Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЕВМА ЕМТИХАН.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
194.89 Кб
Скачать

25.Остеопороз, жіктемесі, клиникалық белгілері, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.

Жіктелуі:

Біріншілік остеопороз: тұқым қуалайтын; ювенильді; инволютивті; идиопатилық.

Екіншілік остеопороз: эндокриндң ауруларда дамитын; дәнекер тіннің диффузды ауруларында; қан жүйесінің ауруларында дамитын; иммобилизациялық; ятрогенді; алиментарлы; космонавт остеопорозы,т.б.

Клиникасы. Остеопороз ұзақ уақыт бойы латентті өтеді. Көбінесе пациенттер остеопороздан күдіктенбей, гипотравматикалық сынықтар алуы мүмкін. Көбінесе омыртқалардың денесі зақымдалады.

Компрессиядан омыртқа денесінің алдыңғы бөлімдері зақымдалады. Соның салдарынан дене бітімі өзгеріп бойдың қысқаруы байқалады ( бірнеше жылда 5 см-ге дейін немесе одан да көп). Ол кеуде омыртқаларының ( Th VIII-X) ортаңғы сегменттерінің зақымдалуына тән. Мұндай науқастарда ауырсыну болмайды, бірақ біртіндеп дорсальды кифоз дамып, мойындық лордоз күшейеді. Әйелдер омыртқаның қозғалысын шектейтін скалиоздың дамуына бейім.

Остеопороздық омыртқа сынуына ең тән симптомдар – ауырсыну мен омыртқалардың деформациясы. Ауырсыну синдромы Th XII- LI омыртқа сегменттері зақымдалғанда айқын болады. Ауырсыну бірден басталып, кеуде қуысының алдыңғы жағындағы қабырғааралыққа иррадацияланады. Ауырсыну ұстамалары денені бірден бұрғанда, секіргенде, жөтелгенде, түшкіргенде, ауыр көтергенде және т.б. пайда болады.

Кейде ауырсыну сүйектің сынуына байланысты болмайды. Ол арқа бұлшықеттерінің гипертонусына байланысты созылмалы болады және омыртқа қалпын өзгерткенде пайда болады. Ауырсыну көбінесе таңда пайда болады, жатып дем алған соң басылады. Кейде ауырсыну іштің кебуімен және функциональды ішек өтімсіздігімен қосарланады.

Ауырсыну бір аптадай уақытқа созылады, ал бір айдан соң пациент қалыпты белсенділігіне орала алады. Кейде ауырсыну сақталып, пациенттің отырып- тұруы қиындайды.

Физикалық белгілер:

Бойдың қысқаруы;

Омыртқа бағанасын пальпациялағанда және ұрғылағанда ауырсыну, арқа бұлшықеттерінің тонусы жоғарылайды;

Бүкірею, кеуде кифозының және бел лордоздарының күшеюі;

Іштің екі жағында қыртыстардың пайда болуы.

Диагностика. Остеопороз диагностикасының тәсілдері:

-Анамнез жинау (объективті қарау, антропометриямен физикальды зерттеу);

-Сәулелік (рентгенографиялық, томографиялық, денситометриялық әдістер) диагностика;

-Биохимиялық әдістер;

-Биоптатты зерттеу;

-Ересектерде антропометриялық зерттеу жүргізу арқылы остеопорозға күдіктенуге болады. Омыртқа бағанасының қысқаруы байқалады.

-Қалыпты рентгенография остеопорозды алғащқы сатысында анықтай алмайды. Ерте остеопорозды компьютерлі томография немесе магнитті-резонансты томография арқылы анықтайды.

Сүйек тінінің бұзылысын анықтауға арналған биохимиялық зерттеулер:

  1. Кальций-фосфорлы метаболизм және кальций тұрақтандырушы гормондар;

  2. Түзілу және сүйек тінінің резорбциясының маркелері анықталады.

26. Ревматоидты артрит, жіктемесі, клиникалық белгілері, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері

Ревматоидты артрит жіктелуі

Функционалды класстар

І кәсіби және  кәсіби емес еңбекке жарамдылық және өзін өзі күту сақталған.

ІІ кәсіби  еңбекке жарамдылық және өзін өзі күту сақталған.

ІІІ кәсіби және  кәсіби емес еңбекке жарамдылық шектелген және өзін өзі күту сақталған. IV кәсіби және  кәсіби емес еңбекке жарамдылық және өзін өзі күтуі шектелген. Клиникалық көрінісінен ревматоидтық артрит екіге бөлінеді.

