Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЕВМА ЕМТИХАН.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
194.89 Кб
Скачать

46. Бейспецификалық аортоартериит (Такаясу ауруы) жіктемесі, клиникалық белгілері. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.

Классификациясы. Такаясу ауруының төмендегідей клиникалық-морфологиялық варианттарын ажыратады:

І тип – қолқа доғасы мен оның тарамдарының зақымдануы;

ІІ тип – қолқаның кеуде және іш бөлігінің зақымдануы;

ІІІ тип – қолқа доғасының, оның кеуде және іш бөлігінің зақымдануы (ең жиі кездесетін вариант);

IV тип - өкпе артериясы мен қолқаның кез-келген бөлігінің зақымдануы.

Клиникалық көрінісі. Бейспецификалық аортоартерииттің белгілері шартты түрде екі топқа бөлінеді. Бірінші топтағысы —бейспецификалық қабынудың белгілері: қызудың биіктеуі, арықтау, әлсіздік, ұйқышылдық, миалгиялар, полиартралгиялар, ревматоидтық артрит тәрізді симметриялы полиартрит, Рейно синдромы, түйінді эритема, ЭТЖ биіктеуі. Қабынудың белгілері аурудың жаңа басталған шағында немесе өршу кезінде байқалады. Екінші топтағысы — тамырлардың тарылуынан туындайтын ишемиялық өзгерістер. Оның көрінісі зақымданған тамыр аймағына тәуелді.

Лабораториялык өзгерістер. Қанның анализінде нормохромдық анемия, тромбоцитоз, гипергаммаглобулинемия және өршу кезінде ЭТЖ жоғарылауы анықгалады. Науқастардың 1/3-де айтарлықгай лабораториялық өзгерістер табылмайды.

Аспаптык зерттеу. Офтальмологиялық зерттеуде көрудің нашарлауы (көбіне бір жақгы), скотома, көз түбі артерияларының кеңеюі, аневризмалары, артерия-веналық анастомоздар анықталады.

Ангиографиялық зерттеуде тамырлардың тарылуы немесе кеңеюі анықталады. Ультрадыбыстық ангиодопплерография тамырлардағы кан ағымының төмендеуін анықтайды, компьютерлік және магнитті-резонанстық томография тамырлар қабырғасындағы бұзылыстарды табуға мүмкіндік береді.

47.Түйінде периартериит (Куссмауль-Майер ауруы) жіктемесі, клиникалық белгілері. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.

Жіктемесі.

Клиникалық түрлері: Классикалық; Астмалық; Тері-тромбангииттік; Монооргандық.

Барысы: Жайлы (қатерсіз); Баяу мендейтін (артериялык гипертензиямен немесе артериялык гипертензиясыз); Рецидивтеуші; Тез меңдейтін; Кенет ( “жай түскендей”) барыс.

Фазасы: Активті; Баяу; Склероздық.

Аскынулары: Ағзалардың инфаркты, склерозы; Қан кету, қан құйылу (аневризманың жарьшуынан); Жараның тесілуі; Ішек гангренасы; Уремия; Бас ми кднайналымының бұзылысы; Энцефаломиелит.

Клиникалық бейнесі. Түйінді периартериит пен көбінесе ер адамдар ауырады. Клиникалық белгілері жалпы белгілерінен және жеке мүшелер мен жүйелердің зақымдалу белгілерінен тұрады. Сырқаттың негізгі белгілеріне дене қызуының көтерілуі мен арықтау жатады. Дене қызуы толқын тәрізді өте жоғары көтеріліп, сирек субфебрильді түрде байқалады. Дене қызуына антибиотиктер әсер етпейді. Аспирин, бутадион, әсіресе глюкокортикоидты гормондар төмендетеді. Сырқаттың айықтық кезеңінде дене қызуы сирек қалпына келеді. Түйінді периартерииттің ең жиі сиптомы тез арада арықтау, кей кезде кахексияға дейін жетеді. Тез арада бір – екі айдың ішінде науқас 20 – 30 кг арықтайды. Тез арада арықтағандықтан қатерлі ісік деген қауып туғызады. Көптеген науқастарда әлсіздік, күшсіздік байқалады. Аурудың жалпы белгілерінде көптеген мүшелер мен жүйелердің әртүрлі қарым – қатынаста және әртүрлі ретте зақымдану белгілері байқалады. 

Түйінді периартериттің диагностикалық критерилері:

-Аяқ қолдарда, денеде тармақтанған тамыр өрнектернің пайда болуы.

-Иық белдемесі және бел аймағының бұлшықетінен тыс бұлшықеттердің тұтас ауырсынуын немесе тек аяқ бұлшықетінің ауырсынуы және әлсізденуі.

-4 кг-нан аса салмақ жоғалту: Аурудың басталуынан, тамақтануға байланыссыз салмақ жоғалту;

-Мононеврит немесе полинейропатия: Осыған сәйкес неврологиялық көріністердің болуы;

-Ұсақ және орта калибрлі артериялардың биопсиясы: Морфологиялық зерттеуде тамыр қабырғасының мононуклеарлық инфильтрациясы;

-Диастолалық қысым 90 мм.сб. жоғарылауы: Артериялық қысымның биіктеуі;

-Қанда креатинин, мочевина деңгейінің жоғарылау: Мочевинаның 14.4 ммол/л ден жоғары, кратининнің 133 ммоль/л ден жоғары биіктеуі (дегидратациядан немесе несеп жолдары обструкциясынан болады);

-Ангиографиялық өзгерістер: Висцеральдық артериялардың бойында аневризмалардың, окклюзияларының табылуы (егер бұл өзгерістер атеросклероздан, фибромускулярлық дисплазиядан т.б.аурулардан болмаса.