Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazak_tili__1241_dist_lektsia-2015-16.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.19 Кб
Скачать

Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі

Мақсаты – тілге қатысты әдіс түрлерін сипаттап, маңызы мен қызметін түсіндіру

Қаралатын мәселелер:

1.Педагогогикалық әдістер: Қазақ тілін оқыту (дидактикалық) әдістері мен жіктемесі (классификациясы); көзқарастар. Оқу танымдық қызметті ұйымдастыру, бақылау мен бағалау әдістері; Тіл білімдік (лингвистикалық) әдістер Жекелеген тақырыптардың ерекшеліктерінен туындайтын әдістер.

2.Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі әдістер: 2.1Қатысым әдісі мен оның ұстанымдары, белгілері.2.2 Дарадан жалпыға бағдарлап оқыту әдісі 2.3 Интерактивтік оқыту әдісі.

1.Жалпы сауат ашуда ХІХ ғасырдың ортасында әлемдік педагогикада төрт түрлі әдіс пайда болған. 1) «Жакота әдісі» - дыбыстық-аналитикалық әдіс; 2)«Стефани әдісі», негізін неміс педагогі Г.Стефани салған; бұл – дыбыстық-синтетикалық әдіс; 3) «Толстой әдісі» (орыс жазушысы Л.Н.Толстой ойлап тапқан), дыбыс есту, буын есту әдісі; 4)дыбыстық аналитикалық-синтетикалық әдіс; бұл тиімді әдіс болып қалыптасты, қазір де қолданыста және ғалымдар арасында деңгейлеп дамыта оқытуда ыңғайлы деп есептеледі. Бұл әдіс бойынша оқушыларға алдымен дыбыстар үйретіледі, содан кейін дыбыстарды бірте-бірте біріктірту арқылы сөздер құрастырылтады, ең соңында сөздерден сөйлемдер құрастырылады. Бұдан соң керісінше талдау жүреді: сөйлемнен жеке сөз, одан буын, буыннан дыбыс тапқызылып, талданады. Осыдан аналитикалық және синтетикалық әдістер қатар жүретіні көрінеді.

Оқыту әдістерін таңдау сабаққа оқу материалын таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты. Оқыту әдістері топтарға бөлінеді. XIX ғасырдың 20-30 жылы Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді. Осы жылдары Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант оқушылардың сөз, кітап, көрнекілік, тәжірибелік жұмыстан білім алатынын ескеріп, сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады.

М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерге: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру әдісін топтады. Бұлардың ойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыратын тәсіл түрі болып табылады. Бұнда әдістер оқыту міндеттерімен сәйкестендірілген.

И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін танымдық жұмыстың түріне қарай топтастырады; балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.

Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады.

Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін бола бермейді.

Ю.К. Бабанский оқу-танымдық, іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтастырады. Ол іс-әрекетке ұйымдастыру, ынталандыру, бақылауды атап көрсетеді; ал әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.

М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін көрсетеді. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінде А.Байтұрсынұлының: «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі – бір ғана әдісті болу; шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу; әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйенетін қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» - деген жазбасы қай ғалым әдіскердің болсын көкейіне дәл қонады.

Осы ғалымнан кейін Ж.Аймауытов, Т.Шонанұлы, К.Кемегерұлы еңбектерінде қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты, сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқыту мәселесіне байланысты пікірлер бар. Ж.Аймауытов — талдау, жалқылау, жалпылау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, жаттығу, көрнекілік әдістерін; М.Жұмабаев – көрнекілік, көшіру, көрініс қойдыру, әңгіме әдістерін; Т.Шонанұлы — зерттеу, аудару, салыстыру, талдау әдістерін; К.Кемеңгерұлы — үйлестіру, әңгіме, т.б. әдістерді жіктеп, тиімділігін айтып, оқыту жолдарын көрсеткен.

