- •1 Басты сот талқылауының түсінігі, маңызы және міндеттері
- •2 Бacты coт тaлқылayын тaғaйындay тypaлы мәceлeнi шeшy жәнe coттың oтыpыcынa дaйындық ic-әpeкeттep
- •3 Бacты coт тaлқылayының жaлпы шapттapы
- •Бacты coт тaлқылayының қayлы шығapy тәpтiбi.
- •2 Басты сот талқылау шегі.
- •2.2 Басты сот талқылауының дайындық бөлігі
- •Басты сот талқылауындағы сот жарыссөзі және сотталушының соңғы сөзі – тараптардың тең құқылығы мен жарыспалылығының сахнасы ретінде
- •2.3 Сот тергеуі
2 Басты сот талқылау шегі.
Егер «шек» деген сөздің мағынасына назар аударар болсақ, «басты сот талқылауының шегі» түсінігі сөзбе-сөз алғанда басты сот талқылауы жүргізілетін шекараны білдіреді.
Заң шығарушы басты сот талқылау шегін белгілей отырып, сотқа жіберілген іс бойынша сот тергеуінің және соған байланысты сот үкімінің пәні не болатындығын және соттың істі қараған кезде қандай мәселелерді шешуге құқығы жоқ екендігін анықтайды.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, қылмыстық процесс теориясында сотқа беру функциясын прокуратура органдарына беру туралы ұсыныстар көтеп айтылған. Оны қолдаушылар қатарында, М.Л. Шифман және М.А. Чельцов болған. Алайда, бұл ұсыныстар қолдауға ие болмай, 1958 жылы қабылданған қылмыстық сот ісін жүргізу негіздері мен одақтас республикаларының ҚПК-тері, оның ішінде, Қазақ КСР-і бұл ұсынысты қабылдамады. Бірақ, 1928-34 жылдары мұндай тәртіп қолданыста болған, осы кезеңде сотқа айыптау қорытындысын жасақтап өткізу прокуратура құзіретінде болған.
Сотқа берудің соттық тәртібін жою және бұл өкілеттікті прокурорға қайтару тек қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы негіздеріне сәйкес болып қана қоймай, сонымен қатар ол басты сот талқылау сатысында істі объективті қарастырудың кепілі болып табылады. Себебі айыпталушыны сотқа берген судья сот отырысында да осы ойының жетегінде болып, сотталушыға әділ үкім шығара алмауы мүмкін.
Басты сот талқылауының шегі өзгертілуге жатпайды. Сот тек сотталушылардың ісін қарап (айыпты немесе айыпсыз) үкімін шығарады.
Жекеше айыптау істері бойынша басты сот талқылауының шегі кішкене басқаша анықталады.
Қылмыстық процесс теориясы қылмыстық сот өндірісінің нысандарының дифференциациясына ылғи да сақтықкпен карап келді. Мысалы. М.С. Строговичтің ойынша, «қылмыстық процестің бірыңғай нысанын белгілеудің заңдылығы маңызды теориялық ұстанымдарға негізделген: қылмыстың бірыңғай түсінігі, қылмыстық процестің негізгі қағидаларының бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі» [52].
М.С. Строгович «дифференциацияға жол беруге болады, егер ол қосымша кепілдіктерді орнатуға, процессуалдық нысандардың неғұрлым көбірек нақтылануын орнатуға бағытталса ғана жол беруге болады» деген көзкарасты қорғады [53].
М.С. Строговичтің көзқарасын Ц.М. Каз колдап, былай деп жазды: «Заңнаманың өзгеруі сот әділдігінің демократиялық негіздерінің өзгеруіне әкеліп сокпауы тиіс, процессуалдық кепілдіктерді азайтпауы керек» [54].
Мұндай сақтық негізді, өйткені қылмыстық қудалау орғандары мен соттың қылмыстық істерді тергеп-тексеру, қарау және шешуге бағытталған қызметі қылмыстык іс бойынша шындықты анықтауға бағытталған. Осы орайда А.С. Нуралиеваньщ: «Процессуалдық кепілдіктер қылмыстық іс жүргізу қызметін жүзеге асыруға өкілеттік берілген орғандар мен лауазым иелерінің дұрыс қызмет атқаруының қажетті шарты, қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін орындаудың маңызды амалы болып табылады» деген пікірімен келісеміз [55, с. 305-306].
Қазіргі қылмыстық процесс заңнамасы қылмыстық процестің үш нысанын белгілейді: жеке айыптау, жекеше-жариялы айыптау және жариялы айыптау істері бойынша іс жүргізу.
М. Рахметжановтың пікірінше «Жеке, жекеше-жариялы және жариялы айыптауды дифференциациялаудың негізіне бұзылған қарым-қатынастың сипатын анықтайтын, онымен байланысты қылмыстық процесті жүзеге асыру нысанын анықтайтын қылмыстың тікелей объектісі, оның жеке не жариялы табиғаты салынуы керек. Тек кана осындай көзқарас қылмыстық процесте мемлекет пен жеке тұлғаның мүдделерінің арасындағы тепе-теңдікті табуға мүмкіндік береді» [56, с. 313]. Біз бұл көзкарасты колдаймыз.
