- •1 Басты сот талқылауының түсінігі, маңызы және міндеттері
- •2 Бacты coт тaлқылayын тaғaйындay тypaлы мәceлeнi шeшy жәнe coттың oтыpыcынa дaйындық ic-әpeкeттep
- •3 Бacты coт тaлқылayының жaлпы шapттapы
- •Бacты coт тaлқылayының қayлы шығapy тәpтiбi.
- •2 Басты сот талқылау шегі.
- •2.2 Басты сот талқылауының дайындық бөлігі
- •Басты сот талқылауындағы сот жарыссөзі және сотталушының соңғы сөзі – тараптардың тең құқылығы мен жарыспалылығының сахнасы ретінде
- •2.3 Сот тергеуі
2.2 Басты сот талқылауының дайындық бөлігі
ҚПК-і сот талқылауында сот пен процеске қатысушыларға қылмыстық істердің қаралу тәртібін міндетті әрі қатаң анықталған тәртібін белгілейді. Басты сот талқылауы тұрады төрт бөліктен тұрады: дайындық бөлігі, сот тергеуі, сот жарыссөзі және сотталушының соңғы сөзі, сондай-ақ, үкім шығару.
Әрқайсысының өз міндеттері бар, оларды жүзеге асыру үшін сот және басты сот талқылауының қатысушылары белгілі бір тәртіпте заңда көзделген іс-әрекеттерді орындайды. Әрбір алдыңғы басты сот талқылауының бөлігі міндеттерінің тиісті деңгейде жүзеге асырылуы келесі бөліктерінің қамтамасыз дұрыс өтуіне алғышарттар жасайды.
Сот процесі дербес сатысы болып табылатын сот отырысының дайындық бөлігі, төрағалық етушінің қылмыстық істі қараудың басталуын жариялаған сәттен бастап есігі ашылады да сот тергеуіне дейін жалғасады. Оның мақсаты басты сот талқылауының кейінгі сатыларына қажетті, қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Дайындық бөлімінде істі мәні тікелей қарастыруға бағытталған қандай да бір іс-әрекеттер бойынша сот талқылауы жүргізілмейді, тек сот процесін оңтайлы ұйымдастыру мәселелері шешіледі.
Басты сот талқылауының қарастырылып отырған бөлігінде, ең алдымен, істі сот отырысында қарауға мүмкіншілік туғызатын процессуалдық жағдайлар тексеріледі, мысалы шақырылған немесе сот талқылауына жеткізілген адамдардың келуі. Сот отырысының дайындық бөлігінде, сондай-ақ істі талқылауға жарияланған сот құрамының қарау мүмкіндігі, нақты процеске қатысушылардың шеңбері, сотта зерттеу үшін дəлелдеме көздерін қамтамасыз ету мәселесі шешілуде. Сот талқылауының өткізу үшін жағдайлардың жеткіліксіз болуы үшін қандай да бір негіздер табылған болса, жетпейтін жағдайларды толтыру үшін дереу шаралар қолданылады. Басты сот талқылауының дайындық бөлігінде процеске қатысушылардың сотқа мәлімделген қарсылық білдірулер туралы мәселелері шешіледі. Сондай-ақ, сот талқылауына келмеген сотталушылардың, жәбірленушілердің, куәлардың келуін қамтамасыз ету үшін шараларды қабылдау жөніндегі мәселелер шешіледі. Бұған қоса осы сатыда процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, олардың өтініштері және т. б. шешіледі.
Дайындық бөлігін нақтырақ саралайтын болсақ, оны мынадай бөлімдерге бөлу болады:
Басты сот талқылауының ашылуы
Басты сот талқылауына шақырылған тұлғалардың келуiн тексеру
Аудармашыға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру, сондай-ақ оған қатысты қарсылық білдіру туралы мәселесiн шешу
Куәларды сот отырысы залынан шығарып жіберу
Сотталушының жеке басын және оған айыптау актісі көшiрмесiнiң уақтылы табыс етілгенін анықтау
Сот құрамын, процеске басқа да қатысушыларды жариялау
Қарсылық білдірулерді шешу
Сотталушыға, сондай-ақ жәбiрленушiге, жекеше айыптаушыға, азаматтық талапкерге және азаматтық жауапкерге олардың құқықтарын түсiндiру
Сарапшыға, маманға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру
Өтiнiшхаттарды мәлiмдеу және шешу
Процеске қатысушы тұлғалардың келе алмауы кезінде істi тыңдау мүмкiндiгi туралы мәселенi шешу
Қылмыстық істің объективті және уақтылы шешілуі жоғарыда аталған әрбір әрекеттің дер кезінде және дұрыс атқарылуына байланысты. Тарауды ашу үшін олардың әрбіреуіне тоқталып өтейік.
