- •1.Мелорация туралы жалпы түсінік
- •2. Қазақстандағы мелиорациялық жер топырақ қорларын талдау
- •3.Ауыл шаруашылық дақылдарын суарудың негізгі әдістері
- •4. Ауыл шаруашылығындағы мелиорацияның жіктелуін талдау
- •Ауыл шаруашылығы үшін мелиорацияның классивикациялануы: (а.М.Шульгин, 1980)
- •5. Мелиорация түрлерінің жіктелуі және оның құрылымын талдау
- •6. Мелиорация түрлерін в.Г. Гриневский мен п.Т. Шищенконың жіктеулерін атап көрсету
- •7. Мелиорацияның таксономиялықбірліктерінталдау.
- •8.А. М. Шульгиннің ұсынған ауыл шаруашылығындағы мелиорацияның жіктелуін көрсету
- •9. М.И. Заславский ұсынған мелиорация шараларын талдау
- •10. Қазақстанның сортаңданған жерлерін зерттеу жұмыстарының бағыттарын атап көрсету
- •11.Сортаң жерлерді игерудің әдісі мен технологиясына сипаттама
- •13.Суармалы жерлердің негізгі артықшылықтарын талдау.
- •14. «Суару режимі», «суару мөлшері» туралы түсініктер
- •15.Құмдақты алқапты-кеңістіктердің мелиорацияға сипаттама.
- •16. Су мелиорациясының негіздемелері, іс-шараларының әдістері мен техникасы
- •17. Су мелиорациясының маңызын айқындау
- •18. Судың жер бетінде кездесетін процестерге әсері және халық шаруашылығында атқаратын рөлін таңдау
- •19. Қазақстан топырақтарын мелиорациялау мәселелеріне сипаттама
- •20. Дефляция ұғымын талдау
- •21. Қазақстан аумағындағы каналдар жүйесіне сипаттама
- •22.Рекультивация түрлеріне сипаттама
- •23.Көксарай су реттегіші және оның қолданбалы маңызы
- •24.Топырақ мериорациясына сипаттама
- •25. Бүлінген жерді қалпына келтіру
- •26. Жерді мелиорациялаудың экологиялық және техникалық негіздері
- •27.Топырақты қорғау, құнарлылығын сақтау шаралары.
- •28. Минералды, органикалық т.Б. Тыңайтқыштар және сидерация ұғымына сипаттама
- •30. Фитомелиорация олардың түрлері, негіздемелері, іс-шаралараның әдістерін атап көрсету
- •31. Радиоактивтік элементтердің топырақта таралуы.
- •32.А.И.Воейков бойынша климатқа әсер етуші табиғат факторларын айқындау.
- •33. Топырақ сапалылығы және жерді бағалау
- •Жерді бағалау
- •34. Қар мелиорациясы және оның маңызы
- •35. Қар мелиорациясының табиғи жағдайларын талдау
- •36. Қар мелиорациясының топырақтың климатына әсері
- •37. Эрозияға ұшыраған топырақтардың мелиорациясы, олардың пайда болу себептері және олармен күрес әдістері.
- •38.Рекультивация түрлеріне сипаттама.
- •41.Тмд елдері және Қазақстандағы мелиоративтік географияның қалыптасуы және даму тарихына сипаттама.
- •42. Егіншіліктің ауыспалы жүйесін қолдану және топырақты эрозиядан сақтау.
- •43. Қазақстандағы агрохимиялық зерттеу жұмыстарының негіздемелерін атап көрсету.
- •44. Егіншіліктің терістік облыстардағы парлы-астықты жүйесін талдау.
- •45. Ауыл шаруашылығында химиялық тыңайтқыштарды қолдану.
- •46. Климаттық мелиорацияға сипаттама.
- •47. Жерді мелиорациялаудың экологиялық және техникалық негіздері
- •48. Климат мелиорациясының әдіс-тәсілдері
- •49.Климаттық мелиорацияның маңызы және алғы шарттары.
- •50. Химиялық мелиорацияға сипаттама.
- •51.Мелиорацияның қоршаған табиғи ортаға әсері.
