- •1.Мелорация туралы жалпы түсінік
- •2. Қазақстандағы мелиорациялық жер топырақ қорларын талдау
- •3.Ауыл шаруашылық дақылдарын суарудың негізгі әдістері
- •4. Ауыл шаруашылығындағы мелиорацияның жіктелуін талдау
- •Ауыл шаруашылығы үшін мелиорацияның классивикациялануы: (а.М.Шульгин, 1980)
- •5. Мелиорация түрлерінің жіктелуі және оның құрылымын талдау
- •6. Мелиорация түрлерін в.Г. Гриневский мен п.Т. Шищенконың жіктеулерін атап көрсету
- •7. Мелиорацияның таксономиялықбірліктерінталдау.
- •8.А. М. Шульгиннің ұсынған ауыл шаруашылығындағы мелиорацияның жіктелуін көрсету
- •9. М.И. Заславский ұсынған мелиорация шараларын талдау
- •10. Қазақстанның сортаңданған жерлерін зерттеу жұмыстарының бағыттарын атап көрсету
- •11.Сортаң жерлерді игерудің әдісі мен технологиясына сипаттама
- •13.Суармалы жерлердің негізгі артықшылықтарын талдау.
- •14. «Суару режимі», «суару мөлшері» туралы түсініктер
- •15.Құмдақты алқапты-кеңістіктердің мелиорацияға сипаттама.
- •16. Су мелиорациясының негіздемелері, іс-шараларының әдістері мен техникасы
- •17. Су мелиорациясының маңызын айқындау
- •18. Судың жер бетінде кездесетін процестерге әсері және халық шаруашылығында атқаратын рөлін таңдау
- •19. Қазақстан топырақтарын мелиорациялау мәселелеріне сипаттама
- •20. Дефляция ұғымын талдау
- •21. Қазақстан аумағындағы каналдар жүйесіне сипаттама
- •22.Рекультивация түрлеріне сипаттама
- •23.Көксарай су реттегіші және оның қолданбалы маңызы
- •24.Топырақ мериорациясына сипаттама
- •25. Бүлінген жерді қалпына келтіру
- •26. Жерді мелиорациялаудың экологиялық және техникалық негіздері
- •27.Топырақты қорғау, құнарлылығын сақтау шаралары.
- •28. Минералды, органикалық т.Б. Тыңайтқыштар және сидерация ұғымына сипаттама
- •30. Фитомелиорация олардың түрлері, негіздемелері, іс-шаралараның әдістерін атап көрсету
- •31. Радиоактивтік элементтердің топырақта таралуы.
- •32.А.И.Воейков бойынша климатқа әсер етуші табиғат факторларын айқындау.
- •33. Топырақ сапалылығы және жерді бағалау
- •Жерді бағалау
- •34. Қар мелиорациясы және оның маңызы
- •35. Қар мелиорациясының табиғи жағдайларын талдау
- •36. Қар мелиорациясының топырақтың климатына әсері
- •37. Эрозияға ұшыраған топырақтардың мелиорациясы, олардың пайда болу себептері және олармен күрес әдістері.
- •38.Рекультивация түрлеріне сипаттама.
- •41.Тмд елдері және Қазақстандағы мелиоративтік географияның қалыптасуы және даму тарихына сипаттама.
- •42. Егіншіліктің ауыспалы жүйесін қолдану және топырақты эрозиядан сақтау.
- •43. Қазақстандағы агрохимиялық зерттеу жұмыстарының негіздемелерін атап көрсету.
- •44. Егіншіліктің терістік облыстардағы парлы-астықты жүйесін талдау.
- •45. Ауыл шаруашылығында химиялық тыңайтқыштарды қолдану.
- •46. Климаттық мелиорацияға сипаттама.
- •47. Жерді мелиорациялаудың экологиялық және техникалық негіздері
- •48. Климат мелиорациясының әдіс-тәсілдері
- •49.Климаттық мелиорацияның маңызы және алғы шарттары.
- •50. Химиялық мелиорацияға сипаттама.
- •51.Мелиорацияның қоршаған табиғи ортаға әсері.
- •52.Бөгендер су мелиорациясының құралы
- •53. Академик в.М. Боровский ұсынған ирригациялық шаруашылық жұмыстарының негізгі мелиоративтк бірінші алқабына сипаттама
- •55. Академик в.М. Боровский ұсынған ирригациялық шаруашылық жұмыстарының негізгі мелиоративтк үшінші алқабына сипаттама
- •56. Фитомелиорация жүргізудің маңызы және қажеттілігі.
