Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazak_tili__1241_dist_lektsia-2015-16.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.19 Кб
Скачать

1-дәріс

Қазақ тілін оқыту әдістемесі – дербес ғылым саласы

1. Пәннің зерттеу нысаны мен мәні; қолданбалы ғылыми пән екені; оны зерттеудің тәжірибелік пен теориялық түрі.

2. Қазақ және өзге ұлт мектебінде «Қазақ тілі әдістемесінің» қалыптасу, даму жолдары. Негізін салушылар - Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Қ.Басымов, Ғ.Бегалиев, Ш.Х.Сарыбаев, т.б. зерттеулері; одан кейінгі дамуда А.Ысқақов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, К.Аханов, Х.Арғынов, Ы.Маманов, Д.Әлімжанов, А.Әбілқаев, И.Ұйықбаев, Н.Оралбай, Б.Кәтембаева,Б.Құлмағанбетова; М.Дүйсебаева, Ә.Исабаев, С.Қазыбаев, т.б. еңбектері);

3. Қазақ және өзге ұлт мектебінде «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің» жүйелік табиғаты; басқа пәндермен байланысы, қазақ тілі заңдылықтарының әдістеме арқылы жеткізілу мәселелері.

4. Өзге тілді мектептерде қазақ тілі пәнінің мемлекеттік тіл ретінде оқыту ерекшелігі мен заңдылықтары. Қазақ тілі пәнінің білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы. Дәстүрлі және инновациялық әдістерді қолдану дағдылары. Қазақ тілі пәнінің басқа пәндермен байланысы: ана тілі, әдебиет, математика, шет тілі, химия, физика, биологая, музыка, сурет, информатика т.б.

1.Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны. Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психо-логия және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған тәжірибелік тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді. Әдістеменің мынадай міндеттері бар: 1) бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, ерекшелігін, мазмұны мен көлемін, құрылымын, бөліктерінің бір-бірімен ұштасуы мен бірізділігін анықтау, оқу материалын сыныптарға бөлу; 2) оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді және тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқылатын материалдың ерекшеліктері мен оқушылар құрамының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда қолданылатын әдіс-тәсіл варианттарын) зерттеу және сипаттау; 3) қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін (ғылым негізін) оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары туралы мәселелерді талдап шешу, яғни материалды дәл қабылдаудың, айқын түсінудің, оны тәжірибеда қолдана білудің шарттары туралы мәселелерді талдау.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі - оның мазмұны мен ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері туралы және мектепте қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игерудің жолдары, шарттары туралы ғылым.

2..ХІХ ғасырдың екінші жартысында педагогикалық ой-пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев бастаған ағартушылық кызметті ХХ ғасырдың басында жалғастырған ғалымдар М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Т.Шонанов болды.

Ы.Алтынсарин мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын орыс мектебі үлгісінде құрды. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Қазақ елінде мектеп санының артуымен мұғалім даярлайтын мектеп ашуды қолға алады. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.Оқу-тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. Ыбырай орыс зиялыларының арасында мейлінше беделді, сыйлы болған. 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда шығарады. "Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан тұрады. Кейбірін өзі жазған, кейбірін орыс оқулықтарынан еркін аударып жазған. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілері енген. 1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барып, орыстың ағартушылық жүйесін, еңбектерін зерттейді. 1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы болады. Бұл оның ағартушылық қызметіне жол ашады. Ол еуропалық үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды. Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне көңіл бөліп,1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ашқан.