- •52.Бөгендер су мелиорациясының құралы
- •53. Академик в.М. Боровский ұсынған ирригациялық шаруашылық жұмыстарының негізгі мелиоративтк бірінші алқабына сипаттама
- •55. Академик в.М. Боровский ұсынған ирригациялық шаруашылық жұмыстарының негізгі мелиоративтк үшінші алқабына сипаттама
- •56. Фитомелиорация жүргізудің маңызы және қажеттілігі.
- •57. Эрозияға қарсы іс-шаралар
- •58.Мәдени техникалық мелиорацияға сипаттама
- •59. Табиғи-мелиоративтік мониторингті талдау
- •60.Жылжымалы құмдарда фитомелиорация жұмыстарын жүзеге асыру, мысал келтіру
3.Ауыл шаруашылық дақылдарын суарудың негізгі әдістері
Суармалау—табиғи жағдайда ылғал жетіспеушілігі байқалатын топырақтар мен өсімдіктердің су жүргісін (режім) жақсартуға бағытталған шаралар кешені; гидротехникалық мелиорациялаудың бір түрі. Топырақтың ылғалдылығын көбейтеді, өсімдіктердің қоректену және жылулық режімдерін, топырақ пен жер беті қабатының микроклиматын жақсартады. Құрғақ (аридтік) аймақтағы жерлерді ауыл шаруашылығы үшін пайдалануға қосуға, ал гумидтік аймақта ауыл шаруашылығы алқаптарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Объектілердің орнына, табиғат жағдайларына және ауыл шаруашылық өндірісінің талаптарына байланысты тұрақты түрде өздігінен ағыза суармалау немесе суды мехникалық көтере суармалау және бір мезгілдік суармалау болып жіктеледі. Суды беру тәсілдеріне қарай беттік суармалау, жаңбырлату, топырақішілік суармалау сараланады (соның ішінде тамшылата суармалау, тозаңдата суармалау). Күріш өсіру үшін, сортаң топырақты шаймалау үшін және топырақты көктемгі бір мезгілдік ылғалдау үшін, әдетте, бастыра суармалау қолданылса, жайылмалық шабындықтың өнімділігін арттыру үшін көлдету әдісі жасалады.
Суармалау желілері
Суармалау желілері — магистральды каналдан немесе су жүргізгіш құбырлардан таралатын желі, тармақтар, сонымен қатар уақытша жер суару желілері, суармалау жүйесінің негізгі элементтері.
Суармалау желісінің бөліктері— егістікті суармалау үшін салынатын бас саға, су бөлуші тораптар, бас канал, шаруашылықаралық каналдар, шаруашылықішілік каналдар, танап каналдары, гидротехникалық құрылыстар, бақылау ұңғымалары, кәріз жүйелері, жол және ағаштар құрамы.
Суармалау гидромодулі
Суармалау гидромодулі— меншікті су шығыны алдын ала белгіленген, нақты дакылды суғаруға керекті, 1 секундта 1 гектар жерге берілетін су мөлшері. Су көзінен алынатын және суландыру жүйесі арқылы барлық суармалы жерді суғару үшін қажетті су көлемін анықтайтын су кестесі.
Топырақтың су сіңіруі.
Беткейлеп суару әдісін қолданғанда топыраққа судың сіңуі және ондағы қозғалысы екі кезеңге бөлінеді:сіңуі және сүзілуі. Топырақтың су сіңу жылдамдығы оның механикалық және химиялық құрмына, борпылдақтығына және т.б. қасиеттеріне байланысты болады.Мысалы, сортаң топырақтар суды өте нашар сіңіреді.Сондай-ақ сіңіру жылдамығына топырақтың дымқылдығы да әсер етеді, өйткені құрғақ топырақ суды дымқыл топырақпен салыстырғанда өте тез сіңіреді.
Суармалы жерлердің топырағы су сіңіру мөлшеріне қарай үш түрге бөлінеді.(Астапов,19958ж.: 1) Алғашқы бірінші сағат ішінде суды 0,15 метрден асқан жылдамдықпен өте жылдам сіңіретін топырақтар; 2) су сіңіру жылдамдығы 0,15 метрден кем, бірақ 0,05 метрден көп мөлшерде сіңіретін, су сіңіру жылдамдығы орташа топырақтар; 3) Алғашқы бір сағат ішінде су сіңіру жылдамдығы 0,05 метрден көп болатын, суды нашар сіңіретін топырақтар.
