МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ 3 1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1 Құндылық категория ретіндегі қаржының ұғымы,
қажеттілігі мәні ретінде. 5
1.2 Қаржының экономикалық мәні және қаржы ресурстары 10
1.3 Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары 12
2 Тараз қаласына экономикалық жайғдайына баға беру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады.
Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады. Президенттің Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді. Яғни қаржы
«Қаржы жүйесі» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылына түсті.Қаржы жүйесі қаржы жиынтығын қамтиды., ал бұл қатынастар негізінде ақшалай қаражаттардың сондай-ақ бұл қатынастарды ұйымдастырушы органдайрдың тиісті қорлары қалыптасады және пайдаланады. Кейде бұл ұғым тар мағынада тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданады.
«Жүйе» термині өзара байланысты элементтердің шағын жүйелердің іс-әрекетін білдіреді.
Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «financia» сөзінен пайда болған француздың «finance» сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды .
Қаржы — бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; табысты бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің құрылымдык бөлімшелері, т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады.
Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан (қаржы қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар, мекемелер, қаржы министрлігі, қазынашылық, ұлттық банк, салық инспекциясы, салық полициясы (қаржы полициясы), кор валюта биржалары, қаржы-несие мекемелері) және қаржы үдерістерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық экономика дамуының қажетті шарты болып табылады.
Қаржы— бұл ең алдымен бөлгіштік категория. Қаржының пайда болып, іс-әрекет етуінің айтарлықтай дәрежеде қоғамдық өнімді бөлу стадиясында көрінетіндігі көпшілікке мәлім. Мұнда қоғамдық өнімнің құны мақсаты арналым мен шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша бөлінеді, олардың әрқайсысы өзінің үлесін алуға тиіс қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы ажырағысыз байланыстырушы буын.
Қаржы жүйесінің ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады. Бұрын атап көрсетілгендей, қаржы ақша қатынастарын білдіреді. Алайды қаржының әр сферасында бұл қатынастар түрліше көрінеді, олардың өзіндік өзгешелігі болады.
Біртұтас қаржы жүйесі -өзінің мәні жағынан мынадай түрлі ұғымдарды білдіру үшін қолданылатын аталымда бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы, оларға қаржы мекемелері мен салық службаларының барлық құрылымдық бөлімдері жатады.
Демек, жалпы қаржы жүйесі бұл-мемлекет пен кәсіпорындарыдың орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының оқшауланған, бірақ өзара байланысқан әртүрлі сфералары мен буындарының, сондай-ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберетін метериалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып табылады.Қаржының қажеттігі қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға байланысты оның басты арналымы- табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаттарға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету және қаржы ресурстарын жұмсауға бақылау.
Қаржы жүйесінің міндеті-экономиканың экономикалық өсуінің категориясына көшіру , ұлттық шаруашылықтың құрлымын одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылықтың өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлікті дамыту әлеуметтік қаржыландыру және т.б.
Курстық жұмыстың мақсаты – қаржы жүйесінің мәні мен маңызын ашу,Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін сонымен қатар құрлымын оның негізгі мәселелерін қаржы жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субьектілердің рөлі, жетілдіру алғышарттары жәнео осы мәселелердің шешу жлдарымен таныстыру.
Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес , осы жұмысты жазуға келесідей міндет қойылады:
-Қаржының пайда болу тарихымен таныстыру;
- Қаржы жүйесі ұғымы, экономикалық мәнін ашу және қаржы ресурстары;
- Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
-Қаржы жүйесі және оның құрлымы
Қалыпты әлеуметтік- экономикалық дамудағы қаржылардың маңыздылығы ерекше.
Сондықтан бірінші бөлімде қаржының пайда болуы тарихы, экономикалық мазмұны , қаржы жүйесінің ұғымы және оның құрлымы қарастырылған.Екінші бөлімде Тараз қаласының экономикалық жағдайына баға берілген және соңғы үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдірудің алғышарттарының бағыттары
қарастырылған.
1.1 Құндылық категория ретіндегі қаржының ұғымы, қажеттілігі мәні ретінде.
Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «financia» сөзінен пайда болған француздың «finance» сөзінен шыққан)- тауар ақшалай қатынастармен және мемлекеттік өмір сүрумен байланысты тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категорияларының бірі.Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақшалай айырбасқа көшу жағдайында пайда болып , дамыды және мемлекеттің қаржылық ресурстарға қажетілікпен тығыз байланысты болды.
Қаржы ұғымы мемлекетпен бірге бір уақытта қоғамның таптарға жіктелу кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар- ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды.
«Қаржы» ұғымның ақшалай нысандағы қоғамдық өнімнің ұдайы өндірісімен байланысты болатын экономикалық қатынастарын кең ауқымды қамтиды. Жалпы экономикалық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу үрдісінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғанулы болып табылады.
