Қорытынды
Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, еліміздегі қаржы жүйесін зерттеу, құрылымын терең түсіну және қазіргі таңда бұл мәселе өте актуалды болып табылады. Болашақ қаржыгер ретінде, Республикамыздың тәуелсіздік алғаннан бергі жағдайын салыстыра келе қаржы жүйесінің өзгерісін білу
Осы курстық жұмысты қорытындылай келе мен қаржы, қаржы жүйесі ұғымына олардың мәніне,құрлымына, бағыттарына , экономикалық мәні және қаржы ресурстарына тоқталып өттім. Менің курстық жұмысым екі
бөлімнен тұрады.
Курстық жұмысымның бірінші бөлімде ,қаржының пайда болуы тарихы, экономикалық мазмұны , қаржы жүйесінің ұғымы және оның құрлымы қарастырылған.
Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады.
Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады. Президенттің Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді. Яғни қаржы
«Қаржы жүйесі» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылына түсті.Қаржы жүйесі қаржы жиынтығын қамтиды., ал бұл қатынастар негізінде ақшалай қаражаттардың сондай-ақ бұл қатынастарды ұйымдастырушы органдайрдың тиісті қорлары қалыптасады және пайдаланады. Кейде бұл ұғым тар мағынада тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданады.
