1.2 Қаржының экономикалық мәні және қаржы ресурстары
Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол күрделі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әр қасысы ерекше , тек өзіне тән рөлді орындайды. Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға жалақы , кредит сияқты категориямен өз ара тығыз байланыст болады.
Экономикалық өмірде қоғамның сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушының қаражаттарының қозғалысы түрінде бейнеленеді. Құбылыстарда бұл құбылыстар нақты ақшамен немесе нақты ақшасыз есеп айырысу түрінде көрінеді. Алайда ақшаның кез-келген қозғалысы қаржы операциясына жата бермейді, өйткені ақша түрлі экономикалық категориялардың-бағаның, еңбекке ақы төлеудің, қаржының, несиенің көмегімен болатын қоғамдық өнімнің барлық құнының қозғалысын қауыштырады. Тікелей қаржы операцияларына мыналарды жатқызуға болады: кәсіпорынның, фирманың бір-бірімен нақты ақшасыз жасасатын есеп айырулары; негізгі капиталға жұмсалатын амартизациялық соманы есептеу; пайданы бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің, кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар.
Қаржының қажеттігі тауар-ақша қатынастарының болуымен байланысты. Тауар өндірісі иен дамыған нарықтық айырбас кезінде өндіріп, оны бөлу екі нысанда натуралды-заттық және құндық нысанда жүргізіледі. Қозғалыстың құндық нысаны натуралды-заттық нысандағы өнім қозғалысын жүзеге асыратын белгілі ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Ақша қорлары қозғалысының процесінде пайда болатын ақша қатынастары, экономикалық қатынастар қаржының мәнін құрайды. Бұдан қаржыны өндірістің объективті түрдегі қажеттілігі категориясы деп айтуға болады. Алайда, қаржы ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең қаржы тек, ақша қорларының қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен оларға бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналасын реттеу және басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату ( тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да ) кезінде пайда болатын ақша қатынастарында да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің теңдігі ( олардың құқықтары мен міндеттеріндегі теп — теңдік ) бұл әдіске тең өзгеше нышан болып табылады. Сонымен бірге қалыптасқан ақша қатынасының қаржылық емес, өзіндік өзгешелігі болады.
Қаржы— бұл ең алдымен бөлгіштік категория. Қаржының пайда болып, іс-әрекет етуінің айтарлықтай дәрежеде қоғамдық өнімді бөлу стадиясында көрінетіндігі көпшілікке мәлім. Мұнда қоғамдық өнімнің құны мақсаты арналым мен шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша бөлінеді, олардың әрқайсысы өзінің үлесін алуға тиіс қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес.
Қаржының қажеттігі қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға байланысты оның басты арналымы- табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаттарға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету және қаржы ресурстарын жұмсауға бақылау жасау.Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар.
Ақша— бұл ең алдымен ассоцияцияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпы эквивалент, ал қаржы- жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады. Қаржы өндірістік қатынастың белгілі бір сферасын білдіреді және базистік категорияға жатады. Қоғамдық қатынастың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі-өндірістік қатынастарға кіреді. Бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі деуге болады, яғни олар базистік әрі негізгі қатынастар болып саналады. Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегінен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, несие сияқты категорияларымен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды. Алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес.
Қаржы ресурстары – экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімді жасау мен бөлу үдерісінде құралатын ақшалай қаражат, мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы. Қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құралады. Экономикасы бір орт-тан басқарылатын елдерде басым үлесті мемлекеттің және муниципалдық құралымдардың қаржы ресурстары құрайды, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде қаржы ресурстарының елеулі бөлігі кәсіпкерлік капиталдан тұрады. Қаржы ресурстарының көздері: белгілі бір кезеңде жаңадан жасалған таза табыс, ұлттық байлықтың бір бөлігі (бұрыннан қорланған қаражат), қарыз алу, сыртқы көздерден тартылған қаражат. Қаржы ресурстарының жұмсалу арналары алуан түрлі. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен салықтар мен алымдар, мемлекеттік мүлікті пайдаланудан, сатудан алынған түсімдер, елдің босалқы алтын қорын сатудан, мемлекеттік облигациялар мен бағалы қағаздарды шығару мен сатудан алынған қаражат, мемл. кәсіпкерлік қызметтен алынған пайда, сыртқы және ішкі қарыз алу жолымен алынатын ақшалай қаражат, сақтық қорлары мен сақтандыру қорларын, заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарын пайдалану жолымен алынған қаражат есебінен құралады. Жергілікті (муниципалдық) ресурстар елдің қаржы ресурстарының бөлек, біршама дербес бөлігін құрайды. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпорындардың, коммерция ұйымдардың) қаржы ресурстары негізінен өндірістік-кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс алу, акционерлік капитал қалыптастыру, үлеспұлдық және жарғылық жарналар жинау, меншікті мүлікті жалға беру, сату, қарызға қаражат алу, мемлекет тарапынан қаржылық қолдау, шет ел инвестицияларын тарту, сақтандыру өтемдерінің түсімі, айыппұлдық шаралардан түскен қаражат нәтижесінде құралады. Коммерциялық кәсіпкерлік ұйымдардың қаржы ресурстары өзін-өзі қаржыландыру негізінде түсіп, жұмсалады. Бейкоммерциялық ұйымдардың қаржы ресурстары меншікті қызметтің табысынан ғана емес, сонымен бірге жарналар, құрмалдық, қайырымдылық көмек, мемл. қолдау түрінде де құралады.