B.М. Савицкий жекеше айыптау істерінің келесі ерекшеліктерін атап өтеді: «а) бұл әрекеттердің қоғамға кауіптілік дәрежесінің онша жоғары болмауы; б) бұл құқық бұзушылықтардың тұрмыстық мазмұнда болуы; в) пайда болған дауды шешу мүмкіндігін азаматтардың өздеріне беру қажеттігі; г) мемлекеттің азаматтардың кұкықтары мен мүдделерін қорғауды олардың кұкық бұзушылықпен күрестегі белсенділігін арттыру арқылы қамтамасыз ету» [57, с. 321-322].
C.И. Каталько мен В.З. Лукашевич жекеше айыптау қылмыстық істерінің ерекшеліктеріне келесілерді жаткызады: «а) бұл істердің тек жәбірленушінің арызы бойынша козғалуы; б) қылмыстық істің қозғалу уақытының айыпталушыны сотқа беру уакытымен сайма-сай келуі; анықтау не алдын ала тергеудің жүргізілмеуі; г) істердің айыпталушы мен жәбірленушінің татуласуына байланысты қысқартылуы; д) жәбірленушінің сот мәжілісінде айыпты өзінің не өз өкілінің көмегімен қолдауға құқығы; е) соттың жекеше айыптау істері бойынша қарсы айыптауды жәбірленушінің арызымен бірге бір өндіріске біріктіре алуы» [58, с. 24-67].
Қазіргі заманғы қылмыстық сот өндірісінде жеке айыптаудың алатын орны өте маңызды, сондықтан жекеше айыптау институтының шеңберін ұлғайтуға алдын ала жағдайлар жеткілікті. Осыған байланысты біз И. Петрованың: «Жеке тұлғалардың айыптауды жүзеге асыру құқығын ұлғайту олардың заңды мүдделерін мейлінше толық қорғап қана қоймайды, қылмыстык ізге түсудің тиімділігін арттыруға да көмектеседі»,- деген пікірімен толықтай келісеміз [59].
2006 жыл 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының № 13 «Жекеше айыптау істері бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысының 4-тармағында: «Жәбірленушінің шағымы жеке айыптау қылмыстық ісін қозғайтын, тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы процессуалдық құжат болып табылады және осы сот талқылауының шегін анықтайды»,-деп көрсетілген [60, с. 465] [http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P06000013S_].
Сөйтіп, жекеше айыптау істері бойынша басты сот талқылауының шегі жәбірленушінің сотқа берген арызымен анықталады.
Сотта айыпты өзгертудің шегін, оның шарттарын, басқа адамдардың айыпталушының оған тағылған айып бойынша жауапкершілігіне ықпал ететін әрекеттерін сот талқылауында зерттеудің шегін бекіте отырып, заң шығарушы қылмыстық сот ісін жүргізудың заңмен белгіленген қағидаларын, соның ішінде тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы, кінәсіздік презумпциясы, күдіктінің және айыпталуышының қорғану құқығын қамтамасыз ету қағндаларын негіз ретінде алған.
ҚР ҚПК-да бскітілгеи таршітардын бәсекелестігі мен тең құқықтылығы қағидасына сәйкес сот өзіне тән емес айыптау функциясыи жүзеге асыруға құқығы жоқ, сондықтан сот мемлекеттік айыптаушы айыпты өзгерткеннен кейін, барлық дәлелдемелерді зерттеп, басты сот талқылауында мемлекеттік айыптаушы тарапынан қолдау тапқан айып шеңберінде ғана үкім шығаруға міндетті.
Кінәсіздік презумпциясы қағидасы ережелерінің бірі - айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды жәие ол шындыққа сай дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығымен расталуы тиіс. Сондықтан да басты сот талқылауын сотқа берілмеген тұлғаларға қатысты, басқаша айтқанда, әрекетке қатыстылығын анықтайтын жеткілікті дәлелдемелер жинакталмаған тұлғаларға қатысты жүргізуге жол берілмеуі тиіс. Тура сол сияқты басты сот талқылауын айыпталушы сотқа берілмеген айып бойынша жүзеге асыруға да жол берілмеуі тиіс.
Айыпталушы үшін басты сот талқылауының шегі оның жағдайының нашарламауының елеулі кепілі болып табылады. Сот талқылауының нәтижесі бойынша сот сотталушының жағдайын ауырлата алмайды, ягни ол сотталушының қорғану құқығын бұзбаған жағдайда ғана және оның жағдайын нашарлатпаған жағдайда ғана айыпты өзгерте алады.
Әдебиетте «сот талқылауының шегі» түсінігімен қатар «сот талқылауының пәні» түсінігі де кездеседі.
«Судьяның қолдан түсірмейтін кітабының» авторлары «шек» түсінігін де, «пән» түсінігін де дербес түсініктер ретінде қарастырып, сот талқылауының шегін заң шығарушы оларға қатысты сот талқылауы жүргізілетін субъектілер бойынша және қаралған істің дәлелді және құқықтық мазмұнын құрайтын пәні бойынша дербес дамитын ұғым ретінде бөліп көрсетеді [61, с. 284].
В.П. Божьев те осы екі түсінікті бір-бірінен бөліп көрсете отырып, былай дейді: «Сот талқылауының пәні, ең алдымен, айыпталушыға тағылған айып бойынша кінәлі екендігі жөніндегі мәселені шешу болып табылады. Сот талқылауының пәні мен шегін көп жағдайда айыптау қорытындысы, ал жекеше айыптау істері бойынша - жәбірленушінің арызы анықтайды. Бірақ сотқа беру барсында айыптың өзгеруі мүмкіндігін ескерсек, сот талқылауының пәні түбегейлі сотқа беру сатысында анықталады деуге негіз бар. ...Сот талқылауының шегі, өз кезегінде, пәні арқылы анықталады. Сот талқылауының нақты бір іске байланысты шегі қылмыстың саралануына және қылмыстық заңда анықталған қылмыс құрамына байланысты болады» [62, с. 294].
