- •Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы
- •«5В020500-филология: қазақ филологиясы» мамандығына арналған мемлекеттік емтихан бағдарламасы
- •Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы
- •Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
- •Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
- •Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
- •Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесі
- •Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы
- •Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
- •Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
- •Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
- •Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесі
- •Глоссарий
- •Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
- •Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
- •Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
- •Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесі
- •Жалпы тіл білімі
- •20 Ғасыр лингвистикасы.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Қосымша:
- •Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі
- •Глоссарий
- •5В020500-Филология: қазақ филологиясы» мамандығына арналған «Қазіргі қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтиханның бағдарламасы
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
Акцентология – фонетикада тілдің екпін жүйесін, түрлерін және атқаратын қызметін зерттейтін сала.
Апокопа – сөздің акценттік-фонетикалық процесінің нәтижесінде соңғы бір немесе бірнеше дыбыстың түсіп қалуы. Мыс., бер кел (бері келдің орнына), керім (кереметтің орнына).
Артикуляция – фонетикада тіл дыбыстарының жасалуы, сондай-ақ оған қатысатын дыбыстау мүшелерінің қызметі.
Ассимиляция – тіл білімінде дауыссыз дыбыстардың бір-біріне тигізетін ықпалы, үндесіп-үйлесуі.
Әліпби – жазу-сызуда қолданылатын әріптердің белгіленген тәртіп бойынша орналасқан жиынтығы.
Гаплология – комбинаторлық өзгерістің бір түрі; диссимиляция нәтижесінде бірінен кейін бірі келіп, қатар тұрған бірдей не ұқсас буындардың бірінің түсіріліп айтылуы.
Диахрония – тіл біліміндегі тілдік жүйенің тарихи даму барысын уақыт шеңберінде қарастыру.
Дифтонг – қос дауыстыдан түзіліп дара фонема орнына жүретін дауыстылардың айрықша бір түрі. Қазақ тілінде и, у дыбыстарын жатқызуға болады.
Консонантизм – дауыссыз дыбыстар жүйесі.
Метатеза – (грек. metathesis алмастыру) сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын алмастырып айтылуы. Мыс.: тепкі – текпі, қақпан – қапқан, әпке – әкпе, айналу – айлану, т.б.
Морфонология – морфеманың фонемалық құрылымын және фонеманың морфологияға қызметін анықтайтын тіл білімінің бір саласы.
Пиктограмма – пиктографиялық жазудың таңбалары. Әрбір пиктограмма бүтін бір хабарды бейнелейді. Ол хабар графикалық жағынан дербес сөздерге бөлінбейді, тек тілдік формалардың мазмұнын береді.
Пиктографиялық жазу, суретті жазу – жазудың ең алғаш түрі.
Транслитерация – бір графикалық жүйедегі мәтіндер мен жекелеген сөздерді басқа графикалық жүйенің таңбаларымен таңбалау.
Үндестік заңы, сингармонизм – сөзді бастан аяқ біркелкі әуезбен айту. Сөздің құрамындағы дыбыстардың (буындардың)тілдің қатысына қарай жуан-жіңішке, еріннің қатысына қарай еріндік-езулік болып үндесуі.
Фонема – сөздің мағынасы мен тұлғасын түрлендіруге қабілетті, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші тілдік бірлік.
Фонетика – тілдің дыбыстық жағын, дәлірек, тілдегі дыбыстардың жасалымы, айтылымы және естілімін зерттейтін тіл білімінің саласы.
Фонолаборатория – эксперименталды фонетикалық зерттеулер жүргізілетін, дыбыстық қондырғылармен жабдықталған ғылыми зертхана.
Фонология – тілдегі дыбыстық құбылыстар мен дыбыстардың қызметін зерттейтін тіл білімінің саласы.
Харакат – араб жазуындағы дәйекше белгілер.
Эксперименталды фонетика – тілдің дыбыс жүйесін арнайы қондырғы құралдармен зерттеу жолы.
Эпентеза, селбеспелі дыбыс – сөз ішінде екі дауыссыз дыбыстың арасына дауыссыз дыбыстың қосылып айтылуы. Көбінесе кірме сөздерге тән фонетикалық құбылыс. Мыс., бревно – бөрене, кровать – керует.
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
Деривациялық мағына - өз алдына дербес қолданылмайтын сөзжасам жұрнақтары білдіретін үстеме мағына. Ол арқылы сөздің лексикалық мағынасына өзгеріс кіріп отырады: көл – көлшік.
Реляциялық мағына – сөйлемдегі, сөз тіркестеріндегі сөздердің өзара қарым-қатынасынан туатын грамматикалық мағына.
Аффикс – қосымша, түбірге жалғанып, грамматикалық немесе сөзжасамдық мағына тудыратын сөз бөлшегі, сөздің ең кіші құрылымдық элементі, көмекші морфема. Ол түбірге қатысына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: түбір алдынан қосылатын аффикс – приставка, префикс бей –мәлім, түбірдің ортасында қосылатын – инфикс (stand- стоить, stood-стоял ), екі түбірді жалғастыратын – интерфикс (фон-о-логия), префикс пен постфикстің комбинациясынан жасалған – конфикс (бей-қам-дық), постфикс: 1) сөз соңында қосылатын сөзжасам қосымшасы- суффикс (жылқы-шы), 2) сөз соңында қосылатын жалғау – флексия (бала-ға)
Жалаң жұрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтін бір бүтін жұрнақты айтамыз.