Басты сот талқылауы үшін тағайындалған уақытта сот отырысының хатшысы немесе пристав сот отырысына қатысып отырғандарға: "Бәріңіздің тұруларыңызды өтінемін! Сот келе жатыр!" деп жариялайды. Барлық қатысушылар орындарынан тұрады. Содан кейін төрағалық етуші сот отырысының залына кіріп, барлық қатысушыларға өз орындарына отыруын ұсынады. Ол процеске қатысушыларға қандай қылмыстық iстiң, оның ашық не жабық сот отырысында қаралатыны туралы хабарлайды. Егер жабық сот отырысы жарияланған болса, төрағалық етуші процеске шақырылған қатысушыларды сот залында қалдыра отырып қалғандарын залдан шығуын талап етеді.
Басты сот талқылауының ашылуының заңды мәні бар: сот процессуалдық іс-әрекеттерді жасау алуы, тараптардың осы сәтке дейін пайдаланыла алмаған процессуалдық құқықтарына жол ашып береді.
Алдыңғы тарауларда айтылып кеткендей, сот талқылауы аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып хаттама толтырылады. Төрағалық етуші бұл туралы хабарлайды. Сол заматта техникалық құралдарды пайдалану мүмкін болмаса да сот отырысын жалғастырылады, және аталған жайт іс жүргізуге кедергі болмауы тиіс. Аудио-, бейнежазбаның Алайда, орын алған ақаулықтардың себептері сот отырысының хаттамасында міндетті түрде көрсетіліп кетуі тиіс.
Сот отырысының хатшысы сот отырысының ашылғанына дейін сот отырысына шақырылған тұлғалардың келулерін тексеруге міндетті. Содан кейін Хатшы төрағалық етушінің ұсынысымен басты сот отырысына қатысуға келуге тиiсті тұлғалар туралы баяндайды. Сонымен қатар, келмегендердiң келмеу себептерiн хабарлайды. Оның баянаты сот отырысының хаттамасына жазылады. Сот отырысына шақырылған тұлғалардың (процеске қатысушылардың: куә, сарапшы немесе маман) біреуі келмеген кезде, істі талқылау мүмкіндігі немесе оны кейінге қалдыру туралы мәселені және келмеген адамдарды келесі сот отырысына шақырту немесе оларды күштеп әкелу туралы мәселені сот тараптардың пікірін ескере отырып шешеді.
Осыған байланысты, басты сот талқылауының дайындық бөлігінде алдымен процеске қатысушылардың келуін тексеру қажет, содан кейін сот отырысына шақырылған айыптау, сосын қорғану тарабының адамдары тексеріледі. Осындай жүйелілікті сақтау керек, өйткені бұл қылмыстық процеске келмеудің әр түрлі салдарларын алдын ала шешіп қоюға бағытталған.
Егер сот отырысына қатысу үшін аудармашы қатыстырылса, төрағалық етуші аудармашы ретiнде кiмнiң қатысып отырғанын хабарлайды және оған ҚПК-нің 81-бабында көзделген құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi. Процеске аудармашының қатыстырылуы басты сот отырысында барлық болып жатқандарды сот талқылауында қолданылып отырған тілді білмейтін адамдарға өздерінің процессуалдық әрекеттерін орындауы үшін сапалы аударманы өажет етуден туындайды. Сондықтан, басты сот талқылауы ашылған сәттен бастап, аудармашы сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін іске қатысушы тұлғалардың өтініштері және айғақтарын сотқа аударуға міндетті, сондай-ақ осы адамдарға сотта жарияланған айғақтардың, өтініштердің, және басқа да құжаттардың мазмұнын аударуға міндетті.
Төрағалық етушi аудармашыға көрінеу дұрыс аударма жасамағаны үшiн ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген қылмыстық жауаптылық туралы ескертедi. Өзінің құқықтары түсіндірілді деген қолхатқа қол қояды, сосын ол сот отырысының хаттамасына қоса тiгiледi. Аудармашыға, сондай-ақ, өз мiндеттерiн орындаудан жалтарған жағдайда оған қылмыстық процессуалдық заңнамаларда белгіленген нормаларды негізге ала отырып ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін екені ескертіледі:
Егер сот отырысы барысында тиісті бұзушылыққа жол берілсе, онда сот өндіріп алуды осы заң бұзушылық анықталған сот отырысында қолданады, төрағалық етуші бұл туралы қаулы шығарады. Судья хаттаманы қарау нәтижесі бойынша елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы қаулы шығарады. Алайда, судья бұл шешімінен бас тарта алады. Бас тарту туралы да қаулы шығарылады. Қаулының көшірмесі хаттаманы жасаған адамға және ақшалай өндіріп алу қолданылған адамға жіберіледі.