Басқа ғалымдар сот талқылауының «пәні» және «шегі» түсініктері бір ұғымды білдіретін, бір мағынаға ие түсініктер деген пікір білдіреді. Мысалы, Т.Г. Морщакова: «Заң сот талқылауының шегін белгілейді, яғни сотқа берілген іс бойынша сот зерттеуі мен сот шешімінің пәнін анықтап береді», - дейді [23, с. 389]. Осыған ұқсас көзқарас М.И. Бажановтың еңбектерінде де кездеседі. Оның пікірінше, одақтас республикалардағы қазіргі қолданыстағы қылмыстық процессуалдық кодекстерінің көпшілігінде ... сот талқылауының пәнін анықтайтын ережелер бар. Осы баптарға сәйкес істі сот отырысында қарау тек сот отырысы ашылғанға дейін сотқа берілген тұлғаларға қатысты, сонымен қатар. бастапқы тағылған айып бойынша ғана жүргізіледі [63, с. 27].
Біздің пікірімізше, «сот талқылауының пәні» және «сот талқылауының шегі» ұғымдары өзара байланысты, бірақ әр түрлі мағынаға ие ұғымдар. Сот талқылауының пәні - сот талқылауына қатысушылардың таным әрекеті бағытталған нәрсе. Сот талқылауының шегі - бұл осы таным әрекеті қандай шекте жүзеге асырылуы тніс екендігі және осының нәтижесінде нақты қылмыстық іс бойынша сот қандай шекте өз шешімін шығара алатындығы.
Айыпталушыға алдын ала тергеу барысында тағылған және сотта айыптаушы қолдаған нақты бір іс-әрекетті жасағаны туралы айып сот талқылауының пәнін құрайды. Сот талқылауы кезінде соттың іс-әрекеті айыптауда көрініс тапқан және белгілі бір процессуалдық форма арқылы білдірілген айыптаушы такқан айыптау бойынша қылмыстык әрекетке байланысты тұлғаның кінәлілігі немесе кінәсіздігін анықтауға бағытталады.
Демек, сот талқылауыныц пәні - бұл қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаға тағылған айып. Бұл қорытындыны көптеген ғалымдар да құптайды.
Мәселен, Я.О. Мотовнловкер сот талқылауының пәні айыптауға негіз болған қылмыстық оқиға деп санайды [64, с. 53].
И.Я. Фойницкнй де сот талқылауының пәні тұлғаның оған тағылған әрекетті жасағандыгы үшін кінәлілігі туралы мәселесі деп таныған [13, с. 432].
«Дәлелдеу шегі» жоне «басты сот талқылауының шегі» ұғымдарының арақатьнасына тоқталар болсақ, бұлар мазмұны жағынан мүлдем әр түрлі ұғымдар.
Дәлелдемелер теориясыида дәлелдеу шегі деп іс бойынша жинақталған, істің дұрыс шешілуін қамтамасыз ететін қажетті және жеткілікті дәлелдемелер жиынтығы танылады. Дәлелдеу шегі іс бойынша анықталуға тиіс мән- жайларға қатысты және олар туралы дұрыс қорытытынды шығаруға мүмкіндік беретін дәлелдеме мәліметтерін камтиды [65, с. 218-219].
Басты сот тшқылауының шегін соттағы дәлелдеу шегі емес, сот қарастыратын және ол үшін сотталуы мүмкін әрекеттер мен тұлғаларға қатысты шектеу анықтайды [66, с. 106-107].
Баяндалған мәселелер екі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Осы қорытындыларға негізделе отырып, «дәлелдеу шегі» және «басты сот талқылауының шегі» ұғымдарының айырмашылығын анықтауға болады:
Бірінші қорытынды: дәлелдеу шегінен басты сот талқылауы шегінің айырмашылығы - оның шегі дәлелдемелердің жиынтығымен анықталмайды, басты сот талқылауының шегі дәлелдемелердің жиынтығымен тек дәлелдемелер көлемінің ұлғаюы немесе тарылуы сотта айыптың өзгеруіне немесе қылмыстық жауапкершілікке жаңа тұлғаларды тарту мәселесін шешуге ықпал ететін бөлікте ғана байланысты.
Екінші қорытынды: басты сот талқылауы шегінің дәлелдеу шегінен айырмашылығы - дәлелдеу шегін басты сот талқылауында тікелей сот анықтайды, сот алдын ала тергеу барысында жиналған дәлелдемелерге ғана сүйенбейді, тараптардың өтінішімен немесе өзінің қалауымен дәлелдеу шегін кеңейте не оны тарылта алады, ал басты сот талқылауының шегі прокурордың айыпталушыны сотқа беру кезінде қолдаған немесе өзгерткен айыбымен, немесе алдын ала тыңдау кезінде прокурор бастапқы тағылған айыпты өзгерткен айыбымен, немесе басты сот талқылауы кезінде прокурор бастапқы тағылған айыпты өзгерткен айыбымен анықталады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, басты сот талқылауының шегіне төмендегідей анықтама беруге болады:
Басты сот талқылауының шегі — бұл қылмыстық процессуалдық қағидаларын басшылыкқа ала отырып, айыптау мен басты сот талқылауы жүргізіліп отырған сотталушылардың шегін анықтайтын басты сот талқылауының жалпы шарты.
