- •1.Жедел ревматизмдік қызба, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •2. Жүрек ақаулары, анықтамасы, этиологиясы.
- •3.Митральді қақпақшаның жетіспеушілігінің этиологиясы, гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі.
- •4.Митральды қақпақтарының тарылуының этиологиясы, гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі.
- •5.Қолқа қақпақтарының жетіспеушілігінің этиологиясы, гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі
- •6.Қолқа қақпақтарының тарылуының этиологиясы, гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі.
- •7.Жедел ревматизмдік қызба, жіктемесі, клиникалық кеөріністері, диагностикалық критерийлері.
- •8.Жүрек ақаулары, жіктемесі, диагностикасы.
- •9.Митральді қақпақшаның жетіспеушілігі кезіндегі клиникалық көрінісі, диагностикасы.
- •10.Митральды қақпақтарының тарылуы кезіндегі клиникалық көрінісі, диагностикасы.
- •11.Қолқа қақпақтарының жетіспеушілігі кезіндегі клиникалық көрінісі, диагностикасы.
- •12.Қолқа қақпақтарының тарылуы кезіндегі клиникалық көрінісі, диагностикасы
- •14. Науқас и., 15 жастағы ер бала, ауруханаға әлсіздікке, шаршағыштыққа, субфебрильді температуратураға шағымданып түсті.
- •19. Остеопороз анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •21. Остеоартроз, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •22. Подагра, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •23.Реактивті артрит, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •24. Дәнекер тіннің диффузды ауруларының қатарына кіретін аурулар: жалпы анықтамасы және олардың ортақ белгілері.
- •25.Остеопороз, жіктемесі, клиникалық белгілері, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •26. Ревматоидты артрит, жіктемесі, клиникалық белгілері, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері
- •27. Остеоартроз, жіктемесі, клиникалық белгілері, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері
- •28. Подагра, жіктемесі, клиникалық көрінісі, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •29. Реактивті артрит, жіктемесі, клиникалық көрінісі, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •30. Жүйелі васкулиттер, анықтамасы, жіктемесі.
- •37. Жүйелі қызыл жегі анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •38. Дерматомиозит анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •39. Жүйелі склеродермия анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •40. Бейспецификалық аортоартериит (Такаясу ауруы) анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •41. Түйінді периартериит (Куссмауль-Майер ауруы) анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •42. Вегенер гранулематозы анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, морфологиялық сипаттамасы.
- •43. Жүйелі қызыл жегі жіктемесі, клиникалық көрінісі, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •44. Дерматомиозит жіктемесі, клиникалық белгілері, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •45. Жүйелі склеродермия жіктемесі, клиникалық белгілері. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •46. Бейспецификалық аортоартериит (Такаясу ауруы) жіктемесі, клиникалық белгілері. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •47.Түйінде периартериит (Куссмауль-Майер ауруы) жіктемесі, клиникалық белгілері. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •48. Вегенер гранулематозы клиникалық белгілері. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
1.Жедел ревматизмдік қызба, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
Ревматизм (ревматизмдік қызба) — осы ауруға бейім адамдарда,көбіне жасөспірімдер мен балаларда А топты В гемолиздеуші стрептококтың әсерінен дамитын және жүрек-тамыр жүйесін басым зақымдайтын дәнекерлік тіннің жүйелі инфекциялық-аллергиялық ауруы. Ревматизм көбіне балалық және жасөспірім шақта, шамамен 7-15 жас аралығында басталады.
Этиологиясы. Ревматизмнің дамуы және онын рецидивтері А топты Ь-гемолиздеуші стрептококтық инфекцияға тығыз байланысты.
Ревматизм дамуынын кауіпты факторларын айырған:
бірінші буынды туыскандарда ревматизмнің немесе дәнекер тінінін диффузды аруларының, дәнекер тінінін туа кемістікгерінің болуы;
әйелдік жыныс;
7-15 жас аралығы;
болып өткен жедел стрептококтык инфекция және болатын мұрын- көмекей инфекциялары;
сау адамда немесе наукастың туысканында В 8/17 В жасушалық маркердін болуы.
Патогенезі. Стрептококтын организммен тікелей әрекеттесуінен ревматизм дами коймайды және ревматизмдік кабыну ошақтарында бұл микроб табылмайды. Ал, антибиотиктер стрептококтық инфекцияны жойғанымен, сіңіскен ревматизмнің даму барысын үзбейді. Стрептококтың кейбір улы заттары гемолиздік, кардиотоксикалык, нефротоксикалық әсер етуі мүмкін, бірақ бұл механизм ревматизмнің дамуына жеткіліксіз.
Стрептококтардың тіршілігінен және ыдырауынан, ревматизмнің дамуында маңызды, антигендік заттар, ферменттер бөлінеді:
гиалурон қышқылы (микробтың капсуласынан, антигендік қасиеті жоқ);
М, Т, Р, А, С, І-протеиндер; стрептококтың вируленттігі, фагоцитозды тежеу куаты және жүрек антигендерімен айкаспалы иммун- дық реакцияны түзу касиеті М-протеинге байланысты;
стрептококтың анатомиялык канкасы болып табылатын — мукопептидтер;
ферменттер: О және 8 стрептолизиндер, стрептокиназа, стрептогиалуронидаза, дезоксирибонуклеаза.
Атап өткен стрептококтык антигендерге организмде антиденелер тузіледі.
Ревматизм патогенезінің мына тізбектерін айырады:
стрептококк уларының тінге тікелей әсер етуі;
стрептококк антигендеріне аллергиялық реакцияның дамуы;
антистрептококтық антиденелердің аутоантигеидермен, өсіресе жүректін антигендерімен айкаспалы иммундык реакцияны түзуі;
аутоиммундык реакциянын калыптасуы.
Аталған патологиялык тізбектердің нәтижесінен бөлінетін медиаторлар (гистамин, серотонин, брадикинин т.б.) және иммундык кабынудан дәнекер тіні закымданады. Оның зақымдануы сатылы жүреді.
2. Жүрек ақаулары, анықтамасы, этиологиясы.
Жүрек ақаулары- жүрек іші гемодинамикасын өзгертіп, немесе қан айналысының үлкен және кіші шеңберіндегі қанның өзара тікелей қатынасын тудыратын жүрек қақпақтарының, жүрек пердесінің, жүрек қабырғасының және жүректен басталатын ірі тамырлардың тумыстан болатын не жүре-бара пайда болатын морфологиялық өзгерістері. Жүрек ақаулары көбіне қан айналысының жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады.Жүрек ақаулары тумыстан пайда болатын және жүре-бара пайда болатын болып екі топқа бөлінеді.
Туғанан пайда болған жүрек кемістігі іште жатқан кезде жүректің жаратылу эмбригонезінің бұзылуынан, туған уақытына дейін бір қалыпқа келіп үлгермеуінің әсерінен болады. Жүре пайда болған жүрек ақауларының негізгі себептері: Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы; Инфекционды эндокардит; Қақпақшалардың дәнекер тіндерінің дегенеративті және дистрофиялық өзгерістері; Жүректің ишемиялық ауруы; Кеуде қуысының жарақаты.