Біріншісі – буындық түрі, ревматоидтық артритпен ауырғандардың 80%-да кездеседі. Оның басты белгісі – буындардың қабынуы мен деформациясы. Екіншісі – буын – висцеральды түрі. Бұл түрінде буынмен бірге түрлі ағзалар зақымданады.

Буындық белгілер: буында ісіну, ауырсыну, деформациясы, буын шығуы және анкилоздар. Таңертеңгілік құрысулар бір сағаттан артық болуы.

Буыннан тыс белгілер: ревматоидты түйіндер, жайылған амиотрофия, миопатия, анемия,терілік васкулит,нейропатия,плеврит,перикардит,жайылған лимфоаденопатия, гепатоспленомегалия,гломерулонефрит,құрғақ синдром,Рейно синдром.

Көбінесе ревматоидтық артрит баяу басталады. Бірақ, кейде оның бастамасы биік қызбадан, буындардың бірден қатаң сіресуінен, ісініп ауырсуынан жіті басталады. Ревматоидтық артрит басталған кезінде ең алдымен  өзінің » сүйікті » буындарын зақымдайды: алақан-саусақ, проксимальды флангааралық, кейіндеу – табан-бақай және тілерсек буындарын. Бұл ауруға буындардың симметриялы зақымдануы тән.

Жүре бара патологиялық процесс меңдеп, көптеген буындарға таралады. Бірақ ревматоидтық артрит тиіспейтін буындар да бар: омыртқа жотасының бел және кеуде бөлігінің, дистальды саусақаралық. Бұл ерекшелік ревматоидтық артритті өзге артриттерден айыруға көмектеседі.

Диагноз осы ауруға тән клиникалық, рентгендік және лабораториялық белгілерге негізделеді. Ең негізгі клиникалық белгілері: алақан саусақтық, проксимальды фалангааралық және табан бақайлық буындардың симетриялы қабынуы, буындардың таңертенгілік сіресуі, жаңа буындардың біртіндеп зақымдануы, теріастылық ревматоидтық түйіндер.

Ерекше клиникалық формалары:

Фелти синдромы – нейтропения, спленомегалия, гепатомегалия және инфекциялық асқынулардың жоғарғы қаупімен  көрінетін симптамокомплекс.

Ересектердің Стилл ауруы – қайталанатын фебрильді қызба, артритпен, макулопапулезді бөртпемен, жоғарғы лабораториялық  белсенділікпен және серонегативтілікпен көрінетін ауру.

Диагнозды қоюға диагностикалық критерийлерді пайдаланады.

Ревматоидтық артриттің диагностикалық критерийлері:

1.әйелдердің жиілеу шалдығуы.

2.инфекцияға тікелей байланысының жоқтығы.

3.буындардың ауырсынуы, ісінуі, салицилаттардың әсер етпеуі.

4.қимылсыз жағдайдан кейін, ертеңгілікте буындардың ең болмағанда 1 сғат сіресуі.

5.бір » ұстаған » буындардан айырылмастан өрістеп дамуы және 3-6 айдың ішінде 1-2 буынды қосып зақымдауы.

6.басым ұсақ буындарды симметриялы зақымдауы.

7.буындардың қайтымсыз деформациялануы.

8.бір биіктеген ЭТЖ – ның оңайлықпен төмендемеуі.

9.буын маңындағы теріастылық түйіндер болуы.

10.РФ болуы.

11.рентгенограммадағы өзгерістер: остеопороз, шеміршектің бұзылып жойылуынан буын жегінің тарылуы, сүйекте – буын бетінің кетіктенуі.

РА диагнозы 4-7 критерийге сәйкес келсе диагноз нақты деп саналады,1-4 белгілер науқаста 6 апта бойы болуы керек.

Лабараторлы диагностикасы:

Жалпы қан анализі (Hb төмендейді, Лейкоцитоз/тромбоцитоз/эозинофилия ЭТЖ жоғ.);

Жалпы зәр анализі; Биохимиялық қан анализі (гиперлипедемия, дислепидемия, СРБ); Иммунологиялық зерттеу: АЦЦП ,РФ;

Инструментальді зерттеу: ЭКГ; Рентгенография; буындардың УДЗ; КТ;

Штейнброкер бойынша рентгендік кезеңдер: 1.буынның остеопарозы буын тарылуы; 2.кисталар пайда болуы; 3.көп эрозия; 4.анкилоз.