- •57. Эрозияға қарсы іс-шаралар
- •58.Мәдени техникалық мелиорацияға сипаттама
- •59. Табиғи-мелиоративтік мониторингті талдау
- •60.Жылжымалы құмдарда фитомелиорация жұмыстарын жүзеге асыру, мысал келтіру
25. Бүлінген жерді қалпына келтіру
Жерді қайта құнарландыру, рекультивация(лат. re — қайта не кері әсерді білдіретін қосымша және cultіvo — өңдеу) — бүлінген жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіріп, оны халық шаруашылығына пайдалануға беру және қоршаған ортаны жақсарту үшін жүргізілетін кешенді жұмыс. Жердің құнарсыздануы — әр түрлі шаруашылық әрекеттерінен — жер асты пайдалы қазбаларын өндіру, геологиялық барлау және әр түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізуден болады. Осындай әрекеттердің салдарынан топырақтың үстіңгі құнарлы қабаты жойылады, гидрологиялық жүйелер өзгереді, техногендік рельеф түзіледі. Жерді қайта құнарландырудың нәтижесінде ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына қажетті жерлер жақсарып, су құбырлары іске қосылады, дем алатын орындар мен құрылысқа қажетті аймақтар пайда болады. Жерді қайта құнарландыру үшін топырағы құнарсызданған, қоршаған ортаны ластайтын жерлерді және ластанған су құбырларын биологиялық, техникалық, және химиялық әдістермен қалпына келтіреді. Жерді қайта құнарландыру 2 кезеңде жүргізіледі; техникалық жерді қайта құнарландыру — бүлінген жерлерді халық шарушылығына мақсатты түрде пайдалану үшін жер бетін тегістеу, құнарлы және құнарландыруға болатын топырақ пен тау жыныстарын жиыстырып жер бетіне төсеу, жолдар салу, әр түрлі гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстар салу, т.б.; биологиялық Жерді қайта құнарландыру — топырақтың құнарлы қабатын қайта қалпына келтіретін агротехникалық және фитомелиоративтік жұмыстар жүргізу, топырақтың құрылымын жақсартатын процестердің жүруін тездету, құнарланған жерлерде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қалпына келтіру мен оның өнімін арттыру.
Жерді қайта культивациялауда Украинада, Москва аймағында, Грузияда, Оралда, Сібірдің кейбір жерлерінде жақсы жетістіктері бар. Біздің республикамызда кезінде қазылып, қазір бос тасталған кен карьерлері, тау жыныстарының үйінділері, жылу электростанцияларынан шығарылған күлдер, тағы басқа әр түрлі қоқыс-қалдықтар, үйілген жарамсыз жиындылар көп-ақ. Бұл аймақтар табиғатқа адам қоғамының дамуымен енгізілген «жарақаттары». Бетінде шөп өспейтін болған соң, олар желге ұшып, суға ағып, аймақты былғайды. Мұндай жерлер Қазақстанның өндірісі мен құрылысы дамыған барлық облыстарында кездеседі. Соңғы есептеулерге қарағанда, Қазақстанда мұндай өндіріс бүлдірген жер көлемі 200 мың гектардай. Оның басым көпшілігі бұрынғы автомобиль жолдары, түсті металл, құрылыс т.б. министрліктерінің үлесіне тиеді. Ал бүкіл ТМД-да мұндай бұзылған жерлер көлемі 2 млн гектардан асады. Республикамызда осы күнге дейін «жарақат» жерлерді қайта культивациялап, қалпына келтіру әлі де жақсы жолға қойылған жоқ.»
Рекультинация әдетте екі кезеңнен тұрады — техиикалық және биологиялық рекультивация. Техникалық рекультивация — тау-кен өндіру кезінде нашарлаған территорияны кейін жүргізілетін биологиялық рекультивацияға даярлау. Олар: үйінділерді тегістеу, террасалар жасау, жарамсыз грунттарды құнарлы топырақ қабатымен жабу, уланған жыныстарға химиялық мелиорацияны пайдалану, техника жүретін жолдар жасау т..б. Биологиялыық рекультивация — бұзылған ауылшаруашылық және орманды жерлердің құнарлылығын қайта орнына келтіру жөне тіршілік үшін қолайлы жағдайлар жасау. Биологиялық рекультивация екі түрге бөлінеді: ауыл-шаруашылықтық және орманды. Ауылшаруашылықтық рекультивация — топырағы мен климаттық жағдайы қолайлы, шаруашылыққа игеруге тиімді, кең көлемді қамтитын территорияларда жүргізіледі. Оның негізгі міндеті — топырақ қабатының құнарлы болуына жағдай жасау. Бұл шара үш түрлі жолмен іске асады: 1) топырақтың құнарлы қабатын орнына келтіру; 2) дәнді дақылдан жоғары өнім алу мақсатында улы емес химиялық тыңайтқыштарды тиімді пайдалана білу; 3) ауылшаруашылық өнімдерін өсіру. Орман рекультивациясын өткізуге шығын аз жұмсалады. Орман рекультивациясы рельефтің қолайсыз жерлерінде өткізілуі мүмкін болғандықтан, кеңінен тараған. Орман рекультивациясы келесідей мақсатарды көздейді: 1)қорғау жұмыстары — су көздерін қорғау және эрозияға қарсы орман массивтерін отырғызу; 2) рекреациялық мақсатты көздеу, яғни адамдардың дем алуына жағдай жасау; 3)ірі қалалар маңында жасыл орман мен парктерді ұйымдастыру, мақсаты — ортаның тазаруы мен жақсаруын іске асыру.