Қаржы мен қаржы ресурстары-бара-бар ұғымдар емес. Қаржы ресурстары өзінше қаржының мәнін анықтамайды, оның ішкі мазмұны мен қоғамдық арналымын ашпайды. Қаржы ғылымды тап мұндай ресурстарды жасау, бөлу және пайдалану негізінде туатын қоғамдық қатынастарды зерделейді; ол қаржы қатынастары дамуының заңдылықтарын зерттейді.
Қаржы ресурстарының құрамындағы оның маңызды екі бөлігін атап айтуға болады:
Мемлекеттік кірістер. Олар республикалық және жергілікті бюджеттерде шоғырланады. Мемлекеттік кірістер заңды тәртіппен бекітіледі және мемлекеттің функцияларына сәйкес жұмсалады. Салықтар, займдар және ақша эмиссиясы мемлекеттік кірістерді жұмылдырудың негізгі әдістері болып табылады.
Кәсіпорынның, фирманың, ұйымның қаржы ресурстары.Бұл шаруашылық жүргізуші субъектінің қарашығында болатын және қаржылық міндеттемелерді орындауға, ұдайы өндіріс жөніндегі шығындарды жүзеге асыруға және қызметкерлерді экономикалық ынталандыруға арналған ақшалай табыстар мен түсімдер. Қаржы ресурстарының қаллыптасуы меншікті және оған теңестірілген қаражаттар есебінен, қаржы рыногінде. Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақшалай қатынастарды қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Құндық категориялардың жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және оның құндық экономикалық категорияға қатыстылығын баса көрсетеді.
Қаржы экономикалық категория ретінде экономикалық заңдардың (құн запының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарылау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді. Қаржыны экономикалық категориялардың қатарынан бөліп алу үшін царжы құбылысын қараудан оның мәнін - оның болмысының барлық сан алуан нысандарының бірлігінде көрінетін предметінің ішкі мазмұнын зерттеуге көшу қажет. Бұл ретте зерттеу предметінің бейнесі оның сыртқы және ішкі қасиеттерінің өзара байланысында елестетілуі мүмкін.
Қаржылық қатынастар қаржылық мүдделер жайында, негізінде - ақшалай тұлғаланымда, ақшалай өлшенімде ортақтастырылған қатынастар субъектілерінің материалдық мүдделері жайында пайда болады. Кез келген экономикалық субъект басқау субъектке талаптар қоюы сияқты оның оған міндеттемелері де болуы мүмкін.Қоғамдық қатынастар тауарларды, игіліктерді және қызметтерді қоғамдық өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерісінде қалыптасады, бұл тауарлар, игіліктер және қызметтер осы үздіксіз жалғасып жататын төрт стадияның (фазаның) өзара байланысы және өзара тәуелді үйлесімі ретіндегі ұдайы өндірісті сипаттайды. Ұдайы өндіріс стадиялары қоғамдық өндіріс үдерісінің қатысушылары арасында тауарлық қатынастардың болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алуға-сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Бұл ретте материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс
Қаржы ресурстары — жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты үлестіру және қайта үлестіру барысында қалыптасатын және пайдаланатын ақша қорлары мен ақша қаражаттары. Қаржы ресурстары мемлекет денгейінде қалыптасатын орталықтандырылған ресурстары және кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қарамағындағы орталықтандырылмаған ресурстардан тұрады. Қаржы ресурстарының көздеріне:
1. Жалпы қоғамдық өнімнің және ұлттық табыстың өсуі;
2. Сыртқы экономикалық қызметтен түскен табыстар;
3. Шаруашылық айналысына тартылған ұлттық байлықтың бір бөлігі;
4. Қарыз қаражаттары жатады.
Қаржы ресурстары — бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысандағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстарының өсуінің басты шарты болып табылады.
Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық, аударымдар жатады.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары (қорланым, босалқы қор) — қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары.
Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша каражаттарының көздерін, шаруашышық орган ның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді.
Жалпы қоғамдық өнім |
||||||||
c |
v |
m |
||||||
Материалдық шығындар |
Қажетті өнім |
Қосымша өнім |
||||||
ӨЗІНДІК ҚҰН (ШЫҒЫНДАР) |
Ұлттық табыс |
|||||||
Амор- Тиза- Ция Ауда- Рым- дар |
Айна- лым- дағы қара- жат |
мат-риал- дық шығ ындар құра мын дағы - төлем |
Ұлттық табыс |
|||||
Әлеуметтік қорларға аударылатын аударымдар |
Таза табыс пайда |
|||||||
Халықтан алынатын салықтар Қарыздар мен лоторея Ерікті жарналар |
Жанама салықтар (қосылған құнға салынатын салықтар) |
|||||||
Роялти, бонустар Табиғи ресурстар үшін төлемдер Биржалар , лецензия үшін төлемдер Тіркеу алымдар Табиғатты қорғау қорына төленетін төлемдер |
Сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер |
|||||||
|
Мемлекеттік мүлікті сатудан (жекешелендіруден) түсетін түсімдер |
|||||||
Сыртқы көздерден түсетін түсімдер (қағаздар, трансфеттер, гранттар) |
||||||||
