Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТБ Жадист. УП Гос Экз 2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243.71 Кб
Скачать

Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі

Предикаттық қатынас – бастауыш пен баяндауыш арасындағы байланыс.

Коммуникативтік категория – сөйлемнің қарым-қатынас барысында ойды жарыққа шығаруға қатысы, хабарлауы, ақпаратты білдіруі.

Модальдық категория – сөз иесінің беріліп отырған хабарға өзіндік көзқарасы.

Предикаттық категория – сөйлемнің сөйлем екенін танытатын негізгі белгі, бастауыш пен баяндауыш байланыстылығы.

Паратаксис – мағыналары жақын жай сөйлемдердің іргелесе, тіркесе айтылуы арқылы жасалған ҚС.

- Гипотаксис - компоненттері әртүрлі дәнекерлер арқылы бір-біріне бағына байланысатын сабақтас ҚС.

Предикаттық қатынастың аналитикалық тәсілмен көрінуі – бастауыш пен баяндауыштың қатар айтылуымен көрінуі.

- Предикаттық қатынастың синтетикалық тәсілмен көрінуі – баяндауыштың тек жіктік формасы арқылы көрінуі.

Синтаксистік компоненттер – құрмалас құрамындағы жекелеген жай сөйлемдер, предикативтік бірліктер.

ҚС коммуникативтік қызметі – күрделі ойды білдіретін синтаксистік-коммуникативтік тұлға болуы.

ҚС грамматикалық формасы – құрмалас сөйлемнің барлық модальдік – шақтық жүйесін қамтитын формалар жүйесі.

Сабақтаса байланысудың екі түсінігі: 1) сабақтаса байланысу - бағыныңқы компоненттің басыңқы компонентке не оның белгілі бір мүшесіне меңгеріліп тұруы; 2) сабақтаса байланысу - бағыныңқы компонент баяндауышының етістіктің тиянақсыз формасында айтылуы

Полипредикативті – грекше роІуs – көп дегенді білдіреді, ал предикативті – баяндауыштық ұғымын беретін, предикат, предикация терминдеріне қатысты сөз. Сонда полипредикативті көп баяндауыштық бірлік дегенді білдіреді.

Көсемше оралым – айтылатын ойды бейнелі түрде кеңейтіп, дәл беру үшін, қосалқы әрекеттерден негізгі процесті бөліп, айқындай түсу үшін қолданылатын құрылым.

Есімше оралымдар – негізгі сөйлемдегі оқиға желісінің мазмұнын әр түрлі жақтан айқындай толықтыра жұмсалатын, күрделенген сөйлемнің тәуелді бөлшегі.

Қыстырынды құрылымдар – негізгі сөйлемдегі айтылған ойды немесе сөйлемнің белгілі бір мүшесін толықтырып, нақтылап, әр түрлі қосымша хабарлар беріп тұратын күрделенген жай сөйлем түрі.

Қыстырма сөйлемдер – бір қалыпқа түскен фразеологиялық сипаты, шектеулі мағынасы бар, жеке қолданылмайтын құрылымдар.

Қыстырынды құрылымдардың сілтемелік түріне еңбектің авторын, оның атын, шыққан жылын т.б. көрсететін құрылымдар жатады.

Көсемше оралым – көсемшеден және оған қосымша мағына үстейтін бағынышты сөздерден жасалған құрылым. Ондағы негізгі ұйытқы сөз – көсемше формасындағы сөз. Ол жай сөйлемнің күрделенген түрін құрайды.

- Салалас құрмалас сөйлем- сөз предикатив сыңарларының баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, белгілі бір лексика-грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық-құрылымдық және интонациялық тұтастық құрайтын сөйлем түрін салалас құрмалас сөйлем дейміз.

Предикатив сыңарларының баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, белгілі бір лексика-грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, құрылымдық және интонациялық тұтастық құрайтын құрмалас сөйлем түрін салалас құрмалас - - дейміз. Бір мезгілдес салалас - синтаксистік компоненттерінде хабарланған оқиға-әрекеттердің орындалу, орындалмау көрінісі бір мезгілдік қатарда өтетін құрмалас сөйлем. Әр мезгілдес салалас – алғашқы компоненттегі іс-әрекет сәл де болса бұрын орындалады да, содан кейін іле-шала екіншісіндегі қимыл жүзеге асатын болады.

Кезектес салалас сөйлем – синтаксистік компоненттерінде баяндалатын іс-әрекеттің бірінен соң бірі кезектесіп іске асатындығын білдіретін ҚС, оның ерекшелігі тек жалғаулықтар арқылы құрмаласатыны. Жалғаулықтары: біресе, бірде, кейде.

Құрмалас сөйлемдердің сыйысуы – құрамындағы жай сөйлемдердің бір сөзден болатын баяндауыштары не бастауыштары қайталап келген жағдайда құрмалас сөйлемдердің өзара ықшамдалып (сыйысып) жай сөйлемге айналуы. Құрмалас сөйлемдердің сыйысуы шартты бағыныңқылы сабақтас құрмаластар мен бір жақты, бір шақты бірыңғай баяндауышты салалас құрмаластарда көрінеді. Маған доктор көмек етпесе, өлетін едім // Доктордың көмегінсіз өлетін едім.

Сабақтаса байланысу – компоненттері өзара тең болмай, бір-біріне бағына, бірін-бірі бағындыра байланысу. Сабақтаса байланысу қазақ тілінде сабақтас құрмалас сөйлемдерге, сөз тіркестеріне тән.

Сабақтас құрмалас сөйлем – компоненттері бағыныңқы және басыңқы сөйлем ретінде айтылып, алғашқысының тиянақсыз формадағы баяндауышы арқылы басыңқыға тәуелді болып, бағына жұмсалған құрмалас сөйлем.

- Үлестес сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз - бағыныңқы мен басыңқы сыңарлары мағыналық жағынан бір-біріне тәуелсіз, өз беттерімен орындалып жататын сөйлем түрі.

Түсіндірмелі сабақтас сөйлем - бағыныңқы компонентте сөз болған жайттың басыңқыда мән-мағынасы, түсінігі айқындалатын сөйлем.

Салыстырмалы сабақтас сөйлем – компоненттердің мағыналық қарым-қатынасы бір-бірімен салыстырыла айтылатын сөйлем.