Ыбырай миссионерлермен істес, қызметтес, достас болып жүргенмен, қазақ халқының тағдыры, келешегіне байланысты барлық мәселелер жөнінде үнемі пікірлес бола білмеген. Кейбір күрделі, көкейкесті мәселелерде Ы.Алтынсарин қарсылық білдірген. Мәселен, ол Н.И.Ильминский, А.Алектронов, А.Бессонов, т.б.миссионерлік әрекеттеріне, қазақ жазуын (араб әрпіне негізделген қазақ емлесін) орыс алфавитіне көшіруге қарсы болған. Бұл туралы жоғары орындарға бірнеше рет хат жазып, ұсыныстар жасаған. Мысалы, ол 1871 жылғы 31 тамызда Н.И.Ильминскийге жазған хатында: «Шапағатты төрем Николай Иванович! Сіз бұл хатыңызда қазақ арасына орыс алфавитін енгізу жөнінде пікір айтқан екенсіз. Бұл талассыз пайдалы пікір ғой. Дегенмен, оны жүзеге асыру, меніңше, үлкен қиыншылыққа кездеседі. Орыс әрпімен жазылған кітаптар қазақ арасына, тап біздің ойлағанымыздай жеңіл және тез сіңе қоймайды. Бірінші жағынан фанатизмнің салдарынан, екінші жағынан, орыс жазуына көзі үйренбегендіктен,  оның таныс еместігінен, оның үстіне, елімізде тарап отырған татар жазуының әсерінен… Кітаптарды қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара алу керек. Міне, менің шын пікірім осы». – деген(Алтынсарин А: Таңдамалы шығармалары. Алма-Ата, 1955, 278-279-б.)

“Қазақ хрестоматиясын” жазуда Ыбырай Алтынсаринға К.Д. Ушинскийдің педагогикасы мен оның “Балалар әлемінің “, Л.Н.Толстойдың, И.И. Паульсонның, Н.А.Корфтың және басқаларының оқулықтарының күшті әсері болды. Л.Н.Толстойдың “Әліппе және оқу кітабы”, Б.Ф. Бунаковтың “Әліппе мен оқу құралы”, Тихомировтің “Грамматиканың элементарлық курсы” оқу құралы пайдаланып, солардың үлгісімен “Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы“ деген екі оқу құралын шығарады. Хрестоматияда Ы.Алтынсарин 1-бөлімге қазақ халқының батырлары, шешен-билерін, ертегілерді, аңыз-әңгімелерді енгізді, 2-бөлімге, дидактикалық әңгіме, орыс, батыс классиктерінің тәрбиелік мәнді әңгімелерін енгізді.

“Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы”(1879) еңбегінде тіл үйренудің әдісін береді. Оқушыларға үйрететін сөзді таңдау, сөздің айтылу ырғағын айқын естіртіп, оқушылардың тілін жаттықтыру, жаттығу-дағдыландыру жұмыстарын жүргізу, ол үшін пәндік және аудармалық әдістемелерді пайдалану, ал ана тілін оқытуда жеке сөздерді оқи білуге, өз мәнерімен әрбір оқушының сөздік мағынасын терең түсіндіру, оқушының сөздік қорын молайту тәсілдерін қолдану оның әдістемелік жаңашыл нұсқаларын көрсетеді.

Қазақ тілін ұлт мектептерінде оқыту, жалпы басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету мәселесі ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолға алынып, түрлі оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар шығарыла бастады. Осы жылдары қазақ тіл ғылымының белгілі әдіскер ғалымдары Т.Шонанов, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев, т.б. ғалымдардың оқулықтары, әдістемелік еңбектері жарық көрді. Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту әдістемесінің қалыптасуына әсерін тигізген алғашқы тілші-ғалымдардың бірі – М.С.Лапатухин. Ғалымның көптеген жылдардағы жүргізген зерттеу еңбегінің нәтижесі 1940 жылы шыққан «Очерки по методике казахского языка в русской школе» деген еңбегінде жарық көрді [2]. Бұл еңбек орыс мектептеріндегі қазақ тілінің ролі, қазақ тілі сабағына қойылатын талаптар, сабақтың құрылысы, орфоэпияға, ауызша сөйлеуге, жазуға үйрету, лексика және грамматика, қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар т.с.с. бөлімдерді қамтиды. М.С.Лапатухинның еңбегі орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің тұңғыш үлгісі.

Басқа ұлт өкілдеріне арналып жазылған алғашқы оқулықтың авторы, оқу-ағарту, тіл мен әдебиет, білім салаларында құнарлы еңбек еткен талантты әдіскерлердің бірі – Телжан Шонанов. Т.Шонанов – қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл білімін зерттеуші ғалым, әдіскер, тарихшы, аудармашы, педагог ретінде көрнекті орынға ие. Оның жазған кітаптары мен оқулықтары, әр салада жазылған 100-ден астам ғылыми еңбектерінде мектептегі білім жүйесі, әдістеме, тіл мәселелері қаралады. 1933 жылы ғалымның қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуға байланысты «Учебник казахского языка для русской школы» деп аталатын оқулығы жарық көріп, кейін бұл оқулық күн талабына сай бес рет қайта басылып шықты [3].

Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласына айрықша көп еңбек сіңірген көрнекті ғалым – Шамғали Харесұлы Сарыбаев. Ол қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту мәселесін 1933 жылдан бастап арнайы қарастыра бастады. Ш.Сарыбаев бірнеше жылдық зерттеу жұмысының нәтижесінде «Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту тәжірибесінен» /1940/ атты еңбегін жазып [4], натуралды, сұрақ-жауап әдісін қолданып, тіл үйретудің тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдей отырып, 1943 жылы «Методика преподавания казахского языка в русской школе» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды [5]. Ш.Сарыбаев қазақ тілін басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша алғашқы ғылым кандидаты болды. Ш.Сарыбаевтың ғылыми-әдістемелік мұрасын А.Ә.Орынбаев зерттеп, Ш.Сарыбаевтың әдістемелік мұрасының көп қырлылығын дәлелдеген [6].

Қазақ әдістемесі мәселелерін зерттеп, ғылыми еңбек жазған тілші-ғалым Сейіл Жиенбаев орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту мәселелеріне, әсіресе тіл дамыту, арнайы тақырыппен жұмыс істеу, сабақ беру әдісі, сөйлеуге үйрету, кітап оқу, жазу жұмыстары туралы мағлұматтар береді.

1930 жылдары оқулықтармен қатар қазақ тілін басқа ұлтқа оқытуға арналған бағдарламалар да шығарылды.

Өткен ғасырдағы 90-жылдарға қарай бағдарламалардың алдыңғы қатарында тұрған 1987 жылы профессор Н.Оралбаеваның авторлығымен шыққан «Қазақ тілін үйрену курсының программасы» болып табылады. Н.Оралбаева жасаған қазақ тілін үйретуге арналған алғашқы бағдарламаны Қазақстан білім беру министрлігі бекітті. Осы бағдарламаның негізінде 1996 жылы «Ана тілі» баспасынан «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты оқулық жарық көрді. Бұл – жоғары оқу орындарындағы студенттерден басқа ұлтқа қазақ тілін оқытатын, әдістемелік жағынан жетілген мамандар дайындауға арналған алғашқы ғылыми оқулық. Оқулық 1992 жылы жарық көрген Н.Оралбаева, К.Жақсылықова құрастырған оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламасы бойынша жазылған. Оқулықта қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың лингвистикалық, психологиялық, дидактикалық негіздері, тарихи дамуы қарастырылған. Қазақ тілі әдістемесі пәні, оның міндет-мақсаты, қазақ тілін басқа ұлттарға оқыту әдістері, сабақ құрылысы мен түрі жүйелі берілген. Тілдік материалды ғылыми ұстаным негізінде таңдау және сұрыптауда: 1) сөздердің қолдану жиілігі; 2) сөздердің жеңіл-қиындығы; 3) сөздердің синонимдік қасиеті; 4) сөздердің тақырып қажеттігіне сәйкестігі: 5) екі тілге ортақ сөздерді санатқа кіргізбеу; 6) сөздердің сөзжасамдық қабілеті; 7) сөздің тілдің дыбыстық ерекшелігін қамтуы; 8) сөздің оқушының психологиялық ерекшелігіне сәйкестігі; 9) сөздің оқулықта қайталану жиілігі туралы айтылады.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша тәжірибелік, лабораториялық сабақтарды жүйелі топтастыру туралы алғашқы еңбек – Т.Әбдікәрімова, Т.Әбдіғалиева, К.Шаймерденовалардың «Қазақ тілін оқыту әдістемесі». Мұнда сабақты ұйымдастырудың үлгілері, диктант пен жаттығу жұмыстары, оқушылардың білімін есептеу ғылыми-тәжірибелік жағынан талданып көрсетіледі.

Тілдік ортаға байланысты тілді үйренушілер бастауыш топ, жалғастырушы топ болып бөлінеді. Қазір жиі қолданыста жүрген оқулықтардың ішінде осындай топтарға арналған оқудық – Ш.Бектұров пен А.Бектұрованың «Қазақ тілі» оқулығы.

