Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazak_tili__1241_dist_lektsia-2015-16.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.19 Кб
Скачать

3.Қазақстандағы халық педагогикасының және этнопедагогиканың даму тарихы мен қалыптасу кезеңдері.

1. Алғашқы қауымдық құрылыс кезiндегi тәрбие.

2. Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлiк тәрбие дәстүрлерi.

3. Ұлы Түркi қағанаты және оның тәлiмдiлiк-танымдық мұрагерлерi (VI-IХ ғ. ғ.).

4. Араб-шығыс мәдениетiнiң қазақ даласына тарауы, Орта ғасыр оқымыстыларының тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi (X-XV ғ.ғ.).

5. Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлiм-тәрбие (Жыраулар поэзиясындағы тәлiмдiк ойлар).

6. Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстар және ағартушылық-демократиялық идеялардың өркен жаюы

7. Кеңестiк дәуiрдегi қазақ педагогикасының ғылым ретiнде дамып қалыптасуы

8. Ресей империясының құрамына кірген Қазақстанның білім жүйесі.

9. Халық педагогикасы жөніндегі ғылыми-зерттеулер.

М.Жұмабаевтың “Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “Сауатты бол” (1926),  “Педагогика” (1922) атты оқулықтары педагогика және әдiстеме ғылымдарына үлесі болып саналады. М.Жұмабаев орыс, батыс педагог-психолог ғалымдар еңбектерiн оқып, тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн ескеріп, “Педагогика” оқулығын жазудағы ұстанымын түсіндіреді: “Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым…Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан түрлi терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi. Қалайда курстарда оқыған мұғалiмдердiң жәрдемiмен таза орыс сөздерi қазақшаға айналдырылды. Ал ендi жиһан тiлi болып кеткен сөздерi қазақшаға аударам деп азаптануды тиiс таппадым”. М.Жұмабаев жүздеген педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге енгiзген. Оқу құралының бiрiншi бөлiмiнде педагогиканың жалпы мәселесiне арналған.

Оның пiкiрiнше тәрбие саласы төртке бөлiнедi. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесi. Тәрбиенiң бұдан басқа да бiрнеше түр бар. Автордың төрт тәрбиеге баса көңiл бөлуi сол заманның талабынан туған көзқараспен астасып жатыр. Бүгiнгiдей экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбие ол жылдары (1930) басты мәселе болмады. Автор атаған тәрбиенiң төрт түрiн түсiндiре келiпi: “Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын…” Баланы келешек заманына лайық қылып шығару” – деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi. “Ұлт тәрбиесi – деп жазды ол, – баяғыдан берi сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбiр тәрбиешi сөз жоқ, ұлт тәрбиесiмен таныс болуға тиiс. Сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие қылуға мiндеттi”.Мағжан сонымен бiрге ұлт тәрбиесiне сын көзiмен қарап, тозығынан озығын айыра бiлуге шақырады: “Киiз үйдiң зиянды жағы болғаны сияқты, пайдалы жағы да бар. Әңгiме сол киiз үйдiң iшiнде баланы ұстай бiлуде. Шын таза ауа сол киiз үйде болмағанда қайда болады? Ал балаға таза ауа аса қажет… Малмен бiрге жүрiп, бiрге өскен қазақ баласын аса нәзiк қылып, үлбiретiп тәрбие қылмағаны дұрыс болмас… Қазақ баласының тәрбиесi қазақ тұрмысына қабысуы мақұл” дегендi айтады. Яғни баланы жастайынан шыңдау, өмiрге үйрету қажет дегендi айтады. Автор “Қазақ бесiгi – аса ұқыптылықпен жасалған нәрсе. Жөргегi, тартпалары, астындағы тесiгi, шүмегi, түбегiмен баланың таза, жинақы жатуына көп себепшi” деп, қазақ бесiгiнiң құрылымын жетiлдiрудi (қол, аяқ бауларды жалпақ жасамау және қатты тартып байламау) ұсынады.

Мағжанның “Педагогикасы” он төрт тараудан тұрады. Он тарауы ұлттық психологияны сөз етедi. Ол жан көрiнiстерiн ол “бiлу, яки ақыл, сезiм яки көңiл, һәм қайрат деп үшке бөлiп қарастырады. Олардың өзара табиғи үйлесiмiн Абай тұжырымымен байланыстырып, Абайдың “Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста, Сонда адам боласың елден ерек” – деуi ақыл (ми) мен ерiк, жiгердi байланыстыру деп қарайды.   Ол сыртқы сезiмдердi: көру, есту, иiскеу, тату, сипау (ет сезiмi) деп беске бөлiп қарастырып, олардың атқаратын қызметiне, ерекшелiктерiне сипаттама бередi. Оларды дұрыс жетiлдiрудiң жолдарын көрсетедi. Бұларды жетiлдiруде ұлттық дәстүрге сүйене отырып жүргiзудi, мәселен құлынның кiсiнеуiн, қойдың маңырауын, түйенiң боздауын ажырата бiлу арқылы тәрбиелеудi ұсынады.

М.Жұмабаев: “Адамның әдемiлiктi сүю сезiмiн тереңдететiн де осы есту сезiмi”, – деп өз пiкiрiн гректiң Орфейi, қазақтың Қорқыт күйлерi туралы ойларымен тиянақтайды. М.Жұмабаев адам өмiрiндегi қиялдың (фантазияның) мәніне тоқталып “Қиялы дамымаған адам мылқау адам… Қиял адам ойын дамытады… Ол үшiн балаларға жастайынан қиял-ғажайып ертегiлер айтқызып үйрету керек” дейдi. Мағжан ой-қиялдың өрiстеудегi тiлдiң рөлiне тоқтала келе “Бiр ұлттың тiлiнде сол ұлттың жерi, тарихы, тұрмысы, мiнезi көрiнiп тұрады… Ұлттың тiлiнiң кеми бастауы – ұлттың құри бастауы… дегендi айтады.