Жерді суару және суландыру.
Ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және тұрақты өнім алу үшін егіс белгілі тәртіпте қолдан сұрыпталып,топырақ ылғалдылығы қажетті мөлшерге дейін жеткізілуге тиісті.Ал суды егіс алқабына жіберу үшін арнаулы суару жүйелері жасалады. Техникалық және дәнді дақылдарды,мал азықтық шөптерді,көкөністі және басқаларын суарудың шаруашылықтық маңызы бар.
Шөл және шөлейт аймақтарда ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту тек суармалы егістер ұйымдастыру негізінде ғана мүмкін болады.Ал қуаңшылық аудандарда жер суару жұмысын тиімді пайдаланудың арқасында оларды гүлденген аймаққа айналдырып,елімізде мақта,күріш,жеміс және тағы басқа ауыл шаруашылық дақылдарының мол өнімін алуға мүмкіншілік туады.
Ал енді далаңқы аудандарда жауын-шашынның жеткіліксіз және жыл бойн өте құбылмалы болуының салдарың салдарынан ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі тұрақсыз болады.Сондықтан,бұл аймақтарда жыл сайын дәнді,техникалық және мал азығы дақылдары мен көкөністің мол өнімін тек суару жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру негізінде алуға болады.
Егісті суару еліміздің тек оңтүстік топырақ дымқылдығы құбылмалы аудандарында ғана тиімді болып қоймай,сондай-ақ дымқылдығы артық аймақтарда да өте тиімді.
Суарудың түрлері.
Жер суару топырақты дымқылдандыру,тыңайту және арналы суару болып үш түрге бөлінеді. Топырақта қажетті су және ауа режимін жасау үшін суарудың дымқылдандыру түрі пайдаланылады.Суарудың бұл түрі дүние жүзінде де өте көп тараған негізгі түрі болып саналады және өсімдіктердің өсіп-өну дәуірімен оның кейбір кезеңдерінде судың керекті мөлшерімен қамтамасыз етілмеген шақтарында жүргізіледі. Суарудың бұл түрі өзінше жүйелі (тұрақты) және бір дүркін ғана суару болып бөлінеді.
Шаруашылық жағдайында суарудың жүйелі пайдаланғанды топырақ қажетті мөлшерде және керекті мезгілде дымқылданады.
Су көздерінен су суару жүйелеріне ағатын болғанда өздігінен ағызып суару,оған керісінше, механиқалық әдіспен жіберілсе,онда механикалық суару деп аталады.
Жоғарыда көрсетілгендей,біздің елімізде судың өздігінен ағуына негізделген жүйелі суару түрі көп тараған және оның ең негізгі түрі болып саналады. Ал енді жерді бір дүркін ғана суару үшін су алаңға бір-ақ рет жайылады. Алаңға жазғытұрым пайда болатын қар суы жабылған жағдайда ол көлтабанды суарма деп аталады. Ал енді алаңға каналдар арқылы көктемгі тасқын сулары жайылса оны тасқын сумен суару деп атайды. Көлтабанды суарма әсіресе Қазақстанда,Ресей және Украинада кеңінен тараған.
Суарудың топырақты тыңайту үшін қолданылатын түрін ұйымдастырғанда тыңайтқыштар сумен бірге топыраққа ерітілген күйінде таратылып,оның дымқылдану қабатына сіңеді. Суарудың бұл түріне қалалар мен өнеркәсіп орындарының сарқынды суларын және құрамында асылған топырағы мол тасқын суларын пайдалану жатады.
Арнаулы суарудың түріне топырақты тазарту, жылыту және мақсаттармен жүргізілетін суару жұмыстары жатады. Суарудың топырақты тазарту үшін қолданылатын түрі оның құрамындағы артық тұздарды шаю және өсімдіктерге зиянкес жәндіктерді құрту үшін ұйымдастырылыды.
Топырақты жылыту үшін суарғанда,оны зөінен жылырақ сумен суарып жылытудың арқасында өсімдіктердің өсіп-өну дәуірі ұзартылады. Суарудың бұл түрі шаруашылық жағдайында қазіргі уақытта аса көп тарамаған.