Сонымен, басты сот талқылауы тек айыпталушыға қатысты және сотқа берілген айыптаудың шегінде ғана жүргізіледі. Алдын ала тергеу барысында кисындап мазмұндалған айып сот үшін ақырғы болып табылмайды, егер сот отырысында алдын ала тағылған айыпқа әсер етуі мүмкін мән-жайлар анықталса, сот айыпты өзгертуі мүмкін, егер мұндай өзгерту сотталушының жағдайын нашарлатпаса және оның қорғану құқығын бұзбаса. Бұл шарттарды орындауға мүмкіндік болмаса, сот басқа процессуалдық шешім қабылдауы тиіс — заңда белгіленген негіздер болған жағдайда тергеуді жалпы тәртіпте ұйымдастыру үшін істі прокурорға жолдауы тиіс. Бұндай шараны бұрынғы тілмен істі қосымша тергеу жүргізу үшін қайтару деп атайтын, алайда, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысымен атауы өзгертілді [http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P140000004S].
ҚР қолданыстағы заңнамасына сүйене отырып, Қ. Мәми келесідей тұжырымға келеді: «Айыпкерге басқа айып тағу үшін істе негіздер болған жағдайда, егер сол негіздер осы іспен байланысты болса немесе қылмыстық жауапкершілікке өзге адамдарды тарту үшін негіздер болса, айыптауды анағұрлым ауыр айыптауға өзгерту қажет болған кезде, егер қылмыстық процестік заңын елеулі бұзу анықталған болса сот істі прокурорға жолдауға құқылы. ... Сондықтан, заңды және әділ шешім қабылдау үшін қажетті жағдайларда істі қосымша тергеуге жолдауға сотқа құқық берілгенін дұрыс деп есептеймін. Істің нақты мән-жайларын жан-жақты және объективті зерттеу бүгінгі ақикатқа көбірек сәйкеседі» [26, 246-247 бб].
Сонымен, әзірше ҚР қылмыстық процессуалдық құқығындағы қылмыстық істі қосымша тергеуге жолдау институты атауы өзгертілсе өз күшін жойған жоқ. Бірақ, аталған институт нормалары қылмыстық процестің сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі, тең құқылығы және сот әділдігін тек соттың жүзеге асыруы қағидалары негізінде туындайтын бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады.
Аталған қағидаға сәйкес сот қылмыстық ізге түсу орғаны болып табылмайды, айыптау немесе қорғау жағында болмайды және құқық мүдделерінен басқа қандай да болсын мүдделерді білдірмейді. Сот объективтілікті және бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың өз іс жүргізу міндеттерін орындауы және өздеріне берілген құқықтарын жүзеге асыруы үшін қажетті жағдай жасайды.
Қылмыстық істі прокурорға тергеуді ұйымдастыруға жолдау институты ҚПК 323-бабында көрініс табады. Ол бойынша басты сот талқылауын тағайындауға және әрі қарай іс жүргізуге кедергі келтіретін қылмыстық процессуалдық заң нормаларын елеулі түрде бұзу жол берілген кезде сот оларды жою үшін істі прокурорға қайтарады. Сондай-ақ заң бұзушылық жағдайлары сотқа дейінгі жеделдетілген іс жүргізу істері немесе жасалған процестік келісімдері бар істері бойынша орын алған кезде де іс қайтарылады.
Осы жалпы шартқа сәйкес басты сот талқылауы тек айыпталушыға қатысты және сотқа берілген айыптаудың шегінде ғана жүргізіледі.[340-1] Айыптауды өзгертуге жол берілуі мүмкін, әрине, егер мұндай өзгерту сотталушының жағдайын нашарлатпаса және оның қорғану құқығын бұзбаса. Бұған негіз ҚПК-нің 340 бабының 2 тармағында жазылған норма.
Айыпталушыға басқа айып тағу дегеніміз - бұрын тағылған айыпқа жаңа, айыпталушы сотқа берілмеген айыпты қосу. Басты сот талқылауында қылмыстық істі айыптың осындай көлемінде қарау, сөзсіз, сотталушының жағдайын нашарлатады және оның қорғану құқығын бұзады. Жаңа айып айыпталушы сотқа берілген айыптауға қарағанда едәуір жеңіл болғанына және оның сот үкімінде тағайындалатын жазаға әсерін тигізбеуіне қарамастан бұл жаңа айып үкімде бұрынғы айыпқа қосылуы мүмкін емес.
Мынадай жағдайларда сот, істі қарауда үзіліс жасайды және іс бойынша алдын ала тыңдауды өткiзеді:
егер басқа адамдардың әрекеттері қаралып жатқан іспен байланысты болса;
егер оларға қатысты iстi бөлек қарау мүмкiн болмаса;
егер басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту қажеттігі туындаса. Басты сот талқылауы барысында қаралып отырған істі басқа қылмыстық іспен біріктіру айыптаушы тараптың өтiнiшхаты бойынша орын алады. Бұл жағдайда процестiң басқа қатысушыларының пiкiрiн ескерілуі тиіс. Мұндай жағдай орын алса, басты сот талқылау шегі субъектілер тарабымен өзгереді.