Мағжан орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинскийше, педагогиканың жан сырын терең зерттейтiн психология ғылымы мен байланыстыра қарастырады. Ол қазақтың халық педагогикасын ғылыми тұрғыда қарастырып, тұңғыш этнопедагогика ғылымының теориясын жасаушы болды, алғашқы педагогика саласындағы қазақ оқулығы «Педагогика» кітабы болды.

Кеңес Одағы кезiнде қалыптасқан педагогикалық тәжiрибелер “коммунистiк идеологияға” негiзделiп, “коммунистiк тәрбие беру” атты саяси-педагогикалық, диктатуралық жүйеге ұласты.

1937—1938 жылғы жүргiзiлген Сталиндiк жаппай қудалаушылық пен 1941-1945 жылдардағы соғыста қазақ халқы өте ұлкен қырғынға ұшырады. Ұлттық тәлiм-тәрбиенiң дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақтың көптеген зиялы азаматтары жеке басқа табынудың құрбаны болды. Мұның өзi ұлт мәдениетiнiң өсуiн үлкен тежелуге әкелiп соқтырды.

Соғыстан кейiнгi жылдары жаппай орыстандыру мәселесi қолға алынды. Қазақстанның тың жерлерiн игеру мақсаты отаршылық принципке негiзделiп, өкiмет тарапынан жүзеге асырылып отырды. Мемлекеттiк басқару жұмыстары, iс қағаздары, қоғамдық жиындар бiрыңғай орыс тiлiнде жүргiзiлдi. Шеттен келген басқа ұлттардың Қазақстанға қоныстануына мәжбүр еткiзген өкiмет саясатының нәтижесiнде көптеген қазақ мектептерi, бала-бақшалары, жоғары, арнаулы оқу орындарындағы қазақ бөлiмдерi қысқартылды.

Халық педагогикасы жөнiнде ғылыми-зерттеулер жүргiзуге шек қойылды. Ұлттық салт-дәурлердi дәрiптеу санадағы ескiнiң сарқыншағы деп бағаланды. Мектеп, мектептен тыс мекеме және балалар мен жастар ұйымдарының тәрбие жұмыстары коммунистiк идеологияға негiзделдi. Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк құралдар орыс тiлiнiң аудармасы негiзiнде пайдаланылды. Қазақ тiлiнде оқу-тәрбие жұмыстарына арналған әдiстемелiк нұсқаулар жазу назардан тыс қалды.

Дегенмен, ұзақ ғасырлардан берi келе жатқан қазақ педагогикасының қоғамдық өмiрдiң қажеттiлiгiне айналуына бағытталған туындылар: М. Жұмабаевтың “Педагогика”, А. Байтұрсыновтың “Оқу құралы”, “Сауат ашқыш”, “Тiл құралы”, “Ж. Аймауытовтың “Тәрбиеге жетекшi”, “Психология” атты еңбектерi, С.Көбеевтiң, Н.Құлжанованың, М.Әуезовтiң, М.Дулатовтың, Қ.Жұмалиевтiң, Е.Смайыловтың, М.Ғабдуллиннiң, Ә.Марғұланның т.б. шығармалары жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезiм көзқарасын қалыптастырды.

Кеңестiк дәуiрде педагогика, психология ғылымдары саласында М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, Ш.Әлжановтың, Р.Г.Лембергтiң, А,П.Нечаевтың, И.Л.Стычинскийдiң, Т.Тәжiбаевтың, Ә.Сембаевтың, Ә.Сыдықовтың, Қ.Бержановтың, Е.Суфиевтiң, А.Темiрбековтiң, А.Асылбековтың, Қ.Б.Жарықбаевтың, Т.Сабировтың, К.Құнантаеваның, М.Мұхановтың, А.Мәдиннiң, С.Мусиннiң, Ә.Б.Сейтешевтiң, Т.А.Умановтың, Н.П.Хмельдiң, А.Көбесовтiң т.б. монографиялық еңбектерi жарық көрдi. Педагогикалык ғылыми-әдiстемелiк “Қазақстан мектебi” журналы (1925) шығарылып, мектеп мұғалiмдерi мен педагог ғалымдардың еңбектерi жарық көрiп отырды. Педагогикалық, психологиялық оқулықтар ана тiлiнде шығарылып, ғылыми термин қалыптасты. Сөйтiп педагогика, психология және әдiстеме ғылымдары жеке ғылым болып шықты. Алайда Кеңестiк педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарында халық педагогикасына терең мән берiлмей, көп жағдайда коммунистiк тәрбие тұрғысынан зерттеу талап етiлдi. Балалар мен жастарға жан-жақты тәрбие беруде үлкен жауапкершiлiктi мойындарына алған пионер-комсомол ұйымдары негiзiнен коммунистiк тәрбие қағидасына сүйендi.

Қазақ мектептерi, негiзiнен, ауылды жерлерде орналасқандықтан, оның материалдық-техникалық базасына көп мән берiлмедi. Мектептегi оқу-тәрбие жұмысының бағдарламалары, әдiстемелiк нұсқаулар ұлттық тәлiм-тәрбиенiң ерекшелiктерiмен санаспаған, орыс тiлiнде жазылған еңбектердiң аудармалары арқылы жүзеге асырылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]