлем ақы алу үшін жұмыс түрін ажыратады, сондай-ақ пайда алу үшін (дивиденд, пайыз, рента және т.б.) іс-әрекеттерді бөліп көрсетеді. Соңғысы азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамту категориясын көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]