ҚР Жоғарғы Соты өзінің 2002 жылғы 15 тамыз N 19 «Сот үкімі туралы» нормативтік қаулысында осыған байланысты былай көрсетті: «Сотта істі қарау тек сотталушыларға қатысты жүргізілетіндіктен, сот үкімде сотқа берілмеген басқа тұлғалардың кінәлілігі туралы формулировкаларға жол бермеуі тиіс» [67, с. 367].
Айыптау актісінде көрсетілген айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан неғұрлым ауыр немесе елеулі түрде өзгеше айыптауға өзгерту қажеттігі - қылмыстық істі прокурорға жолдауға тағы бір негізі ретінде - басты сот талқылауыньщ шегімен байланысты, өйткені басты сот талқылауы тек сотқа берілген айыптаудың шегінде жүргізіледі және айыптауды өзгертуге бұл арқылы сотталушының жағдайы нашарламаған және оның қорғану құқығы бұзылмаған жағдайда ғана жол беріледі.
Сотта айыптауды өзгерту сотталушының қорғану құқығын екі жағдайда бұзады: 1) жаңа айыптаудың сипаты бұрынғысына қарағанда ауырлау болса 2) тағылған айып бастапқы айыпқа қарағанда ауыр емес, тіпті жеңілірек айыптауға өзгергеннің өзінде, жаңа айыптау істің мән-жайлары бойынша айыпталушы сотқа берілген айыптаудан елеулі түрде өзгеше болса.
Бірінші жағдайда: айыпталушының жағдайы сотта оның, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде тағылған айыптауға қарағанда, неғұрлым ауыр қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты нашарлайды (мысалы, бастапқыда оған жауапкершілігін ауырлататын жағдайлар тағылмаған болса, ал сотта жауапкершілігін ауырлататын жағдайлар анықталса). Неғұрлым ауыр айыптау болып есептелінеді, егер: санкциясында неғұрлым ауыр жаза белгіленген қылмыстық заңның басқа нормасы қолданылса (басқа бап, баптың басқа бөлімі); айыптауға сотталушыға тағылмаған және қылмыстың саралануын неғұрлым ауыр жаза белгіленген заңға өзгеруге алып келетін немесе әрекеттің заңдық бағалануын өзгертпесе де, айыптаудың көлемін өзгертетін қосымша фактілер, эпизодтар, квалификациялық белгілер, ауырлататын жағдайлар енгізілсе. Егер басты сот талқылауы барысында сотталушыға неғұрлым ауыр немесе бастапқы айыптаудан ерекше айыптау тағу қажеттігі туындаса, сот істі қарауды кейінге қалдырады. Сонымен қатар, прокурорға жаңа айыптау актісін жасау үшін уақыт береді.
Екінші жағдайда айыпталушының жағдайы айыптаудың мәнінің өзгеруіне байланысты нашарлайды. Бұл жағдайда сотталушы сотта бұрын тағылған айыптауда көрсетілген және оған қарсы қорғануға дайын әрекет жасағаны үшін емес, басқа, сотталушыдан ол туралы жауап алынбаған және оған қарсы қорғанбаған әрекет, жасағандығы үшін айыпталады.
Істің мән-жайлары бойынша айыпталушы сотқа берілген айыптаудан елеулі түрде өзгеше болатын айыптау деп жоғарыда айтылғаннан басқа айыпталушының қорғану құқығын бұзуға әкеліп соғатын айыптау тұжырымының өзгеруін айтуға болады, соның ішінде: бұрын тағылған әрекеттердің орнына басқа әрекеттерді жасағандығы үшін айыптау; бұрын тағылғаннан қылмыс объектісі, кінәсінің нысаны бойынша өзгеше қылмыс жасағандығы үшін айыптау.
Өкінішке орай, ҚР ҚПК-і қылмыстық істі прокурорға қайтаруға негіз болатын қандай қылмыстық процестік заңын бұзуды елеулі бұзу деп есептеу керектігін белгілеп көрсетпейді.
Сонымен, басты сот талқылауы тек айыпталушыға қатысты және сотқа берілген айыптаудың шегінде ғана жүргізіледі. Осыған байланысты, егер айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы қаулыдан, айыптау корытындысынан және айыпталушыны сотқа беру туралы қаулыдан олардың бір-біріне қайшы болуына байланысты басты сот талқылауының шегін
анықтау мүмкіи болмаса, бұл мән-жай басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін жағдай болып танылуы мүмкін» [49, с. 206-207].
Кезінде ҚР Жоғарғы Соты әлі қадағалау сатысы болған кезде өз қаулысымен Ақмола облысының Атбасар ауданының сотталушы И.-ға қатысты үкімнің күшін жойып, істі сотта жаңадан талқылауға жіберді. Қадағалау алқасы қылмыстық ізге түсу орғандарының айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы қаулысында, айыптау қорытындысында ҚР ҚК-нің белгілі бір бабының тармағында белгіленген қылмыстың объективтік жағын қамтитын айыпталушының қылмыстық әрекеттері нақты неден көрінетіндігінің көрсетілмегенін басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі бұзушылық болып табылатынын және бұның сол кездегі ҚР ҚІЖК-нің 303-бабыпың 2-бөлімінде белгіленгеи қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтаруға негіз болатынын атап көрсетті. Осы себептен басты сот талқылауының шегін анықтау мүмкін болмағандықтан сот үкімі заңсыз және негізсіз ден танылды [68].
