Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТБ Жадист. УП Гос Экз 2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243.71 Кб
Скачать

Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы

«Морфология» пәнінің нысаны, өзге ғылым салаларымен байланысы. Морфологияның басты ұғымдары. Грамматикалық мағына, грамматикалық тәсіл, грамматикалық форма, грамматикалық құрылым. Грамматикалық мағына берудің тәсілдері. Қосымшалардың жіктелуі. Сөз формалары. Негізгі және туынды формалар. Сөз таптарының формалану мүмкіндіктері. Морфемалар. Оның түрлері, қосымша морфемалардың деривациялық және реляциялық мағыналары. Жұрнақтар, олардың түрлері, құрамы, мағыналық түрлері, қолданыс ерекшелігі, қос функциялы жұрнақтар. Жалғаулар, оларға тән белгілер, көп вариантты болуының себептері, түрлері: көптік, септік, тәуелдік, жіктік. Күрделі сөздер, негізгі белгілері, түрлері, оларды фразеологиялық сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінен ажырату жолдары. Сөздердің семантика-морфологиялық белгілеріне қарай топтастырылуы. Сөздерді топтастыру принциптері. Сөздердің іштей бір категориядан екінші категорияға ауысу құбылыстары. Субстантивтену, адъективтену, пронаминалдану, адвербиалдану, вербалдану.

Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары, олардың зерттелуі. Зат есім, лексика-грамматикалық сипаты, жасалу жолдары, түрлері. Көмекші есімдер, лексика-грамматикалық сипаты, түрлері. Сын есім, зерттелу тарихы, семантикалық мағынасы, морфологиялық сипаты, категориялық белгілері, түрлері, жасалуы, жұрнақтары. Сан есім, лексика-грамматикалық сипаты, жасалу жолдары, түрлері. Есімдіктердің зерттелу тарихы, сипаты, басты белгілері, мағыналық топтары, түрлену ерекшеліктері, синтаксистік қызметі. Етістік, зерттелуі, лексика-семантикалық және морфологиялық сипаты. Негізгі түбір етістіктер, туынды түбір етістіктер, жұрнақтары. Жалаң және күрделі етістіктер. Етістіктің грамматикалық формасы, қимыл атауы, мағынасы, жасалуы, синтаксистік қызметі, зат есім мен сын есімге айналуы. Салт, сабақты етістіктер. Етіс категориясы, оған тән сипаттар, түрлері. Есімше, көсемше, мағыналық және қолданылу ерекшеліктері, жұрнақтары, шаққа қатысы. Рай категориясы, мағынасы, түрлері. Шақ категориясы, белгілері, түрлері. Үстеу, ерекшеліктері, морфологиялық құрылысы мен құрамы, негізгі үстеулерге тән үш түрлі ерекшелік, туынды үстеулер, жұрнақтары, мағыналық түрлері, синтаксистік қызметі. Еліктеуіш сөздер, фонетикалық ерекшеліктері, мағыналық топтары, негізгі және туынды түбір еліктеуіштер, оларды жасайтын жұрнақтар, синтаксистік қызметі. Одағайлар, ерекшеліктері, түрлері. Көмекші сөздер, олардың түрлері. Шылаулар, мағынасы, тілдегі қызметі, қолданылуы. Септеуліктер, демеуліктер, жалғаулықтар және олардың түрлері, қолданылу ерекшеліктері, жазылу емлесі, тыныс белгілері.Модаль сөздер, олардың ерекшеліктері. Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы. Сөзжасам жүйесі. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі. Сөзжасамның аналитикалық тәсілі. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі. Сөзжасамдық мағына. Сөзжасамдық ұя. Сөзжасамдық жұп. Сөзжсамдық тізбек. Сөзжасамдық саты. Сөзжасамдық тарам. Зат есімдер сөзжасамы. Сын есімдер сөзжасамы. Сан есімдер сөзжасамы. Етістіктер сөзжасамы. Үстеулер сөзжасамы.