Қаржы ақша негізінде , ақша көмегімен іс-әрекет етендіктен ақша, ақшалай қаражаттар, ақшалай операциялар ретінде кең мағынада «қаржы» ұғымын қабылдау күнделікті тұрмыстық практикада, публистикада кең таралады. Бірақ ақша- тарихи категория , ол өзінің дамуында әр түрліі трансформацияларға – қарапайым нысандардан күрделі, кәміл, қазіргі түрленідерге ұшырады. Ол дамуда ақша жаңа сапалы нысандарға ие болды.
Бүгігде қаржы терминін күнделікті қолданысқа авторды атауда қиын. Бұл терминнің 1577 жылы «Республика туралы алты кітап» деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы . Ж.Боденге жазып қоюға болады.
Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының табыстары туралы») алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д 430-365жж.) болған. Аристотельдің (б.э.д 384-322 жж.)қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афиннің мемлекеттік құрлысы» атты жұмысында баяндалған.
Қаржы аталымы тұңғыш рет «ақшалай төлем» мағынасымен ХІІ-XV ғасырларда Италияда кең қолданылды. Кейін ол халықаралық дәрежеде таралып кетті және ақша қатынастары жүйесімен, мемлекет өзінің әлеуметтік-экономикалық функцияларын орындауға жұмылдырылатын ақша ресурстарын жасаумен байланысты ұғым ретінде қолданыла бастады. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын ақша тасқынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржы- бұл шаруашылық жүргізіші субъектілірде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен , осымен бірге оларды ұдайы,
ұлғаймалы өндіріске қоғамның әлеументтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану мен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігі бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары. Қаржының жұмыс істеу шарттары- ақшаның болуы,ал қаржының пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады.
Қаржының қажеттілігі объективті мән-жайдан- тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Мемлекет қаржы ресурстарының объективті қажетілігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр түрлі нысандарын жасай алады: төлемдерін әр түрлерін енгізеді немесе күшін жояды,қаржы ресурстарың нысандарын өзгертеді. Шаруащылық жүргізу сферасында үнемі өзгертіп отыратын ұдайы өндірістік қажетіліктерді қамтамасыз ете отырып, қаржы өндіріс үйлесімдерін тұтынудың қажетіліктеріне бейімдеуге мүмкіндік беруі үшін қажет. Бұл мақсатты арналымның ақша қорларын қалыптастыруға болады. Қаржыныңбасты арналымы- табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъекттілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстарының жұмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында жасалатын ақша ресурстарының құрамы мен құрлымының өткізуіне жеткізеді.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік- экономикалық бағдарламаларын қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз ете алмайды.Мемлекет , дәстүрлі ункциялардан басқа , шаруашылық процестерді реттеу жөніндегі едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағындағы қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары мемлекеттік бюджет арқылы қазіргі жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайызы (Қазақстан бойынша) бөлінеді. Мемлекет қаржысының көмегімен салалық және аумақтық аспектілерде қоғамдық өндірістің ауқымы реттелінеді, басқа қоғамдық қажеттіліктер қанағаттандырылады.
Қаржысыз кеңейтілген негізінде өндірістік капиталдардың жеке және қоғамдық толық айналымының қамтамасыз ету, экономиканың салалық және аумақтық құрлымын реттеу, ғылыми-техникалық жеттістіктерді тезірек енгізуді ынталандыруды , басқа қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкін емес.
Елде жергілікті мәні бар міндеттерді шешуге бейімделген жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы да тиісті қаржымен қамтамасыз етуді, муниципалдық құрлымдар қаржысының жұмыс істеуін талап етеді. Сондықтан өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізудің төменгі буындары мен айтақтарға ерекше көңіл аударылып , оларға қаржы ресурстарын қалыптастыруда үлкен құқық пен дербестік беріліп отыр. Тек бұл ресурстар орталықтын, аймақтардың шаруашылық жүргізудің төменгі буындарының арасында ұтымды . ғылыми негізде бөлінген кезде ғана жоғары қайтарыымы және пайдаланатын қаражаттардың үлкен көлемде жаңгаруы болуы мүмкін.
ТАУАР-АҚШАЛАЙ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢболуы
Қаржының қажеттілігі |
||
Ө
Н
Д
І
Р
І
С |
МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ
басқару қорғаныс тауарлар қызметтерді көрсету жұмысы материалық емес құқықтық тәртіпті қорғау Ізгілікті функция қоршаған ортаны қорғау сфера халықты әлеуметтік қорғау қ ө өндіріс материалдық
|
Р Е Т Т Е У |
1 кесте Қаржының қажеттілігі