Төрағалық етушi келген тараптарға, куәларға, сарапшыға, маманға олардың аудармашыға қарсылық білдіруді мәлiмдеу құқығын түсiндiредi және заңда көзделген, аудармашыға қарсылық білдіруге әкеп соғатын негiздерді түсiндiредi. Сот мәлiмделген қарсылық білдіруді ҚПК-нің 86-бабында (Қарсылық бiлдiру және қылмыстық процеске қатысудан шеттету туралы өтiнiшхаттар мен оған қатысудан босату) белгiленген қағидаларды негізге ала отырып болашағын шешедi. Егер аудармашыға қарсылық білдіру туралы өтініш қанағаттандырылса, сот басқа аудармашыны шақырады. Оған қатысты қарсылық білдіру туралы мәселе де дәл осындай тәртіппен қаралады.
Сот мәжілісіне келген куәлар олардан жауап алу басталғанға дейiн сот отырысы залынан шығарылады. Куәлардың өзара сөйлесуі істің дұрыс шешілуіне кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан, төрағалық етушi сот жауап алынбаған куәлардың жауап алынған куәлармен сөйлеспеуi үшiн заңда көзделген шараларды қолданады. Сондай-ақ сот отырысы залындағы өзге де адамдардың сөйлеспеуін де қамтамасыз етеді.
Сотталушының жеке басын анықтау - сот талқылауы дайындық бөлігінің маңызды сәті. Осы кезде сот тек сотталушының жеке басы куәландыруды ғана емес, сонымен қатар, істі сотқа жіберу кезінде қылмыстық қудалау органдарының оның құқықтарын сақтап-сақтамауы анықталады. Сотталушының жеке басы туралы деректерді анықтау сот сот отырысына келген (немесе жеткізілген) адамның сотқа берілген және өзіне қатысты басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарылуы фактісін куәландыру үшін жүргізіледі. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сотталушының жеке басы туралы барлық деректер анықталды ма және оның сот шешіміне әсер етуі мүмкін ба сұрақтарын ашу үшін жүргізіледі.
Бұл үшін төрағалық етушi сотталушының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, айын, күнiн және туған жерін анықтай отырып, оның жеке басын анықтайды, деректерді оның жеке басын куәландыратын құжатпен немесе оның расталған негізде көшірмесімен салыстырады. ҚПК-нің 300-бабының 3 тармағына сәйкес:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
5) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
6) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
7) босқын куәлігі;
8) теңізшінің жеке куәлігі;
9) шетелдік паспорт;
10) жүргізушінің куәлігі;
11) қайтып оралуға арналған куәлік;
12) жеке куәлік алуға жасы толмаған адамның туу туралы куәлігі;
13) туу туралы актілік жазба;
14) әскери билет жеке басты куәландыратын құжаттар болып танылады. ҚПК-да кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтау ерекшеліктері регламенттелген. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі жалпы дәлелденуге жататын мән-жайлардан басқа, кәмелетке толмағанның жасы анықталуға жатады (күні, айы, туған жылы); өмір сүру мен тәрбиелену жағдайын, кәмелетке толмаған дәрежесі; интеллектуалдық, ерік-жігер және психикалық дамуы, сипаты мен темперамент ерекшеліктері, қажеттіліктері мен қызығушылығы; кәмелетке толмаған адамға ересек адамдар мен басқа адамдардың әсер етуі.
Сондай-ақ, сотталушыдан сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлетiнiн, тұрғылықты жерiн, айналысатын кәсібін не атқаратын қызметін, бiлiм алу деректерін, отбасылық жағдайын және оның жеке басына қатысты басқа да деректердi анықтайды. Содан кейiн төрағалық етушi сотталушыға айыптау актісі көшiрмесінiң табыс етілгенін-етілмегенін және нақты табыс етілу мерзімін анықтайды. Бұл ретте істі соттың талқылауы, егер бұл туралы сотталушы өтiнiшхат бермесе, сондай-ақ сот талқылауы шағымның сотқа келіп түскен кезінен бастап он бес тәулiктен кешiктiрiлмей басталуға, бірақ сотталушы өзінің құқықтары түсiндiрiлген шағымның көшiрмесiн алған кезден бастап үш тәулiктен ерте басталмауы ережесін қоспағанда, айыптау актісінің көшiрмесi табыс етілген күннен бастап үш тәулiк өтпей басталмайды. Алайда, заңда қылмыстық істі сотталушы айыптау қорытындысының көшірмесін алған кезінен бастап үш тәуліктен бұрын қарау мүмкіндігіне жол беріледі, бұл үшін сотталушының өтініші болуы керек. Бұл ретте сотталушының істі көрсетілген мерзімнен бұрын қарауға өтінішінің еріктілігін сот мұқият анықтауы тиіс.