Осылайша қазақша негізі қаланған әдіс түрлері кейін әр ғалым өз бағыты, көзқарасы бойынша жіктеуге түсе бастады. Ғалым Д.Әлімжанов, Ы.Маманов әдістерді: салыстыру, индукция-дедукция, баяндау, әңгімелесу, жаттығу, көрнекілік әдістері;

ғалым А.Әбілқаев білімдік кезең бойынша мұғалімнің сөзі, әңгіме, көрнекілік, жаттығу әдісі; оқушылардың қатысуы мен сыныбына қатысты актив-пассив, тапсырманы орындау әдісі; оқушының жұмыс сипаты мен орнына қарай бақылау тапсырмалық әдіс; жұмыстың жазбаша/ауызша орындалу әдісі; оқушының білім алу, тапсырманы орындау мүмкіндіктеріне байланысты әдістер;

ғалым Ә.Исабаев 1)қазақ тілін педагогикалық жақтан үйрету әдістері(қазақ тілін әдебиетпен байланыстыру әдісі, түсініксіз сөздерді үйрету, диалогтік/монологтік сөйлеуді үйрету, ауызша түсіндіру, ауызша мазмұндау, мәнерлеп оқыту әдісі); 2)қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері(әңгіме, хабарлау, тәжірибе, түсіндіру және кітапты пайдалану әдістері); 3)қазақ тілін теориялық/тәжірибелік жақтан үйрету әдістері(талдау тілдік материалдың түрін өзгерту, мазмұндау, сөйлем құрау, шығарма, көшіру, диктант жаздыру әдістері) деп жіктемеге бөледі.

ҒалымС.Рахметова оқыту әдісін бөлек жіктеп көрсетеді:

І. Балалардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыру мен іске асыру әдістері: 1) қабылдау мен есте сақтауды жетілдіретін әдіс түрлері: сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер; 2) логикалық ойлауға негізделген әдістер: дедуктивтік әдістер; 3) қиялға, ерікке негізделген әдістер: өздігінен орындау, мұғалімнің басшылығымен орындайтын әдістер.

ІІ.Оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету әдістері: 1)ынта туғызу, зейінін жинақтау; жауапкершілік жүктеу әдістері; 2)оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері: ауызша тексеру, жазбаша тексеру, зертханалық-тәжірибелік тексеру мен өзін-өзі тексеру әдістері.

Ғалым Қ.Молдабек: теорияны тәжірибемен байланыстыру, оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру, ғылымилық, көрнекілік, жүйелілік және бірізділік, саналылық пен белсенділік, лингвостатистикалық іріктеу, ақпараттық ұстанымдарына сүйенген қатысымдық әдістер жіктемесін береді.

Ғалымдардың жіктеп, ұсынған әдістері сабақтың мақсаты мен міндеттеріне орай қолдану тиімді. Мәселен, Деңгейлеп дамыта оқыту қолданысында (технологиясында) мұғалім әдістерді сабақтың тақырыбына байланыстырып қолдануы керек.

Сонымен бірге С.Рахметова жетекшілігіндегі Ә.Жұмабаева, Г.Уәйісова, Б.Қабатай, Н.Молдабекова, т.б. ғалымдар зерттеу еңбектерінде аналитикалық-синтетикалық әдіске сүйеніп, мектепте сауат ашу жүйесінде дыбыстарды созыңқырап қосу, табиғаттағы дыбыстарға еліктеу, ұқсас сөздерді тапқызу, сөздегі дыбыс, буын санын үдету, дыбыстарды, сөздерді салыстыру, дыбыстардың орнын ауыстыру арқылы жаңа мағыналы сөз жасату, алақанды иек астына қою арқылы буын жігін тапқызу, ойын әдістерін қарастырады.

Бинарлық әдіс деген бар, мұнда оқыту мен оқудың тәсілдері – хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, мәтінді оқуы, т.б. – қатар қолданылады. Мұғалім оқушыларға деректер мен ережелерді хабарлайды, заттарды көрсетеді, деректердің (факті) мәнін түсіндіреді, сұрақтар қояды. Егер тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, талдау, салыстыру, хабарлау, т.б басым болса, онда оқыту әдісін түсіндірмелі деп аталады. Егер ақпарат, деректер ғана ұсынылса, онда оқыту әдісі ақпараттық хабарлау не хабарлама әдісі деп аталады. Мәселен: мұғалім оқушыларға ережелерді жаттауды ұсынады, бірақ ереженің мәні түсіндірілмей, оны жаттау тәсілі ғана айтылады. Бірінші жағдайда оқушылар заттарды бақылап, деректереді есінде сақтайды, мұғалімнің түсіндіргенін тындап, ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді. Мұнда оқу әдісі репродуктивтік болады, яғни жаңа ережені оқушылар дайын күйінде меңгереді (оқушылар мәселені, деректі талдағанмен, ереже шығармайды).

Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау, оқушылардың үлгі бойынша жұмыс істеуі ғана көрініс табады. Мұндай оқу әдісі шартты түрде орындаушылық деп аталады. Оқушының кітаппен жұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып табылады. Оқушы мәтінді талдап, түсінгенін өз сөзімен айтса, онда кітаппен жұмыс істеудің оқу әдісі болып табылады.

Монологтік баяндау әдісте мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын, ережелерін, деректерін хабарлап, оқиғаны суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін көрсетеді және оқушыларға тапсырма береді.

Эвристикалық әдісте мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) көтеріледі. Эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) және проблемалық тапсырмалар беріледі. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады, негізінен, оқушылар өз бетімен жұмыс істейді.

Зерттеу әдісінде мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы – тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, деректі талдау мен қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материал жинау, т.б. – тапсырмалар береді. Оқушылар оларды мұғалімнің басшылығында өз бетімен орындайды.

Әңгіме әдісінің бірі – оқу материалын ауызша баяндау тәсілі. А. Байтұрсынов «Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас», - деген.

Әңгімелесу – оқытудың диалогтік әдісі, мұғалім ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп те атайды. Бұл әдіс оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді.

Әңгімелесу әдісінің түрлері бар: кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді қалыптастыру (сократ, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгіме арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық деңгейі анықталады.

Эвристикалық әңгімелесуде мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады.Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады.

Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу) немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесу нәтижесі сұрақтың дұрыс қойылуына байланысты. Әңгімелесу әдісінің маңыздылығы ес пен тілді дамытуы; оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі; оқушылардың білімінің белгілі болуы; жақсы диагностикалық құрал; тәрбиелік мәннің болуымен көрінедіі.

Әңгімелесу әдісінің кемшілігі – уақыттың көп кетуі; қателестіру қаупінің болуы (оқушы дұрыс жауап бермегенде, оны басқа оқушылардың қабылдап, есте сақтап қалуы)

Міржақып Дулатов оқытудың баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп, «Баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек"; «Балалар дұрыс оқи алмай, қиналған жерде мұғалім өзі оқып, көрсету лайық", - деген пікір берген.

Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау түрі. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде, бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде қолданылады. Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар: сұрақтарды дәл, анық тұжырымдау; себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру; салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану; жүйелілік. Бұл әдіс орта/жоғары сатыларда оқу материалы күрделеніп, оқушылардың ақыл-ойы кең жетілгенде көбірек қолданылады.

Баспа материалдарымен жұмыс істету тәсілдері: конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау; мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау; цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі; аннотация — мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау; рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу; анықтама жазу - тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет. Анықтама статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық, географиялық, т.б) түрде болады;

Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі. Дедукция әдісі. Бұл әдіспен мұғалім ережелерді, оны оқушы меңгереді. Аталған әдіс оқу материалын тез меңгеруге көмектесіп, дерексіз (абстрактілі) ойлауды дамытады. Оны теориялық материалдарды оқуда пайдаланады. Дедукция әдісі арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді оқығанда, бақылау жүргізіп, тәжірибе жасап, жаттығу жазғанда қолданады. Мысалы: жазбаша жаттығу жазғанда белгілі грамматикалық ережелер қолданылады.

Индукция әдісі – латын сөзі. Жекеден қорытынды шығару. Оқушыларға жеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, деректерден қорытынды жасалады. Индукция әдісі дедукциямен бірге қолданылады. Екі әдіс арқылы ой-тұжырымдарын жасау оқытудың логикалық негізі болып табылады.

Индукция әдісі бастауыш сыныптарда жиі қолданылады (Бастауыш мектепте сауат ашу жүйесінде дамыта оқытуды қарастырып, әдістер тиімділігін арнайы зерттеген ғалым – Н.Молдабекова).

Бастауыш мектепте сауат ашу жүйесінде дамыта оқытуды қарастырып, әдістер тиімділігін арнайы зерттеген ғалым Н.Молдабекова болып табылады.

). Өйткені бұл жастағы балалар нақты жеке құбылыстарға қызығады. Олардың кейбір белгілерін анықтап, талдап, қорытынды жасайды. Жасалған ұғымдарын сөз арқылы айтады. Осы кезден бастап дедукция әдісі қолданыла бастайды.