Қылмыстық істерді прокурорға қайтарудың жағдайларын талдай келе, келесі қорытынды жасауға болады: ҚПК айыптау актісінің айыпталушыға табысталуын қамтамасыз ететіні бізге мәлім, сондықтан, қылмыстық істерді прокурорға қайтару негізінен тараптардың бастамашылығымен болуы керек. Бұл, жоғарыда айтылып кеткендей, сот өндірісін тараптардың бәсекелестігі және тең құқылығы негізінде жүзеге асыру қағидасынан туындайды (ҚР ҚПК-нің 23-бабы).
Қорғану тарабының қылмыстық істі прокурорға қателіктерді түзетуге кайтару туралы өтініші, біздің ойымызша, келесі жағдайларда орын алуы керек:
істе басқа тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіздердің болуы;
қылмыстық істің дұрыс біріктірілмеуі немесе бөлектенбеуі;
басты сот талқылауын тағайындауға кедергі болатын қылмыстық процессуалдық заңын бұзушылықтың басқа жағдайларының анықталуы.
Ал, мемлекеттік айыптаушының қылмыстық істі қайтару туралы өтініші, біздің ойымызша, келесі жағдайларда орын алуы керек:
істе айыпталушыға басқа айып тағуға негіздердің болуы, егер ол қаралып отырған іспен байланысты болса;
ісге басқа тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіздердің болуы, егер олардың әрекеттері қаралып отырған іспен байланысты болса және олардың ісін бөлек қарау мүмкін болмаса;
айыптау актісінде көрсетілген айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан неғұрлым ауыр немесе елеулі түрде өзгеше айыптауға өзгерту кажет болса;
қылмыстық істің дұрыс біріктірілмеуі немесе бөлектенбеуі;
басты сот талқылауын тағайындауға кедергі болатын қылмыстық процессуалдық заң бұзушылықтың басқа да жағдайларының анықталуы.
Қандай жағдайда да, қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару туралы қорғану тарабының өтініші болса да, мемлекеттік айыптаушының өтініші болса да, соттың бастамасы болса да, іс құжаттарымен объективті негізделуі тиіс, яғни дәлелді болуы тиіс.
Соттың істі қосымша тергеуге жіберу мәселесін дұрыс шешуі сот талқылауының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, төмендегідей қорытындылар жасауға болады:
1. Жариялы және жекеше-жариялы айыптау істері бойынша басты сот талқылауының шегі прокурор бекіткен айыптау актісімен анықталады. Мұндай соңғы айыптау болып прокурордың айыпталушыны сотқа беру кезінде қолдаған немесе өзгерткен айыптауы болуы мүмкін, не болмаса алдын ала тыңдау кезінде прокурор бастапқы тағылған айыпты өзгерткен айыптауы болуы мүмкін, не болмаса басты сот талқылауы кезінде прокурор бастапқыда тағылған айыптауды өзгерткен айыптау актісі болуы мүмкін.
2. Жариялы және жекеше-жариялы айыптау істері бойынша прокурор айыптаудан толықтай бас тартқан жағдайда басты сот талқылауының шегін жәбірленуші анықтайды, оның прокурордың айыптаудан бас тартуына қатысты пікірі істі талқылауды жалғастыру немесе іс бойынша өндірісті қысқарту үшін шешуші болып табылады.
3. Жекеше айыптау істері бойынша басты сот талқылауының шегі жәбірленушінің сотқа берген арызымен анықталады.
4. «Сот талқылауының пәні» және «сот талқылауынын шегі» ұғымдары өзара байланысты, бірақ әр түрлі ұғымды білдіреді. Сот талқылауының пәні - сот талқылауына қатысушылардың таным әрекеті бағытталған нәрсе. Сот талқылауыньщ шегі - бұл осы таным әрекеті қандай шекте жүзеге асырылуы тиіс екендігі және осының нәтижесінде нақты қылмыстық іс бойынша сот қандай шекте өз шешімін шығара алатындығы.
5. Ал «дәлелдеу шегі» және «басты сот талқылауының шегі» ұғымдарының арақатынасына тоқталар болсақ, бұлар мазмұны жағынан мүлдем әр түрлі ұғымдар.
Дәлелдеу шегінен басты сот талқылауы шегінің айырмашылығы - басты сот талқылауының шегі дәлелдемелердің жиынтығымен анықталмайды, оның шегі дәлелдемелердің жиынтыгымен тек дәлелдемелер көлемінің ұлғаюы немесе тарылуы сотта айыптаудың өзгеруіне немесе қылмыстық жауапкершілікке жаңа тұлғаларды тарту мәселесін шешуге ықпал ететін бөлікте ғана байланысты.
Басты сот талқылауы шегінің дәлелдеу шегінен айырмашылығы - дәлелдеу шегін басты сот талқылауында тікелей сот анықтайды. сот сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жиналған дәлелдемелерге ғана сүйенеді, тараптардың өтінішімен немесе өзінің калауымен дәлелдеу шегін кеңейте не оны тарылта алады, ал басты сот талқылауының шегі прокурордың айыпталушыны сотқа беру кезінде қолдаған немесе өзгерткен айыптауымен, немесе алдын ала тыңдау кезінде прокурор бастапқы тағылған айыптауын өзгерткен айыптаумен, немесе басты сот талқылауы кезінде прокурор бастапқы тағылған айыптауды өзгерткен айыптауымен анықталады.