Сотталушының жеке басын анықтау бөлігінде, соның ішінде кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық процессуалдық заңының талаптарын тиісінше орындалмауы іс бойынша қабылданған шешімнің күшінің жойылуына әкеп соғуы мүмкін.
Төрағалық етушi сот құрамын жариялайды, кiмнiң айыптаушы, қорғаушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi, сондай-ақ сот отырысының хатшысы, сот приставы, сарапшы, маман болып табылатынын хабарлайды.
Қарсылық білдірулерді шешу тәртiбi. Төрағалық етушi тараптарға сот құрамына, сондай-ақ ҚПК-нің 356-бабында аталған тұлғаларға (айыптаушы, қорғаушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi, сондай-ақ сот отырысының хатшысы, сот приставы, сарапшы, маман) осы Кодекстiң 87 - 93-баптарында көзделген негiздер бойынша қарсылық білдіруді мәлiмдеу құқығын түсiндiредi. Запастағы судьяға да бұл ереже бойынша қарсылық келтірілуі мүмкін.
Сот мәлiмделген қарсылық білдірулерді ҚПК-нің 86 (Қарсылық бiлдiру және қылмыстық процеске қатысудан шеттету туралы өтiнiшхаттар мен оған қатысудан босату) және 87-баптарында (Судьяға қарсылық бiлдiру) белгiленген қағидалар бойынша шешедi.
Сотталушыға ҚПК-нің 65-бабында көзделген, басты сот талқылауындағы оның құқықтары, сондай-ақ процестік келісім жасасу, жәбірленушімен татуласу, оның ішінде медиация тәртібімен татуласу құқығы түсiндiріледi.
Сонымен қатар, жәбiрленушiге, жекеше айыптаушыға, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкiлдерiне олардың осы Кодекстiң 71-77-баптарында көзделген, басты сот талқылауындағы құқықтары түсiндiріледi. Төрағалық етуші жекеше айыптау iстерi бойынша, бiрiншi рет жасалған қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы iстер бойынша, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жәбiрленушiге оның сотталушымен татуласу, оның ішінде медиация тәртібімен татуласу құқығы түсiндiреді.
Төрағалық етушi сарапшыға оның ҚПК-нің 79-бабында көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiредi. Сондай-ақ, сарапшы көрінеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертіледi. Бұл туралы сарапшыдан қолхат алынуы тиіс, ол басты сот талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi.
Маманға оның ҚПК-нің 80-бабында көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiріледi. Төрағалық етуші оған басқа да процеске қатысушыларға сияқты өз мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны не жалтарғаны үшiн осы бапта белгiленген жауаптылық туралы ескертедi.
Өтiнiшхаттарды мәлiмдеу және шешу. Төрағалық етушi тараптардан олардың жаңа куәларды, сарапшыларды және мамандарды шақыру туралы және заттай дәлелдемелер мен құжаттарды талап ете отырып алдыру туралы, оның ішінде медиация рәсімін өткізу не процестік келісім жасасу туралы өтiнiшхаттарының бар-жоғын сұрайды. Өтiнiш жасаушы тұлға сұратылған мән-жайларды анықтау үшiн қосымша дәлелдемелердiң қажет екенiн көрсетуге мiндеттi. Сондай-ақ, төрағалық етушi тараптардан оларда талқылаудан дәлелдемелер ретiнде жарамсыз материалдарды алып тастау туралы өтiнiшхаттардың бар-жоғын анықтауға мiндеттi. Сот талқылаудың қалған қатысушыларының пiкiрiн тыңдағаннан кейiн мәлiмделген әрбiр өтiнiшхатты, оның ішінде процестік келісім жасасу және медиация рәсімін өткізу туралы өтінішхатты қарауға, оны қанағаттандыру немесе өтiнiшхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы уәждi қаулы шығаруға тиiс. Қаулыда шешімнің негізделуі тиіс. Сот кейбір өтінішхаттарды орындаудан бас тарта алмайды. Олар процестік келісім немесе медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу туралы, сотқа тараптардың бастамасы бойынша келген адамдардан сот отырысында мамандар немесе куәгерлер ретiнде жауап алу туралы өтiнiшхаттар. Бір қызығы заң сот өтiнiшхатын қанағаттандырудан бас тартқан тұлға оны одан әрi мәлiмдеуге құқылы екендігін белгілейді.
Сот талқылауына қатысушылардың қайсыбiрi, сол сияқты куә, сарапшы немесе маман келмей қалған кезде сот тараптардың iстi талқылау мүмкiндiгi туралы пiкiрiн тыңдайды және талқылауды кейiнге қалдыру немесе оны жалғастыру және келмеген тұлғаларды келесi сот отырысына шақырту немесе оларды күштеп әкелу туралы қаулы шығарады.