Құранды жұрнақ деп мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемі екі я онан да көне жалаң жұрнақтардан құралып жасалған жұрнақты атаймыз.
Қосымша морфемалар дегеніміз - өз алдына жеке тұрып ешбір мағына бере алмайтын, тек түбір морфемаларға қосылып, оған әр түрлі қосымша мағыналар үстейтін морфемалар.
Жалғаулар – сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар.
Тәуелдеу категориясы – иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория.
Тәуелдік жалғау – бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін, зат есімге және заттанған басқа да сөз таптарына жалғанатын қосымша.
Жаңадан сөз тудырушы лексика-грамматикалық аффикстер, яғни сөзжасам аффикстері дегеніміз – түбір негіздерге (түбір сөздерге) қосылып, әр түрлі туынды сөздер жасайтын жұрнақтар.
Сөзді түрлендіруші функциональды-грамматикалық аффикстер, яғни сөзтүрлем аффикстері дегеніміз – сөйлем құрамында қолданылған сөздердің синтаксистік қызметіне байланысты түрленіп өзгеруін білдіретін жұрнақтар.
Сөз бен сөзді байланыстырушы таза грамматикалық аффикстер, яғни сөзбайлам аффикстері дегеніміз – сөйлемдегі сөздерді құрастырып байланыстыру үшін қызмет ететін жалғаулар.
Агглютинация – түбірге немесе негізге стандартты аффикс жалғау арқылы сөз бен сөзтұлға тудыратын әдіс.
Адвербиалдану - сөздің үстеу тобына өтуі.
Адъективация – сөздің сын есімдер тобына өтуі.
Аналитизм – сөздің негізі /лексикалық/ және қосымша /грамматикалық, сөзжасамдық/ мағынасын бөлек айқындайтын, синтетизмге қарама-қарсы қойылатын типологиялық қасиет.
Аналитикалық етістік - екі не бірнеше етістіктердің ішкі семантикалық сәйкестігіне орай, грамматикалық дәнекерлер арқылы бір-бірімен тіркесуі.
Аффикс – морфологиялық деривация процесінде сөз түбіріне жалғанатын тілдің құрылыс элементі. Грамматикалық немесе сөзжасамдық түбірді өзгерту үшін жалғанатын көмекші морфема түбірге қарама-қарсы қойылады немесе сөзжасамдық мағынасын білдіреді.
Біріккен сөздер – екі не одан да көп түбірден бірігіп, сөзжасам негізінде пайда болатын тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер.
Вербализация /вербальдану/ -сөздің етістік тобына өтуі.
Конверсия /сөзжасам/ - арнайы аффикс қолданбайтын сөзжасамдық тәсіл. Бір сөз табындағы сөздің /немесе негіздің/ тұлғалық өзгерістерге ұшырамай, басқа сөз табы ретінде қолданылуы /соғыс-соғыс, айтыс-айтыс, ат-ат т.б./.
Морфемика –тілдің морфемикалық құрылысы. Сөздердегі морфемалар бірлігі және олардың түрлері. Морфемиканың негізгі зерттеу объектісі морфемалар, олардың формальды өзгеруі – морфтар және флективті тілдердегі -- негіз, сөзтұлға.
Мотивация – туынды және күрделі сөз мағыналарының, оларды құрайтын сөздердің мағыналарына тәуелді болуы. Сөзжасам барысында сөз жасаушы бірліктер. Мотивацияны тудырушы негіз болады да, ал оның нәтижесінде туындаған жаңа атау /туындылар/ мотивтендірілген болып есептеледі. Яғни жаңа сөз жасалғанда, негізге алынған сөздердің мағынасы жоғалмайды.
Синтетизм – бір сөздің шеңберінде бірнеше морфемалардың /лексикалық сөзжасамдық, сөз өзгеруші/ бірігуі.
Сөзжасам – бір түбірлі сөздердің негізінде тілде қалыптасқан үлгі бойынша аффикстерді және сөздерді біріктіру не қосарлау арқылы, не конверсия жолымен сөздерді жасау; күрделі және туынды сөздердің пайда болуын, олардың қызметін, құрылысын және оларды топтастыруды зерттейтін тіл білімінің саласы.
Сөзжасамдық мағына – сөзжасамға қатынасатын сыңарлардың мағынасы арқылы жасалатын дериваттық мағына.
Сөзжасамдық тип - сөзжасам жүйесінің негізгі элементі. Сөзжасамдық тип - туынды сөз жасалу үлгісі. Сөзжасамдық типте тілде пайда болатын жаңа номинативті мағыналы сөздің қалай жасалатынын нақтылы айқындайды.
Сөзжасамдық тізбек – сөзжасамдық бір ұяның негізінде жасалған, бір-бірінен тікелей туындайтын жаңа мағыналы туынды сөздердің тізбегі.
Сөзжасамдық ұя – бір негізді түбірден тараған туынды сөздердің жиынтығы.
Туынды сөз – сөзжасам саласындағы негізгі тұлғаның бірі. Туынды сөз сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды түбірлер, аналитикалық сөздер, конверсия, біріккен сөз, қос сөз жатады.