6. Басты сот талқылауының шегі - бұл қылмыстық процессуалдық қағидаларын басшылыққа ала отырып, айыптау мен басты сот талқылауы жүргізіліп отырған сотталушылардың шегін анықтайтын басты сот талқылауының жалпы шарты.
Басты сот талқылауының тәртiптемесі
Басты сот талқылауының тәртiптемесі, негізінен, сот отырысының дұрыс, ұқыпты, тәртіпті, қалыпты және қауіпсіз өтуінің алғышарты, кепілі болып табылады.
Басты сот талқылауы соттың қалыпты жұмысын және процеске қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайларда өтедi. Қазіргі заманда техникалық байланыстың қарқынды дамуы сот талқылауының бейнебайланыс режимінде өткізілуіне мүмкін туғызады, және ол туралы шешімді іс бойынша төрағалық етуші қабылдайды. Сот талқылауының жайлы өтуі төрағалық етушінің жауапкершілігіне жатады.
Судья сот отырысы залына кiрместен бұрын сот приставы не ол болмаған кезде сот отырысының хатшысы: "Сот келе жатыр" деп хабарлайды, сот отырысына қатысып отырғандардың бәрi орындарынан тұрады, содан соң төрағалық етушiнiң ұсынуы бойынша өз орындарына отырады.
Сот приставының міндеттеріне процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кіреді. Сот приставы: өз қызметiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге жол бермеуге; судьяларды және сот процесiне қатысатын өзге де тұлғаларды, сондай-ақ атқарушылық iс-әрекеттердi жасаған кезде қатысушы тұлғаларды күзетуге; кеңесу бөлмелерiн, соттың басқа да үй-жайлары мен үйлерiн күзетудi қамтамасыз етуге; атқарушылық iс-әрекеттер жасауға қатысуға; сот отырысы залында және соттың үй-жайында, сондай-ақ атқарушылық iс-әрекеттердi жасаған кезде құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге; судьяның сот талқылауын жүргiзу тәртiбiн сақтауға байланысты өкiмдерiн орындауға және т.б. міндеттерді атқарады. Өзінің міндеттерін орындау мақсатында процеске қатысушылардан белгіленген тәртіпті орындауын талап етуге не орындатуға құқылы. [Сот приставтары туралы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 150 Заңы 7-бап]
Сот талқылауына қатысушылардың бәрi сотқа қарап сөйлегенде, айғақтар бергенде және мәлiмдеме жасағанда орындарынан тұрады. Алайда, қатысушылардың әралуындығына байланысты, мысалы қатысушы өзінің мүгедектігінен, жасынан не белгілі бір ауру-аутқулардың себебінен орындарынан тұрмай айғақ беру мүмкін. Бұл қағидалардан ауытқуға тек төрағалық етушiнiң рұқсатымен жол берiледi.
Сот отырысының барлық қатысушылары, соның ішінде, мүдделі тараптардан басқа, сот отырысы залында қатысып отырған азаматтардың барлығы төрағалық етушiнiң белгілеген сот отырысының тәртiбiн сақтау туралы өкiмдерiне бағынуы тиiс. Бұны қамтамасыз ету жауапкершілігі жоғарыда аталғандай сот приставына тиесілі. Бұл ереже, бірінші кезекте, айғақтарын мәлімдеу үшін кіргізілетін кәмелетке толмаған жәбірленушіге не куәға қатысты болып табылады.
Он алты жасқа толмаған тұлғалар жалпы ереже бойынша сот отырысы залына жiберiлмейдi, сот талқылауына қатыспайды. Алайда, олар белгілі бір тарап немесе куә болып табылса, олардың қатыстырылуы мүмкін. Қажет болғанда сот приставы азаматтан оның жасын куәландыратын құжатты талап етуге құқылы. Сондай-ақ, сот залғына масаң күйдегі адамдар жiберiлмейдi.
Сот отырысы залында фотосуретке түсiруге, аудио-бейнежазуды қолдануға және киноға түсiруге жол берiледi. Бұл үшін, сөзсіз, конституциялық негіз бойынша процеске қатысушылардың келісімі және төрағалық етушiнiң рұқсаты болуы тиіс. Сот талқылауының негізгі мақсаты құқықбұзушылықты анықтау мен оған шаралар қолдану болғандықтан, бұндай әрекеттер сот талқылауының қалыпты барысына кедергі келтірмеуі тиіс.
Қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот ҚПК-нің 98-бабында көзделген ережелерге сәйкес шаралар қабылдай отырып іс жүргізуі жүргізеді:
Төрағалық етушi, қажет деп санаса сот талқылауына қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн сот отырысын жабық түрде өткiзуі мүмкін. Оған қоса, Төрағалық етуші мынадай шараларды қолданады:
1) күш қолданумен немесе басқа да заңда тыйым салынған әрекеттерді жасауға қауіп төндіріп отырған тұлғаға оны осы әрекеті үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту ықтималдығы туралы ресми ескертпе жасайды;
2) қорғалуға жататын адам туралы мәлiметтерге қолжетімділікті шектейді. Сонымен қатар, оның жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшін тапсырма береді;
3) процеске қатысушыларға қатысты күш қолдану немесе өзге де қылмыстық қауіпті іс-әрекеттер жасауды тамырымен кесуге бағытталған бұлтартпау шараларын күдіктіге, айыпталушыға қатысты таңдайды;
4) жақындауға тыйым салу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасын қолданады.