Импрессивтік әдістер. Импрессия (латын сөзі, әсер, толғаныс, сезім) әдісі арқылы балалар мен жастар немесе ересектер шығарма және оның авторы туралы ақпарат алып, оны талдап, шығарманық негізгі идеясын айтады.Оқушы шығарманық негізгі идеяларын оның кейіпкерлерінің мінез-құлқымен, жүріс-тұрысымен салыстырады, өзінің сөзі мен ісіне ойлана қарай бастайды. Осы әдісті әдеби шығармаларды, сахналық қойылымдарды, кинофильмдерді, сәулет өнері, саз өнері шығармаларын және адамның мінез-құлқын талдау үшін қолдануға болады. Бұл әдісің тиімділігі ең алдымен шығармаларды іріктеуге, мұғалімнің оқушыларды әсерлендіре білуіне, оқушылардың өз ойын басқалармен бөлісе алуына байланысты.

Экспрессивтік әдістер. Экспрессия (латын сөзі, бейнелеу) әдісі арқылы жасалған жағдайда оқушылар нақты құндылықтар жасап, өздерін танытады. Оқушылардың сахналық қойылымдарда түрлі рөлде ойнауы, сценарий жазуы, режиссер, ұйымдастырушы болуы, қарапайым шығарманы сахнаға лайықтауы осы әдістің нәтижесі болып табылады. Мұғалім экспрессивтік әдіс арқылы топқа және жеке оқушыларға сурет салдырып, мүсін жасатады, қысқа метражды фильм шығартады. Оқушылар жұмысының көрмесі, тарихи оқиғаларды сахнаға лайықтап қою да экспрессивтік әдіс арқылы жасалады.

Экспрессивтік әдіс оқушылардың шығармашылық белсенділігін туғызады, фотоаппарат, ұнтаспа, радио, теледидар, ұлғайтқыш аппараттар, кинокамера, күйтабақ, бейнемагнитафондар адамдар жасап шығарған рухани мәдениетті көруге, үйренуге көмектеседі, тәрбиеленушілердің біліктілігін арттырады.

Ынталандыру әдісі. Мұнда қызығушылықтың үш түрі: іс-әрекетке оң көзқарастың болуы; танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі; іс-әрекеттің баланы ынталандыруы жүзеге асады.

2. 2.1Қ.Молдабек: «қатысым әдісі арқылы оқыту дегеніміз – өзінде теориялық және білімдік оқу мазмұны іске асатын, оқушыларда өмірлік қатысым дағдылары мен білімді қалыптастыратын, шығармашылық амал-тәсілдерді қамтитын, мәнерлі де жатық сөйлеуге баулитын оқу деген анықтамасын бере келіп, «қатысым әдісі – бастауыш сыныптың әрбір сабағында, күнделікті тілдік қарым-қатынаста, мектепте және мектептен тыс іске асырылатын тілдік жұмыстар оқушының өз тұлғасын өзі жетілдіруіне, сол арқылы өз бетінше қалыптасуына жеткізетін амал» және «қатысым әдісімен оқыту дегеніміз – мақсаты, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқыту», «қатысым әдісі арқылы жүзеге асатын оқу әрекеті – оқушы дамуының негізі және сабақтың өзегі», — дейді.

2.2Дарадан жалпыға бағдарлап оқыту әдісі оқушыны оқу әрекетінің белсенді шығармашылық субьектісі деп бағалайтын әдістемелік жүйенің мәнін ашады. Оқушының жеке психологиялық ерекшелігін есепке алып, қазақ тілінің құралдары арқылы тұлғалық дамуына жол ашады.

2.3Интерактивтік оқыту әдісі оқыту үдерісінде барлық оқушылардың тұрақты, белсенді, өзара қарым-қатынасы арқылы әрекет етуін жүзеге асырады. Оқушының өздігінен жауап іздеуге бейімделуін дамытады.

Әдебиет:

1. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.

2. Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. - М: Педаг. Общество, 1998. - 640 с.8.

3.Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.9.

4.Нұрғалиева Г.Қ.. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996.

5. Оконь В. Введение в общую дидактику. - Москва: Высшая наука, 1990.

6.Әлібаев А. Жұмысшы әліппесі, Қызылорда. 1934ж.

7.Бегалиев Ғ. Сауаттандыру принциптері.// Ауыл мұғалімі, №7, 8. 1935 .

8.Рахметова С. Бастауыш класс оқушыларының тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (ауызша және жазбаша тіл дамыту).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]