1998 жылы Т.Аяпованың «Қазақ тілі» деп аталатын үш кітаптан тұратын кешенді оқулығы шықты. Автордың пікірі бойынша оқулық – АҚШ-та басылған «70 қадам арқылы қазақ тілін үйреніңіз» оқулығының жалғасы. Оқулықтың мақсаты – «Бүкіләлемдік ең актуальды және ұтымды оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушы білімін тереңдетуге көмектесу және сөйлеуге үйрету».

Кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына арналған Ұ.С.Байсақалованың «Қазақ тілі» оқулығы 2007 ж. шықты. ҚР-сы Мемлекеттік жалпы білім стандарты басшылыққа алынған. Әр тарау сабақ пен пысықтау сұрақ- тапсырмалармен түйінделген. Нәтиже сабақтарын оқытушы өз қалауы және оқушылардың білім деңгейіне сүйеніп, өзі құруы керек. Бұл оқулық қазіргі кезде кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына арналған.

Лингвамәдениеттаным бағытында оқыту әдістемесінде тіл үйренушілерге тіл үйретіліп қана қоймай, тілді тұтынушы халықтың мәдениеті, салт-дәстүрі, тарихы, географиялық жағдайы, саяси-экономикалық даму бағыты, өнері, ғылым-білімі және қоғамдық ой-пікірлері мен рухани құндылықтары жайлы мәлімет беріп, халықты таныту болып табылады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымында көптеген әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде танымдық мәліметтер бағытында оқыту әдістемесі арнайы зерттеу нысаны болған жоқ..

3.Пәнаралық байланыс.Қазақ тілі мен басқа пәндер арасындағы байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы тіл мен әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнемі түзетіп отыруға жол ашылады.Орыс және шетел тілімен байланыстылығы, алдымен, грамматиканы оқытудан байқалады: ана тілі мен орыс және шетел тілдерінде кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік туады. Ана тілі грамматикасы орыс және шет ел тілдерінің сәйкес, ұқсас грамматикалық заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік береді. Орыс және шетел тілдерін оқу тіліміздегі басқа тілден енген сөздердің түп-төркінін білуге жәрдемдеседі. Тұтас алғанда, барлық пән, жекелей алғанда әрбір пән оқушылардың сөйлеуін, тілін байытуға бағытталады, емлелік дағдылардың бірыңғай сөйлеу режимін нығайтуға жағдай жасайды, жаңа терминдерді, сөздерді дұрыс жазуға дағдыландырады. Ауызша жауап, әңгіме, айтыс - осының бәрі ауызша және жазбаша тілді дамытуға толық әрі нақты жауап беруге, оқушылардың жинақтау дағдыларын, әдеби тілмен дұрыс сөйлеу, ақыл-ойын дамытуға негіз болады. Бұл іс тек ана тілі сабақтарында ғана емес, әдебиет, тарих, география, математика, физика, жаратылыстану т.б. пәндердің сабақтарында да жүзеге асырылып отырады.

Қазақ әдебиеті: 1) тәрбиелік мақсатта. Ол үшін, а) тілдік фактілерге мысал ретінде әдебиет сабақтарында өтілген көркем шығарма мәтіндерін пайдалану, ә) жеке сөздердің, грамматикалық формалардың, синтаксистік құрылымдардың, сөйлемдегі байланыс тәсілдері мен мәтіннің бөліктеріне байқау жүргізу.

2) тіл ұстарту екі пәнге де ортақ (мазмұндама, шығарма жазуға, оқығанын өз сөзімен айтып беруге үйрету). Орыс тілі – шет тілі1. Орыс тіліндегі көптеген ұғымдарды меңгеруде ана тілі сабақтарында оқушылардың алған білімдері тірек болады.2. Термин ортақтығы бар, фонетика, алфавит, морфология, синтаксис, орфография, пунктуация, орфоэпия.

Тарих: 1) Тәрбиелік; танымдық; 2) терминдер; 3) тарихи даталар.

Жаратылыстану пәндері а) Зоология; ә) анатомия; 1) танымдық, 2) терминдер, 3) тәрбиелік.

Математика – физика: 1) Танымдық, 2) Терминдер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]