Суардың тәсілдері.
Суды топыраққа енгізу тәсіліне қарай жер суару үш түрге бөлінеді:
1.Беткейлеп, немесе беткі жағынан суару тәсілі. Бұл әдісті қолданғанда су топырақ бетіне суару бороздалары,алқаптары және атыздары арқылы таратылады. Бұл әдіс біздің елімізде кеңінен тараған.
2.Жаңбыралатып суару тәсілі. Бұл әдісті қолданғанда жаңбырлтқыш аппараттар арқылы су жоғары шашыратылып,онда тамшыларға бөлініп жер бетіне табиғи жуын тәрізді жауып, ауаның жер бетіне жақын қабатын, өсімдіктерді және топырақты ылғалдандырады. Қазіргі уақытта суарудың бұл әдісі шаруашылықтарда өте көп тараған.
3. Егісті астыңғы жағынан суару әдісін қолдану үшін су топырақтың жыртылатын қабатының астыңғы қыртысына енгізіледі.Бұл әдіс әзірше көп тарамаған және қазіргі уақытта толық жетілдіру сатысы үстінде.
Соңғы жылдарда , біздің елде де,шет елде де импульсты суару ағынымен атыз арқылы суару технологиясына үлкен қызығушылық танытуда. Осы жағдайда суарудағы еңбектің өндіргіш күші көтеріледі,олардың сапасы жақсарады,су-жер ресурстары тиімді пайдаланылады деп көптеген ғалымдар мәлімдеуде.
Бұл системаның тобықтай түйіні, суды атызға немесе су қатарына топырақтың сумен шайылуы болмайтындай, импульсты қарқынмен жібереді. Бірінші рет құрғақ топырақ үстіне ағын атыздың соңына дейін 400-500 м –ді 2,5-3 сағатта қамтып, егістікке 50-65 % суару мөлшерін орындайды. Атыздың жоғарғы бөлігінде ылғал төменгіге қарағанда көбірек. Екінші және келесі импульсте , алдын ала суланған атыздың бетінде су бір сағаттан артық жүрмей, ортаншы және соңғы атыз қабатына қармынмен енеді. Іс жүзінде өсімдіктің тамыр шекарасынан артық судың шыгу және тереңге сүзілу қаупі өте аз. Бұл суды 30-40 % -ға үнемдейді, ал суару уақыты қолданылатын бұрынғы технологияларға қарағанда 3-4 есеге азаяды. Егістік жер суды тоқтаусыз импульсты қарқынмен алады. Бұл ретте судың біркелкі ылғалдану коэффициенті 0,95, ал суару КПД – 0,90 кем емес, яғни әдеттегі атыздық немесе қатарлай суаруға қарағанда 2 есеге дейін дерлік жоғары.
Алдын ала суару іс – шарасы егістіктің тегістеу (жоспарлау) беті болып табылады. Бұл процесс едәуір қиындықты жерді 15-20 см, ал ерекше жағдайда 30-40 см қазуға және үюге тура келетін күріш өсіретін системаларда тудырады. Қатармен немесе атыз арқылы суарғанда егістікке кейбір еңістік жоспарланады. Заманауи мағлұматтарға қарағанда дұрыс жүргізілген жоспар суару нормасын төмендетуге септігін тигізеді, және суарудағы сапаны және еңбектің өндіргіш күшін жоғарлатады. Мысалға, Қазақстанның оңтүстігінде суару мөлшері жоспарлаудан кейін 2 есеге дейін дерлік азаяды, ал судың пайдалы қолданылу коффициенті жоспалаусыз алаңмен салыстырғанда 40-45 % -ға өседі.
Үстіңгі сулануға көлдетіп ,жайылма суару жатады. Бұл топырақ ылғалдануының жер бедері ерекше жағдайда болған жағдайдағы жергілікті жерде көктемгі су ағынын пайдалануы арқылы іске асатын түрі.