Қорғалатын адам туралы мәлiметке қолжетімділікті шектеу қылмыстық процестің басынан бастап бұл туралы адамның арызы болса орындалуы мүмкін. Бұл сақтану әрекеттері қылмыстық iстiң материалдарынан адамның сауалнамалық деректерi туралы мәлiметтердiң алынып, олардың негiзгi iс жүргiзуден бөлек сақтаудан, сондай-ақ бұл адамның бүркеншiк ат пайдалануынан тұрады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы шараны қолдану туралы қаулы шығарады, және бұл шешімнің қабылдану себептері жазылады. Аталған қаулыда негізгі процесте түсініспеушілік болмау үшін қорғалатын адамның қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттері хаттамаларында пайдаланылатын бүркеншік аты және қол қою үлгісі көрсетіледі. Қорғалатын адамның қатысуымен процестік әрекеттер қажет болған жағдайда, оны тануды болғызбайтын жағдайларда жүргізіледі. Қаулы және негізгі іс жүргізуден бөлек шығарылған материалдар мөрленген конвертке салынып, одан әрі қылмыстық істі тергеген органда сақталады. Оның мазмұнымен қауіпсіздік мақсатында тек тергеуші, прокурор және сот таныса алады. Куәгерлердiң, күдіктілердің, айыпталушылардың, жәбірленушілердің және қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының жеке қауiпсiздiгi шараларын қамтамасыз етілуі және т.б. қауіпсіздік шаралары қылмыстық-процестік заңнамаларда айқындалған.
Төрағалық етуші, сонымен қатар, аудио-видео жазбаны жүргізуді және жауап алуды түсіріп алудың өзге тәсілдерін жүргізуге тыйым салуға; сот отырысы залынан адвокатты қоспағанда, сотталушыны, қорғаушы тараптың өкілдерін қажет болған жағдайда шығарып жіберуге құқылы.
Сот процеске қатысушылардың қандай да бiреуi болмағанда немесе олардың көзбен көрiп отыруынан тыс жауап алған қорғалатын адамның айғағын төрағалық етушi осы қорғалатын адам туралы мәлiметтерді көрсетпестен, сотта барлық қатысушылар қатысып отырған кезде хабарлайды. Қажет болған жағдайларда, сот процеске қатысушылардың және заңда көзделген өзге де адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа да шараларды қолданады. Сот талқылауына қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы сот қаулысын орындау қылмыстық қудалау органдарына, жазаны орындайтын мекемеге немесе органға, сондай-ақ сот приставына жүктеледi.
Сот отырысы басталмастан бұрын төрағалық етуші сот процесінің барлық қатысушыларына қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша сотқа өтініш жасау құқығы туралы түсіндіріп кетеді. Тараптардың бірінің немесе сот талқылауына қатысушының қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы өтінішхаты бойынша сот осы мәселе жөнінде қаулы шығаруға құқылы.
Басты сот талқылауында тәртiптi қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шаралар. Басты сот талқылауының тәртіптемесінің бірнеше рет бұзған, төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаған адамға қатысты тараптармен ақылдаспай тікелей төрағалық етуші шаралар қолдануы мүмкін. Бұл әрекеттер (әрекетсіздік) сотты және процеске қатысушыларды анық құрметтемеу деп танылады. Олар: оны, яғни тәртіпке бағынбаған адамды сот отырысы залынан шығарып жіберу, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайларда, сотты құрметтемеу фактісінің анықталғаны туралы жариялау және кінәлі адамға ҚПК-нің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу. Шығарып жіберу шарасы, айыптаушы мен қорғаушыдан басқа, процестің кез келген қатысушысына немесе өзге де адамға қатысты қолданылады. Ақшалай өндіріп алуды сотталушыға және оның қорғаушысына қолдануға заңмен тыйым салынған, яғни бұл шара оларға қолданылмайды.
Егер сот отырысы залынан сотталушы шығарылып жiберiлсе немесе ол істі сот талқылауына қатысудан бас тартқан жағдайда, төрағалық етуші соттың әрбір отырысының алдында одан өзі тәртіптемені сақтаған жағдайда, сот отырысына қатысқысы келетінін сұрайды. Үкiм жарияланған кезде сотталушы міндетті түрде қатыстырылады, алайда ол қатысудан бас тартқан болса, үкім жарияланғаннан кейiн сотталушыдан дереу қолхат алынып хабарлануға тиiс.
Сот отырысы залынан процеске қатысушыны шығарып жiберу және ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы сот қаулы шығарады. Қаулы соңына қарай істің материалдарымен бірге хаттамаға тіркеледі.
Сот отырысы залында қатысып отырған, бiрақ іске мүдделі емес жай ғана іс барысын қарауға келген адамдар тәртiп бұзған жағдайда, олар төрағалық етушiнiң өкiмi бойынша сот отырысы залынан шығарылады. Егер олардың тәртіпті бұзған әрекеттері елеулі болса, сот оларға ақшалай өндіріп алуды қолдануы мүмкiн.
Егер сот отырысындағы тәртiп бұзушының әрекеттерiнде қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi болса, сот материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау туралы мәселені шешу үшiн прокурорға жібереді. Яғни оған ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген нормалар бойынша (17-тарау. сот төрелiгiне және жазалардың орындалу тәртiбiне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар) қылмыстық іс басталуы мүмкін.