Көктемдегі су ағынын пайдалануы арқылы іске асатын жасанды жайылма суарудың инженерлік тәсілдемесі XIX ғасырдың ортасында бастама алды. Ең алғашқы жасанды жайылма суару 1842 жылы Торгун жайылымында орналастырылды. Бұл тәсілдің мәні жерге 0,5-2 м болатындай бөгеттер жасалынады. Соның көмегімен су қойнауынан ағатын өзен суы егістік алқапта тұрақтанып , топыраққа сіңеді де, артық су бөгеттің су жіберетін құлағы арқылы жіберіледі. Судың егістікте тұру уақыты нақты биоклиматтық жағдайына қарай – 3 тен 25 тәулікке дейін. Содан кейін су кетеді; жайылма суару тереңдігі - 0 ден 0,8 м –ге дейін.
Жайылма суару тәртібі мал азығы дақылдарының ерекшеліктеріне байланысты, топырақ қыртысы- климат жағдайларына және суару уақытына сай саралануы керек. Мысал ретінде, бұршақ тұқымдас өсімдіктер өсетін Урал –Кушум сілемінде ҚазҒЗИ су шаруашылығы мамандары суландыру тәртібін -2000-2500 м3\га,табиғи жазық шабындық шөп бөлігі үшін 2000-3000 м3\га, шабындық жайылма шөбі үшін 3500-4000 м3\га деп есептеді.
Сулану ауданының аридтік зонасының өсуі бірбеткейлік аймақтарды меңгеру есебіне байланысты. Дәстүрлі әдістермен суландыру ирригациалық эрозияға , суарма судың өнімсіздігіне және топырақтың біркелкі емес шөгуіне алып келеді. Осыған байланысты беткі суландыру еңістігі 0,05 болатын жер телімімен шектеледі. Сондықтан,жаңбыр суымен суландыру бірте-бірте озық болып отыр.
Суаруды механикаландыру және автоматизациалау мүмкіндігі пайда болуда;
Суармалы су көбірек еселі қолданылады; Сілемдерге жақын жатқан жер асты суларында және күрделі жер бедерінде қолдануға болады; тек жердің бет қабатын емес, өсімдікті де ылғалмен қамтамасыз етеді т.б.
Жаңбыр суының қарқыны алқаптың сіңіру жылдамдығына сәйкес болуы , ал тамшы үлкендігінің диаметрі 1-2 мм-ден аспауы маңызды. Қозғалу түріне қарай стационарлық-бүкіл құрамдас бөлік белгілі бір тұрақты орында болады; қозғалмалы-суару тракторларда құрастырылған қозғалмалы агрегаттардың көмегімен іске асады,жартылай стационарлық-насос станциясы, құбыр желісі және бүріккіш құрылма қозғалмалы болып 3 жүйеге бөлінеді.
Негізінен жаңбырлатып суару әдісін парниктік және теплицалық шаруашылықта және де бау-бақшада көптеп қолданады.Жартылай стационарлық система, қысқа структуралы жаңбырлатқыш қондырғыларды пайдалана отырып, қолайсыз жерлердеги өсімдіктердің, бау-бақша, жидектердің дұрыс өсуіне жағдай туғызды.
Қозғалмалы система негізінен көкөніс, дәнді, техникалық және т.б. өсімдіктердің өсуіне қызмет етеді.
Ең үлкен қызығушылық соңғы уақыттарда синхронды импульсты жаңбырлатуға аударылуда. Жаңбырдың төменге түсу қарқыдылығы 0,005-0,01 мм/мин. Шамамен бұл 5-10 есе аз, орташа структуралы жаңбырлатқыш құрылғыдан. Импульсты жаңбырлату бір уақытта барлық суармалы алқапты айнымалы циклда суарады: тоқтау – шашырату. Тоқтаудың (кідірудің) ұзақтығы 50-200 ретке көбірек қалыпты шашырату режимінен.
Жаңбырлатып суарудың бұл тәсілі алма бақтарын өсіруде көптеп қолданылып, оң нәтижесін беруде. Оның дәлелі, Жамбыл облысында осы әдісті қолдану іске асырылды. Нәтижесінде өнім көлемі 20-44 %- ға өсті. Ал топырақ құрамы төмендеген жоқ. Бұл тәсіл қарапайым жаңбыр жауып тұрған сияқты әсерде болады.
